Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата21.01.2017
өлшемі6,98 Mb.
#2350
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
часть). То есть на работу меня принимал У.А. Жолдасбеков, но 
через  Наурызбаева,  так  как  все  договора  шли  через  него.  НИЧ 
финансировала нас, помогала доставать литературу, в том числе 
зарубежные научные журналы.
Доктор  хим.наук,  профессор  Зулхаир  Аймухаметович 
Мансуров  был  проректором  по  науке,  а  затем  первым 
проректором.  Когда  он  был  проректором  по  науке,  то  очень 
внимательно  относился  к  нашим  работам,  всегда  поддерживал. 
Приводил  на  завод  зарубежных  ученых  знакомиться  к  нам. 
Получилось научное содружество, делали одну общую тему по 
солнечной энергетике. Выполнялась она у них, но мы помогали 
им  в  ее  разработке.  Результатом  этого  стали  одно  авторское 

Аманат
259
свидетельство и несколько статей в журналах дальнего зарубежья. 
Результаты работ были представлены также на международных 
конференциях.  Впервые  о  перовските,  которым  мы  сейчас 
занимаемся,  мне  сказал  именно  З.А.  Мансуров.  И  я  сразу  им 
заинтересовался. Мы стали заниматься этой темой и летом 2014 
года подали заявку и выиграли тему по конкурсу. 
В настоящее время ведутся работы по органо-металлическим 
перовскитным солнечным элементам, которые стали предметом 
при  стального  внимания  со  стороны  специалистов  в  области 
солнечной  энергетики.  С  этим  материалом  стали  связывать 
большие  надежды  поразработке  высоко  эффективных  и 
экономичных солнечных элементов. 
За  все  время  работы  коллектива  лаборатории  «Полу-
проводниковой  оптоэлектроники  и  фотоники»  опубликовано 
около 100 статей, 200 тезисов и трудов конференций, получено 40 
авторских свидетельств. Больше ста студентов выполнили свои 
дипломные работы по полупроводниковым материалам, а также 
по солнечным элементам на основе арсенида галлия, аморфного 
и  кристаллического  кремния.  Многие  сотрудники  лаборатории 
подготовили  и  защитили  свои  кандидатские  диссертации  по 
результатам  выполненных  научно-исследовательских  работ  на 
научно-технической  базе  лаборатории.  Это  кандидаты  физико- 
математических наук: Шорин В.Ф., Стамкулов А.А., Антощенко В.С., 
Сванбаев Е.А., Манаков С.М., Тауасаров К.А., Кабланбеков Б.М., 
Диханбаев  К.К.,  Никулин  В.Э,  а  также  доктора  PhD: 
Таурбаев  Е.Т.  и  Мусабек  Г.К.  Сейчас  принята  в  печать  статья 
в  «Вестнике  КазНУ»,  и  одна  статья  передана  в  публикацию 
в  зарубежном  журнале.  Соавторами  статей  являются  как 
профессора,  так  и  молодые  кадры,  магистранты,  студенты. 
Продолжается  подготовка  новых  кадров.  Среди  профессоров  
есть представители ближнего и дальнего зарубежья. 
Студентам  же  я  могу  дать  следующие  советы  по  учебе  и 
жизни.  В  первую  очередь  никогда  непрячьтесь  за  чьей-либо 
спиной. Полагайтесь на свои собственные силы и возможности. 
Ненадо  копировать  и  переписывать  чужие  работы.  Можете 
делать  шпаргалки,  но  не  пользуйтесь  ими.  Если  у  вас  будут 
ваши собственные знания, будете успешным и как в науке, так 

Аманат
260
и в работе. Знания будут с вами в любое время и никогда не 
пропадут. 
Во-вторых,  будьте  профессионалами  своего  дела.  Найдите 
свое  призвание.  Освойте  умение  работать  с  литературой. 
Научитесь находить нужную вам информацию как в библиотеках, 
так и в Интернете. 
В  третьих,  не  забывайте  учить  и  но  странные  языки. 
Желательно  знать  в  совершенстве  минимум  один  иностранный 
язык,  ну  а  лучшее  не  сколько.  И  обязательно  старайтесь 
развиваться  культурно,  а  именно:  посещайте  музеи,  театры, 
концерты, художественные выставки т.д. 
И  наконец,  хотя  это  последнее  в  списке  пожеланий,  нои, 
наверное,  самое  главное.  Будьте  чистыми  душой,  добрыми, 
милосердными, внимательными к другим. 
Слова  великих  людей,  таких  как  поэты:  Абай  Кунанбаев    – 
«Лишь  знанием  жив  человек,  лишь  знанием  движется  век!»  и 
Александр  Блок  –  «И  вечный  бой!  Покой  нам  только  снится», 
являются девизом успешного человека, к чему я всегда призываю 
своих студентов. 
 

Аманат
261
Профессор Таурбаев Т.И. с сотрудниками лаборатории
Тауасаровым К. и Топановым Б.
Профессор Таурбаев Т.И. в одной из технологических комнат за установкой 
электронно-лучевого излучения «Оратория 9» 

Аманат
262
Сотрудники лаборатории, аспиранты и докторанты PhD в одной из 
исследовательских комнат лаборатории
Профессор Т.И. Таурбаев с младшим сыном Ержаном и внучкой Жанелей

Аманат
263
Сотрудники лаборатории: Францев Ю.В., Диханбаев К.К., Айтмамбетов Р.М. 
и профессор Таурбаев Т.И. на конференции у выставки с разработанными в 
КазГУ солнечными элементами и батареей
Декан факультета, профессор Аскарова А.С. и профессор Таурбаев Т.И.  
во время демонстрационных испытаний солнечного модуля

Аманат
264
ТОҚИБЕТОВ 
Жанұзақ Әбдіқұлұлы 
Профессор
Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Бәйдібек  ауданы  Сарыбұлақ 
ауылында 1943 жылы ақпан айының 23-жұлдызында туылып, сол 
ауылдағы төрт жылдық бастауыш мектептен соң, қазіргі Домалақ  
ана атындағы (ол кезде орталау мектеп болатын) мектепті бітірген. 
1960  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институ-
тының  (қазіргі  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті)  фи- 
зика-математика  факультетіне  оқуға  түскен.  1962  жылы 
Новосибирскіге оқуға кетіп білім жетілдірген. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде математикалық 
талдау кафедрасын он жылдай, кейін Әл-Фараби атындағы қазақ 
ұлттық университетінің математикалық талдау кафедрасын да он 
жыл басқарған. 
Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің математикалық 
талдау  кафедрасының  меңгерушісі  болған.  Математикалық-
физика  кафедрасында  15  жыл  доцент,  кафедра  меңгерушісі 
қызметін атқарушы қызметтерінде болған. 

Аманат
265
ӨЗІМНІҢ ЖОЛЫМ ЖӘНЕ  
ІЗБАСАРЛАРЫМА КЕҢЕС
Б
олашақ  математик  боламын  деген  жас-
тарға  айтар  кеңесімнен  бұрын  өзімнің 
осы  мамандыққа  қалай  келгенім  мен 
өмір  жолымнан  және  педагогтік,  қоғамдық  еңбек 
жолдарымнан қысқаша мағлұмат бере кетейін. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Бәйдібек  ауданы  Сарыбұлақ 
ауылында  1943  жылы  ақпан  айының  23-жұлдызында  туылып, 
сол  ауылдағы  төрт  жылдық  бастауыш  мектептен  соң,  қазіргі 
Домалақ  ана  атындағы  (ол  кезде  орталау  мектеп  болатын) 
мектепті  тәмамдап,  1957  жылы  өз  ауылымнан  35-40  шақырым 
жердегі  Сайрам  ауданындағы  №16  (сол  кездегі  Ленинизм 
атындағы)  орта  мектепке  келіп,  оны  үздік  аяқтар  кезде  қай 
мамандыққа  оқуға  барарымды  шеше  алмай,  әрі  ойлап,  бері 
ойлап,  ақыры  қазақтардың  сол  кездегі  өте  сирек  меңгерген  бір 
мамандығы  болса,  ол  математика  ғой  деген  тоқтамға  келдім. 
Өйткені мен мектеп қабырғасында жүргенде мектепте әдебиеттен 
үйірмелер  ұйымдастырып,  сол  үйірмелердің  басы  –қасында 
жүргендіктенқұрбыларымның  кейбірі  мені  әдебиетші  болады 
деген  үмітте  болды,  менің  өзім  де  солай  болар  деп  ойлаушы 
едім,  ал  ағайым  тек  заң  маманы  болғанымды  қалаушы  еді. 
Қатарларымның көбісі және ұстаздарым математика мамандығын 
таңдар деген сенімде болды. 
Сонымен  неге  математика  мамандығын  таңдадым.  Өйткені 
халқымыздың  есепке  жүйріктігін,  алғырлығы  мен  зеректілігін 
жіпке тізе бастағанда қарапайым адамдар өздерін өзгелерге дес 
бермейтіні және бар. Дегенмен, шындықтың көзіне тура қарасақ, 
«таяқ  лақтырсаң  математикке  тиеді»  дейтін  сөз  математиканы 
маңайлай алмайды. Қазір біліп жүрміз: бұл – негізінен алғанда 
өте кірпияз ғылым қатарына жатады және екінің бірінің жүрегі 
дауалап  бара  бермейді.  Сонымен  бірге,  жыл  сайын  мыңдап 
мектеп  бітіріп  жататын  түлектеріміздің  математикасы  бар  оқу 
орнына  келгенде  сырғаңсып  кететіні  тағы  бар,  оны  жасыруға 
болмайды. Бірақ, қалай дегенде де, қазір математикасыз даму жоқ. 

Аманат
266
Математика  саласы  бойынша  жоғары  ғылыми  атақ  алған  қазақ 
зиялыларының өзі саусақпен санарлық. Өйткені математиканың 
әр бір жаңалығына дүние жүзі ғалымдарының келісім-пікірі керек. 
Ол жаңалық қандай аудиторияда, қандай тілде баяндалсын, бәрі 
бір түпкі негізі ортақ, яғниматематикадан ашылған жаңалықтың 
әр бірі – бүкіл өркениеттің табысы, олжасы болып табылады. Енді 
осы  жоғарыда айтылған  тұжырымдарымызды  нақтылай  түссек, 
қазіргі  кезде  физика-математика  мамандығына  дайындайтын 
арнайы физика-математика мектептері мен Н. Назарбаев атындағы 
әр  аймақтағы  зияткерлік  мектептері  бар.  Оларға  әр  бір  оқушы 
конкурстық  тәсілмен  қабылданады  және  ниет  білдіргендердің 
бәрі түсе алады деп айта алмаймын. Олардың ішінен оннан, тіпті 
көп жағдайда, жүзден бірі ғана түседі. Ал бір қуаныштысы, дәл 
осы күндері ел экономикасын өрге сүйреп, дүние жүзінің айтулы 
әріптестерімен тайталасып, инвестициялық ахуалға жал бітіріп, 
үкімет  аппаратында  да,  сан  түрлі  қаржылық  министрліктерде 
де, азулы банктердің басшылығында да белсене кірісіп іс істеп 
жүргендерде  осы  мектептердің  және  «Болашақ  бағдарламасы» 
бойынша  дайындалған  математика  мамандығының  түлектері. 
Ақиқаты осы, бұл жөнінен кез-келген кісімен бәс тігуге бармын. 
Бұдан  біз  нені  көреміз:  осының  бәрі  әлі  де  математиктерге 
зәрулігімізді  көрсетеді.  Әрі  егемендік  соны  талап  етеді,  ұшқыр 
уақыт  заман  сұранысына  жауап  берерлік  математикалық  маман 
даярлаңыздар дегенді күн тәртібіне қатаң қояды. Реті келгенде, 
тағы  да  айта  кетейін:бұл  мәселе  әр  уақытта  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  ұйытқы  болуымен  әрбір  басқосуда  жан-жақты 
қозғалып,  талданады.  Жаратылыстану  пәндеріне  жеке  мән 
беріліп,  оны  мектептерде  оқытудың  жолдары  қарастырылып, 
қазір  сол  бойынша  бағдарлы  іс-шаралар  жүріп  жатыр.  Міне, 
мұның  бәрін  неге  айтып  отырмын,  бұл  менің  мектеп  бітірер 
кездегі  таңдауымның  дұрыс  болғаныняғни,  үлкен  жолдың 
бастауының  дұрыстығын  өзімнің  ізбасарларыма  толыққанды 
айтып отырғаным ғой. 
Математика  мамандығын  таңдаған  соң  1960  жылы  Абай 
атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының  (қазіргі  Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университеті)  физика-математика 
факультетіне  оқуға  түстім.  Осы  педагогикалық  институтын-

Аманат
267
да  оқып  жүргенде  иститут  қабырғасында  ұйымдастырылған 
студенттік ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысып, 
ғылыми  зерттеулер  нәтижелерін  көрсете  бастадым.  Ең  алды-
мен, осы институтқа келуімнің де басты себебі: біздің ауылдан 
шыққан  ғалым-ұстаз  физика-математика  ғылымдарының  кан-
дидаты,  өзі  ғылым  кандидаты  бола  тұрып,  11  физика-матема-
тика  ғылымдарының  кандидаттарын  дайындауға,  докторлық 
дисертациясын қорғайын деп тұрған кезде өмірден озып кеткен 
Мүбарак Ятаевтың әсері болды. Осы оқу орнында маған алғашқы 
жоғары математикадан дәріс берген ұлағатты ұстаздарым доцент, 
профессорлар  Б.  Жаңбырбаев,  Ш.  Еркеғұлов,  Х.  Құрманалин,  
Б. Оразбаев, М. Сатпаев, Б. Төлегеновтердің тікелей Новосибирск 
мемлекеттік  университетінің  кафедра  меңгерушісі  белгілі  қазақ 
ғалымы  академик  А.Д.  Таймановқа  айтуымен  мені  1962  жылы 
Новосибирскіге  оқуға  жіберді.  Адам  бойындағы  қасиеттерді 
табиғаттан және тәрбиеден деп екі салаға бөлетін болса, соның 
асылдарының  бірі,  ілуде  бір  кездесетін  қымбат  құбылысқа 
жататыны,  жаңағы  жоғарыда  айтқанымдай,  математика  пәніне 
деген  (кез-келген  адамға  біте  бермейтін)  айрықша  алғырлық. 
Міне,  осындай  бойдағы  математика  бойынша  қасиеттер  бар 
сол  кездегі  зерделі  қазақ  жастары  Мәскеуден,  Ленинградтан, 
Новосибирскіденбілім алуға тырысатын. Мен де осы туа біткен 
қасиет деп айтуға болатын төл қасиеттерді жүре келе өзгеден алған 
әсерлеріммен  өмір  қалыптастырған  басқа  да  ерекшеліктерімді 
өзімнің  ізденуіммен,  еңбек  етуімнің  арқасында  Новосибирск 
университетінде Нобель сыйлығының математиктер арасындағы 
жалғыз иесі академик В. Канторович, Социалистік Еңбек Ерлері 
академиктер  С.  Соболев,  И.  Векуа,  академиктер  А.  Мальцев,  
Л. Овсянников, Г. Марчук, С. Решетняк, СССР FА корреспондент 
мүшесі  А.  Бицадзелердің  дәрістерін  тыңдаумен  жақсы  аяқтап,  
сол  университеттегі  ғылыми  жетекшім  Н.  Товмасянның  басқа 
жаққа  ауысуына  байланысты  өзіміздің  Қазақстан  ғылым  акаде-
миясының  мүше-корреспонденті  Е.  Ким  басқарған  математи-
калық  физика  теңдеулері  лабароториясына  орналастым.  Мұнда 
Қазақстан  FА  академиктері  Н.  Білиев,  Т.  Калменов,  М.  Өтел- 
баевтармен  бірге  ғылыми  конференциялар  мен  семинарлар 
жұмыстарына  тікелей  араласып,  табысты  еңбек  етіп  жүрдім. 

Аманат
268
Институттың  директоры  академик  К.П.  Персидскийдің  айтуы 
бойынша  жалпы  білімге  және  математика  ғылымына  деген 
ұмтылысы,  еңбекқорлығы  және  іздемпаздығы  маған  ұнайтын 
Ж.Ә.Тоқыбетовты  әлемге  әйгілі  математикалық  орталықтардың 
бірі Мәскеудегі ҚСРО FА В.А.Стеклов атындағы Математикалық 
интитутына  аспирантураға  жіберді.  Аспирантураны  академик 
В.С.Владимиров басқаратын дифференциалдық теңдеулер және 
матфизика бөлімінің бас ғылыми қызметкері физика-математика 
ғылымдарының  докторы  профессор  В.С.Виноградовтың 
жетекшілігімен «Эллипстік жүйелер үшін жазықтықтағы кейбір 
шекаралық  есептер»  тақырыбынан  кандидаттық  диссертация 
қорғадым. 
Кешегі кеңестік кезеңде қазақ жастары математикадан білімді 
осылай  жоғарыда  айтқанымдай  Мәскеуден,  Ленинградтан, 
Новосибирскіден алатын. Осы күнгі қазақ математикасының алғы 
көшін бастап, республикадағы іргелі оқу орындарында ұстаздық 
қызмет  атқарып  жүргендердің  дені  солар.  Айталық,  сондай 
математиктердің  қатарында  механика-математика  факультетінің 
қазіргі  физика-математика  факультетінің  деканы  профессор 
М.Бектемесов,  бұрынғы  деканы  Қазақстан  FА  корреспондент 
мүшесі  профессор  Н.  Данаев,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық  университетінің  деканы  академик  Қ.Қасымов, 
Евразия  университетінің  профессоры  Н.Темірғалиевтерді 
және  тағы  басқаларды  айтуға  болады.Аспирантурадан  кейін 
Ғылым  академиясында,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінде,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінде қызмет еттім. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде математикалық 
талдау кафедрасын он жылдай, сонан соң Әл-Фараби атындағы 
қазақ ұлттық университетінің математикалық талдау кафедрасын 
да он жыл басқардым. Педагогикалық университетке Новосібір 
университетінде  бірге  оқыған  факультет  деканы  профессор  Е. 
Шалбаевтың шақыруымен барып, факультетке бұрын оқылмаған, 
оқылса  да  математикалық  талдау  пәнінің  бір  бөлімшесі  болып 
оқытылып  жүрген  жаңа  –  дифференциалдық  теңдеулер,  кешен 
айнымалы  функциялар  теориясы,  математикалық  физика 
теңдеулері,физикалық  талдау  сияқты  пәндерді  оқу  процесіне 

Аманат
269
енгіздім.  Он  жылдан  кейін  Әл-Фараби  атындағы  ұлттық 
университеттің математикалық талдау кафедрасының меңгерушісі 
болып  ауыстым.  Педагогикалық  университетке  ауысу  алдында 
Әл-Фараби  атындағы  ұлттық  университетте  математикалық-
физика  кафедрасында  15  жыл  доцент,  кафедра  меңгерушісі 
қызметін атқарушы қызметтерінде істеп кеткен болатынмын. 
Мен  педагогтік  қызметпен  бірге  ғылыммен  айналысуды  да 
бір сәт тоқтатқан емеспін. Өмір жолы тегіс емес, тегіс те болып 
көрген  емес.  Әсіресе  ғылым  жолында  мәуелі  мақсатқа  жету 
үшін талай тауды тесіп, талай дарияны кешіп, энциклопедиялық 
білім жинауың керек. Қанағат, ғылымға жат қасиет. Іздене беру 
керек, іздене беру керек. Тапсаң тағы ізден! Біреудің көшірмесі 
болмастан өзіңнің тың дүние жасауың керек. Міне, мен ғылымдағы 
өз саламның ұтымды жақтарын бойыма сіңіре отырып, әлі толық 
жауаптарға  ие  болмаған  есептертеориясынан  жоғарыда  аталған 
ғылыми диссертация жаздым. Содан бері осы салада еңбек етіп 
келемін. Өзімше ойлаймын, мен өз ғылыми бағытымда біреудің 
көшірмесі  немесе  біреудің  көлеңкесі  емеспін-ау  деп.  Менің 
зерттеулерімніңнәтижелері  академиктер  В.С.  Владимировтың, 
А.В. Бицадзенің, Н.В. Враговтың, Қ.А. Қасымовтың, Н.Қ. Білиев- 
тің,  М.Ө.  Өтелбаевтың,  Т.Ш.  Калменовтың,  Қазақстан  ғылым 
академиясының корреспондент мүшесі Р. Ойнаровтың, М. Сәді- 
бековтың,  профессорлар  А.И.  Янушаускастың,  М.О.  Орынба-
саровтың, С.Е. Темирболатовтың, Т.Е. Қанғожиннің, Е.Ы. Бидай-
бековтың  семинарларында  баяндалды.  Менің  жетекшілігіммен 
бес  кандидаттық  дисертациялар  қорғалды.  Олардың  авторлары 
дифференциалдық  теңдеулер  саласының  әр  бағытында  жемісті 
еңбек етуде. Сонымен бірге мен өзімнің ғылыми жұмыстарымды 
педагогтік еңбегіммен де ұтымды байланыстыруға тырысудамын. 
Мысалы,  Алматы  қаласы  мен  отанымыздың  көптеген  жоғары 
оқу орындарында жалпы іргелі курстар мен арнайы курстардан 
дәрістер  оқып,  бакалаврлардың  бітіру  жұмыстарымен  ма-
гистрлердің  дисертацияларына  ғылыми  жетекшілік  етудемін. 
Бұл  салада  да,  сорпасы  шыққанша  ізденушілік  пен  еңбек  етуді 
әр бір педагогтің борыш - қарызы деп, адамды адам еткен еңбек 
педагогті  де,  педагог  етеді  деп  білемін.  Педагогтің  ақ  жолына 
жарық  алып  түскен  тегеурінді  ұстаздың  бүкіл  ғұмыр-дария  білім, 

Аманат
270
үздіксіз ізденіс, тынымсыз еңбек сияқты ұлы қасиеттердің басты 
бір жола біріктіру деп білемін. Оның ең жоғарғы шегі – шеберлік. 
Шеберлік шыңына көтерілмеген педагогті жарымжан педагог деп 
білемін. Педагогтің ата жауы, бас жауы – олақтық пен салақтық. 
Тағы бір шыңы – жаңашылдық. Бұл да бірбеткей, өжет, өлермен, 
мазасыз,  тынымсыз  ұстаздан  шығады.  Әділін  айтқанда,  білім 
беру  саласын  ілгері  жылжытушылардың  бірі,  білу,  меңгеру  – 
парыз міндетім деп білетін, жаңалықтың шамын жағушы, білім 
беруші ретінде кемелденген студенттермен жұмыс істеуді жүйелі, 
кестелі өнерге айналдырған шебер де іздемпаз оқытушыны нағыз 
ұстаз деп санаймын. Қазіргі «Іргелі математика» кафедрасының 
меңгерушісі, кезінде менің оқушым болған,физика – математика 
ғылымдарының  докторы,  профессор  М.  Сиховпен  бірге  осы 
мәселелерді жиі талдап-талқылаймын.
Осы кезде жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде, орыс 
тілінде және ағылшын тілінде дәріс оқу үрдісі жандана бастады. 
Баяғыдайын «рецептер» көзден бұл-бұл ұшты. Өз тіліңде оқығанға 
не  жетсін.  Толыққанды,  терең  меңгеру  өз  тіліңде  тыңдалған 
дәрістерін және өз тіліңде жазылған оқулықтардан келеді. Әлі де 
қазақ тілінде жазылған оқулықтар аз. Міне осындай қысылшаң 
сәттерде  аса  мазасыздана,  бірақ  ұстамдылықпен  Республика 
Математика  және  механика  институтында  жинақтаған  мол 
тәжірибем  бар,  Мәскеудегі  В.А.Стеклов  атындағы  Математика 
институтындағы (МИАН СССР) аспирантурасын тәмандағыным 
бар  әрі  Сібірдегі  ғұлама  ғалымдар  мен  Қазақстандық  өзіміздің 
жоғарыда  аталған  ұстаздарымның  көрсеткен  жолдары  бар, 
қазақша  оқулықтар  жазуға  отырдым.  Сөйтіп,  болашақ  қазақ 
тілді  математиктер  үшін  ұзын  саны  он  бір  оқулық  және  оқу-
құралдарын  жаздым.  Күмәнданғандар  да  болған  шығар,  көзге 
шұқып көрсетпесе де сенімсіздік білдіргендер де ара кідік төбе 
көрсетіп  қалды.  Саналы  ғұмырымды  ұрпақ  тәрибесіне  арнап 
келе жатқан ұстаз болғандықтан қазақ жастарына арнап жоғарғы 
оқу  орындарының  пәндерінен  оқулықты  біз  жазбағанда  кім 
жазады  дедім  де  кірісіп  кеттім.  Әр  оқулықты  жазуда  бір  емес 
бірнеше  нұсқасын  жазуға  тура  келді.  Ең  алғашқы  оқу  құралын 
кәдуілгі  дифференциалдық  теңдеулер  есептерін  шешуге  арнап 
профессорлар Н.О. Орынбасаров пен Н. Б. Толегеновамен бірге 

Аманат
271
жаздық.  Математикалық  теңдеулердің  қазақы  ұғымға  орнықты 
баламасын  табуда  оңай  шағыла  қоймайтын  жаңғақ  болды. 
Тынымсыз  ізденістің  нәтижесінде  «Арнаулы  функциялар  және 
олардың қолдану ерекшеліктері» дейтін оқу құралы өмірге келді. 
Сексенінші  жылдардың  соңына  қарай  бұл  тақырыпты  одан  әрі 
тереңдете түстім. Өйткені сол кезде де, қазір де өмір сұранысы 
солай. Әрі осы бастамалардың ұлттық университет қабырғасында 
туындап жатуының өзі заңдылық болатын. Қазір не көп, академия 
көп,  университет  көп,  тіпті  аудан  орталығынан  да  жоғары  оқу 
орнын ашып алып, келесі жылы арзанқол дипломын «салтанатты 
түрде»  табыстап  жататын  пысықпайлардың  енді  математика 
оқулықтарының  авторлары  болып  шекеден  қарап  шыға 
келмесіне кім кепіл. Арам шөп те тез жетіледі, білім жолындағы 
шалағайлық  та  тап  солай.  Міне,  осындай  бей-береке  тіршілік 
математика  білімінің  қолтығына  батпандап  кіріп  алса,  одан 
құтылу  тым  қымбатқа  түсетін  болар.  Осындай  келеңсіздіктерге 
көзжұмбайлықпен  қарамадым  және  ғылым,  білім  жолындағы 
адалдығым,  ар  өлшемі  деген  қасиеттерді  қайда  қалдырамын 
деп,  профессор  А.  Беделбаевпен  бірігіп,  «Өлшем  мен  Лебег 
интегралының  теориясы»  деген  оқулықты  жаздық.  Ал  ізінше 
профессор  Е.  Хайруллинмен  бірігіп  жазған  «Математикалық 
физика  теңдеулері»  атты  оқулық  бұл  күндері  екі  рет  баспадан 
шықты және студенттердің қолынан түспейтін оқулыққа айналды. 
Бүгінгі таңда кітап шығару да аса қиын шаруа емес болар. Ақысын 
төлесеңіз  кез-келген  баспа  алтынмен  аптап,  күміспен  күптеп 
жұтындырып басып береді. Ал менің «оқулық жазып шықтым» 
деп ерекше екпін түсіріп отырғаным математика саласынан кітап 
жазу нағыз инемен құдық қазғандай жанкешті еңбек, өйткені тек 
бір теңдеудің цифры дұрыс түспесе күллі шаруаның зая кеткені. 
Артынан іле-шала магистрлерге арнап «Коши тектес интегралдар 
және  олардың  кейбір  қолданулары»,  «Екінші  ретті  эллипстік 
теңдеулер  жүйесі  үшін  шекаралық  есептер»,  «Аналитикалық 
функциялар үшін шекаралық есептер» оқулықтарын шығардым. 
Өзіміздің  университет  баспасынан  «Математикалық  талдау 
конспектісінің»  үш  кітабын  және  т.б.  шығардым.  Қазіргі  кезде 
А. Беделбаев екеуіміз «Функциялар теориясы және функциялық 
талдау»  оқулығын  баспаға  дайындап  отырмыз.  Сонымен  бірге, 

Аманат
272
математикалық  талдау  мен  математикалық  физика  теңдеулері 
курстарының  кейбір  тарауларының  практикасынан  жазған  оқу 
құралдарымды студенттер қолдарынан түсірмейді. Тағы да қайта 
басып шығаруды өтінуде. 
Кафедра меңгерушісі кезімде елімізде қаржы мәселесі қиын 
болса  да  кафедрада  жаңа  ғылыми  кадрларды  дайындауға  және 
оның қалыптасуына ерекше назар аудардым. Маған Абай атындағы 
мемлекеттік  университетінің  және  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық университетінің профессоры атақтары берілді. 
Мен ұстаздық жолымда табандылыққа әрдайым көңіл бөліп, 
студенттерді де солай тәрбиеледім. 
Біздің  университеттің  студенттеріне  айтар  кеңесімді 
алдыңғы  беттерде  айтып  кеттім  ғой.  Оларға  қоса  айтарым: 
бірде-бір дәрісті жібермей жүйелі түрде оқу керек. Егер, әсіресе 
математикалық  дәрістерде,  бір  сабаққа  қатыспай  қалсаң,  келесі 
дәрісті түсіну қиынға соғады. Өйткені, әр дәрісте жаңа ұғымдар, 
жаңа  тұжырымдар  болады  да,  келесі  дәріс  материалдарындағы 
теоремалар  мен  тұжырымдарды  дәлелдеуде  сол  алдыңғы 
дәрістердегі  ұғымдар  мен  тұжырымдарға  сүйенеді.  Әсіресе 
алғашқы  рет  университет  табалдырығын  аттаушы  студенттерге 
бұлжытпай  орындар  қағида.  Екіншіден,  ауылдағы  ата-
аналарыңның үмытын ақтауға тырысыңдар. Олар өздерінің және 
сендер  сияқты  балаларының  ауыздарынан  жырып,  сендердің 
қатарларыңнан  қалмай  білім  алуларыңды  тілеп,  аш  қалмасын 
деп  сендерге  тапқан-таянғандарын  бөліп  беріп  отыр  ғой. 
Сондықтан  олардың  үмітін  ақтаудың  жолы  –  тиянақты  білім 
алып, стипендия алу. Ол үшін сабаққа аса ұқыптылықпен қарау, 
дәрістерді  жібермеу  керек.  Сонымен  бірге,  студенттер  мен  жас 
мамандарға айтарым: бағдарламадағы әрбір тақырыпты ұқыпты 
түрде егжей-тегжейлі түсініп, түсіндіру керек. Ешбір тақырыпты 
оңай  деп  үстіртін  өтіп  кетуге  болмайды.  Мен  студенттердің 
өрестігі кең болуын тілеймін. Ол үшін математикалық дәріспен 
ғана шектеліп қоймай, дәріс тақырыбына сай мәселелерді өзінше 
тереңдетіп  әртүрлі  оқулықтардан  оқып,  зерделеу  қажет.  Сонда 
ғана  ол  тақырыптың  мәселелері  мен  есептері,  тұжырымдары 
есте қалады. Бұл мәселеде студенттің ең қауіпті жауы – жаттап 
оқу.  Дәріс  тыңдауда,  үй  тапсырмасын  орындауға  ұқыпты  болу 

Аманат
273
қажет.  Ұқыптылықтан  алған  білімдерің  толық  та  таза  болады, 
ал  шалағайлық  білімнің  толыққанды  болуын  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Бұл  жас  әріптестерімізге  де  аса  қажет  қасиет.  Жас 
әріптестеріміздің  келешек  айтулы  дараланған  ұстаз  –  педагог 
аталуы  үшін  қажет.  Сөз  соңында  академик  О.А.Жәутіковтің 
«кімде  кім  өз-өзіне  бостандық  жариялағысы  келсе  алдымен 
математик болып алсын» дегенін еске түсіргім келеді. Ол кісінің 
тұсында бұл түсінік соншалықты мән-мағынаға ие бола қойған 
жоқ  еді.  Қазір  мухиттың  арғы  жағындағы  аузы  алты  қарыс 
оқу  орындарына  барып,  келісім  шартпен  дәріс  оқып,  өз-өзіне 
«бостандық  жариялап»  жүрген  көптеген  математиктерімізді 
мақтанышпен тілге тиек етеміз (олар академик А. Жұмаділләев, 
профессор  У.Өмірбаев)  .  Сондықтан  менің  оқуға  жаңа  түскен 
студенттеріме  айтарым,  сендер  де  осы  ағаларыңдай  мақтаныш 
болғайсыңдар! 

Аманат
274
Арон Аскаров, Серікқали Темірболатов, Мақпал Төлегеновалармен 
«Математиктер» тойында.
Қазақстан ғылым академиясының бұрынғы вице-президенті, академик 
Сұлтанбек Қожахметов және Ақтаудағы Есенов атындағы университеттің 
бұрынғы ректоры, академик Есберген Божановпен бірге.

Аманат
275
Математиктермен және Тараз педагогикалық институтының  
ректорымен институт тойында
«Іргелі математика» кафедрасының ұжымымен бірге

Аманат
276

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет