Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата21.01.2017
өлшемі6,98 Mb.
#2350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ЕЛЕУОВ 
Мадияр
Тарих ғылымдарының 
докторы, профессор
Елеуов  Мадияр  1946  жылы  3  мамырда  Қызылорда  облысы 
Шиелі  ауданындағы  Еңбекші  ауылында  дүниеге  келген.  Еңбек 
жолын  туған  ауылында  бастаған  ол  1970  жылы  С.М.  Киров 
атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне 
түсіп,  оны  1975  жылы  үздік  дипломға  бітірген.  Ол  1975–1976 
жылдар  аралығында  Қызылорда  облыстық  тарихи-өлкетану 
музейінде аға ғылыми қызметкер, 1976–1999 жылдар аралығында 
Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде лаборант, 
ассистент, аға оқытушы, доцент, докторант, ал 1999–2001 жылдары 
аралығында  Л.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті 
археология  және  жалпы  тарих  кафедрасының  меңгерушісі 
болды.  2001–2002  жылдары  Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық 
қазақ-түрік  университетінің  археология,  этнология  және 
мұражай  ісі  кафедрасының  меңгерушісі,  2002–2008  жылдарда 
осы  университеттің  Археология  ғылыми-зерттеу  орталығының 
директоры,  2008  жылдан  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  археология  және  этнология  кафедрасының 
профессоры  қызметін  атқарып  келеді.  Ұстаздыққа  қосымша 
«Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» директоры.
М.Елеуов жоғары оқу орнында табысты еңбек еткені үшін 2006 
жылы ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Құрмет грамотасымен», 
2009  жылы  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы-2009» 
төсбелгісімен (ҚР БІМ Бұйрығы № 34.-01.02.2009.) марапатталған.
М.  Елеуовке  2010  жылғы  желтоқсанның  7-жұлдызындағы 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  бойынша 
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Аманат
85
АРХЕОЛОГ  – КИЕЛІ МАМАНДЫҚ
БАСТАУ
М      
ен  Сырдың  бойында  туылдым.  Жа-
стайымнан  Сыр  мен  Қаратаудың 
бойындағы әр түрлі тарихи кезеңдерден 
сақталған  ескерткіштерді,  ежелгі  қалаларды 
көріп,  оларға  қатысты  аңыз  әңгімелерді  тыңдап, 
майшамның  жарығымен  батырлар  жырын  оқып 
өстім.  Сондықтан  болар  жастайымнан  тарих-
шы  болуды  армандап  тарих,  география,  әдебиет 
пәндеріне ден қойып соларға қатысты әдебиеттерді 
қызыға оқитынмын. Менің тарихшы болсам деген 
балалық  арманымды  қанаттандырып,  оған  алғаш 
қолдау көрсеткен Еңбекші � жылдық мектебінің ди-
ректоры, тарих пен география пәндерінің мұғалімі 
Әлішерхан  Молдахметов  ағай  болды.  Шиелідегі 
№�4� мектепте оқыған кезде тарих пен қоғамтану 
пәндерінен  сабақ  берген  Ахметжан  Жұмаділдаев, 
Мұхтар Рахметов ағайлар қолдау көрсетіп бағыт 
бағдар берді сол үшін ағайларыма шексіз ризамын. 
11  классты  бітіргенде  археолог  болуды  армандап  1965-
1966  жылдарда  С.М.  Киров  атындағы  Казақ  мемлекеттік 
университетіне  тарих  факултетіне  оқуға  келдім,  бірақ  жолым 
болмады. Үш жыл КСРО соғыс-теңіз флотында әскери міндетімді 
атқарып келгенен соң 1970 жылы 24 жасымда өзім армандаған 
Қаз МУ-дің тарих факултетьне оқуға түстім. Бірақ ол кезде уни-
верситетте археология кафедрасы жоқ болатын. Археолог болуды 
армандаған біздер үшін 1971 жыл ерекше жыл болды, себебі сол 
жылы күзде тарих факультетінде «Археология және этнография» 
кафедрасы ашылды. Жаңадан ашылған кафедраның оқу жоспа-
рын жасау, оны білікті мамандармен қамтамасыз етуге кафедра 
меңгерушісі  Ленинград  университетінің  түлегі,  тұңғыш  кәсіби 
қазақ  археологы  Әбдіманап  Медеуұлы  Оразбаев  білек  сыбана 
кірісті.  Ә.М.  Оразбаевтың  шақыруымен  кафедраға  Мәскеу,  Ле-
нинград  университеттерінің  білікті  мамандары  профессорлар 

Аманат
86
М.П.Грязнов, С.С.Черников, Ю.А.Заднепровский және т.б. да аты 
мен атағы КСРО – ға белгілі ғалымдар келіп дәріс оқыды. Сол 
жылдарда кафедраға белгілі қазақстандық археологтар мен этно-
графтар К.А.Ақышев, антраполог О.Смағұлов, Х.А. Арғынбаев, 
Т.Н.  Сенигова,  Х.Алпысбаев  келіп  студенттермен  кездесулер 
өткізіп,  лекция  оқығаны  болашақ  археологтар  мен  этнографтар 
үшін елеулі оқиға болды. Студенттердің жазғы демалыс кезінде 
әртүрлі экспедицияларға қатысуы үрдіске айналды. 
 Ә.М. Оразбаев бастаған іргелі жұмыстарды 1973 – 1988 жыл-
дарда  археология  және  этнография  кафедрасының  меңгерушісі 
болған  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Уахит 
Хамзаұлы  Шәлекенов  онан  әрі  жалғастырды.  Ұзақ  жылдар 
Хорезм  археологиялық  –  этнографиялық  экспедициясының 
құрамында болып далалық жұмыстарды жүргізуде мол тәжірибесі 
бар  У.Х.Шәлекенов  кафедраға  білікті  мамандарды  шақырумен 
қатар  талантты  жастардыда  тартты,  сол  жылдарда  кафедраға 
А.С.Загородний,  Ташкент  университетінің  түлегі,академик 
М.Е.Массонның шәкірті Нұртаза Орынханұлы Алдабергенов келді. 
Профессор  У.Х.Шәлекеновтың  ұсынысы  бойынша  1974  жылы 
Жамбыл  облысының  Шу  ауданында  орналасқан  ортағасырлық 
Ақтөбе қаласы тарих факультетінің студенттері археологиялық – 
этнографиялық практика өтетін базасы болып ашылды. 
1970-1975  жылдарда  тарих  факультетінде  оқыған 
студенттердің  қатарынан  болашағынан  үлкен  үміт  күттірген 
археолог,  этнографтар  тобы  іріктеліп  шықты.  Олар  жылда 
көктемгі сессияны алдын ала тапсырып жаз бойы өздері таңдаған 
экспедициялардың  құрамында  зерттеу  жұмыстарына  қатысып, 
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің әдістерін үйреніп, 
тәжірибе жинақтаумен қатар, студенттердің республикалық, Орта 
Азия аймақтық және Бүкілодақтық конференцияларына қатысып 
жүлделі орындар алып жүрді, олардың қатарында Ә.Төлеубаев, 
Қ.Нұржаубаев,  М.Бекмағамбетов,  Г.Көкебава,  С.Әжіғали, 
Ф.Григорьев және менде болдым.
1973-1974  жылдар  мен  үшін  ерекше  жылдар  болды.  1973 
жылы  алғаш  рет  Түркістан  археологиялық  экспедициясының 
жұмысына  қатысып  Күлтөбеде  қазба  жүргізіп,  Құмшық  ата 
кесенесін тауып, Тәуке хан кесенесін аштым, ал 1974 жылы Уни-

Аманат
87
верситет  экспедициясының  құрамында  ортағасырлық  Ақтөбе 
қаласында  жүргізілген  қазба  жұмыстарына  қатысып,  қаланың 
орталық  бөлігіне  су  әкелетін  су  құбырлар  желісін  аштым.  Сол 
жылы  республикалық  және  Орта  Азия  аймақтық  конференция-
ларда жүлделі орын алып, Мәскеу қаласында өтетін студенттердің 
Бүкілодақтық конференциясына жолдама алдым.
1975  жылы  университетті  үздік  бітірген  мен  үшін  тарих 
факультетінде  оқыған  жылдар,  Түркістан  және  Университет 
археологиялық  экспедициясыларының  жұмыстарына  қатысып 
көрген, білген, үйргендерім нағыз өмір мектебі болды. Универси-
тете дәріс оқып, археологиялық зерттеулердің әдістерін үйреткен 
Ә.М.Оразбаев,У.Х.Шәлекенов,  Т.Н.  Сенигова  менің  ұстаздарым 
деп мақтанышпен айтамын. 
Менің жас ғалым ретіндегі еңбек жолым Қызылорда облыстық 
тарихи- өлкетану музейінде басталды. 1976-1999 жылдарда өзім 
бітірген  Археология  және  этнография  кафедрасында  лаборант, 
аға  инженер,  ассистент,  аға  оқытушы,  доцент,  докторант  бол-
дым.  Осы  жылдар  аралығында  кафедраның  жанынан  құрылған 
студенттердің  «Археолог»  ғылыми  зерттеу  тобының  жетекшісі 
болып  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Қызылорда  облы-
старында  көптеген  ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендерді 
ашып, ондаған ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргіздік. Осы 
зерттеу  тобының  құрамында  болып,  тәжірбие  жиған,  ғылыми-
зерттеу жұмыстарының әдістерін үйренген студенттердің көбісі 
бүгінде университеттерінде, ғылыми – зерттеу институттары мен 
орталықтарда, музейлерде жұмыс істеп жүр, олардың арасында 
ғылым кандидаттар мен докторлары бар.
1989  жылы  КазМУ-де  алғашқы  болып  тарих  факультетінде 
«Қазақ тілі» қоғамын құрдық, құрамында 9 студент, 9 оқытушы-
профессор қоғам мені төраға етіп сайлады «Қазақ тілі» қоғамының 
отырыстарында  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеру,  студент-
терге  қазақ  тілінде  оқулық,  оқу  құралдарын  даярлау,  шығару 
мәселесі  көтерілді.  Сол  жылы  тарих  факултетінің  «Қазақ  тілі» 
қоғамы  университетке  ғұлама  ғалым,  философ  Әл-Фарабидің 
атын беру жөнінде ұсыныс жасады. Арада бірнеше жыл өткенде 
университетке  Әл-Фарабидің  аты  берілгенде  біз  қатты  қуандық, 
әрі  мақтандық  себебі  осы  мәселені  алғаш  көтеріп  өз  үлесімізді 

Аманат
88
қосқан  болатынмыз.  «  Қазақ  тілі»  қоғамның  жұмысына  профес-
сорлар Ә.С. Тәкенов, У.Х. Шәлекенов, С.Қ.Жақыпбеков доценттер 
С.Тұрғанбаев, С.М.Мәшімбаев және студенттер белсене араласты.
Шу  мен  Талас  өңірлерінің  ортағасырлық  қалалар  мен  елді 
мекендерінде  1974-1999  жылдарда  жүргізген  ғылыми  зерттеу 
жұмыстарының  нәтижесінде  07.00.06.-  Археология  мамандығы 
бойынша 1991 жылы кандидатық, 1999 докторлық диссертация 
қорғадым. Университетте жұмыс істеген жылдар мен үшін үлкен 
өмір  мектебі  болды,  осы  университетің  қабырғасында  жүріп 
ұстаз, ғалым болып қалыптастым. 
 
АСТАНАДА
1999  жылы  докторлық  диссертация  қорғанан  кейін  мен 
Еуразия  университетінде  ашылған  Археология  және  этноло-
гия  кафедрасына  меңгеруші  болып  ауыстым.  24  жыл  әл  Фара-
би  университетінің  археология  және  этнология  кафедрасында 
жұмыс  істеген  мен  үшін  жаңа  кафедраның  оқу  жоспарын  жа-
сап,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  бағытын  анықтау  қиын 
болған  жоқ.  Университет  ректоры  Амангелді  Құсайыновтың 
қолдауымен  кафедраға  Қазақстан  археологиясының  негізін 
қалаушылардың  бірі,  тарих  ғылымдарының  докторы  Кемал 
Ақышұлы  Ақышев,  тарих  ғылымдарының  кандидаты  Дөкей 
Әбдікерімұлы Талеев, Марал Қалымжанқызы Хабдуллина және 
басқа талантты жастар жұмысқа қабылданды. 2000 жылы тарих 
факультетінің  студенттері  алғаш  рет  жазғы  археологиялық  – 
этнографиялық пратиканы Нұра өзенінің жағасындағы Бытығай 
(Ботағай) елді мекенінде өткізді. Кафедраның жанынан құрылған 
«Сарыарқа  археологиялық  экспедициясы»  Ақмола  облысының 
Атбасар,  Жарқайың,  Қима,  Жақсы,  Қорғалжын  аудандарында 
археологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп  әр  түрлі  тарихи 
кезеңдерден  сақталған  оба,  қорымдарды,  Кеңарал  төрткүлін, 
«Алып» жалын ашып, есепке алды, осы экспедицияның барлау 
тобы Жамбыл облысының Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарын-
да  зерттеу  жүргізіп  тарихи-мәдени  ескерткіштердің  жинағын 
шығаруға  материал  жинауды  жалғастырды.  Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия университетінде жұмыс істеген жылдарда облыс 

Аманат
89
орталығында орналасқан шағын жоғары оқу орнын Ұлттық уни-
верситет  деңгейіне  дейін  көтеру  үшін  талай  жылдар  бойы  ты-
нымсыз жұмыс жасаған, Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 
өмір  мектебінде  тәрбиеленіп,  тәжірбие  жинаған  іскер  азамат, 
ғалым,  университет  ректоры  Аманкелді  Құсайыновты  зор 
ілтипатпен еске ала отырып, осындай азаматтармен бірге жұмыс 
істеп  Еуразия  университетіндегі  «Археология  және  этнология» 
кафедрасының  іргетасын  қалағанма,  сол  кафедраның  бүгінгі 
күнде  еліміздің  жоғары  оқу  орындарындағы  археолог  және  эт-
нолог  мамандарын  даярлайтын  іргелі  кафедра  болғанына  шын 
жүректен қуанып, тілектес болып жүрмін.
ТҮРКІСТАНДА
Еуразия  университетінде  кафедра  меңгерушісі  болған  жыл-
дар мен үшін қызығы мен қуанышы мол жемісті жылдар болды. 
Бірақ, 1974 жылдан басталып үздіксіз жалғасып келе жатқан Шу, 
Талас  өңірлерінің  ортағасырлық  қалаларымен  елді  мекендерін 
зерттеудің  үзіліп  қалғаны  мені  қатты  мазалап,  толғандырып 
жүрді.  2001  жылы  А.  Ясауи  атындағы  халықаралық  қазақ  – 
түрік  университетінің  ректоры,  академик  М.Жұрыновтың 
шақыруы бойынша «Археология этнология және музей ісі» ка-
федрасына  меңгеруші  болып  ауыстым,  2002-2008  жылдарда 
осы  университетің  жанындағы  «Археология  ғылыми  –  зерттеу 
орталығы» директоры болдым. А.Ясауи университетінде болған 
жылдарда  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жалғастыруға  жағдай 
жасалды. 
Ә.Х.Марғұлан  атындағы  Археология  институтымен,  Жам-
был,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда  облыстарының  тари-
хи  –  мәдени  ескерткіштерді  қорғау,  сақтаумен  айналысатын 
мемлекеттік  мекемелерімен  байланыс  орнатқан  Орталықтың 
Тұран  археологиялық  экспедициясы  (М.Елеуов)  Қаратау  мен 
Сырдарияның орта ағысында кең көлемде зерттеу жұмыстарын 
бастады.  2002-2008  жылдарда  Қаратау  мен  Сырдарияның  орта 
ағысында  жүргізілген  барлаудың  барысында  бұрын  есепке 
алынбаған,  осы  уақытқа  дейін  ғылымға  белгісіз  болып  келген 
2000-нан астам археологиялық ескерткіштер ашылып, зерттелді, 

Аманат
90
олардың  қатарында  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерден  сақталған 
ескерткіштер,  150-ге  жуық  ортағасырлық  қалалар  мен  елді 
мекендер  бар.  Қызылорда  облысының  Шиелі,  Жаңақорған, 
Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түркістан,  Бәйдібек,  Түлкібас, 
Созақ,  Жамбыл  облысының  Жуалы,  Жамбыл,  Талас,  Сарысу 
аудандарының Қаратау мен Сырдың орта ағысында орналасқан 
ортағасырлық қалалары мен елді мекендердің саны анықталып, 
олардың  тарихи-топографиялық  құрылымдары  қайта  зерттеліп, 
бірқатарына толықтрулар жасалды. Ұлы Жібек жолының Шу, Та-
лас өңірлері мен Қаратау арқылы Шашқа өткен тармағы, онымен 
байланысты ежелгі, ортағасырлық Шу жолы, Хан жолы Телікөл 
жолы,  Ұлы  жол  (Көсегенің  көк  жолы)  жолы,  Сырдария  өзенін 
жағалап жүрген керуен жолдардың, және Қаратаудан асатын 20-
ға жуық жолдың бағыттары анықталды.
Осы  жылдар  аралығында  тарихи-мәдени  ескерткіштердің 
жинағын даярлау, оларды жарыққа шығаруда бірқатар жұмыстар 
атқарылды. Жамбыл (2002), Қызылорда (2007,2011) облыстарының 
тарихи  –  мәдени  ескерткіштерінің  жинағын  шығаруға  белсене 
араластым,  менің  жетекшілігмен  елімізде  алғаш  рет  «Түлкібас 
ауданының  археологиялық  ескерткіштері»  (2004),  «Қарақұр 
ескерткіштері» (2008) атты жеке ауданның және ауылдық округтің 
археологиялық  ескерткіштері  жинақ  болып  шықты.  Сонымен 
қатар Түркістан, Бәйдібек, Созақ, Жуалы, Шу, Шиелі, Жаңақорған 
аудандарының  археологиялық  ескерткіштерінің  және  бірнеше 
аулыдық округтердің жинақтары баспаға даярланды
ҰШҚАН ҰЯДА
2008  жылғы  қыркүйектен  бастап  өзім  ұшқан  алтын  ұя-әл 
Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  Археология, 
этнология  және  музеология  кафедрасында  профессор  болып 
ұстаздық,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жалғастырып  келемін. 
2008–2015  жылдар  аралығында  Қазақстан  Республикасы  Білім 
ғылым министрілгінің гранттық «Сарыарқа мен Шу-Талас, Келес 
өңірлерінің ортағасырлық қалалары, мекендері және керуен жолда-
ры » (2000 ж.), «Қаратаудың археологиялық ескерткіштері» (2006-
2008, «Ұлы Жібек жолының бойындағы Қаратаудың ортағасырлық 

Аманат
91
қалалары мен керуен жолдары» ( 2009– 2011), «Шу – Талас өңірлері 
мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі ортағасырлық қалаларның, 
елді  мекендерінің  қорғаныс  жүйесі»  (2012–2014),  «Шу-Талас 
өңірлерінің ортағасырлық ұзын қорғанды қалалары»( 2015 ж. ба-
стап) тақырыптары бойынша Шу, Талас өңірлерінің, Қаратаудың, 
Сырдарияның  орта  ағысының  ортағасырлық  қалалармен  елді 
мекендерді зерттеуді жалғастырып келемін. 
Өзім  жетекшілік  ететін  «Археолог»  халықаралық  ғылыми 
зерттеу  орталығы»  ҚР  Мәдениет  және  Спорт  министрлігі 
Мәдениет комитетімен, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының 
«Тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау, қалпына келтіру және 
пайдалану  дирекциясымен»,  «Жетісай»,  Тараз  гуманитарлық–
инновациялық университетерімен жасалған келісім шарттар бой-
ынша табиғи апаттан бұзылған, бұзылып жатқан ортағасырлық 
Сортобе, Бестам (Қызылорда облысы), Жартытөбе, Төрткүлтбе, 
Үтіртөбе, (Оңтүстік Қазақстан облысы), Түймекент, Тамды, Тараз, 
Тастұмсық  (Жамбыл  облысы)  қалалары  мен  елді  мекендерінде 
қазба жұмыстарын жалғастыруда.
Қазақстанның  жоғарғы  оқу  орнында  жұмыс  атқарып, 
Қазақстанның  ортағасырлық  қалалар  мен  елді  мекендерінде 
жүргізлген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 430 дан 
астам  ғылыми  мақалалар,  монографиялық  еңбектер,  оқулықтар 
мен оқу құралдарын жарияладым. 
Балалық шақтан армандаған мамандығым бойынша 40 жылдан 
аса еңбек етіп келе жатқаныма шүкіршілік етемін. Мен мамандық 
таңдауда қателескенім жоқ. Археолог– киелі мамандық.
Болашақта археолог болуға мақсат еткен жастарға айтарым:
Біз Ұлы Даланың мұрагері қазақпыз. Жеріміздің тұтастығын, 
халқымыздың бірлігін сақтау біз үшін ең абыройлы міндет.
Қазақтың  тілін,  ұлттық  әдет-ғұрпын,  салт-дәістүрін,  ділін, 
дінін, рухын сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз.
«Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген ата-
лы қағиданы әрқашан есте сақтау керек;
Археолог болу үшін Отанын, ұлтын шексіз сүйген, оның та-
рихын, әдебиетін жетік білетін азамат болу керек;
Археолог- киелі мамандық. Оны кездейсоқ таңдауға болмайды.

Аманат
92
Отбасыммен бірге
Ұстазым Құрметті академик У.Х. Шалекеновпен 

Аманат
93
Археология, этнология және музеология кафедрасының ұжымы
Ортағасырлық Түймекент қаласындағы қазба, 2014 ж.

Аманат
94
ЖАРЫҚБАЕВ 
Құбығұл Бозайұлы
Педагогика-психология 
ғылымдарының докторы, 
профессор
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  психолоия  ғылым-
дарының докторы, профессор.
1927  жылы  26  қазанда  Ақтөбе  облысының  Алға  ауылын-
да  дүниеге  келген.  Ол  1946  ж.  Ақтөбенің  Байғани  атындағы 
оқытушылар институтын, 1951 ж. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-
нің  логика  және  психология  бөлімін  бітірген.  1961-1966  жж. 
Мәскеудің М.Ломоносов атындағы университеті мен В.И.Ленин 
атындағы  Мәскеу  мемлекеттің  пединститутының  психология 
аспирантураларын бітірген. 
1968-89  жж.  ССРО  Психологтар  қоғамының  Бүкілодақтық 
съездеріне (1968,1971,1977,1983,1989) қатысушы, 1969-1978 жж. 
ССРО  Оқу  Министірлігінің  психология  ғылыми-методикалық 
Кеңесінің, 1983-1991 жж. ССРО Психологтар қоғамының Орталық 
Кеңесінің, еліміздегі, Одақтық университеттердің психологиялық 
Оқу-методикалық  кеңесінің  мүшесі  болған.  «Мектептегі 
психология – Психология в школе» атты республикалық ғылыми-
әдістемелік  журналдың  редакциялық  алқасының  төрағасы, 
ғылыми редакторы. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы  (1982),  психология 
ғылымдарының  докторы  (2003),  Халықаралық  Акемология 
ғылымдары академиясының толық мүшесі, Қазақстан ПҒА-ның 
құрметті академигі. ҚазҰУ-дегі академик Т.Т.Тәжібаев атындағы 
этнопедагогика  және  этнопсихология  Орталығының  ғылыми 
жетекшісі. 

Аманат
95
ЖАС ӨСКІН АТА-БАБА ДӘСТҮРІНІҢ 
МҰРАГЕРІ БОЛСЫН ДЕСЕК...
М
  
ен,  Жарықбаев  Құбығұл  Бозайұлы 
����  жылдың  �6  шілдесінде  Ақтөбе 
облысының  Алға  ауданында  шаруа 
отбасында дүниеге келіппін. Әкем Жарықбаев Бозай 
�8�5 жылы туған, Ұлы Отан соғысына қатыскан, 
анам Жарықбаева Ынта ��00 жылы туған. Екеуіде 
молдадан сауатын ашқан адамдар еді. Анам �0-нан 
астам перзент көтерген. Содан қазір екеу қалдық. 
Бірі – мен, екіншісі қарындасым Нөкен – �� жаста. 
Менің � ұл және 3 қызым, 8 немерем бар. Үлкенім 
Маржан  қазіргі  таңда  психология  ғылымдарының 
докторы, кенжем Айбат философия ғылымдарының 
кандидаты. 
1944 жылы Ақтөбедегі оқытушылар институтын қазақ тілі мен 
әдебиет факультетін бітіргеннен кейін Алға қазақ орта мектебінде 
аға вожатый және орыс тілі мен әдебиетінен сабақ бердім. Сонда 
есімде  қатты  қалған  бір  жайт  5-сыныптың  бір  баласын  тақтаға 
шығарып, оны «стирай» дегенім бар. Сабағыма қатысып отырған 
оқу  ісінің  меңгерушісі  «тақтаны  стирай»  демейді,  оны  «сотри» 
дейді деп ұялтқаны бар. Сол кездегі орыс тілінің білуінің деңгейін 
осы бір сөзден-ақ жақсы аңғаруға болады.
1951  жылы  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  уни-
верситетінің  логика  және  психология  бөлімшесін  орысша  бітірдім, 
сосын мені Қазақ КСР Оқу министрлігі Қызылорданың Н.В. Гоголь 
атындағы  пединститутына  оқытушылық  қызметке  жіберді  (Қазіргі 
Қорқыт  ата  атындағы  мемлекеттік  университет).1958  жылдан  1977 
жылға  дейін  Шымкент  пединститутының  педагогика  және  психо-
логия  кафедрасында  аға  оқытушы,  доцент  қызметтерін  атқарып,  
1974 жылы – психология кафедрасының меңгерушісі болдым.
1977  жылы  С.М.Киров  атындағы  КазГУ-дің  педагоги-
ка  және  психология  кафедрасын  конкурспен  оттім.  Алдымен 
психология  және  педагогика  кафедрасының  доценті,  1980-1987 

Аманат
96
жылдары  университте  тұңғыш  ұйымдастырылған  психология 
кафедрасының меңгерушісі болдым. Одан кейінгі жылдары – осы 
кафедраның профессоры.
1961-1967  жылдары  М.В.  Ломоносов  атындағы  Мәскеу 
университетімен,  В.И.  Ленин  атындағы  пединститутының 
психология кафедраларының аспирантурасында оқыдым. Мәскеуде 
оқып  жүргенде,  одан  кейінгі  жылдарда  психология  ғылымы 
салаласындағы белгілі ғалымдармен (Б.Г. Ананьев, В.А. Артемов, 
П.Я. Гальперин, А.А. Смирнов, Н.И. Жинкин, Б.М. Теплов, Б.Ф. 
Ломов А.Р. Лурия, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Н.Ф. Добрынин, 
П.И.  Зинченко)  жүздесіп,  олардың  ғылыми  ақыл-кеңестерін 
тыңдауға  мүмкіндік  алдым.  Әсіресе  өзімнің  ғылыми  жетекшім 
–  Ресей  Білім  академиясының  академигі,  профессор  Артур 
Владимирович  Петровскийге  ерекше  қарыздармын.  Өйткені  осы 
ғалымның жетекшілігімен 1967 жылы Мәскеуде «Қазақстандағы 
психологиялық ой-пікірлердің дамуы» атты диссертция қорғадым. 
1968  жылы  жарық  көрген  монографиялық  еңбегімде 
Қазақстандағы психогиялық ой-пікірлердің даму тарихына жаңа 
тұрғыдан келіп, оны ғылыми негізге түсірдім. Қазақ ағартушылары 
Шоқан,  Ыбырай,  Абай  шығармаларындағы  психологиялық 
идеяларға  талдау  жасай,  келіп  олардың  ой-пікірлері  еліміздегі 
психология ғылымының іргетасы екендігін, жан туралы ілімнің 
түп-төркіні,  ілкі  бастауы  бізде  өте  әріде  жатқандығын,  бұл 
мәселенің  Қазақстанда  Орта  Азия  республикаларынан  ертерек 
қолға  алынғандығын  дәлелдедім.  Еңбекте  сондай-ақ  бұрын  –
соңды жарияланбаған деректер (В.Я. Струминский, А.П. Нечаев, 
М.Ж. Көпеев, Ғ. Қарашев, Ш. Әлжанов т.б.) тұңгыш рет оқырман 
назарына ұсынылды. Аталмыш зерттеуде Кеңес өкімет тұсындағы 
психология ғылымының қалайша дамып қалыптасдығына (өткен 
ғасырдың  60-жылдарына  дейінгі  кезең)  талдау  жасап,  елімізде 
жарық  көрген  қолтума  еңбектердің  (монография,  оқулық  т.б.) 
жай  жапсарына  ,  сондай-ақ  қазақтың  ұлттық  психологиялық 
атауларының қазіргі жағдайына тиісті баға берілді.
1977-1982  жылдар  аралығында  мен  докторлық  диссертация 
қорғау  мақсатымен  еліміздің  ірі  ғылыми  орталығы  -  Киев 
қаласында  әлденеше  рет  болдым.  Мұнде  ол  сол  елдің  педаго-
.  Мұнде  ол  сол  елдің  педаго-
гика  және  психология  саласындағы  көрнекті  ғалымдарымен 

Аманат
97
(М.М. Грищенко, Г.С. Костюк, С.Н. Литвинов, Д.Ф. Николенко, 
Н.Д.  Ярмаченко  т.б.)  танысып,  олармен  сұхбаттасуға  мүмкіндік 
алдым.  1982  жылы  Киевтің  М.  Горький  атындағы  мемлекеттік 
пединститутында  «Қазан  төңкерісіне  дейінгі  Қазақстандағы 
педагогикалық  ой-пікірлердің  дамуы»  тақырыбына  докторлық 
диссертация қорғадым. Бұл менің көп жылғы ғылыми ізденісінің 
нәтижесі еді.
Осынау ғылыми зерттеулердің негізгі арқауы – Қазақстандағы 
психологиялық  және  педагогикалық  ой-пікірлердің  даму 
тарихы  мен  этнопсихологиялық  проблемалардың  төңірегінде 
өрбиді.  Өзімнің  көптеген  ізденіс  зерттеулерімде  халқымыздың 
психологиялық ұғым-түсініктері ежелгі түркілердің жан туралы 
ілімінен  бастау  алатындығын,  бұлардың  бір-бірімен  сабақтаса 
келіп, қазақтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерінен мықтап орын тепкенін нақты деректермен дәлелдеп 
бердім.  Мұнда  «халықтық  психология»,  «этнопсихология» 
ұғымдарының мән-мағынасын нақтылай түсіп, ұлттық жантану 
ғылымына  «көшпелілер  психологиясы»,  «ұстаз-қариялар  пси-
,  «ұстаз-қариялар  пси-
хологиясы»  сияқты  ұғым  түсініктерді  енгіздім.Осы  ғылыми 
бағыттың  нәтижелері  «Қазақ  ағартушылары  жастар  тәрбиесі 
туралы»,  «Қазақстанда  психологиялық  ой-пікірлердің  дамуы» 
(1968), «Аталар сөзі – ақылдың сөзі» (1980), «әл-Фараби» (1978), 
«Ұстаздық еткен жалықпас» (1987), Қазақтың тәлімдік ой-пікір 
антологиясы, І және ІІ том (1995,1998), «Қазақ психологиясының 
тарихы»  (1996),  «Этнопсихология»  (1998)  деп  аталатын  моно-
графиялармен  педагогтік  училищелер  мен  пединституттарға 
арналған  «Психология»  оқулықтарына  (1962,  1970,  1982,  1994, 
1993,1995,1997,1999,2011,2012  т.б.)  көрініс  тапты.  Менің 
еңбектерім бұл айтылғандармен ғана шектелмейді. Осы кездері 
жалпы  педагогикалық,  жас  ерекшелік,  әлеуметтік,  этникалық 
психология  салаларында  көптеген  мақала,  кітаптар  жарық 
көрді.  Ауыл  тұрғындарының  психологиялық  ерекшеліктері, 
баланы мектепке дайындау мәселелері, көп ұлтты Қазақстандағы 
отбасы тәрбиесі, ұстаздар ұжымының психологиялық астарлары, 
жастардың еңбек тәрбиесі мен мамандық таңдау, ақыл-ой, сезім, 
ерік-жігер  қасиеттерінің  қалыптасуы  секілді  мәселелердін 
зерттемі – осының айғағы.

Аманат
98
Менің  зерттеулерімнің  дені  =  халқымыздың  психологиялық 
ой-пікірлерінің  қалыптасу  жолы  мен  дамуына  арналған.  Ұлан-
ғайыр  даланы  мекен  еткен  халқымыз  өз  ұрпағын  жайсан  адам, 
абзал  азамат  етіп  тәрбиелеуге  ерекше  мән  беріп,  мұны  басты 
мақсат  тұтқан.  Қазақ  даласындағы  жау  десе  қару  –  жарағын 
сайлап, елім деп еңіреген ерлер әділдік пен шындық, адамдықты 
ту  еткен  ақын-жыраулар,  бармағынан  бал  тамған  ісмерлер  мен 
зергерлер,  от  ауызды  орақ  тілді  би-шешендер  мен  ақылман 
ақсақалдар мен абзал аналардың өнегесімен ғасырлар барысында 
сұрыптала қалыптасқан қазақи тәрбиесінің жемісі екендігі хақ. 
Осы  айтылғандарды  заман  талабына  орай  бүгінгі 
жэәне  болашақ  жас  ұрпақтың  құлағына  құйып,  отыруды  өз 
зерттеулерімнің  басты  тақырыбы  еттім.  «Әдеп  және  жантану» 
(1964), «Жантануға кіріспе» (2000), «Қазақ этнопсихологиясына 
кіріспе» (2014) атты оқу құралдарын жарыққа шығарып, оларды 
орта мектептегі шәкірттерге ұсынуым = ғылыми творчествомның 
негізгі арқауы болды.
Мен 1969-1978 жылдар аралығында КСРО Оку министрлігінің 
Психология  ғылыми-әдістемелік  кеңесінің  мүшесі,  1983-1991 
жылдары КСРО Психологтар қоғамы Орталық кеңесінің, Одақтық 
университеттер  психологиялық  ғылыми-методикалық  кеңесінің, 
1964  жылдан  1991  жылға  дейін  Қазақстан  психологтар  қоғамы-
ның  төралқа  мүшесі,    Абай  атындағы  Алматы  университетімен  
әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  жанындағы  педагогика  мен 
психологиядан  докторлық  диссертация  қорғалатын  мамандан-
дырылған  екі  ғылыми  Кеңестің  мүшесі,  Алматы  облыстық 
«Ұлттық  тәлім-тәрбие  қауымдастығының»  төрағасы,  ҚазМУ 
жанынан құрылған академик Т.Т. Тәжібаев атындағы оқу-зерттеу 
этнопсихология  және  этнопедагогика  орталығының  директоры, 
ҚазМУ-дің Үлкен Ғылыми кеңесінің мүшесі болдым.
1968-1989  жылдары  КСРО  Бүкілодақтық  психология  қоғамы-
ның  съездеріне  қатысып,  Қазақстан  психологтарының  атынан 
баяндамалар  жасап,  кейіннен  КазГУ-де  ондаған,  республикалық, 
халықаралық ғылыми конференциялар (1990, 1994, 1996,1998, 2002, 
2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009) ұйымдастырдым.
Менің  ғылымдағы  еңбектерім  ескерусіз  қалған  жоқ.  1970 
жылы маған «Үздік еңбегі үшін» медалі табыс етілді. 1975 жылы 

Аманат
99
жеткіншек  ұрпаққа  тәрбие  беру  және  оларды  оқыту  жөніндегі 
көпжылғы  белсенді  еңбегім  үшін  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінң 
Грамотасына ие болды. 
1982-1997 жылдар аралығынла С.М. Киров атындағы ҚазМУ-
дің  Құрмет  грамоталарымен  (1982,1984),  КСРО  Жоғары  Білім 
министрлігінің  «Еңбектегі  ерекше  табыстары  үшін»  (1984), 
Қазақстан  ЛКЖО  Орталық  Комитетінің  Құрмет  грамотасымен 
марапатталдым.  1998  жылы  республика  ғылымына  сіңірген 
еңбегім үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника 
қайраткері» құрметті атағы берілді. Қазақ елінің тәуелсіздігінің 10 
жылдық тойында Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан 
республикасының  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері»  төс 
белгісімен марапатталдым.
Мен ғылыми ізденісті ешқашан тоқтатқан емеспін. Соңғы елу 
жыл ішіндн менің қаламынан туған жеке бектердің жалпы саны 
60-тан, мақалаларының саны 1200-ден асады.
Қазақ халқының ондаған ғасырларға созылған педагогикалық 
, психологиялық ойларының қалыптасу, даму жолдарын танып-
білу жолында түбегейлі зерттеу жұмыстарын жүргізу өткендегі 
қоғамдық  ой-санасының  рухани  көмбелерінен  суыртпақтап 
сыр тартқан еңбектер ғылыми жұртшылықтың жылы лебізге не 
болып келді.
Мен  өз  лекияларымда  үлкенді-кішілі  қазақ  ғалымдары, 
тәлімгер қауым көп ұлтты республика халықтарының әдет-ғұрып, 
салт-дәстүр, жөнжосық, жол жоралғы, тіл мен дін т.б. осы секілді 
этностық  ерекшеліктерінің  психологиялық  астарына  бойлап, 
олардың  қайталанбас  жақтарының  күнгейі  мен  көлеңкесін  даму, 
қалыптасу  жолдарын  іздестіріп,  зерттеулері  қажет  екендігін 
ннемі  еске  саламын.  Мәселен,  қазақ  халқының  кезінде  барша 
жұртты  тамсандырған  тамаша  қасиеттері:  үлкенді  сыйлау,  ата-
ананы  құрметтеу,  иманжүзділік,  қонақжайлылық,  бауырмалдық, 
балажандық,  ақ  көңілділік,  қайрымдылық,  суырып-салмалық, 
ақын-жандылық т.б. тереңдете зерттеу мен қатар социализм тұсында 
теріс бағытта белен, алған келеңсіз қасиеттерді: үлкенді, ата-ананы 
сыйламау,  алауыздық,  қызғаншақтық,  күншілдік,  рушылдық, 
бақталастық, дүние қоңыздық, еңжарлық, маскүнемдік, неке бұзу 
т.б.  қалайша  пайда  болып  ауа  жайылып  кететіндігін,  бұлардан 

Аманат
100
біртіндеп  арылудың  жолдарын  іздестіру  де  маңызды.  Соңғы 
жылдары  ерекше  белең  алған  «тастанды  бала»  проблемасымен 
«кәрі қыздар» (соңғысы 130 мыңдай көрінеді) мәселесі сияқты ұлт 
психологиясында  ертеректе  кездеспейтін  қолайсыз  жайттардың 
мән-мәнісін ашып керсететін зерттеулерде аса қажет. 
Жоғарыда  аталған  ұлттық  сананың,  жақсы  жарасымды 
көріністерінің  бесіктен  қлыптасатыны  белгілі.  Сондықтан 
да  біздің  зерттеу  жұмыстарымыз  сәбилер  мен  бөбектерге, 
балдырғандар мен мектепке дейінгі лерге бағыттауымыз қажет. 
Өйткені  имандылық,  инабаттылық,  мейрімділік,  төзімділік 
секілді  халқымыздың  тамаша  қасиеттерінің  түп  төркіні,  ілкі 
бастаулары нәрестенін жерге шырылдап түскен ілкі бастаулары 
нәрестені шырылдап түскен кезінен басталады емес пе? 
...Ұлы  Отан  соғысы  жүріп  жатқан  кез.  Қыстың  аязы 
елу  градусқа  дейін  жеткен  сол  сұрапыл  жылдары  мен  Алға 
қыстағынан  елу  шақырым  жердегі  Ақтөбе  қаласындағы 
оқытушылар  институтында  оқыдым.  Соғыс  жылдары  студент-
.  Соғыс  жылдары  студент-
терге  қайбір  дүрге  қолайлы  жағдай  жасала  қойсын!  Жатақхана 
бөлмелеріндегі  қалқиған  қара  пештен  қайран  жоқ,  қабырғасы 
қыраудан  көрінбейді.  Төсеніштің  мақтасы  бөлек-бөлек  болып, 
жұмарланып, жанбасқа қатып қалған мұздай батады. 
Аптасына  бір  рет  болсын  ыстық  тамақ  ішіп,  жылы  көрпе 
жамылып  ұйықтау  үшін  мезгілдің  күн-түніне  қарамай  жеті 
сайын үйлеріне шапқылаған өрімдей боз балалар мен бірге жүк 
пойыздарына ұрланып мініп, кейде тіпті цистерна вагондардың 
жақтауларына жабысып, аулымызға келетінбіз. 
...Бірде  бір  студентке  үйінен  сәлем-сауқат  келді.  Оны  ол 
курстастарына  көрсетпей,  жұрт  ұйықтап  қалған  да,  түн  жары-
,  түн  жары-
мы кезінде өзі жейді екен. Осыны сезген бір курстасы, ертесіне 
сабақтан  бұрынырақ  шығып,  онын  қол  сандығының  құлпын 
бұзып,  ондағы  ауқаттарды  ортаға  жаяды.  Мұны  көрген  иесі, 
бақырып жылайын корінеді.
Сен неге жылайсың? Жылама! Совет өкіметіне рахмет айт, ол 
болмаса біз Алматыға келер ме едік? Сенің талқаныңды рұқсатсыз 
жер ме едік? Бұған қайта қуан. Ата-бабамыз: «Өле жегенше, бөле 
же»  деген  ғой.  Мә,  жөндеп  аса!  –  деп  бәрі  жабылып,  әлгінің 
аузына талқанды толтыра құйған екен. 

Аманат
101
Соғыстан  кейінгі  жылдары  студент  жастардың  білімге 
құштарлығы орасан еді. Біздер таңертен сағат 6-дан тұрып, көз 
ұйқыға кеткенше тек оқу жайлы ойлайтынбыз. Картішкі алатын 
500  грамм  ішінде  неше  түрлі  қоспалары  бар  (шөп-шөнге,  тас, 
топырақ, дейсіңбе) қара нанды үшке бөліп, жатақханадан оқуға 
аттанатын  едік. Университетте таңғы  сегізден түскі үшке дейін 
дәрістер  тыңдаймыз,  содан  кітапхана  (одан  орын  алуда  ақірет) 
жабылғанша  кешкі  сағат  10-ға  дейін  сонда  болып,  қалтадағы  
200  грамм  қара  нанды  қайнаған  сумен  қылғытып,  ұйқыға 
кететінбіз.  Тіпті  демалыс  күндері  де  уақытымыздың  бәрі 
кітапханада өтетін (сол кездері республикалық кітапхана қазіргі 
Достық  көшесіндегі  шағын  үйге  орналасқан  еді).  Ал  қазіргі  
кең  жайлаудай  ұлттық  кітапхананың  бос  орындарын  көргенде 
студент  жастарға  өкпем  қара  қазандай  болады  десем,  артық 
айтылған болар едім. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  мен  және  менің  замандастарымның 
романтикалық  өмірі  қазіргі  жасөскінге  іздесе  таптырмас  өнеге 
боларлықтай. Біздер данышпан Абай айтқандай «Ондай болмақ 
қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз», аса талантты Сұлтанмахмұт 
ақынның «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өімнен, 
тағдыр  қылды»  «деулерді,  шығарамын  сөзімнен»  дейтын 
ұлағатты  түйіндері  өмірлік  бағыт-бағдарыма  арқау  еткенімді, 
мақтан етемін, қазіргі жастарды осындай болуға шақырамын. 
Осы жайларды айта келіп: «Біз төзген сол тіршілік қиындығына 
сендер де төзе аласыңдардар ғой». «Басқа түссе, баспақшыл» де-
. «Басқа түссе, баспақшыл» де-
ген  ғой  халқымыз.  Құдай  мұндай  қиыншылықтарды  сендердің 
бастарыңа  бермесін.  Бүгінгі  замандарың  алтын  заман  ғой, 
ылайым да осындай жақсы өмір болсын», – деп әркез студенттер 
есіне салып отырамын. 
Жақсы  адам,  айтулы  азамат  боламын  десен  қиындықты 
жеңе білу өз алдына, өз ұлтының салт-дәстүрлерін, оның ликез 
құлқы  мен  болмысын,  діні  мен  тілін  бойына  терең  сіңіруін 
қажет.  Сондықтан  да  мен  шәкірттеріме  реті  келгенде  ана  тілін 
білмейтін мәңгүрттердің қасіреті туралы әңгімелейтінім бар. Осы 
күні орыс тілін шебер меңгерген қазақ жастары көп. Бұл жақсы. 
Бірақ, олардың кейбірі өз ана тілін білмейді. Орыстың кемеңгер 
психолог-ғалымы  Л.С.  Выготский:  «Өз  тілін  білмеген  адамның 

Аманат
102
кісілігі  төмен  болады»  демеп  пе  еді?  Өз  тілін  білмейтіндер 
тегін  де  білмейді.  Демек,  ол,  –  мейлі  ғылым  докторы  болсын, 
мәңгүртке жақын біреу. Мұндай пікірді сонау жылдары Жүсіпбек, 
Мағжандар  да  айтқан  ғой.  «Біз  қазақтар,  керемет,  талантты 
халықпыз. Сөйтсе тұра Абай айтқан мінездегі 15 міннен әлі де 
құтыла алмай жүрміз. Мақсатымыз содан арылу!», – деп қатты 
дауыстап айтуға да тура келеді.
...1979 жылы Киевте болғанымда Абайдың С.Санбаев аударған 
«Қара сөздерін» оқыған бір украин ғалымының маған:
Сендер жаман халық екенсіңдер ғой, – дегені бар.
Неге?
Абай сендерді оңдырмай сынапты ғой!
Мен  оған  Абай  біздерді  бұрынғысынан  да  жақсарсын, 
оңалсын деп сынап айтқан ғой. Қазір халқымыз ондай емес, - деп 
жауап бергенім бар.
Расында,  Абай  айтқан  кемшіліктерден  біз  әлі  де  арыла 
алмай жүр емеспіз бе? Ол қандай кемшіліктер? Бізде бір-біріне 
қаскүнемдік  жасау  бар,  тілек  бір  емес,  рас  сөзіміз  аз,  жалқау, 
арызқой, бірін-бірі аңду, мақтаншақ, өмірді жарамсыз қылықпен 
қор ету, өтірік айту басқаның бақытына қуана білмеу, байлыққа, 
мансапқа мақсаттану, арлылық, намыстылық, табандылық деген 
абзал  қасиеттер  «Жарлы  болсаң  да  арлы  бол»  деген  жақсы  сөз 
есімізден шығып кете береді.
Түған халқын жән-тәнімен сүйетін азаматтар тәрбиелеу үшін 
алдымен отбасы, балабақшалар ұлттық, мектеп тәрбиесін жөнге 
қоюымыз керек. Аралас мектеп пен балабақша ұлттық тілімізді 
де, жанымызды да ширата алмайды.
Мен  жастарға  осы  жайында  көптеген  ақыл  кеңес  беруден 
жалықпаймын.  Өйткені,  күнсіз  жерде  гүл  өспейтін  тәрізді, 
жарасымды тәрбиесіз болашағымыздың көгеріле қоюы екіталай.
Қазақ  университетінде  жемісті  еңбек  етіп  жүріп,  болашақ 
ұрпаққа  қажетті  тәліми  дүниелер  қалдыруды  армандаймын. 
Ол  еңбектер  тарихтан  терең  сыр  тартуды,  ата-баба  мұраларын 
ұстануды жастарға аманат етеді.

Аманат
103
Қ.Б. Жарықбаевтың немерелері: 
онңан солға қарай үлкен немересі Айша, тұңғыш ұл немересі 
Қуат және қыз немересі Нұрай
Қ.Б. Жарықбаевтын әкесі – Бозай, 
шешесі – Ынта, балалары – Маржан, Әлия, Мақсат, Бақыт, Айбат

Аманат
104
Қ.Б. Жарықбаев Бішкектегі халықаралық ғылыми конференцияда 
қазақ ғалымдарымен бірге (1993 ж.)
Қ. Жарықбаев өзінің  жеке кітапханасында

Аманат
105
Қ.Б. Жарықбаевтың түңғыш қызы – психология ғылымдарының докторы, 
профессор Маржан Құбығұлқызы, оның ұлдары  Маркен мен Әбубәкір 
(ҚазҰУ-дың түлектері)
Қ.Б. Жарықбаевтың ортаншы қызы – Бақыт, балалары Аманжол, Нұрболат, 
Іскендірмен бірге

Аманат
106

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет