Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Скипетр — монархиялық биліктің нысаны. Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі. Соғыс



бет63/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Скипетр — монархиялық биліктің нысаны. Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі.
Соғыс - мемлекеттер, халықтар, ұлттар, топтар, діндер және
т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес . Қазіргі кезде саясатшылардың басым көпшілігі соғыс қаупін ту
дыратын егес, тартыс, айтыс, жанжалдарды қарулы күшпен, соғыс арқылы емес, тек қана саяси жолмен шешу керек деп есептеуде.
Сот билігі — құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның билігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды, занды бұрмалаушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек занды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе кызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды.
Социал-демократия — қоғам дамуында әлеуметтік салаларға басымдық беретін идеялық саяси ағым. Мұндай партиялар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды. Олардың мақсаты — барлық еңбекшілерге жақсы емірді, еркіндікті, әлемде бейбітшілікті камтамасыз ету. Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей, эволюциялық (біртіндеп даму) жолды дұрыс деп санайды. Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды.Қазіргі кезде дүние жүзінде 17 млн. адамнан астам мүшесі бар 80-нен артық социал-демократиялық партиялар бар. Олар Еуропа континентінде қарусыздану, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекшілердің мүддесін қорғау, жалпы халықаралык жағдайды сауықтыруда көптеген еңбек сіңіруде.
Социал-демократиялық партиялар — қазіргі капиталистік қоғамда еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысқан партиялар. Олардын басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Мысалы, Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және т.т.
Социум — адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық. Оның ең жоғарғы түріне әлеуметгік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы, туыстық, рулық, әлеуметтік-топтық, ұлттық, аумақтық қауымдастықтар кіреді.
Спикер — бірқатар парламенттік мемлекеттердегі парламент басшысының немесе палата басшысының аты. Мысалы, АҚШ-та өкілдер палатасының спикері. Ұлыбританияда қауымдастар палатасының спикері дейді. Соңғысының парламент мәжілістерін жүргізгенде үлкен билігі бар. Ол жарыссөзді тоқтата алады. Сөйлеп тұрған шешеннің сөзін бөле алады және т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет