Тіл-ғұмыр
лері, тіліміздің зерттелуі мен əлеуметтік қызметі жөнінде ұстамды
пікірлер айтылады.
Рəбиға Сыздықованың ғылыми еңбектерінің үлкен бір бөлігі бел -
гілі тарихи жазбалар мен жеке тұлғалардың тіл ерекшеліктеріне,
ұлттық тілімізді дамытуға қосқан зор үлестеріне арналған. Бұл рет -
те оның Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілін, Қадырғали Жалайыри-
дың «Жами-ат тауарих» атты шежіресінің тілінің лексикасы мен
фразеологиясының өзіне дейінгі қазақ поэзиясы тілін түгелімен пай-
даланушы жəне əдеби тілдік дəстүрлерін түгендеуші жыраулар
мектебінің жинақтаушысы атанған Бұхар жыраудың көркемдік тілін,
Тəттіғара, Көтеш, Шал ақындардың мысалында «жырау – ақындық
қабілеті бар жай ғана адам емес, ол ең алдымен қайраткер, ақылшы,
көсем» дей келіп, олардың толғауларының тілдік ерекшеліктеріне
тоқталып, тілдік-стильдік құрал-тəсілдерін көрсеткенін айтар едік. Ға-
лым Дулат Бабатайұлы мен оның тұстастары, сондай-ақ Махамбет,
Ы.Алтынсарин, Абай, Шəкəрім, Ахмет Байтұрсынов, Құдайберген
Жұбанов, Мұхтар Əуезов, тағы басқалардың тіл мəдениеті, тіл тағы-
лымдары, сөз кестелері туралы көлемді мақалалар мен жеке еңбектер
де жазған.
Ғалым халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен азамат -
тық поэзияның жыршысы, өз өлеңдерінде халықтық дидактикалық
поэзия дəстүрін ілгері дамытқан шығармашылығына сентенция (на-
қыл сөз), өсиет, ақыл-насихат, философиялық толғаныс тəн өз ойын
халыққа таныс суреттер мен шендестірулер арқылы шебер берген
Бұхар жырау творчествосына ерекше көңіл бөледі. Жыраудың мета-
форалары мен эпитеттерінің өзіне дейінгі қазақ поэзиясына тəндігі -
нен зерттеуші жалғастық диалектикасын көреді.
Бұхар көркемдеуші элементтерді қолданудан бастап, шығарма-
ның құрылысы мен грамматикасына дейін өзінен бұрынғы қазақ
поэзиясы дəстүрін жалғастырды. Зерттеуші-ғалым Бұхар жыраудың
тақырып кеңдігін ерекше атап, «оның ең басты тақырыбы – «жұрт»,
яғни қазақ елдігі, оның тəуелсіздігі, өзге халықтармен қарым-қаты-
насы» – деген пікір білдіреді. Сонымен қатар «Бұхар – қазақтың өте
ертеден келе жатқан жыраулық мектебінің ең ірі, ең соңғы өкілі,
қазақ поэзиясы дүниесіндегі осы дəстүрге тəн жанрды тақырып
пен мазмұн жағынан толықтырып, тиянақтаушы қайраткер» – деп
бағалайды.
XIX ғасырдың 60-70-жылдарында бұрынғы жыраулар мектебі
əлсірей түсіп, ақындар бел алды. Соған орай көркемсөз шеберлері
бұрынғы өсиет, ақыл-насихат, философиялық толғаныс түрінде
келе тін жырлардан гөрі, нақты тақырыптарды сөз етуге жиірек бара
170
Рəбиға Сыздық
бастады. Ғалым-зерттеушінің ойынша, «бұл бетбұрыстың тілдегі,
əдеби тəсіл-амалдардағы көрінісі бірден шұғыл басталмаған». Өйткені
«жаңа сапаға көшу дəстүрлі əдіс-тəсілдер мен көркемдеу құралдары-
нан қол үзбей, оларды пайдалана отырып жүзеге асырылады».
Ғалым осы ойын Махамбет өлеңдерінің тілін талдау арқылы тия-
нақтай түседі. Ескіні жинақтап, түйіндеп, жаңаны бастауда – қазақ -
тың тіл əдеби тілінде із қалдырған сөз шеберлері тұрды, солардың
бірі жəне бірегейі – Махамбет. Зерттеуші пікірінше, «Махамбет та-
рихта жырау емес, ақын деген атпен танылды, бірақ əдебиет пен
əдеби тілдегі орны жыраулық пен ақындықтың түйіскен жерінде.
Ол – жыраулар мектебінің нəрі мен барын алып, оны ақындық дəс-
түрге қиюластырған қаламгер».
Біздің бұл ойға қосарымыз, Махамбет бұрынғы жыраулардай
болмыс пен өмірді, оның əлеуметтік жақтарын бақылап толғаушы
ақылгөй, кеңесші емес, сол өмірге қоян-қолтық араласушы, соған
қатысушы, тақырыбы нақты. Ендеше, ол жырау емес, ақылшы емес,
ақын, айтушы. Махамбеттің тілін талдау арқылы ерекшелігін, жаңа-
лығын көрсеткен Р.Сыздықова бұл туралы: «Тақырыбы көбіне-көп
нақтылы болғандықтан, оның еншісіне сол нақтылыққа сай жаңа
образдар мен жеке сөздерді əдеби тілге қосу үлесі тиген. Бірақ жаңа
бағытты беркітіп, жеткізуде Махамбет өзіне дейінгі қазақ поэзиясы -
ның, оның ішінде жыраулар мектебінің ең жақсы, ең күшті құрал-
тəсілдерін кəдеге асырды», – дейді. Зерттеуші бұлардан басқа Ма-
хамбетке ғана тəн ерекшеліктерді атайды. Олар: бұрынғы көркемдеу
тəсілдерін пайдалануы; ескіні сол күйінде қайталамауы; жаугершілік
лексика тобын молынан пайдалануы; алғы поэзия тілінен келе жатқан
көне сөздерді еркін пайдалануы; қазақ поэзиясындағы жалғастық
дəстүрлерін сақтай отырып, «мазмұн мен түрдің үндесуіне үлкен
үлес қосуы».
Ұлттық жазба əдеби тілге көшу үшін тілде сапалық өзгерістер
мен дамудың жаңа белгілері болу шарт. Р.Сыздықованың пайымда-
уынша, мұндай белгілер қазақ топырағында өткен ғасырдың орта
тұсынан көріне бастады жəне оның ең озық үлгісі Дулат Бабатай-
ұлының өлең-жырлары болды, ол жыраулық дəстүрден бас тартқан,
ақындықтың жаңа үлгісін бастаған адам, алдыңғыны жаңаға ұлас-
тырушы, жаңа үлгілерді ұсынушы.
Ғалым Дулат ақынның екі қырын көрсетеді. Оның бірі – бұрынғы
қазақ поэзиясында қолданылып, қазақ əдеби тілінде нормаға айнал-
ған материалды еркін, орынды пайдаланған тұстарында, екіншісі –
тың, жаңа сападағы образдарды ұсынған сəттерінде. Бұлардан басқа,
зерттеуші Дулатқа тілді көркемдеуші амалдардың, перифрастика
171
Достарыңызбен бөлісу: |