Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор


МОЛДАБЕКОВ  Жақан Жанболұлы



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата21.01.2017
өлшемі6,98 Mb.
#2350
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

МОЛДАБЕКОВ 
Жақан Жанболұлы
Философия ғылымдарының докторы,
профессор
1943  жылы  6  қарашада  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  қазіргі 
Бәйдібек ауданы, Теректі деген жерде өмірге келген. 
Философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 
1967-1970 ж. МГУ-дің философия факультетінің студенті, ал 
1970-1973 жылдары диалектикалық материализм кафедрасынынң 
аспиранты.
1973  ж.  МГУ-де  «Методологические  основы  исследования 
взаимодействия  живых  систем»  тақырыбы  бойынша  проф. 
И.Т.  Фролов  жетекшілігімен  мезгілінде  кандидаттық  диссерта-
ция қорғаған. 
ҚазМУ-де  аға  оқытушы,  доцент  (1973-1985)  қызметін 
атқарған.  Алматы  қалалық  партия  комитетінің  ұсынысымен 
1985-1989  жж.  АЗВИ-де  философия  және  ғылыми  коммунизм 
кафедрасының меңгерушісі. 1980-1990 жж.. – ҚКП ОК штаттан 
тыс лекторы болып қызмет атқарған.

Аманат
161
АРЛЫНЫҢ СӨЗІ ІРГЕЛІ
М
 
ен,  Молдабеков  Жақан  Жанболұлы,  
��43  жылы  6  қарашада  Оңтүстік 
Қазақстан  облысы,  қазіргі  Бәйдібек  ау-
даны, Теректі мекен-жайда өмірге келіппін. Әркімнің 
туған жері, өскен елі өзіне ыстық. Қаратаудың бір 
тармағы Қостұра өңірінің солтүстігінде – Бәйдібек 
бабаның, батысында – Домалақ Ана кесенесі жатқан 
тарихы оқиғаға, аңыз-әңгімеге толы, бірақ зерттелуі 
кемтар  шырайлы  да,  шұрайлы  көркем  таулы  жер.  
�3  жасымда  туған  өлке  туралы  жүрекжарды 
алғашқы  сезімім  «Қазақстан  пионері  газетінде,  �8 
жасымда «Таң шапағаты» атты эссем «Түркістан» 
газетінде  жарық  көрді.  Жарқын  да  шабытты 
сезімдер кейде шумақтар да өрбіді. Кейде сол елім – 
Теректіге барғанда:
Бармысыңдар бауырым,
Көзді тартар қауымым,
Ығай-сығай ел-жұртпен,
Көгерер жер мен ауылым, – 
деп іштей иіліп сәле беремін. 
1960 ж. мектепті үздік бітірген соң, комсомолдық жолдамамен 
екі жыл шопанның жәрдемшісі болып жұмыс істеуге тура келді. 
Анаммен бірге қысы-жазы аянбай еткен еңбек елеусіз қалмады. 
Аудандық деңгейде екі рет материалды сый-құрметке ие болдым. 
19 жасымда коммунистік партияға кандидат ретінде қабылдады. 
1962  ж.  М.В.  Ломоносов  атындағы  Москва  мемлекеттік 
университетінің  философия  факультетіне  оқуға  түстім.  Ауыл 
баласы  МГУ-дың  студенті.  Түс  көргендеймін.  Жатпай-тұрмай 
оқыдық. Тіпті мені күрес секциясына жазды. Сонымен оқу, спорт, 
арасында қара жұмыстағы (күнелту керек қой) қатаң тәртіпте екі 
курсты қалай бітіргенімді білмей қалдым. 
3  курста  кенеттен  армияға  шақырды.  Студенті  армиядан 
қалдыруға әрекет жасаған жанашырлар екеу болды. Бірі – күрес 

Аманат
162
секциясындағы тренерім спорт мвстері, ғылым кандидаты Евге-
ний Михайлович Жирмунский, екіншісі – Мұрат Әуезов. 1964 ж. 
1  разряд  нормасын  орындаған  едім  және  тренерім  Москва 
вуздарының жарысы ашыларда МГУ-дың екінші командасының 
жалауын көтеруге кенеттен маған тапсырған еді. Қатарда атақты 
спортсмендер  болғанды.  МГУ-дің  студенті  Мұрат  Әуезов 
Қазақстан  Республикасы  өкілеттілігіне  барып  менім  семьялық 
жағдайымды айтып көмек сұрапты. Не керек, 1964-1967 жж. әуе 
әскер  құрамында,  атап  айтқанда  Оренбургтегі  жоғары  әскери 
ұшқыштар  училищесінде  курсант-сержант  қызметін  атқарудың 
реті болды. 
1967-1970  ж.  МГУ-дің  философия  факультетінің  студенті,  ал 
1970-1973 жылдары диалектикалық материализм кафедрасынынң 
аспиранты  ретінде  оқуды,  қызықты  шығармашыл  өмірді 
жалғастырдым.  Факультетте  студенттік,  кейіннен  аспиранттық 
өмірге қызыға араластым. Көп нәрсені үйрендім. 4 курста алғашқы 
студенттік  ғылыми  мақалам  проф.  Арчил  Якимович  Ильиннің 
жетекшлігімен  аспиранттар  жинағында  жарық  көрді.  Кафедра 
меңгерушісі  проф.  Арчил  Якимович  Ильиннің  жетекшілігімен 
диплом жұмысын үздік қорғап, аспирантурада қалдым. Аспирант 
кезінде (1970-1973 жж) оның ғылыми жетекшісі көп елдерге таны-
мал көрнекті философ, профессор, академик, «Вопросы филосо-
фия» журналының бас редакторы Иван Тимофеевич Фролов бол-
ды.  Аспирант  кезінде  философия  факультетіндегі  жас  ғалымдар 
кеңесі  төрағасының  орынбасары  ретінде  қызықты  кездесулердің 
басы-қасында болудың сәті жиі кезікті. Сондай жемісті еңбек пен 
белсенділік ескеріліп, акад. Б.М. Кедров бастаған СССР ғылыми 
топтың құрамында 1Ү халықаралық философ, логиктер конгресіне 
қатысқаным естен кетпейді (Румыния, Бухарест, 1972 г.). 
1973  ж.  МГУ–де  «Методологические  основы  исследова-
ния  взаимодействия  живых  систем»  тақырыбы  бойынша  проф.  
И.Т. Фролов жетекшілігімен мезгілінде кандидаттық диссертаци-
яны қорғадым. 
МГУ-дегі 8 жылғы өмірімде көп нәрсені көрдім, қызықтадым, 
үйрендім. Москваға келген әлем мемлекеттерінің қолбасшылары 
МГУ-де  кездесу  өткізетін  дәстүр  болды.  Ондай  ресми  кездесу-
лерден активист ретінде қалмайтынмын. Мәдениет үйінде атақты 

Аманат
163
өнер,  ғылым,  спорт  қайраткерлерімен  үнемі  кездесулерден  шет 
қалмайтынмын.  Композитарлар  Хренников,  Хачатурян,  Шесто-
кович,  Свиридов,  Петров,  Мурадели,  жас  А.  Пахмутова  сын-
ды дарындардың, әншілер – Л. Утесов, Р. Бейбутов, Л. Зыкина, 
жастардың  сол  кездегі  сүйкімділері  –  М.  Магамаев,  Кобзон,  Л. 
Лещенко,  С.  Ротару,  «Песнары»  ансамблі  сияқты  таланттардың 
концертінен  қалмауғы  тырысатынмен.  Ғалымдарымен  ар-
найы  лекторийлар  болатын.  Онда  және  «Вопросы  филосо-
фия»  журналы  өткізетін  методологиялық  семинарларда  СССР 
ғылым  Академиясының  президенті  П.  Келдыштен  бастап, 
барлық  ғылыми  институттардың  директорлары  академиктердің 
сұхбаттарына қатысып бақтым. Өзім биологияға жақын маман-
данып жүргеннен акад Н.А. Белозерскийдің мектебіне, Пущино 
на-Оке  қаласындағы  ғылыми  орталықтағы  конференцияларға 
қатысудың ретін тегін жібермедім. Ақын-жазушылармен кездесу-
ге ерекше ықылас-ынтамен баратынмын. Одақтағы әйгілі ақын-
жазушылардың басым көпшілігін сол кездесулерде көрдім десем 
артық айтпағаным.
Ақын-жазушылармен  кездесуге  ерекше  ықылас-ынтамен 
баратынмын.  Одақтағы  әйгілі  ақын-жазушылардың  басым 
көпшілігін сол кездесулерде көрдім десем артық айтпағаным.
Одақтан шыққан шахматтағы әлем чемпиондары – соңғы А. 
Карповпен (онда студент болатын) кездесулерден қалмадым. Бұл 
кездесулерден көп нәрсені аңғардым, үлгі тұтарлық рухани келелі 
жайларды жадымда тіздім.
Оқытушылық  қызметім  МХАТ-тың  жанындағы  Щеп-
кин  ат.  Жоғары  театралды  училищеде  басталды  (1969-1971). 
Училищенің  оқытушы  деген  куәлігі  театрға  есік  ашты.  Уақыт 
болғанда сол льготты пайдаланып, біраз еатрларға еркін барып 
жүрдім. Алматыда ұстаздық жұмысты Киров атындағы ҚазМУ-
де аға оқытушы, доцент (1973-1985) қызметінде жалғастырдым.. 
Алматы  қалалық  партия  комитетінің  ұсынысымен  1985-1989 
жж. АЗВИ-де философия және ғылыми коммунизм кафедрасын 
меңгердім. 1980-1990 жж.. – ҚКП ОК штаттан тыс лекторы бо-
лып қызмет атқардым. 
Ғылым  саласында  кандидаттық  және  докторлық  диссерта-
циям  екі  түрлі  бағытта  жалғасты.  Сол  кездегі  саяси-партиялық 

Аманат
164
жағдай осындай күрт өзгерістерді ендірді. 1992 ж. «Идеологиче-
ский  процесс  как  предмет  социально-философского  исследова-
ния»  тақырыбы  бойынша  докторлық  диссертацияны  қорғадым. 
Идеология мәселесіне теріс пікірлер өрістеп жатқан кез еді. Дис-
сертацияны Москваның, Киевтің, Минскінің мамандары қолдаған 
еді. Сонымен 1992 жылдан философия ғылымдарының докторы, 
1994 ж. профессор деген лауазымға иегермін. 
1995-1998  жж.  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ң  дайындық 
факультетінің,  кейін  философия  және  саясаттану  факультетінің 
деканы болып жұмыс істедім. Қазір дінтану және мәдениеттену 
кафедрасының профессорымын.
Осы  уақытқа  дейін  600-ден  артық  ғылыми,  әдістемелі 
және  публицистикалық  еңбектер  жарық  көріпті.  Әр  бағытта 
шығармашылық  ізденісте  болғандаймын.  Профессор  болғасын 
шығармашылық  ізденістің  өзіме  тың,  үшінші  кезеңі  басталды. 
Өзбекәлі Жәнібеков қозғаған «қазақтану» идеясы ұнады да, 1990 
жылдардың екінші жартысынан бастап осы проблемаға біржақты 
бас бұрдым. Ғалым «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың 
бірі. Оның қаламынан «Қазақ осы мың өліп, мың тірілген» (1998), 
«Қазақтану» (2003), «Қазақтану өрісі» (2005), «Қазақтану және 
жаңару философиясы» (2009), «Шешендік» (2009, 2014) атты оқу 
құралдары жарық көрді. Осы бағытта арнайы курстарды студент-
терге, магистранттарға оқиды.
Ұжымдық  топпен  бірге  «Философия»  (1992),  «Политоло-
гия»  (1998),  «Этнопедагогика»  (2007),  «Кәсіби  этика»  (2008), 
«Мәңгілік Ел» (қазақша, орысша 2015) оқулықтарын, «Филосо-
фия и политология» (2000, 2015), «Педагогика және психология» 
(2002)  салалық  білімнің  терминдік  сөздіктерің,  философиялық 
энциклопедиялық  сөздікті  жазуға  және  құрастыруға  қатыстым. 
«Шығыс  философиясы»  (2003,  2007),  «Ұлттық  тәрбиенің 
патриоттық негізі» (авторлар, 2011), «Ежелгі үнді және қытай фи-
лософиясы» (2012), «Өзіндік таным» (2014), «Ежелгі шығыс: та-
рихы, мәдениеті, діні және философиясы» (2013) оқу құралдары, 
«Интеллектуальная нация» монографиясы (2015) жарық көрді. 
Поэзияға да өзімше қалам тартып жүрген жай бар. Аз тираж-
бен  болса  да,  осы  кезге  дейін  «Ата  баласы»  (2008),  «Ой  сазы- 
көңіл  назы»  (2010),  «Әз  ұлыстың  ұлдары»  (2011),  «Жаратқан  – 

Аманат
165
жанашарым,  жансерігім»  (2013),  «Шырақтарым  –  шуақтарым» 
(2015) атты өлеңдер жинағы жарық көріпті. Әр жинақтың өз та-
рихы, тағдыры бар. Бірақ «Ғашықпын, ғашықтықтан тасыппын» 
деген лирикалық поэзия тілімен жазылған пьесаны он жыл бойы 
толғанып жазғанымды айтқым келеді. 
Шет  ел  туралы  айтсам,  поляк  тіліндегі  «Kasachtan.  Historia 
–  pojitika»  монография  (Warszawa.  2000,  с.  127-138),  Берлин-
нен  шыққан  монография  авторының  бірімін.  Шүкір,  Россияда, 
Оңтүстік  Кореяда,  Турцияда,  Испанияда  мақалалар  шығып  жа-
тыр.  «Мәдени  мұра»  бағдардамасы  бойынша:  Ежелгі  шығыс, 
Т.1, (А.,2005), Жаңа дәуір философиясы, Т.6, (А.,2006), Қазақтың 
халық философиясы, (Т.7, Астана.,2006), Қазақ би-шешендерінің 
дүниетанымы мен философиясы, (Т.9, Астана, 2007), Қазақ ақын-
жырауларының  дүниетанымы,  (Т.8,  Астана,2008)  томдарына 
тікелей жетекшілік жасалынды. 
Реті  келгенде  оқу-тәрбие  жұмыстарының  әдістемесі  мен 
бағдарламасын  жасаудан  тыс  қалған  емеспіз.  Кезінде  КазҰУ-ң 
тәрбие  тұжырымдамасын  (А.,  2001,  2,5  п.л.),  Адамтану 
бағдарламасын  (Білім.  Образование.  №1,  2001,с.3-5),  «Қазақстан 
жоғары оқу орындарында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге 
асыру  Тұжырымдамасын»  жасауға  тікелей  қатыстым.  Білім 
Академиясыиың ғалымдарымен «Проблемы инновационно-воспи-
тательной деятельности в системе школьного образования» (2000-
2002  гг)  жобасын,  «Достық  үйінде»  үш  жоба  бойынша  (2009-
2011ж) ғылыми топқа жетекшілік жасаудың реті келді. 6 типтік оқу 
бағдарламаны қазақ-орыс тілдерінде баспадан шығарды. 
Варшава  университетін  (Польша,  1998),  Анкарадағы 
мемлекеттік  емес  жоғары  мектеп  мамандарына  (Турция,  1997) 
арнап  оқылған,  пікірталаста  өткен  дәрістерім  естен  шықпайды. 
Көптеген халықаралық конференциаларда, соның ішінде Афины-
да өткен (Греция, 2015) халықаралық симпозиумда жасалынған 
баяндама көптің көңілінен шыққаны қанағаттандырады. 
Көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық және қоғамдық-
тәрбиелік жұмыстары бірнеше медалдармен, құрмет Грамотала-
рымен марапатталынды. 2008-2009 жж. іргелі ғылыми ізденістері 
үшін  президенттік  гранттың  иегері,  «әл-Фараби  ат.  ҚазҰУ-ң 
ең  үздік  оқытушысы»  (2009),  республикалық  «жоғары  оқу 

Аманат
166
орындарының ең үздік оқытушысы» (2010ж.) атағына ие болдық. 
«Шешендік»  оқу  құралыма  2011  ж.  «Ы.  Алтынсарин  атындағы 
сыйлық» берілді
Ұзақ  уақыт  диссертациялық  кеңесте  жұмыс  атқардық.  Әр 
жылдары  докторлық  диссертацияның  төрағасы,  мүшесі,  ҚР 
ЖАК-ң ғалым хатшысы қызметін атқарыппын. Жетекшілігіммен 
небәрі  5  кандидаттық,  екі  докторлық  диссертация  қорғалды, 
ендігі докторанттар, магистранттар шығуда. 
Әріптестерімнің  ұсынысымен  әлеуметтану  ғылымы  Акаде-
миясының  академигі,  халықаралық  акмеологилық  ғылымдар 
Академиясының (Санк-Петербург) академигі, халық медицинасы 
халықаралық бірлестігінің академигі лауазына ие болыппын.
Негізгі  жұмысым  –  ұстаздық,  жастармен  бірге  үндесіп, 
тілдесіп,  танысып,  табысып  жүрген  жайымыз  бар.  Кейде  жеке 
қалғанда:
Ұстазбын, ұстазымды аңсаймын,
Ұмтылыста ұққанымнан бастаймын.
Шындық үшін адалдықты арқалап,
Ынтығымды шашау жанға шашпаймын.
***
Тұлғалардан үзбеймін күдерімді,
Түңілмей үйлестірем іздерімді.
Ал ағайын есейсек кәсіп біліп,
Түзетерміз іш тартар түздегіні, 
деген толғаныс төңірегінде ойымды өрбітем. 
Әрдайым  жастармен  жақындасып,  жарысып  жүргесін 
адамның нағыз жастық шағын құрметтеймін, іштей қадірлеймін, 
жырымды арнаймын.
О, жастығым, еркесін де серкесін,
Не күтесін кезіккенде ертесін.
Жарандар әз пілтесін сөндірмей жүр,
Қандай күйді тыныстап әзір шертесін?

Аманат
167
 ***
Бетің ашық, жүзің жарқын жастығым,
Қуатыңмен қанша белес асырдың!
Ымдап, жырлап қанша қылық жасырдың,
Ұлт ұланы дүрлікте кәсіп асырғын!
 ***
Орның біл, орныңды тап жастығым,
Ағыл-тегіл тасымасын мастығың.
Қын түбінде жата қоймас қордалар,
Түптей білсең, тамыр жаяр астығың.
 ***
Жастық  ашық-жарқын  мінезімен,  таусылмас  қайратымен, 
ыстық  достық  сезімімен  қымбат.  Сол  үшін  өз  жастығымызды 
да,  сондай  жайдарлы  қазіргі  жастарды  да  шын  ниетіммен  үлгі 
тұтамын. Достасу – татулықтың көнбесі, тұлғалану өресі. Әсіресе 
сыртта, Москва жүріп достасқан құрдастарым туысымнан артық 
болмаса кем емес. Солардың қатарында ғылым докторлары, про-
фессорлар – философтар Марат Хасанов, Аманжол Қасабек, эко-
номистер  Раушан  Елемесов,  Ержан  Жатқанбаев,  әлемге  әйгілі 
арабтанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі, медиктер Әбүйірбек Ма-
меков, Иманәлі Байдаулетов, математик – Жанұзақ Тоқмамбетов, 
генетик – Серик Әбілов (Москва) т.б.
Достарым тамыр жайған бергі тегім,
Қорғаным, асқар тауым, алғы шебім.
Жарқын жүздер үрледі жүрек отын,
Тулатып, туындыра көңіл демін.
***
Жақындардың көргенде ашық көркін,
Шаттанасың, шираймын емін-еркін.
Бақытымды сезініп семірсем де,
Жүрмін-ау, кемелімнен ығып, бәлкім.
 ***

Аманат
168
Достық  –  жақындасу  өресі,  тұлғалықтың  төресі,  өмірдің 
жайсаң, жарқын кезі. Достық сезім арқылы әркім өмірлік жолды 
саралайды,  жанашырына  қарайлайды,  сенімділікті  сабақтайды. 
Достықсыз  өмір  осал,  күйің  босаң,  жайсыздық  тосар.  Адам 
достығымен  күшті,  қоңды.  Достар  арқылы  әркімнің  адамдығы 
білінеді, адалдығы іріленеді. Қуаттылар, сенімділер, серіктестер 
достығымен  мерейлі,  мәртебелі,  әрі  сәнді.  Өмірдің  жанары 
достықтың  келбетінен  танылады,  көңіл-күйінен  табылады. 
Достығымен ел жарасқан, бір-біріне қарасқан.
Бірақ достық өздігінен келмейді, кез келгенге ермейді. Себебі 
ол нәзік сезім, мекем сенім, көзге түспес қамқорлық, еңсе көтерер 
еркін естілік, әрдайым ардақтауға тұрарлық емеурінді ептілік. Оны 
мәпелеу,  құрметтеу,  сабақтау,  серпілту  керек.  Достықтан  тірек 
пен тұрақ тапқаңда, тентектік басылады, күшке қуат қосылады, 
бағың  ашылады.  Достық  –  жақындықтан,  төзімділікпен, 
жауапкершілікпен келетін қарым-қатынас қуаты. Достықты ын-
тызар сезім, күйлі ықылас, жақынға деген құштарлық ширатады. 
Онсыз  бойға  осалдық  орнығады,  индивидтік  ерік-жігер  шойы-
лады.. Осалдықта адамның сезімі сергімейді, достығы оңбайды, 
сіз-бізі  жараспайды.  Іштей  ширамағандар  өзгемен  келістілікті 
қолдай  алмайды,  шама-шарықсыз  әлекте  нағыз  дос-жарандық 
сезім  тарылады.  Жан  жолдастан  кемтар  емеспін  дейтіндерде 
жарастық  тұлғалықтың  нағыз  өлшемі,  жансеріктік  айғағы, 
шуақты  күндерінің  жаймағы  айқын  болмақ.  Бұл  мәселелер 
әркімді әрдайым және әрқалай мазалайды.
Достасу - өзіңді өзіңе танытатын өре, өзгенің өресімен табы-
стыратын татулық көнбесі. Достасудың ережесі, ұстанымы, тіпті 
формуласы  бар  екенін  сезінеміз,  жоққа  шығармаймыз.  Әйтседе 
сондай өсиеттердің аясында жүре бермейтініміз рас. Осыған орай 
дос келбетінен тоқыған толғам-тоқтамымды оқырманға ұсынуды 
жөн  көрдім.  Нағыз  достар  баршылық,  бірақ  қымбаттылардың 
қатары көбеймеуде, қайта кемуде. Алды 70 жасқа келгендерден 
күтетін жай. Өмір заңы ғой.
Жастық кездегі достық жүректі жаулап алады, кәмелеттілікпен 
бірге тамыр жаяды, толастайды. Оның өз формуласы бар екенін 
аңғарамыз.  Достық  формуласының  мән-мағынасын  студенттік 
жолдас, құрдастарым арқылы тереңірек ұқтым. Уақыт сынынан 

Аманат
169
өткен жарастықты құрмет тұта жадымда сақтаймын, татулықтың 
көнбесін есіме алсам, өзімше серпілемін, соған шүкірлік етемін. 
Тірі жанда достық шоғы сөнбейді. Себебі: 
Әрбір досың жүректегі жұлдызың,
Тұла бойға дем бітірер құндызың.
Достық – бақыт, тамырымен түптелген,
Сауығы артық, жарығы мол күндермен.
Достықтың тілі ортақ, жылуы ортақ,
Жүрекжарда қыңырлық келер шорқақ.
Достың тұрманы түгел сайлы,
Қырмыз келбет қызықтауға жайлы.
Достықта кісілік бой көтерер,
Қолқабыс аралықты төтелер.
Достықты сағына жырлаған,
Бейнелеп аңсарын қимаған.
Достықта – бойтұмарың,
Мәңгі нәзік құмарың.
Достық  сағыныш  аяны,  сүйіспеншілік  баяны,  қарым-
қатынастың әсерлі шұғыласы. Достықты тазалық аралы, ықылас 
құрағы деп те жатады. Өмірден алынған, жүрекжарды шындық. 
Құрдас, жолдас, тағдырлас дос,
Тоғысса шаттықтан көңілің хош.
Жарастығым жадымдағы жастығым,
Өзіме жол әрқашанда қымбат тым.
Жарастықта адамның жүзі өңдес,
Шырайлыда мейірдің нұры сөнбес.
Көрікте сүйкімділік үйлес,
Көңілде сағыныш үндес. 
Дос жанарының шуағы,
Дидарды кернеп тұрады.

Аманат
170
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық 
мерейтойына орай факультетімізде «Ақылдастар алқасы» құрылған 
еді. Қатарында он екі профессор, төрт доценті бар ғалым-ақсақалдар 
алғашқы  отырысын  «Мысль»  журналымен  бірге  «Ұрпақ  және 
тәрбие  сабақтастығы:  дәстүрлер,  жаңалықтар»  атты  тақырыпқа 
арнады.  «Дөңгелек  үстел»  материалдары  осы  журналдың  2009  ж. 
алтыншы нөмерінде шықпақ. Келесі отырыс философия және сая-
саттану факультетінің жатақханасында өтті. Студенттермен кездесу 
жеңіс күніне, ұрпақтар ұлағатына арналды. Жастарымыз өз өнерін 
көрсетті. Тәлім-тәрбиесі мол кеш қызықты өтті. Бұл өлең сол оты-
рыста туындады.
Күшті сезім баурады бүкіл елді,
Үлкендерді жасартар құрмет келді.
Майданның жаңғырығы тағы оралды,
Не есітіп, не көрдік біздер енді.
***
Туған жерді қорғады алда ағалар,
Өсімталдар жеңіс жолын паналар.
Сенімін ерттеп еркімен ұмтылғандар,
Өзін жеңіп, өзгені де бағалар.
***
Ақсақалдар сақтық қоры заманның,
Олар барда өзім жаспын, аманмын.
Ақылдастар алқасы түзелгенде,
Өмір сабағын ұмытпашы жарқыным.
***
Көргенді зәру ықылас пен өнерге,
Тәлімдіден ұлт дәстүрін көремде.
Жырмен ұласты жеңіс тойы серпіле,
Жастарымыз құшақ жайды сөреде. 5.05.2009

Аманат
171
Көңілінде тасытып жастық қалпын,
Күлімдер шырамытқан жүзбен жарқын.
Ұйыған мейірімінен ақсақалдың,
Сезінем даналықтың нағыз нарқын.
***
Кейде, оңашада, толғанғанда, озықтарды көргенде:
Өмір-ау, өре алдым ба өрнегіңді?
Арқалап, жеткізбеген түп тегіңді.
Үміт үлкен, келтелеу іс - аяқсызда,
Кеш ұтықм ба, кім білсін кернеуіңді?! 
***
Өсиетті мұрат тұт, аманат деп,
Аталы елге қонымды ойыңды жек
Ұлыны меже тұттым,
Ұғымталдық ұттым.
Төре биді ұлық тұтып сырластым,
Ұлы тарих есейітті, тағдырластым.
Ұлылықты қисындап келістірер,
Ұлтжанды тұлғалармен жақындастым.
*** 
О, даналар, табынамын ұқсам деп.
Даралықтың түбі терең, зерде жек.
Делебемді қоздырады тексіз тек,
Дарақылар біліктіге қойды шек.
***
Ұлы Дала тынысым,
Ел арасы ырысым.
 

Аманат
172
Сарбаз, сахаба өрісім – Ұлы дала,
Шұбырған қанша ұрпақ тапты пана.
Бабалар үндескенде айбаттымен,
Қосы-қоңда қайсарланды ұлық сана.
***
Оғыз дала, жетімді іштей жоқтады,
Толғақтан тапты оянғаның тоқтамды.
Ойлы сөздің арқауын ширақ ұққан,
Болмыс бойлап осалдарға соқпады.
***
Жадыра далам, жетеліні алдырып,
Дарысын рух қос арнада жаңғырып.
Жарандарым, қамың жаса құрыспай,
Жолдағы әлсіз жүр ғой өзін алдырып.
***
Түбірге қара қарағым, меже тұтар,
Елге сыймай елірген өзін құртар.
Қазақ жолы даңғыл емес ыңғайлы,
Көнбістікке шыдай бермес шырайлы.
Күтімсіз қалса мүрделер көңіл сыздар,
Кең далаға сыймай кетер шымбайлы.
***
Атамекен бой түзеп келе жатыр,
Асқарына өрлемек ерен батыр.
Ел баласындай ата-ана мәпелесе, 
Атажұртта есті қосшы болмас пақыр.
***
Не  айтпайын,  арлының  сөзі  іргелі.  Еңбектенген  тірілер, 
Озаттарға ілінер. Ұмтылған үйренер, Қауқарсыз күңіренер.

Аманат
173
Жаратқаным әркімге серік-жарқын,
Ұлылықта әр нәрсе болар айқын.
Сырымен ажарланған ойнап-күліп,
Пайдаланса жігерді үстем парқың.
***
Жүрегім тартынса да сөне қоймас,
Тарығып мұңайса да сәнге тоймас.
Опақ-сопақ тарлықта көзге түскен,
Ұғымы жаман сызданып шынды жаймас.
 

Аманат
174
ҚазҰУ, 75 ж.
Философия күні, 2012

Аманат
175
Тәні саудың жаны сау. Табиғат аясында, 2013 ж. 
Тәні саудың жаны сау. Табиғат аясында, 2013 ж.

Аманат
176

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет