Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет75/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   170
Б. Сағындықұлы
əл-Фараби атындағы ҚазМУ 
профессоры, филол.ғ.д. 
ЖАҚСЫДАН – ШАРАПАТ
Ғылыммен  шұғылдану  студент  кезден  арманым  болатын.  Бірақ 
сан  алуан  себептермен  ол  ойым  жүзеге  аспады,  ешбір  сəті  түспей 
қойды.  Журналистика  мамандығы  бойынша  университетті  бітірген -
нен  кейін  он  жыл  бойы  өндірісте  істеуге  мəжбүр  болдым.  Ең  ақы -
рында  тұйықтан  шығудың  жолы – «Ғылым  академиясында  қызмет 
істеу», – деп шештім.
Ешкімді танымаймын. 1971 жылы тамыз айында «бір орын табы -
лып  қалар»  деген  ниетпен  Түсіндірме  сөздік  бөлімінің  меңгерушісі, 
профессор  Ахмеди  Ысқақовқа  жолықтым.  Ол  кісі: «Бізде  орын  жоқ. 
Бірақ  аспирантурада  орын  болып  қалуы  ықтимал.  Институт  дирек-
торының  орынбасары  Əбдуəли  Қайдаровқа  барыңыз», – деді.  Сəл 
кідірістен кейін: «Ол жігіт – бір кезде менің шəкіртім еді, енді өзіме 
бастық болып отыр», – деп жымиып күлді. Газет қызметкері емеспін 
бе,  күнде  көріп  жүрген  адамымдай  Ахмеди  ағаға: «Аға, «танымасты 
сыйламас»  деген,  бастығыңыз  бар  орынды  «жоқ»  деп  айтуы  мүмкін 
ғой. Айып болмаса, өзіңіз ертіп барсаңыз», – дедім. Ақкөңіл кісі екен, 
бірден  келісті.  Таныстырды.  Əбдуəли  аға: «Аспирантурада  бір  орын 
бар. Оны Ғайнетдин Мұсабаев деген ақсақалымызға бергелі отырмыз. 
Ол кісі алты ай жаз бойы тау-тасты аралап кетеді. Ас-суын дайындап 
беретін бақыраш бала керек. Басқаша айтқанда, «аспирант» деген аты 
ғана. Тым жақсы қызмет істейтін көрінесіз, келісе қояр ма екенсіз? – 
деді. «Ойланып көрейін», – деп жауап қайтардым.
Көңіліме  қош  келмей,  қолайламай  үш  ай  бойы  жүріп  алдым.  Ой-
лана  келе  қандай  қиыншылыққа  болса  да,  төзуге  бел  байладым. 
Əбдуəли  ағаға  қайта  оралып: «Өткенде  айтқан  аспирантураға  емти-
хан тапсыруға кешігіп қалғаным жоқ па?» – деп сұрадым. «Кешіккен 


165
Тіл-ғұмыр
жоқсыз.  Біреулер  құжаттарын  тапсырып  жатыр.  Конкурсқа  қатысам 
десеңіз, сіз де тиісті құжаттарыңызды тапсырыңыз», – деді. 
Тіл  біліміндегі  тəртіп  бойынша,  құжат  тапсырғандар  емтиханға 
бірден  жіберіле  салмай,  академик  І.Кеңесбаевтың  сүзгісінен  өтеді 
екен.  Ол  кісінің  ауызша  қойған  сұрақтарына  сүрінбей  екі  талапкер 
өттік.  Бірі – Тіл  білімі  институтының  өзінде  кіші  қызметкер  болып 
істейтін жігіт те (аты-жөнін, есімін айтып жату міндетті емес – Б.С.), 
екіншісі – мен. 
1971  жылдың  желтоқсан  айында  емтихан  өткізілді.  Жауап  бердім 
де, шығып кеттім. Біраздан соң мойны салбырап бəсекелесім шықты. 
Нəтижесін  білуге  шақырғанда,  үміт  етіп  барып  едім;  қабылдау  ко-
миссиясының  төрағасы  Ə.Қайдар  былай  деп  жариялады: «Екеуіңіз-
дің де біз ойлағандай дайындалып келмегендеріңіз көрініп тұр. Төрт 
ай уақыт береміз. Емтиханды содан кейін аламыз», – деді. Төрт айдан 
кейін өткізілген емтихан менің пайдама шешілді.
Бұйрық  шыққаннан  кейін  жетекшінің  жайын  сұрап  білуге  бар-
ғанымда  Əбдуəли  аға  былай  деді: «Ғайнетдин  Мұсабаевтың  еркінен 
тыс  аспирант  болдың.  Қалай  болар  екен?  Мынадай  вариант  бар.  Ірі 
түрколог Əмір Нəжіпұлы Нəжіп бізден екі аспирант сұрап еді. Соның 
біреуі  етіп  өзіңді  Москваға  жіберсем,  тұрмыс-жағдайың  көтере  ме?» 
Мен қуана-қуана келісім бердім. 
Екі  мəрте  емтихан  өткізілгені  мен  үшін  жұмбақ  болды  да  жүрді. 
Біраз  уақытты  артқа  салып,  комиссия  мүшесі  болған  жігіттерден 
мəн-жайды  сұрадым.  Оқиға  былай  болыпты.  Ғайнетдин  Мұсабаев 
менімен  конкурсқа  түскен  жігітті  өзіне  аспирант  етіп  алуға  уəде  бе-
ріпті.  Сол  ниетін  жүзеге  асыру  үшін  емтиханға  қатысыпты.  Əдепкі 
емтиханда мен жауап беріппін де, екінші талапкер бірде бір сұраққа 
аузын  аша  алмай  қалыпты.  Сірə,  шетелден  келгені  себеп  болса  ке-
рек. Ғылыми жетекші құлағы мүкіс болғандықтан, менің де, оның да 
жауабын  естімепті.  Бар  болғаны: «Менің  балама  жоғары  баға  қойып 
бер!» – деп  отырып  алыпты.  Сол  кезде  Сыздықова  Рəбиға  апамыз 
тұрып: «Сонда  білетін  адамды  алмай,  білмейтін  адамды  алуымыз 
керек  пе?» – депті.  Төраға  əділдіктің  ыңғайына  жығылып,  емтихан-
ды  төрт  ай  кейінге  шегеріпті.  Бұлай  етпеген  жағдайда  Ғ.Мұсабаев 
шатақ шығарады екен. Осы əңгімені естігеннен кейін Рəбиға апа мен 
Əбдуəли ағаға деген сүйіспеншілігім еселеп артты. «Жақсыдан – ша-
рапат» деген – осы.
Көп  ұзамай,  Əбдуəли  аға  мен  оқуға  түскеннен  бір  жылдан  соң 
Əмір Нəжіпке Əжібай Керімұлын аспирант етіп жіберді. Өзі Москва-
ға келген сайын конференцияларға апарып, бізді баулып жүрді. Бірде 
үшеуміз ұшақпен Алматыға қайтатын болдық. Ұшақтың ұшу мерзімі 


166
Рəбиға Сыздық
əлдеқандай  себептермен  сегіз  сағатқа  кейін  шегерілді.  Уақытты  ұту 
үшін  қызық-қызық  əңгімелер  айтып  берді.  Біз  аузымыз  ашыла  тың-
дадық. 
Ең  соңында  сөз  варианттары  туралы  əңгімеледі.  Тауық,  тақуқ, 
тақы,  тавуқ,  тақу  сияқты  толып  жатқан  фонетикалық  варианттар-
ды  қағазға  түсірді. «Бір  ғана  сөз  түркі  тілдерінде  неліктен  осынша 
варианттарға  бөлініп  кеткен?  Оның  əрқайсысының  өз  заңдылығы 
бар.  Келешекте  сендер  сол  заңдылықтарды  ашып,  өзгеру  себептерін 
түсіндіріп  берулерің  керек», – деп  бізге  қарады.  Мен  бұрыннан-ақ 
ескерткіштерде  ұшырасатын  айақ – адақ – азақ – адзақ – атақ 
(нога)  варианттарының  сырын  білуге  құштар  едім.  Бұлардың  бірінің 
өзгеру  себебін  анықтай  алғаныммен,  екіншісінің  қалай  дамығанын 
білмейтінмін.  Əбдуəли  ағаның  тартымды  əңгімесі  сөз  құрамындағы 
тарихи-фонетикалық  өзгерістерді  түсіндіріп  беруге  менің  бүкіл 
ғұмырымды  бұрып  жіберді.  Нəтижесінде  «Түркі  тілдері  лексикасы 
дамуының  фонологиялық  заңдылықтары»  атты  докторлық  диссерта-
ция өмірге келді.
Қысқасы,  мен  Рəбиға  апа  мен  Əбдуəли  ағаның  азаматтығы,  асыл 
қасиеттерге  толы  адамгершілігі  арқасында – өзім  жан-тəніммен  қас-
терлейтін  ғылымға  келдім.  Ата-ананың  балаға  деген  қамқорлығы 
шексіз  ғой.  Жоғарыдағыдай  қамқорлықты  ата-ана  қамқорлығымен 
ғана  салыстыруға  болады.  Рəбиға  апа  мен  Əбдуəли  ағаны  көріп 
қалғанда,  кейде  есімдері  өз-өзінен  есіме  түскенде,  əрдайым  оларға 
іштей  бар  жақсылықты  тілей  жүремін.  Денсаулықтары  мықты  бо -
лып,  екі  дүниеде  ізгілік,  нығметке  бөленсін.  Қажымай-талмай  жүзге 
жетсін!  Бұдан  да  көп  жылы  лебіз  білдіруге  болады.  Өмір  болса,  бұл 
тақырыпқа кейін оралармыз. Еңбегі бізден болмағанымен, Жаратушы 
Жаббар  иеден  қайтатындығына  анық  көзім  жетеді. «Айналаң  толы 
жақсы адам», – деп осындайда айтады.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет