82
Рəбиға Сыздық
еңбегім сіңді. Ал Х.Досмұхамедовтың көлемді таңдамалы жинағын
шығаруға бас редактор болып, көп жұмыс істедім. Олар үшін қызмет
ету – мен үшін азаматтық жəне ғалымдық парызым болды. Бүкіл
жазғандарым – бір төбе, осы үш арысқа істеген еңбектерім – бір төбе.
– Сіз 20-дан астам ғылым кандидатын дайындапсыз. Одан бөлек
бес ғылым докторы бар. Осылардың ішінде жігіттер аз сияқты.
Айналаңызды үнемі қыздар қоршап жүреді. Шəкірттеріңіз –
өзіңізге
қатты берілген жандар. Оны жұрттың бəрі айтады. Адамдығы
мықты қыздарды қалай таңдап аласыз?
– Мен сан қуаламаймын. Ғылымда сапа керек. Бір жағынан,
уақытым да жетпейді. Шынында, маған келетіндердің көбі – қыздар.
Сірə, əйел адам болғаннан кейін бір жақындықпен келетін болар.
Бірақ тіл біліміндегінің көбі – əйел адамдар ғой. Мысалы, Əбекең-
дер (Əбдуəли Қайдар) мен басқалар да тəрбиелеп шығарған қыздар
көп. Ізденушілерді таңдап алатыным рас. Ғылымға ерекше қабілеті
барларға назар аударамын.
Достарыңызбен бөлісу: