Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет41/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   170
– Абайда бір сөз бар ғой: «Жасқа – жас, ойға – кəрі» деген. Сіздің 
замандастарыңыз  ойға  кəрі  болып  өсті  ғой.  Өзіңізде  де  сондай 
қиыншылықтар болған шығар. 
– «Ойға  кəрі»  деген  сөз – қажығандықтың  белгісі  емес,  заманнан 
бұрын  жетілгендік  қой.  Менің  замандастарым,  шынында, 37-жылғы 
репрессия  мен 41-жылғы  соғыстың  салмағымен  ерте  жетілді.  Өзімді 
еріксіз ересек санадым. Мұғалім болдым, 16 жастан «апай» атандым. 
Менің  қатарластарымның  қажымайтындығы,  еңбекқорлығы,  міне, 
өмірлерінің  соңына  дейін  үзілмейтін  арқау  болып  келеді.  Жасымыз-
да көрген аштық, жалаңаштық, жарым көңіл жан дүниеміз бізді əбден 
ширатты. Сол кездің қиындығын бəріміз де бастан өткіздік. Қазір де 
көп нəрсеге бой алдырмай, мойымайтындығымыз содан шығар.
–  Ұлттық  Ғылым  академиясы  тарағанда,  жүзден  астам  акаде-
миктердің  бірі  болып  сіз  де  корреспондент  мүшеліктен  академикке 
өттіңіз.  Біздің  ҚазҰУ-дағы  əріптестеріңіз  академик  атағыңызбен 
құттықтап жатқанда: Сіз: «Ой, тəйірі-ай, бұрынғыдай таласқа тү-
сіп, тартыспен жеңіп алмаған атақ – атақ па?» – дегеніңіз есімде. 
Соған қарағанда, оп-оңай ұсына салған атаққа көңіліңіз толмай жүр 
ме? Бұрын өзіңіз дінеге ұсынып көрмедіңіз?
– «Көңіл  толмайды»  деген  емес.  Əрине,  үлкен  атақ-дəреже – қай 
кезде де ғалым үшін жақсы стимул. Əсіресе, академик атағы... Бірақ 
соны  «өз  кезінде  он-он  екі  адаммен  бір  орынға  түсіп,  жасырын  да-
уыспен  озып  шығып,  жеңіп  алған  атақ  əлдеқайда  жақсырақ,  əлде-
қайда  ыстығырақ  па?» – деймін  де...  Ал  кезінде  «жасы 60-тан  асып 
кеткендерді  академиктікке  ұсынуға  болмайды»  деген  «заңға»  тап 
болдық.


83
Тіл-ғұмыр
–  Қазір  тілші  ғалымдар  арасында  өзіңіз  құралыптас  апайлар-
мен,  мысалы,  Аққал  Қалыбаева,  Нұржамал  Оралбаева  т.б.  ғылыми 
шығармашылық ой бөлісіп тұрасыздар ма? 
–  Алдымен,  қазақша  айтқанда,  сəлеміміз  түзу.  Кездескенде  сағы -
нып  көрісіп  жатамыз.  Ал  ғылыми  шығармашылық  жағынан  үшеуі-
міздің  бағытымыз  басқа-басқа.  Мен  грамматикадан  қол  үзіп  кеттім. 
Бірақ  бір-біріміздің  еңбектерімізді  қадағалап,  қарап  жүреміз.  Бір 
институтта ұзақ жыл бірге жүрдік, бірге жұмыс істедік, замандаспыз. 
Əйел  болғаннан  кейін  бөріктінің  намысы  бір,  қашанда  бірі-бірімізге 
тілеулес жандармыз.
–  Осы  өзіңіз  еңбек  етіп  жүрген  Тіл  білімі  институтында  сіздің 
əзілдеріңіз  жарасқан  құрдастарыңыз  –  академиктер:  Əбдуəли  Қай-
дар,  Шора  Сарыбай,  ғылым  докторлары,  замандастарыңыз:  Ербол 
Жанпейісов,  Телғожа  Жанұзақов,  Оқас  Нақысбеков,  өкше  басып 
келе  жатқан  алды  –  академик,  доктор  інілеріңіз:  Өмірзақ  Айтбай, 
Əлімхан  Жүнісбек,  Көбей  Хұсайын,  Нұргелді  Уəлиев  бар.  Ары  қарай 
«Арпа ішіндегі бір бидай» дегендей, бірен-саран ұлдар болмаса, кілең 
қыздардың  басы  қылтияды.  Қазақ  тіл  білімінін  тағдыры  əйелдерге 
ғана байланысты болып қалмай ма?
–  Тіл  білімі  ғылымындағы  жұмыс  істейтін,  жалпы  əйелдер  ер-
лерге қарағанда қай заманда да көп болды. Бірақ ғылыми атақ алған 
əйелдердің  бірен-сараны  болмаса,  көбі  кандидаттықпен  шектеліп 
қалуы  «отбасы,  бала  тəрбиесі»  дейтін  тіршілік  қамынан.  Əрі  қарай 
профессор,  докторлыққа  көбінесе  ер  адамдар  өсті.  Меніңше,  кейінгі 
қосылып  жатқан  жастардың  бірен-сараны  болмаса,  əйелдер  сол 
бұрынғы  проблемалармен  үйішілік,  отбасы,  бала  тербиесімен  орта 
жолда қалады, сондықтан «қазақ тіл білімінің тағдыры əйелдерге ғана 
қарап  қалады»  деп  ойламаймын.  Ер  адамдар  ғылымға  алаңсыз  бүкіл 
ғұмырын береді, ғылымды да өсіреді. Демек, «жоғары атақ, дəрежені 
солар жалғастырады» деп ойлаймын. Əйел қашанда тағы да айтайын: 
қаншама жерден ғұлама болсын, бəрібір, əйелдің рөлінен алыстамауы 
тиіс, əсіресе қазақ əйелдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет