«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет154/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188
Байланысты:
материал пед

Список литературы 
1.Монахова Т.А. Исследовательская деятельность как средство развития 
самостоятельной 
познавательной 
деятельности 
учащихся. 
https://multiurok.ru/files/issledovatelskaia-deiatelnost-kak-sredstvo-razviti.html
 
2.
 
Джайнакбаева Г.Т.
Применение метода проектов на уроках истории 
Казахстана. 
https://articlekz.com/article/18271
 
ЖОБА ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ-ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Оразбаева Жанар Аманбековна 
Бейсенбаева Гүлшәт Сәтекбайқызы 
 
Қарағанды қаласы, «№8 ЖББМ» КММ жанындағы шағын орталық 
 
Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және 
ізденімпаздық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы айтылған. Баланың 
аталмыш қабілеттеріндамыту үшін жоба іс-әрекетін жүргізудің тиімділігі 
айтылады. 
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың жеке тұлға болып қалыптасатын 
басты кезеңі. 
Бұл кезеңде баланың танымдық және ізденушілік қабілетін 
шыңдай білсек, баланың жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға болып 
өсуіне негіз сала аламыз. Ізденушілік іс-әрекет балаға қуаныш сыйлай отырып, 
өсіп келе жатқан жеткіншектің зияткерлік және физикалық қабылеттерін 
үйлесімді дамытады. Бала тек іс-әрекет арқылы қоршаған әлемнің сан қырын 
танып, ондағы өз орнын аңықтай алады. Мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеуде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жаңа 
мүмкіндіктерді ашады және сол технологиялардың бірегейі - жоба әдісі.
Жоба іс-әрекеті 
– баланың танымдық және шығармашылық дамуын 
белсендіретін және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын дидактикалық 
құрал.[1]
Мектепке дейінгі ұйымдағы жоба іс-әрекетінің ерекшелігі бала өз бетімен 
қоршаған ортадағы қарама-қайшылықтарды тауып, мәселені жүйелендіріп, 
мақсатын аңықтай алмайды. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымның жоба іс-
әрекеті балалар, педагогтар мен ата-аналар арасындағы серіктестік сипатта 
жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жоба іс-әрекетін ұсынғанда ата-аналар 
педагогтарға: «Мектеп жасына дейінгі балаға жоба іс-әрекетінің қажеті 
қанша?» - деп жиі сұрақ қояды.


380 
Мектеп жасына дейінгі жас – жоғарыда айтып өткендей, бала дамуындағы 
өте маңызды және жауапты кезең, осы уақытта баланың зияткерлік, физикалық, 
эмоциялық және коммуникативтік сынды тұлғалық нышандары қалыптасады. 
Бұл кезеңде бала өзі құралпы балалармен және ересектермен қарым-қатынас 
жасап, өзін және өзін қоршаған ортасындағы өз орнын сезіне бастайды.
Балабақша баланың өміріндегі әлеуметтену кезеңінің басты да алғашқы 
сатысы. Мектеп жасына дейінгі балаға ақпаратты өздігінен алған маңызды
бірақ бұл үшін олардың ізденушілік біліктері дамыған болуы қажет. Ал, 
педагогтардың міндеті міне осы жаста сұрақтарға жауапты дербес өздігінен 
табуға белсендіру, алған білімдерін ойында және тәжірибелік іс-әрекетте 
пайдалануға үйрету болып табылады. Бұл ретте педагогтардың міндеті оңай 
емес, бірақ қол жеткізуге болатын міндет. Мектепке дейінгі ұйымда жоба әдісін 
қолдану қойылған міндеттерді шешуге, білім беру кеңістігін кеңейтуге және 
жеткіншектердің шығармашылық, танымдық, ізденімпаздық біліктерін 
дамытуға негіз болады. Педагог пен ата-аналар қауымы жоба кезеңдерін жүзеге 
асыруда балаға көмекші рөлін атқарады.
Әлемдік педагогикада жоба іс-әрекеті технологиясы жаңа әдіс болып 
табылмайды. Мектепке дейінгі ұйым жұмысында жоба әдісі кеңінен 
қолданылады. 
Педагогтар 
өз 
жұмысын 
жобалап 
қана 
қоймайды, 
тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарымен әр түрлі тақырыпқа қызықты 
жобалар ұйымдастырады. 
Жоба әдісінің артықшылықтары:

Оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың формасы болып табылады: 

Балалардың танымдық біліктерін дамыта отырып, ақпараттық кеңістікте 
бағдарлау білігін қалыптастыратын өздігінен білім алудың әдістерінің бірі 
болып табылады. 

Үрдіс қатысушыларының арасындағы өнімдік өзара байланыс жүйесін 
дамытуға септігін тигізеді.

Педагогтың құзіреттілігін арттырады:

Оқыту үрдісі сапасын жақсартады:

Белгілі-бір тақырыпты терең білуге және жылдам практикалық нәтижелер 
алуға мүмкіндік береді:

Логикалық ойлауы мен креативтілігін дамытуға көмектеседі. [2] 
Балалар тәжірибе жасауды жақсы көреді. Бұл балалардың жас ерекшелігіне 
орай көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік образды ойлау тән екенін көрсетеді. Осы 
ретте біздің шағын орталықта «Жас зерттеушілер» жобасы жүзеге асырылуда.
Біздің жобамыздың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық 
және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. Бұл ретте біз түрлі бағыттар бойынша 
жеке зерттеулер жасайтын материалдар кешенін әзірледік. Атап айтсақ, жансыз 
табиғат түрлерінің қасиеттерін аңықтауға, қарапайым табиғи құбылыстардың 
қасиеттерін ашуға және заттардың себеп-салдарлық байланыстары мен 
өзгерістерін зерделелеуге мүмкіндіктер жасау.


381 
Бұл ретте балалардың дербес іс-әрекеті тәжірибе жасау сипатында өрбиді. 
Балалардың танымдық міндеттерін арттыруда зерттелетін нысанның өмірлік 
мәні мен оған деген олардың қызығушылығын ескеру қажет.
Жоба аясында балалардың зейін, ойлау, сөйлеуін дамыту, қоршаған әлемге 
деген қызығушылығын ояту, тәжірибе жасау негізінде жаңалықтар ашып, оған 
таңқалу біліктерін қалыптастыру міндеттері жүзеге асырылады. Бұл 
міндеттерді орындау үшін алдымен топта балалардың зертеушілік белсенділігін 
арттыру үшін жағдай жасау керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зертеушілік іс-әрекеті толыққанды 
зерттелмеген, қазақ тіліндегі әдістемелік әдебиет жоқтың қасы. Біз бұл 
жұмысты заттық-дамытушы ортаны жиңақтаудан, әдебиеттерді іріктеуден, 
тәжірибе орталығын ұйымдастырудан бастадық.
Тәжірибе орталығындағы материалдар «Құм мен су», «Дыбыс», «Қағаз», 
«Жарық», «Шыны», «Резина» атты бөлімдерге бөлініп, балалардың санына 
орай 
жиңақталып, 
еркін 
тәжірибе 
жасауға 
қолжетімді 
деңгейде 
орналастырылды. Жоба жұмысы жоспарға сай ұйымдастырылған іс-әрекет 
түрінде аптасына бір рет күннің екінші жартысында өткізіліп тұрды. 
Біз балалармен жаңа тақырыпты меңгеруде, жаңа нысанға тәжірибе 
жасауда келесі қағидаларды ұстанамыз: 
• мәселені қою (танымдық міндеттері)
• балалар ұсынған болжамдар негізінде тәжірибе түрін аңықтау: 
• болжамдарды, гипотезаларды тексеру.
• қорытындылау; 
•қорытындыны тіркеу. 
Тұрақты жүргізілген жоба жұмыстары негізінде: 

Балалардың танымдық және ізденімпаздық қабілеттері дамыды; 

Зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылықтары оянды: 

Сөздік қорлары молайды; 

Ұсақ қол моторикасы дамыды: 

Ұжыммен жұмыс істей білу біліктері қалыптасты. 
Осылайша, мектеп жасына дейінгі баланың танымдық белсенділігін 
дамыту жағдайы - бұл оны тәжірибелік, зерттеушілік іс-әрекет деген жоғары 
деңгейге көтеру болып табылады. Тәжірибе іс-әрекеті арқылы мектеп жасына 
дейінгі бала зерттеушілік қабілеті дамып қана қоймай, қорытындысы негізінде 
өзіндік ой тұжырымы қалыптасады.
Ізденушілік іс-әрекет жас жеткіншектің жаңаны білуге деген құлшынысын 
арттырады, бұл құлшыныс болашақта мектеп өміріне тез бейімделуіне үлкен 
септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Веракса Н. Е., Веракса А. Н. Проектная деятельность дошкольников. 
Пособие для педагогов дошкольных учреждений.— М.: Мозаика — Синтез, 
2008. — 112 б. 
2.
Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения: Пособие 


382 
для руководителей и практических работников ДОУ / Авт.-сост.: Л.С. Киселева, 
Т.А. Данилина, Т.С. Лагода, М.Б. Зуйкова. – 3-е изд. пспр. и доп. – М.: АРКТИ, 
2005. – 96 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет