Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата21.01.2017
өлшемі6,98 Mb.
#2350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

АҚҚОШҚАРОВА 
Құралай Ахметқызы
ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері
профессор
Қ.А.Аққошқарова 1950 жылы дүниеге келген.
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  инженерлік  академия-
сының академигі. 
90-нан астам еңбектің, 58 баспа парағы көлеміндегі көптеген 
оқу құралдарының, бірқатар оқу-әдістемелік зерттемелердің ав-
торы болып табылады. 
«Қажырлы еңбегі үшін» және «Еңбек даңқы үшін» үкіметтік 
медальдарымен,  ҚР  БжҒМ-нің  «ҚР  Білім  беру  ісінің  құрметті 
қызметкері» белгісімен, университеттің дамуына қосқан айрықша 
үлесі  үшін  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  Алтын  медалімен, 
Алматы қаласы Әкімінің грамотасымен, көптеген грамоталармен 
және дипломдармен марапатталған. 
2014  жылы  ҚР  Президентінің  Жарлығымен  Қ.А.  Аққош-
қароваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» 
атағы берілді. 
 2015 жылы 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінде Елба-
сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды. Универ-
ситет ұжымының атынан сөз сөйледі. 
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Құрметті 
кафедра меңгерушісі, профессор.
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі. 

Аманат
19
ІЗГІЛІК ІЗДЕРІ
И
нтеллектуалдық,  адамгершілік,  эсте-
тикалық қасиеттерімен айналамызды 
нұрландыру үшін  асыл тастай нұр ша-
шып тұру үшін жас ұрпаққа дұрыс білім бере білу 
керек. Мен осы еңбек жолында, ұстаздық бағытта 
тер төгуден шаршаған емеспін.
Мен  Алматыдағы  №  25  орта  мектепті  алтын  медалмен 
бітіріп,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 
физика факультетіне оқуға түстім. Әрі сол кезде Лениндік сти-
пендиат болдым. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, озат 
студент  қатарынан  көрінуге  тырысатынмын.  Университетте 
жүріп комсомол ұйымын басқардым, комсомол съездеріне дела-
гат, республика комсомол Орталық Комитетіне мүше болып та 
сайландым. 
Өткен  жиырмасыншы  ғасырдың  екінші  жартысында, 
нақты айтқанда, 1971 жылы қазан айының 19-20 жұлдызында 
Мәскеуде өткен студент жастардың бүкілодақтық 1-ші слетіне 
қатынасып, сөз сөйледім. Ең кереметі – сол бүкілодақтық аса 
беделді  жиының  Төрайымы  болып,  төрде  КПСС  Орталық 
Комитетінің  Бас  Хатшысы  Л.И.Брежневпен  иық  тірестіре 
қатар  отырдым.  Қол  қусырып  қарап  отырған  жоқпын,  
КССРО    Ғылым  академиясының  Президенті,  әлемге  әйгілі 
ғалым  М.В.Келдышке,  атақты  ақын,  Социалистік  Еңбек  Ері 
А.А.Сурковқа,  КССРО  Жоғарғы  және  арнаулы  орта  білім 
министрі  В.П.Елютинге,  маршал  И.С.Коневке,  ВЛКСМ 
Орталық Комитетінің бірінші секретары  Е.М.Тяжельниковке, 
студенттер  Алла  Майорова,  Пальмира  Мичюлитеге  және 
басқаларға, Л.И.Брежневтің өзіне де кезек-кезегімен сөз беріп, 
дүниежүзі  көз  тіккен  ұлы  жиынды  біліктілікпен  өте  шебер 
басқарып шықтым десем де болады. 
Он  бес  одақтас  Республиканы  уысында  ұстаған,  250  мил-
лион  халқы  бар  КССРО  атты  алып  державадағы  миллиондаған 
жастардың арасынан суырылып шығып, ұлы жиынды басқарған 
үшінші курс студенті мен Құралай Аққошқарова не бәрі 21 жаста 

Аманат
20
едім.  Әлемнің сахнасында тұрып қазақтың қазақтығын таныта 
білгеніме  бүгінгі  күнге  дейін  мақтана  аламын.  Тіпті  сол  кездің 
өзінде    маған  өзге  республикалар  жастары  қызыға  қарады.  Бұл 
жайлы кезінде одақтық және шетел баспасөзінде кеңінен жазыл-
ды  және  1972  жылы  Мәскеуде  «Молодая  гвардия»  баспасынан 
жарық  көрген  «Всесоюзный  слет  студентов»  («Студенттердің 
Бүкілодақтық  слеті»)    деген    кітапта  байыпты  баяндалды. 
(Қазақстандық  студент  Құралай  Ахметқызы  Аққошқарованың 
слет  президиумында    Л.И.Брежневпен  қатар  отырған  суретті 
БАҚ-та  және  жоғарыда  аталған  кітапта  жарияланды.)  Айт-
пай кетуге болмайтын тағы бір үлкен жетістік – жиын соңында 
Л.И.Брежнев ұлы жиынды аса шебер басқарарып бергенім үшін 
риза болып алғысын айтты. 
Университетті 1972 жылы ойдағыдай аяқтадым. А.А.Байков 
атындағы  Металлургия  институтының  асирантурасын  1976 
жылы  бітіріп  шықтым.  Сол  жылы  профессор  Кирилл  Петро-
вич  Гуровтың  жетекшілігімен  Киев  қаласында  «Особенности 
взаимной  диффузии  в  многофазных  бинарных  системах»  деген 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғадым. 
Менің  өмір  бойына  жасаған  еңбегімнің  жемісі  сол,  менің 
еңбек  кітапшамда  бір  ғана  жұмыс  орыны  жазылған  және  ол 
–  КазҰУ  еді.Осы  университет  оқытушысы,  деканның  орын-
басары,  декан,  күні  кешегі  дейін  шетел  студенттерін  дайын-
дайтын  кафедра  меңгерушісі  болып  жұмыс  жасап  келдім.  
ҚР  инженерлік  академиясының  корреспондент  мүшесі  әрі 
профессорлық  атағымды  алға  тартпай,  ұстаздық  жолымды  әлі 
де  жемісті  жалғастырып  келем.  Дәріс  оқудан  жалқпан.  2013 
жылы  ҚазҰУ-дың    Ғылыми  кеңесі  «Университеттің  Құрметті 
кафедра  меңгерушісі»  деген  мадақтама  берді.  Бұл  мен  үшін 
үлкен жетістік. 
Ұлағатты ұстаз болу жолында, ұрпаққа тәрбие беру үстінде 
жемісті  еңбек  ету  үшін  әлі  де  болсын  маңдай  терімді  төгіп 
келемін.  Соның  арқасында  «Молекулярная  физика  и  термо-
динамика»,  «Механика»  т.б.  кітаптардың,  жүздеген  ғылыми 
мақалалардың авторы атанып үлгердім. 2006 жылы  Алматыдағы 
«Атамұра» баспасынан көлемі 25 баспа табақ еңбегім – «Физи-
ка. Теория.Есептер. Сұрақтар.Оның шешудің жолдары» кітабы 

Аманат
21
(Н.Қойшыбаевпен,  бірігіп  жазған)  жарық  көрді.  Жоғарға  оқу 
орындарына  түсуші  талапкерлер  мен  студенттерге  арналған 
кешенді  оқу  құралын  баспаға  Қазақстан  Республикасының 
Білім  және  Ғылым  Министрлігі  ұсынған.  Бұл  таптырмайтын 
тамаша  еңбек.  Қазақша  жазылуымен  де  ерекшеленетін  бұл 
кешенді оқу құралында жалпы физиканың негіздері мен соңғы 
жылдары  ұсынылған  бір  мыңнаң  астам  тест  сұрақтары,  есеп-
тер кеңінен қарастырылып, оны шешудің жолдары мен жауап-
тары көрсетілген. Қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан бұл еңбек 
бүгінде таптырмайтын тамаша оқу құралына айналды деп ой-
лаймын.  
Бір өмірге азық боларлықтай тәрбиені осы Біліктілікті арттыру 
институтынан алдым десем артық айтқаным емес. Қазақстанның 
барлық облыстарынан оқуға келген оқушылардың жылы шырай-
мен қарсы алып, оларды жатақнаға орналасуын қамтамасыз ету, 
ғылыми бағытқа сай жетекші тауып беруге тиянақты болатымын. 
Қасымнан табылған сырлас – Сұлтан Төлеуханұлы. 
Ы.Жақаевтың  «Өзге  үшін  істе  де,  өзің  үшін  үйрен»  де-
ген тағылымды сөзі бар ғой. Менің шәкірттерім менің берген 
тапсырмаларымды  ықыласпен  ынтыға,  беріле  орындайтын. 
Бәлкім  олардың  талабы,  әлде  ұстазға  деген  сыйластықтары 
болар.  Шәкірттерім  ауыра  қалса  баламдай  қарау  әдет  болып 
кеткен. Бір шәкіртім былай дегені бар: «ауыра қалсақ, «балам 
ауырма» деп бізге бағасы да қиынға соқпайтын дәрілерді алуға 
кеңес  беретін.  Қыстың  мезгілінде  тұмауратып,  соңы  жөтелге 
жалғасып жүргенімде - «Алиюша сен мумие алып ішші, емдік 
қасиеті  мол,  жөтелді  қойдыруға  тиімді»  деді.  Тағы  бірде 
құлағыма  суық  тиіп  ауырып  отырмын  десем  «борный  спирт 
алып тамыз»,- деп дәрігерден кем кеңес беретін еді»-деп еске 
алуға болады. 
Жалпы  мені  университет  өміріндегі  өзгерістер  ешқашан 
бей-жай  қалдырған  емес.  Бұдан  бірер  жыл  бұрын  көптен 
бері  құрылысы  тұралап  қалған  ҚазҰУ  қалашығындағы  оқу 
ғимараттарының  жұмысы  қайта  жанданып,  көптеген  жөндеу 
жұмыстары  жүргізілді.  Алатауды  баурайында  орналасқан  білім 
ордасы бұрынғыдан да сұлуланып сала берді. Таңертеңгі уақыта 
ҚазҰУ  қалашығындағы  табиғи  таза  ауасымен  тыныс  алып, 

Аманат
22
көркем көріністің ортасында жүріп келе жатып көңілім ерекше 
шаттанады.   
Осыдан  біраз  уақыт  бұрын  ректор  жанындағы  кеңесте  ко-
рей  құрылыс  компаниясы  униветситеттің  жаңа  бас  ғимараты 
жобасының  таныстырылымын  жасадым.  Сол  кезде  айтқан  бір 
сөзім  есімде  қалыпты:  «Еліміздің  егемендігін  көрсететін  басты 
нысандардың бірі – қазақтың қара шаңырағы ҚазҰУ қалашығы. 
Сіздер  ұсынып  отырған    біздің  бас  ғимаратымыздан  ешқандай 
ұлттық  колоритті көріп тұрған жоқпын» – десем керек. Мұның 
бәрі білім ордама деген махаббат. 
Құралай Аққошқарова жалпы көлемі 200 баспа табаққа жуық 
жүзден  астам  ғылыми  еңбектің  авторы.  Көп  жылғы  ізденістің 
жемісті нәтижесі бірінен соң бірі жарыққа шыққан «Механика», 
«Молекулярная физика и термодинамика», «Математика в приме-
рах и задачах», т.б. атты кітаптары бұл күнде студент жастардың 
аса бағалы оқулығына айналды.
Ең  ауыр  дүние  ұлттық  мақтанышы  бола  білу.  Сол  мүддеде 
шыға  білу  мен  үшін.  Ерінбей  төккен  еңбегімнің  арқасында 
көптеген  жетістіктерге  жеттім.  Әрине  бұл  мақтану  емес  қайта 
еңбегімнің  жемісін  көрсету  деп  бағалаған  жөн.  Сол  еңбектің 
арқасында  бүгінде  үзіліссіз  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-ға 
қызмет  етіп  келемін.  Кафедра  меңгерушісі  де  болдым,  Қазақ 
Ұлттық инженерлік академиясының академигі де атандық, про-
фессор атағын да алдым. ҚазҰУ-дың алтын медалін де тақтық. 
2014 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен маған 
ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 
 «Тектіден текті туады» – дейді дана халқымыз. Менің анам 
да еңбектің дәмін татқан адам. Ол Орта Азия әйелдері арасы-
нан тұңғыш рет  геология ғылымына еңбек сіңірген, литология 
ғылымының  негізін  салған,геология-минералогия  ғылымының 
докторы, академик, профессор дәрежесіне жеткен қазақ әйелі. 
Еске түссе естелік айту өнеріміз ғой. Осыдан біраз уақыт бұрын 
П.Тәжібаевның  80  жылдық  мерейтойына  жарым,  Мемлекеттік 
сыйлықтың  лауреаты  Сәбит  Досанов  екеуіміз  «Асыл  тастар 
асқар  тауда  туады»  деп  аталатын  ғалымның  әріптестері  мен 
шәкірттерінің,    достарының  Патшайым  Тәжібаева  туралы 
жазған  пікірлері  мен    естеліктерін,  ғалымға  арнаған  жырлар-

Аманат
23
ды, естелік-эсселерінен топтастырылған кітапты шығарып, бір 
парызымызды  орындағандай  болдық.  Бұл  ендігі  тұлғаға  деген 
құрметіміз едік. Бұлай деп жазып отырған себебім, жастар үлгі 
алса екен деймін. 
Қайырымдылықтан асқан қасиет жоқ. Өзгеден ерекше мінезім 
бар. Шәкірттеріме мейірімділігіммен, әсіресе, аймақтардан кел-
ген жасқаншақтау жастарды өзіме тартып, оларға ақыл-кеңес ай-
тып, қолдап жүретінім өтірік емес. 
Мұқағалидың Фаризаны аңсап, өлеңдеріне арқау еткен секілді 
біз де біреудің музасы болуды аңсайтын едік. Бұл қыз баласының 
арманы  хәм  әлсіздігі.  Бірақ  белгілі  ақын  Серік  Тұрғымбеков 
менің көңілімді қалдырған емес. Тіпті мынау өлең жолдарында 
маған арнаса керек:
Адамдар бар жүрегі – дастан ізгі,
Жалғанғандай жер емес, аспан бізді;
Алпысыншы жылдары – 
Алматыда
Құралайдан көрмедім асқан қызды.
Ай шуағы секілді ақша жүзі,
Таңғалтады білінбей басқан ізі.
Білсем егер, солай –ақ болған шығар,
Патшайымның қызындай патша қызы, - 
Л. Толстойдың «Счастлив тот, кто счастлив у себя дома» (не-
месе «Отбасында бақытқа бөлгенген жан  - нағыз бақытты!») - 
деген қанатты сөзіндегідей отбасы бақытыны бөленген жанмын. 
Бақытқа жетелейтін отбасымның ұйытқысы мен ғана емес, қазақ 
ғана емес әлем мойындаған жазушы Сәбит Досановтай отағасы. 
Ол аяулы жар, мен тәулесізд елімізде өсіп келе жатқан көптеген 
ұрпақ пен немерелердің әжесімін. 
Осы  сүттей  ұйыған  өнегелі  жанұямның  үкілі  үмітпен 
алақанға  салып,  аялап  өсірген  аяулы  ұлым  Дания.  Данияр 
Сәбитұлы Досанов өзі қатарлы жастардан барлық салада да оң 
бойы озық жүрді. Колледжі де, Ұлттық университет - КазҰУ-ді 
де  үздік  бітіріп,  екі  бірдей  диплом  алды.  Заңгерлік  мамандық 

Аманат
24
алған  ол  «Номад»  атты  сақтандыру  комнаниясында  менеджер 
болып жұмыс істей бастады.
Балам тумысынан талантты еді. Жаратқан Ием жомарттықпен 
сыйлаған  сол  табиғи  талантын  ол  көп  оқып,  көп  ізденіп,  мол 
біліммен  толықтырды, табанды еңбегімен шыңдады. Даниярдың 
адамгершілік  қасиеттеріне,  асқан  қайырымдылығына  оны 
білетіндердің бәрі таң қалып,  қатты риза болды. 
Ана жүрегім баламның биікке шарықтай бастаған көрген сай-
ын бірде қуанып бірде алаңдап жүретін. Көз тимесе екен, сөз ти-
месе екен дейтінмін. Жаратқан ием жіберген құлын қайтып алар 
күннің жақын екенін де сезбесем керек, қабырғамды қаусатып 21 
жастағы баламды үйлену той үстінде алып кетті. Ажалға қарсы 
шара бар ма?! 
Өзімнің  баламдай  болып  өсіп  келе  жатқан  жастарға,  жас 
ұрпаққа, қазақтың ертеңге болашағына мынадай дүние айтықым 
келеді әрі ұсыныс тастағым келеді: 
Шетел  азаматтарының  Жоғары  оқу  орнына  дейінгі  білім  беру 
факультеті Қазақстанда 1985 жылы КСРО Білім министрі В.Елютин 
бұйрығымен,  соған  сәйкес  университетіміздің  ол  кездегі  ректоры 
Ө.А.Жолдасбеков өмірге келген. Бұл Қазақстандағы бірінші факуль-
тет еді. Бұл факультет өзінің 31 жылдық тарихында оқу әдістемелік 
орталық  болып  қалыптасты.  Екі  мыңыншы  жылдың  аяғында  бұл 
орталықтың жарлығы, положениясы, типтік оқу бағдарламалар сын-
ды құжаттары, жоғары білім және ғылым министрлігі осы орталық 
жайлы  бұйрығының  жобасына  дейін  жасалды.  Осы  орталықтың 
ҚазҰУ-дың базасында болуына күш слау керек.
Шетел студенттері Қазақстандық студенттермен тығыз байла-
ныста болуы, бір-бірімен оқшауланбай бір-біріне жақын тұруы, 
араласуы керек. Бұл тәрбие жұмысына оң әсер етеді.
Кез  келген  инновацияның  өміршеңдігі,  ең  бастысы 
педогогикалық  ұжымның  дайындығына,  сондай-ақ  оның 
шығармашылық  және  ғылыми  әлеуметіне  тікелей  байланы-
сты.  Бұл  –  кез  келген  ортаның  ең  басты  құндылығы  –  адами 
іскерліктің  басымдылығына  да  қатысты.  Ежелгі  дәуірден  күні 
бүгінге  дейін  айтылып  келе  жатқан  «Мұғалімсіз  шәкірт  жоқ», 
«Біздің байлығымыз – адам құндылығы» деген қағидаттар білім 
беру саласының басты тетігі.

Аманат
25
Біз  студенттерді  оқыту  барысын  жекешелендірсек  те, 
дәл осы оқыту мен тәрбие беру ісінде ұстаздарға туындаған 
басты мәселелерді шешіп отыру – уақыт талабы. Осы орай-
да,  аға  ұрпақтың  даналығы  мен  бай  тәжірибесін,  жастар 
көзқарасын  қатерге  алу  аса  қажет.  Үнді  халқының:  «Кіші 
үлкенді  сақтайды»  деген  қағидасы  бар,  біз  осыны  әрқашан 
есімізде ұстаймыз.
 

Аманат
26
Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровпен 2015 ж.
Белгілі француз 
публицисті Альберт 
Фишлер 2000 ж.
Жолдасым Сәбит 
Досановпен 2000 ж.

Аманат
27
Ресейдің белгілі жазушысы, Мәскеу Жазушылар одағының төрағасы 
В. Бояринов және ақын Л. Щипахиновпен 2015 ж.
Ұлым Данияр және қызым Лейла 2012 ж.

Аманат
28
АЛДАБЕК 
Нұржамал Әбдіразаққызы 
Тарих ғылымдарының докторы
профессор 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану 
факультетінің  қытайтану  кафедрасының  профессоры,  тарих 
ғылымдарының докторы. 
ҚХР,  Құлжа  қаласы,  Жаңашәрі  деген  жерде  1954  жылы 
дүниеге келген. 
1963 жылы Ұзынағаш ауылындағы Н.К. Крупская атындағы 
қазақ орта мектебіне оқуға түсіп, 1973 жылы сол мектепті бітірді. 
Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  түлегі.  1974  жылы  тарих 
факультетіне оқуға түскен.
1989  жылы  ҚазҰУ-дың  тарих  факультетінің  Азия  және 
Африка елдері тарихы кафедрасының қызметкері.
1996-2002  Шығыстану  факультетінің  деканы  қызметін 
атқарған.
2003  жылы  30  қаңтарда  әл-Фараби  атындағы  қазақ  ұлттық 
университетінің  диссертациялық  кеңесінде  «Ресей,  КСРО  және 
Қытайдың  Шыңжаңдағы  саясаты  (ХҮШ  ғ.  –  1949  ж.)»  деген 
тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 
1998 жылы Қытай Халық Республикасының ғылым мен білім 
саласы бойынша белгілеген халықаралық грант иегері
2005-2011 факультет деканы
2011 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР БжҒ Министрлігі мені Қазақ 
Мемлекеттік  Қыздар  Педагогикалық  Университетінің  бірінші 
проректоры.

Аманат
29
АРМАНҒА ЖЕТЕЛЕГЕН ӨМІР ЖОЛЫ...
М
енің  өмір  жолым,  әсіресе  балалық 
шағым мен жастық шағым тақтайдай 
түзу  жолдармен  өтті  дей  алмаймын. 
Менің  әке-шешем  қазақ  халқының  басына  түскен  
ХХ  ғасырдың  30-жылдарының  ашаршылық  пен 
кеңестік бай-манаптарды қудалау саясатының зар-
дабынан жан сауғалап, қазіргі Райымбек ауданынан 
үй-жайы мен малын тастай қашып, жан сауғалап 
Қытайға көшкен отбасының балалары болған. 
Әкемнің айтқан әңгімесінен естігенім, ештеңеден таршылық 
көрмеген  байдың  баласы  11  жасында  бір  түн  ішінде  дүние 
төңкеріліп  түскендей  болғанын,  қызылдардың  бай-манаптарды 
қырып-жою  әрекетінен  отбасын,  ұрпағын  аман  сақтап  қалу  
мақсатымен  әкесі  Қытайға  қашуға  мәжбүр  болғанын  білемін. 
Ол жақтағы көрген қиындықтарын әкем үнемі ауыр күрсініспен 
айтып отырушы еді. Мен сол Қытай жеріндегі Құлжа қаласының 
маңындағы Жаңашәрі деген жерде 1954 жылы дүниеге келіппін. 
Әке-шешем  ол  жақта  тағдырдың  бар  ауыртпалығын  көрген, 
кейіннен естерін жиып, елге оралуды армандаған. 1961 жылдан 
басталған  Хрущевтің  «жылымық»  жылдары  шекара  ашылып, 
қазақтар қайтадан еліне оралуына мүмкіндік ала бастайды. Менің 
әке-шешем 1963 жылы май  айының 3-күні шекара асып, 3 баласы 
-  бізді  алып  елге  оралады.  Шекарадан  өткен  соң,  сол  кездегі 
кеңестік тәртіптің бұйрығымен, бізді Жамбыл ауданы Ұзынағаш 
ауылына  әкеліп  қоныстандырды.  Ол  жылдар  жағдайдың  ауыр 
жылдары  болатын.  Қытайдағы  ашаршылықтың  зардабынан 
аздап азат болғанымызбен, кеңестік билік тұсындағы елге, жерге 
келген соң да жағдай ауыр қалпында өтіп жатты. Әке-шешемді 
колхоз  мал  бағуға  жіберді,  бізді  интернатқа  өткізді.  Халықтың 
тұрмыс жағдайы онша оңып тұрмаған заман екені менің есімде. 
Мен 1963 жылы Ұзынағаш ауылындағы Н.К. Крупская атындағы 
қазақ  орта  мектебіне  1-класқа  бардым.  Сол  интернатта  жатып 
оқып,  10  сыныпты  1973  жылы  бітірдім.  Балалық  шағымда 
аштықтың  да,  киім-кешектің  жоқтығын  да  жетерліктей  көрдім 

Аманат
30
десем болады, әке-шешем алыста мал соңында, біз интернатта, 
көрген қиыншылығымызды, мұң-зарымызды естір жанашыр жоқ 
кезеңдерді есіме алсам, әлі күнге өксіп жылаймын. Бірақ қиындық 
мені қатты  шыңдады, ата-баба қанынан  келген  күш  пе,  әйтеуір 
менде бір қайсарлық мінез алға ұмтылдырды. Мен ешкімнен кем 
болмауым  керек,  жақсы  оқып,  барлығына  қол  жеткізуім  керек 
деген  жігер  жетеледі.  Мектепте  өте  жақсы  оқыдым,  қоғамдық 
жұмыстарға да белсенді араластым. Кішкентай кезімнен пионер, 
комсомол  белсендісі  болдым,  7-сыныптан  бастап  мектептің 
комсомол ұйымының белсендісі болып, 8-10 сыныпта оқып жүріп, 
сол ұйымның жетекшісі болдым. (Сол кезде мектептің бастауыш 
комсомол  комитетінің  секретары  деп  атайтын).  Ал  өзім  жатып 
жүрген интернаттың балалар комитетін де қоса басқардым. Қазіргі 
әртүрлі  қызметтерді  атқарған  кезімде,  сонау  өткен  жылдарда, 
балалық  кезімде-ақ,  комсомол  шыңдап,  басшылық  қызметке 
икемдеген,  сол  кезде  қалыптасып,  жинай  бастаған  тәжірибем 
қазір  көп  көмек  болды-ау  деп  ойлаймын.  1973  жылы  мектепті 
бітірдім,  бірақ  Алтын  медалға  ұсынылмадым,  алгебра  мен 
геометрия деген пәннен «4» қойылып, аттестат алдым. Қытайдан 
келген  қойшының  қызына  Алтын  медаль  жараспас  деген 
шығар. Бірақ осы оқиға мені өмірде қайсарлыққа, әділеттілікке 
жетуге бар күшімді салуға жігер берді. Мен өзімнің өмірде неге 
лайықты  екенімді  дәлелдеуге  ұмтылдым,  оны  дәлелдедім  деп 
ойлаймын. Мектеп бітірген соң, Алматыға Қазақтың С.М.Киров 
атындағы  мемлекеттік  университетінің  физика  факультетіне 
құжат тапсырдым. Бірақ арман орындалмады, оқуға түсе алмай, 
ауылға  қайттым,  сол  жылы  өзім  оқыған  мектепке  Пионер 
вожатый болып жұмысқа тұрдым. Бір жылдан соң, бәрібір оқуға 
түсуім керек деген арманмен 1974 жылы сол Қазақ мемлекеттік 
университетінің тарих факультетіне оқуға тапсырдым.Әкем менің 
оқуға түсетініме сеніңкіремеді, «таныс-тамырымыз жоқ, сені кім 
қолдайды, бірақ жолыңды бөгеп, көңіліңді қалдырмайын, бір Алла 
жар болсын, қызым» деп батасын берді. Тарих факультеті ғылым 
мен  білім  саласына  ғана  емес,  сол  кезеңдегі  мемлекеттік  саяси 
жүйеге қажетті мамандарды даярлайтын бірден бір білім ордасы 
болды. КазГУ-дің аты дүрілдеп тұрған кез. Ол факультетке оқуға 
түсуге конкурс өте қиын болатын. Бір орынға 22 адамнан келдік 

Аманат
31
сол жылы. Барлық төрт емтиханды үздік тапсырып, оқуға түстім. 
Сол  кездегі  «КазГУ»  республикадағы  ең  алдыңғы  қатардағы 
жоғары  оқу  орны  болғандықтан  университетте  елімізге  де, 
шетелге де кеңінен танымал білікті мамандар қызмет атқаратын. 
Атақты тарихшылар Д.И.Дулатова, М.Оразбаев, С.М.Кенжебаев, 
Ғ.А.Нұртазина,  Б.Мекішев,  У.Х.Шалекенов,  Ж.О.Ибрашев, 
А.А.Шөпеков  сынды  ғалымдардан  дәріс  алдық.  Мен  Жалпы 
тарих кафедрасының қазақ бөлімінде 3 курстан бастап Дүниежүзі 
елдері тарихы, соның ішінде Шығыс елдерінің тарихы бойынша 
мамандана бастадым. Мені Ежелгі Шығыс тарихы, Азия және Аф-
рика елдерінің тарихы пәндері қатты қызықтыратын. Студенттік 
үйірмелер ұйымдастырып, қызықты тақырыптарға баяндамалар 
жасайтынмын. 1979 жылы тарих факультетін бітіргеннен кейін, 
сол  факультеттің  жалпы  тарих  кафедрасына  ассистент  болып 
жұмысқа  қалдырылдым.Жалпы  тарих  кафедрасында  кілең 
Мәскеу,  Ленинград  оқу  орындарын  бітірген  ұстаздар  қызмет 
атқаратын,  қазақ  бөліміне  сабақ  беретін  адам  тапшы  еді.  Сол 
себеп болған шығар, жақсы бітірген мені басшылық кафедрада 
қалдыруға шешім шығарды.
Шығысты зерттеу мен зерделеу қазақ халқы үшін бастауын 
ертеден  алатын  үрдіс  екендігін  білеміз.  Тым  әріден  бастамай-
ақ,  бертіндегі  Шоқан  Уәлиханов  пен  ұлы  хакім  Абайдың 
мұраларынан шығыс халықтарының әдет-ғұрпы мен мәдениетіне, 
әдеби  мұраларына  деген  қызығушылықтың  қаншалықты 
дәрежеде  болғандығын  бағамдаймыз.  Жалпы  қазақ  мәдениеті 
шығыс халықтарының мәдениетімен байланысын еш үзген емес. 
Тек кеңестік замандағы идеологиялық құрсаудың кесірінен қазақ 
мәдениеті, ғылымы мен білім беру саласы шығыс өркениетінен 
еріксіз алшақтауға тура келді. Бұл кезеңде Қазақстанда шығыстану 
саласы назардан тыс қалдырылды. Кеңес Одағында, шығыстану, 
тек  идеологиялық  құрал  ретінде  дамытылып,  оны  оқыту  мен 
зерттеу орталықтары Мәскеу,Санкт-Петербург,Ташкент пен Қиыр 
Шығыста  ғана  орналасты.  Мен  кафедрада  шетел  тарихынан 
қазақша  дәріс  беретін  санаулы  ұстаздардың  ең  жасы  болдым. 
Көбісінің  ғылыми  дәрежесі  жоқ,  сондықтан  жұмыс  бабында 
ілгерілеу, өсу үшін ғылыми дәрежеге ие болуың керек, ол үшін 
ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, диссертация қорғау 

Аманат
32
қажет.Бірақ  маған  бағыт  бағдар  беретін,  жетекшілік  ететін 
шығыстанушы маманның елімізде жоқтығынан, амалсыз Мәскеу 
ғалымдарымен  байланыс  орнатуыма  тура  келді.  Қазақ  Ғылым 
академиясының  тарих  институтының  құрамында  Шығыстану 
бөлімі  ашылған,  бірақ  ғалымдар  тапшы  болатын,  сол  жердегі 
қызметкерлердің  жол  сілтеуімен  Мәскеулік  ғалым,  болашақ 
ғылыми  жетекшім,  Одаққа  аты  танымал  қытайтанушы  ғалым 
Б.П.Гуревичпен  телефон  арқылы  таныстым.  Ол  кісі  бірнеше 
рет менімен тілдескеннен кейін, біздің университеттің ректоры, 
атақты  ғалым,  ірі  қоғам  қайраткері,  біртуар  тұлға  Өмірбек 
Арсыланұлы Жолдасбековке хат жазып, мені Мәскеуге тәлімгер-
зерттеуші  ретінде  оқуға  жіберуді  өтінді.  Қазір  ойлап  отырсам, 
бұл  бір  ертегі  сияқты,  мен  сияқты  ауылдан  шыққан  қазақтың 
қарапайым  қызына  Мәскеулік  ірі  ғалымның  өзі  өтініш  жасап, 
менің  қазақстандық  басшымнан  оқуға  жіберуін  сұрауы  біреу 
сенер біреу сенбес оқиға еді. Бұл маған тағдырдың берген сыйы 
деп есептеймін.
Сонымен,  университет  ректоры  Ө.А.Жолдасбеков  мені 
қабылдауына кафедра меңгерушісі Әбдіғали аға Шөпеков екеумізді 
шақырып,  Б.П.Гуревичтің  хатын  көрсетіп,  республикамызда 
Шығысты зерттеудің кенжелеп қалғанын, енді соның орнын толтыру 
қажеттігін айтып,университетке мамандар даярлау қажеттігін айтып,  
ақ жол тілеп, мені оқуға жіберетіндігін айтты. Сөйтіп, 1983 жылы 
Москвадағы  КСРО    ҒА  Шығыстану  институтына  жолдамамен 
аттанып,  Институттың  қытайтану  бөліміне  тәлімгер-зерттеуші 
болып  қабылдандым.  Осы  жылдардан  бастап  Қытай  тарихы 
бойынша  зерттеу  жұмысын  бастадым.  1985  жылы  2-жылдық 
зерттеуші тәлімгерлік оқуымды ойдағыдай аяқтағаннан кейін, сол 
институттың  аспирантурасына  оқуға  түстім.  Зерттеу  жұмысын, 
жоғарыда айтқанымдай, сол кездегі Одаққа аты мәлім, Орталық 
Азиядағы  халықаралық  қатынастар  тарихын  зерттеуші,  белгілі 
тарихшы ғалым Б.П. Гуревичтің жетекшілігімен жалғастырдым. 
Кеңес  Одағының  Қытаймен  арадағы  байланысын  Қазақстанға 
қатысты  тақырып  бойынша  зерттеу  қажет  болды.  Сол  кездегі 
құбылған  саяси  жағдайларға  байланысты  зерттеу  тақырыбым 
екі  рет  өзгертіліп,  түрлі  қиындықтарды  еңсере  отырып,  Кеңес 
өкіметінің ғылыми орталықтарындағы 8 архивтерінде, құжаттар 

Аманат
33
сақталған кітапхана қорларында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 
диссертацияға қажетті қытай тіліндегі деректер мен әдебиеттерді 
білу үшін қытай тілі курсына бардым. Ғылыми жетекшім Борис 
Павлович  Гуревич  ірі  ғалым  ғана  емес,  адамгершілік  қасиеті 
өте жоғары, мейірімді,кішіпейіл, қамқор кісі еді. Жас ғалымның 
ізденіс  жолында  ғылыми  жетекшінің  орны  ерекше  екендігін 
мен  сол  кезде  өз  өмірімнен  сол  кісі  арқылы  білдім,  әлі  күнге 
әкемдей қамқор болған жетекшімді үлкен құрметпен еске алып 
отырамын  және  ол  кісінің  бойындағы  еңбекқорлықты,  таза 
адами қасиеттерді қабылдап, сол кісідей болғың келеді. Ұстаздан 
алған үлгімнің қаншалықты өмірде жүзеге асып жатқанын енді 
мен  тәрбиелеп  шығарған  шәкірттерім  айта  жатар.  Ақыры  1989 
жылы Мәскеуде КСРО  ҒА Шығыстану институтының Ғылыми 
Кеңесінде  осы  ғалымның  жетекшілігімен  Шыңжаңдағы  орыс-
қытай сауда байланыстары бойынша кандидаттық диссертациям-
ды ойдағыдай қорғап шықтым.Менің оқуымды ойдағыдай аяқтап, 
елге оралғанымды көріп, қорғардың алдында, үш ай бұрын әкем 
қайтыс болып кетті. Біз отбасында жетеу едік, үлкені мен. Әкем 
сол балаларды анам екеумізге аманаттап кете барды. Әке амана-
тын  орындау  үшін  мен  бүкіл  өмірімді  арнадым  десем  болады, 
барлық  бауырларымды  қамқорлыққа  алып,  оқытып,  үйлендіріп 
дегендей, адам қатарына қосып келемін.
Шығыстану факультетін ашу жолында бастама көтеріп, оны ашу 
үшін зор еңбек сіңірген профессор, арабтанушы ғалым Әбсаттар 
Бағызбайұлы  Дербісәлиев,  тарихшылар  Кеңес  Қожахметов, 
Әбдіғали  Шөпеков  сияқты  ағаларымыздың  ұсынысына  елімізге 
танымал тұлғалар қолдау көрсетіп, ақыры тәуелсіздіктің таңы атар 
алдында  елімізде  тұңғыш  рет  Шығыстану  факультеті  ашылды. 
Сол факультеттің іргетасын қаласуға алғашқылардың бірі болып 
қатысып,  шығыстануды  ғылым  және  білім  беру  саласы  ретінде 
дамытуға азды-көпті еңбек сіңіргенім үшін мақтанамын. 
Қазіргі күнде жоғары сапалы кәсіби шығыстанушы мамандар 
даярлайтын  еліміздегі  бірден-бір  орталық  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ  Ұлттық  университетінің  Шығыстану  факультеті  болып 
саналады. Шығыстану факультеті қазақстандық ориенталистика 
орталығы  ретінде  баршаға  танымал,  шығыс  тілдерін  меңгерген 
жоғары  білікті  мамандарды  даярлайтын  республикадағы  ең  ірі 

Аманат
34
орталыққа айналып отыр. Мұнда жоғары білікті педагог мамандар 
жұмыс істейді және заманауи талапқа сәйкес шығармашылық оқу-
тәрбие үдерісі іске асырылып, ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 
Факультеттің  алғашқы  деканы  Ә.Дербісәлиев,  одан  кейін 
Лениншіл  Зиябекұлы,  Ә.Шөпеков,  Өтеген  Күмісбаев  сияқты 
шығыстанушы ғалымдар басқарып, университеттің толыққанды 
оқу  орны  ретінде  қалыптасуына  көп  еңбек  сіңірді.  1994  жылы 
алғашқы  түлектер  бітіріп  шықты.  Олардың  көпшілігі  қазір 
мемлекеттік  қызметтер  атқарып  жүр.  Факултеттің  алғашқы 
түлектері  қатарында  шәкіртім  Шахырат  Нұрышев  қазір 
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және өкілетті 
елшісі  қызметіне  дейін  көтеріліп  отыр.  Айдар  Әбішев,  Еркін 
Мамытханов, Болат Сырлыбаев, Жошыхан Қыраубаев, Уалихан 
Сәрсембеков  сияқты  шәкірттерім  Қытайдағы  консулдық  және 
басқа  да  дипломатиялық  қызметтерін  абыроймен  атқарып  жүр. 
Ғылым мен білім жолын қуған шәкірттерімнің алды ғылым кан-
дидаттары мен жаңа форматтағы PhD докторлары болды. Олар – 
Перизат Бектұрғанова, Жанар Ашинова, Гүлжан Ахметбекқызы, 
Нұржан Әбдірайымова, Ажар Серікқалиева, Динара Дауен сияқты 
шәкірттерім  қазақстандық  қытайтану  саласына  өз  үлестерін 
қосып  отыр.  Бұл  тек  қытайтанушы  шәкірттеріміздің  бір  тобы 
ғана,  ал  арабтану,  парсы,  жапон,  кәріс,  үнді,  түрік  бөлімдерін 
бітірген  көптеген  шәкірттеріміз  әр  салада  абыроймен  еңбек 
етуде. Шетелге іс сапарға шықсам, алдымнан сол жерде қызмет 
атқаратын  немесе  оқып  жатқан  шәкірттерім  шығады,  оларды 
көргенде  ұстаздық  еңбегімнің  жемісін  көріп  марқаямын,  шын 
жүректен қуанамын.
1996 жылы университет ректоры, белгілі ғалым, қоғам қайраткері 
Көпжасар  Нәрібаев  қабылдауына  шақырып,  мені  Шығыстану 
факультетінің деканы қызметін атқаруды тапсыратындығын айтты. 
«Жассың,  Мәскеулік  білімің  де  бар,  сенің  қолыңнан  келеді  деп 
сенемін»- деп ағалық ақылын айтып, факультетті дамыту жолда-
, факультетті дамыту жолда-
ры туралы тапсырмалар берді. Көпжасар Нәрібайлы өте білімпаз, 
шебер ұйымдастырушы, адамгершілік қасиеті мол, өте мәдениетті 
тұлға ретінде маған үлгі болды. Егер де мен осы декандық қызмет 
атқарған жылдарымда қандай да бір жақсы істеріме қол жеткізсем, 
оны  мен  Көпжасар  ағадан  алған  тәжірибемнің  нәтижесі  деп 

Аманат
35
білемін.Ол  кісіден  кейін  де  реторлық  қызмет  атқарған  ғалым-
қайраткерлер  Төлеген  Қожамқұлов,  Бақытжан  Жұмағұлов 
сияқты  тұлғалардың  менің  өмірімде  ерекше  орындары  бар.  Мен 
олардың  әрқайсысынан  өзіндік  қолтаңбаларынан  мол  тәжірибе 
жинақтадым, ұйымдастырушылық тәжірибемді шыңдадым, адами 
қасиеттерін  бойыма  сіңіруге  тырыстым.  Осы  декандық  жауапты 
жұмысты  2002  жылдың  қыркүйек  айына  дейін  атқардым.  Бұл 
жылдар факультетті дамыту, кадрлық сапасын көтеру, халықаралық 
байланыстарын нығайту, шетел оқу орындарымен, Қазақстандағы 
шетелдік  елшіліктер,  дипломатиялық  орталықтармен  байланыс 
орнату  сынды  жұмыстарды  жолға  қоюмен  есте  қалар  деп 
ойлаймын.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  болғандықтан,  әр 
саладағы  жаңадан  қалыптасып  жатқан  реформалық  әрекеттер 
білім саласын да қамтыған еді. Сол алғашқы  жылдардағы білім 
саласына қатысты еліміздің құжаттық негіздемесін қалыптастыру 
үрдісі  жүрді,  Шығыстану  ғылым  мен  білім  беру  саласы  ретінде 
елімізде  алғаш  ұйымдастырылғандықтан,  бұл  жағынан  тәжірибе 
мүлдем жоқ деуге болатын еді. Шығыстану мамандығы бойынша 
білім стандарттарын жасауға тура келді. Тағы да басқа заңнамалық 
сипаттағы  түрлі  құжаттар  сол  кезде  жасалды.  Факультет 
Қазақстандағы  шығыс  елдерінің  елшіліктерімен,  сонымен  қатар, 
студенттер  мен  оқытушылар  тілдік  және  ғылыми  тәжірибеден 
өтетін  Қытай,  Корея,  Түркия,  Иран,  Үндістан,  Жапония,  Египет 
және  т.б.  елдердің  ірі  университеттерімен  тығыз  серіктестік 
байланыс орнатты. Шығыс елдерінің ірі университеттерінің белді 
ғалымдары шығыстану факультетіне келіп жас шығыстанушыларға 
дәріс  оқып,  қазақстандық  әріптестерімен  тәжірибе  алмасты. 
Шығыстану  факультеті  елімізге  ғана  емес  шетелге  де  танымал 
бола бастады. Шығыс тіліне деген құштарлық, қазақ балаларының 
бойындағы ерекше талант айқын көрініс тауып, әртүрлі деңгейдегі 
– республикалық, аймақтық және халықаралық тілдік жарыстарда 
біздің  студенттер  жеңімпаз  атанып  жатқандағы  қуанышымызды 
тілмен жеткізу қиын. Әсіресе есімде қалғаны 90-жылдары Мәскеу 
қаласында  жапон  тілінен  халықаралық  конкурс  болып,  оған 
жапон тілін меңгеріп жүрген үздік студентіміз Батырхан Торғаев 
деген  студентімізді  жібердік.  Жапон  тілін  оқытудан  тәжірибесі 
терең  ресейліктер  «бұрынғы  одақтас  елде  -Қазақстанда  жапон 

Аманат
36
тілін  біздей  оқыту  қайда»  деп  өркөкіректікпен  өздеріне  сенімді 
отырған  ғой.  Осы  конкурсты  ұйымдастырушы  жапондықтар 
өздері болғандықтан, комиссия мүшелері де жапондықтар болды. 
Конкурстың қорытындысын жариялап, бірінші жеңімпаз орынды 
қазақстандық  студент  Торғаев  Батырхан  деп  жариялағанда, 
мәскеуліктер  есеңгіреп  қалса  керек,  ал  біздің  қуанышымызда 
шек  болмады.  Сол  мақтанышымыз  Батырхан  бүгінде  Жапония 
мен  Қазақстан  арасындағы  дипломатиялық  байланысымызды 
нығайтуға үлесін қосып жүр. Осындай талантты түлектеріміз өте 
көп, олардың барлығы әр салада еңбектеніп, алған білімдерін іске 
асыруда. Біздің еңбегіміздің жанғаны сол емес пе!
2002  жылы  күзде  докторлық  диссертация  жұмысын  аяқтау 
үшін  декандық  қызметтен  кетіп,  қытайтану  кафедрасының 
меңгерушісі  қызметіне  ауыстым.  Бір  кездері  кеңестік  дәуірдегі 
аспирант  кезімде  айтқызбаған,  айтуға  тиым  салынған  саяси 
мәселелерді  ашық  айтуға  күн  туып,  тәуелсіз  ел  болғанда  неге 
жазбасқа  деп,  Ресей  мен  Қытайдың  Шыңжаң  өлкесі  туралы 
империялық  саясатын  жазуға  кірістім.  Ежелден  қазақтардың 
да  мекен  еткен,  ата  қонысы  болған,  өзімде  сол  жерде  дүниеге 
келген  бұл  өлкенің  тарихы  мені  көптен  қызықтырып  жүруші 
еді.  Біраз  жылдар  бойы  жинаған  материалдарымды  қолға 
алып,  диссертациямды  жазуға  кірістім.  Зерттеу  нәтижесінде 
«Тарихы  талқыға  толы  Шыңжаң»  атты  монография  дүниеге 
келді. 2003 жылы 30 қаңтарда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық 
университетінің  диссертациялық  кеңесінде  «Ресей,  КСРО  және 
Қытайдың  Шыңжаңдағы  саясаты  (ХҮШ  ғ.  –  1949  ж.)»  деген 
тақырыпта докторлық диссертациямды қорғап шықтым және бұл 
диссертацияны  28 қазан 2004 жылы ҚР ЖАК бекітті. Бір жылдан 
кейін профессорлық ғылыми дәрежесін алдым. 
Шығыстану  саласы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 
да  ұстаздық  және  қоғамдық  қызметіммен  қатар  ұштастырып 
дамытуға тырыстым. Осы жылдар ішінде 4 монография мен 100-
ден  астам  ғылыми  мақалалардың  және  ондаған  оқулықтар  мен 
оқу-методикалық еңбектердің авторымын.
1998 жылы Қытай Халық Республикасының ғылым мен білім 
саласы  бойынша  белгілеген  халықаралық  грантын  жеңіп  алып, 
Пекиндегі Халық университеті – Жэньминьде стажировкадан өтіп 

Аманат
37
келдім. 2003 жылы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар 
тақырыбындағы зерттеу жұмыстары үшін Халықаралық Орталық 
Азиялық зерттеулер ассоциациясы мен Азияның мәдениеті мен 
дамуы институтының грантына ие болдым. 
2005 жылдың қыркүйек айынан бастап қайтадан Шығыстану 
факультетінің  деканы  қызметіне  тағайындалып,  2011  жылдың 
қыркүйегіне  дейін  декандық  жұмысын  атқарып  келдім.  2011 
жылдың  1  қыркүйегінде  ҚР  БжҒ  Министрлігі  мені  Қазақ 
Мемлекеттік  Қыздар  Педагогикалық  Университетінің  бірінші 
проректоры  қызметіне  тағайындады.  Университетімнің  қабыр-
ғасынан алыстап көрмегендіктен, менде басқа бейтаныс орында 
бұл  жауапкершілігі  зор  жұмысты  атқара  аламын  ба  деген  үрей 
басым  болды.  Қазақстандағы  жалғыз  қыздар  университетінің 
оқу  үрдісі  мен  жалпы  ұйымдастыру  жұмыстарын  жаңа 
заман  талаптарына  сай  қайта  құрылымдап,  бірқатар  жаңарту 
жұмыстарын  жүргіздік.  Қыздардың  парасат  мектебі  атанған 
бұл  университет  менің  өмірімде  жылы  еске  алатын  оқу  орны 
боп  қалды.  Қыздар  университетіне  еліміздің  алдыңғы  қатарлы 
оқу  орны  саналатын  ҚазМҰУ-дің  тәжірибесін  енгізуге  біраз 
жұмыстар атқардым ғой деп ойлаймын. Өзім де бұл оқу орнынан 
қазақы  тәрбиеге  негізделген  көп  жаңалықтарды  көріп,  ойға 
түйдім.  Өкінішке  орай,  мені  бұл  жерде  көп  тұрақтатпай,  енді 
үйреніп  келе  жатқанда,  2012  жылдың  желтоқсан  айында  ҚР 
БжҒМ  Бақылау  Комитеті  Төрағасының  орынбасары  қызметіне 
шақырылдым. Мемлекеттік қызметтің де дәмін татып, бүкіл білім 
жүйесіне жоғары жақтан көз салып, бағамдауға мүмкіндік берген 
министрлік  басшылығына  алғысым  зор.  Дегенмен,  ғылым  мен 
білім  саласында  өмір  бойы  еңбек  еткен  академиялық  ортаның 
адамына  мемлекеттік  қызмет,  шынын  айтқанда,  онша  қолайлы 
емес екенін сездім. Өзіңді академиялық ортадағыдай еркін сезіне 
алмадым.
2013  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  Шығыстану 
факультетінде қытайтану кафедрасының профессоры қызметіне 
қайта оралдым. 
Өмірімнің өзегі болған ұстаздық қызметім нәтижесіз болған 
жоқ. Ұстаздың қасиетті миссиясы шәкірт тәрбиелеп, оларға терең 
білім  беріп,  ғылым  мен  білім  және  адамгершілік  жолына  жол 

Аманат
38
сілтеу деп білемін. Шәкірттерім әлемнің әр түкпірінен, еліміздің 
әр  қаласынан  мерекелерде  қоңырау  шалып,  қал-жағдайымды 
сұрап,  «апайлап»  тұрады.  Бұдан  өткен  бақыт,  қуаныш  бола  ма 
ұстаз үшін! Осы күнге дейін, менің жетекшілігіммен шығыстану 
мамандығы бойынша 5 кандидаттық 7 PhD докторлық диссерта-
7 PhD докторлық диссерта-
ция қорғалды, бірнеше PhD докторанттарым Қытай, Таяу Шығыс 
пен  Орталық  Азиядағы  халықаралық  қатынастар  тақырыбы 
бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.
«Жалпы  тарих»  және  «Халықаралық  қатынастар  және 
сыртқы саясат тарихы», «Шығыстану» мамандықтары бойынша 
диссертациялық  кеңестің  мүшесі  болып  келемін.  Мен  алғашқы 
қазақстандық шығыстанушы  мамандарды даярлап шығаруда өз 
үлесімді қосып келе жатқанымды мақтан тұтамын.
Шығыстану  саласында  аянбай  тер  төгіп,  еліме  қызмет 
атқарған  еңбегім  елеусіз  қалған  жоқ.  2001  жылы  Қазақстан 
Республикасының  тәуелсіздігінің  10  жылдық  мерекесіне  орай 
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» және 2007 жылы 
ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Қазақстан Республикасы 
білім беру ісінің құрметті қызметкері», педагогикалық қызметіндегі 
жетістіктерім үшін «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, 2013 
жылы  наурызда  ҚР  Жоғары  оқу  орындары  қауымдастығының 
«Ахмет  Байтұрсынов»  атындағы  Алтын  медалімен  марапаттал-
дым.  2009  жылғы  «Жоғарғы  оқу  орнының  үздік  оқытушысы» 
грантының  иелендім.  Мемлекеттік  жоғары  марапатқа  да  ие  бо-
лып, маған  2011 жылы 5 желтоқсанда Президент жарлығымен 
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 
Бұл  атақ-абыройдың  барлығы  менің  ұзақ  жылдардағы  адал 
еңбегімнің бағаланғаны деп білемін, бұл жетістіктерге мен ғана 
емес,  бүкіл  бірге  қызмет  атқарған  әріптестерімнің  де  еңбегінің 
үлесі зор екені даусыз.
Шығыстанушы боламын, шығыстың сан қилы құпияларына 
терең  үңіліп,  зерделеймін,  еліміздің  сырт  әлеммен  байланысын 
биікте ұстап, оны барша әлемге танымалдығын арттыруға үлес 
қосамын  деуші  жастарға  апалық,  ұстаздық  ақылымды  айтудан 
жалықпаймын. Осы орайда айтарым төмендегідей: 
Қазіргі  әлемде  адамзаттың  назары  батыстан  гөрі  шығысқа 
ерекше  ауып  отырғандығы  еш  жасырын  емес.  Бұл  тек 

Аманат
39
европалықтардың  әлем  тұрғындарының  саны  жағынан  артта 
қалып  келе  жатқан  үрдісі  мен  шығыстың  демографиялық 
қарқынына ғана байланысты емес. Жер шарының орасан аумағын 
алып  жатқан  Шығыс  адамзат  руханиятының,  ғылыми  білімнің 
сарқылмас ошағы екендігін мойындаудан да туып отыр. Шығыс, 
сондай-ақ,    қойнауы  қазына  байлыққа  толы  аймақ  ретінде,  әрі 
көне заманнан-ақ дамыған елдердің көз құртына айналған. Қазіргі 
технологияның қарыштап дамыған заманында қазба байлықтары 
мен  энергоресурстарға  сұраныстың  күн  санап  өсуі  жағдайында  
әлемдегі сан қырлы қитұрқы геосаяси ойындар да осы аймақта 
іске  асырылуда.  Ірі  державалар  арасындағы  осы  байлықтарға 
қожайындық ету арманынан туындаған бәсекелестік әрекеттер де 
негізінен шығыс аймақтарда жүруде.
Біздің  мемлекетіміздің  геосаяси  жағдайына  орай,  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  сыртқы  саясат  стратегиясында 
азиялық  елдермен  саяси  және  экономикалық  байланыстарға 
ерекше  мән  берілген.  Экономикасы  қарыштап  дамып  отырған 
және  соған  сәйкес  саяси    рөлі  де  артып  келе  жатқан    Қытай, 
Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур мен Малайзия сияқты шығыс 
жолбарыстарымен  қатар,  көне  замандардан  руханиятымыз  мен 
мәдениетіміз ұқсас және тығыз байланыста дамыған, дініміз ортақ  
мұсылман елдеріне, түркі әлеміне қазір әлемнің назары ерекше 
ауып отырған кезеңді бастан кешудеміз. Бұл аталған елдер әлемдік 
экономика  мен  саясаттың  даму  бағытына  белсенді  ықпал  етіп 
отырған және оған серпін беріп отырғандығын білеміз. Орталық 
Азияның  ірі  де  іргелі  көшбасшы  мемлекеті  ретінде,    тәуелсіз 
Қазақстан бүгінгі күні өзінің шынайы тарихын қалпына келтіруге 
кірісіп, әлемнің барлық дерлік елдерімен тығыз байланыстарын 
қалыптастыруда.  Әлемдік  қауымдастықтың  Батыс-Шығыс 
жүйесіндегі жаңа геосаяси бағытқа бейімделуіне орай,  Қазақстан  
Республикасында өзінің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз 
ету  үшін,  экономикасын  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдердің 
деңгейіне  жеткізу  жолында  озық  технологиялық  жетістіктерге 
бай батыстық ғылыми жаңалықтарды игерумен қатар, шығыстану 
ғылымының,  яғни  Шығысты  кешенді  зерттейтін  ғылым 
саласының  тұрғысынан да зерделеудің қажеттігітуындап отыр. 
Осы мақсатты орындайтын шығыстанушы мамандар болмақ.  

Аманат
40
Қазіргі  таңда  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  шығыстану 
факультеті  қазақстандық  ориенталистика  орталығы  ретінде 
баршаға  танымал,  шығыс  тілдерін  меңгерген  жоғары  білікті 
мамандарды  даярлайтын  республикадағы  ең  ірі  орталыққа 
айналды. Мұнда жоғары білікті педагог мамандар жұмыс істейді 
және заманауи талапқа сәйкес шығармашылық оқу-тәрбие үдерісі 
іске асырылып, ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сондықтан білім 
алам  деушілерге  кең  жол  ашылған.  Шығыстанушы  жас  маман 
қандай  болуы  керек  дегенге  айтарым,  өзі  таңдап  алған  шығыс 
және батыс тілдерін еркін меңгеруі, тарихи даму кезеңдерін жақсы 
біліп, қазіргі Шығыстың барлық болмысын терең түйсінуі, шығыс 
қоғамының дамуындағы қазіргі саяси-экономикалық және рухани 
үрдістерді  іргелі  және  әмбебап  университеттік  білім  берумен 
байланыстыра  саралай  білуі  шығыстанушыны  басқалардан 
өзгешелеп  тұратын  қасиеттердің  бірі,  әрі  бірегейі  дер  едім.  
Факультеттің ғылыми бағыты шығыс тіл білімі мен әдебиеттануы, 
тарихы  мен  қазіргі  Шығыс  елдерінің  экономикалық-саяси 
дамуының жаңа үрдістері сынды кең ауқымды мәселелерді ше-
шуге бағытталғандықтан болашақ шығыстанушы заман талабына 
сай жан-жақты білім алуға мүмкіндік мол. 
Қазіргі  тәуелсіз  еліміздің  жастары  бақытты.  Жастардың 
терең  білім  алуына,  өз  мүмкіншіліктерін  кеңінен,  жан-жақты 
пайдалануларына жол ашылған.  Еліміз өз дербестігін алғаннан 
кейін қаншама шетелдермен терезесі тең байланыстар орнатылды. 
Соның  нәтижесінде  біздің  жастар  қайда  барып  оқимын  десе 
де  жағдай  жасалған.  Президенттің  «Болашақ»  бағдарламасы 
бойынша  мыңдаған  жастар  шетелде  білім  алып,  олардың  алды 
қазірдің  өзінде  еліміздің  болашағы  үшін  терең  білімдерін  игі 
істерге жұмсауда. Тәуелсіздіктің сәл алдында елімізде алғаш рет 
ашылған  Шығыстану  факультетінде  білім  алып,  шет  тілдерін 
меңгерген жастар қазір әр салада еңбек етуде. Алды шет елдегі 
Елші қызметіне дейін көтерілсе, бірқатары білім беру мен бизнес 
саласында, басқа да мемлекеттік құрылымдарда еңбек етуде.
Еліңе  еңбек  етіп,  адал  азамат  болам  десең  ерінбей  ізденіп, 
терең білім алып, мақсатқа жетуге ұмтылу керек. Шығыс тілдерін 
меңгеру,  Шығыстың  сан-қилы  құпияға  толы  сырларына  үңілу, 
әлемді  аузына  қарата  бастаған  Шығыс  елдерінің  жетістіктерін 

Аманат
41
зерделеу  мақсатын  алға  қойған  біздің  еліміздің  жастарына    ай-
тарым  арманыңа  қол  жеткізем  десең,  қиындыққа  мойымай, 
табандылықпен біліміңді тереңдетуге күш жұмса.  Адал еңбек,  
көп бейнетіңнің баянды зейнетіне жеткізеді. 
Қазақ халқы өз тарихында көп азапты бастан өткерген халық, 
сонда  да  тарих  қойнауына  жұтылып  кетпей,  бүгінгі  жарқын 
күндерімізге жетіп отырмыз. Қазақ елін дүниенің төрт бұрышы 
мойындап  отырған  кезеңде,  жастарымыз  осы  бақытымызды 
одан әрі баянды етуге, болашақ ұрпаққа жеріміздің тұтастығын, 
еліміздің амандығын жеткізуге міндетті.
Жеті жұрттың тілін меңгеруге қабілетті қазақ баласы, өз ана 
тілінің  мәртебесін  әрдайым  биікте  қоюға  тиіс.  Өз  халқымызды 
өзгеге танытамыз десек, өзгеге мойындатамыз десек, діліміз бен 
тілімізді  ардақтап,  жат  құрметтейтін  ұлт  екенімізді  көрсетуге 
ұмтылуымыз керек.
Қазақстанның әлем таныған мәңгілік ел екендігін болашаққа  
жеткізу жастардың қолында.  Рухы биік, санасы жоғары, білімді 
де елін сүйгіш жастар өсіп келеді деп сенемін.                        
Сөз соңында айтарым, еліміздің тәуелсіздік тұғырының берік 
болуы жас ұрпақтың адал еңбегі,рухани терең біліміне байланы-
сты. «Келешегің үшін, еліңнің жарқын болашағы үшін еткен адал 
еңбегің зая кетпейді, сондықтан білімге ұмтыл» – дегім келеді.  

Аманат
42
ҚХР, Үрімжі қаласы халықаралық  конференция
ҚХР, Тұрфан халықаралық  конференция, 2010 жыл

Аманат
43
Пенкин, профессор Чэн Чун Дэ кездесу
Үндістан, Дели халықаралық конференция

Аманат
44

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет