«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


КӘСІБИ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет186/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
материал пед

КӘСІБИ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІ 
 
Рахимова Асылтас Ерингаиповна 
 
Қарағанды қаласы, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақала қазіргі таңдағы білім саласындағы оқу-тәрбие процесіндегі 
кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды екендігін айқындауға көмектеседі. 
Мақалада кәсіби бағдарлау жұмысының сатылы кезеңдері мен жүйелілігі 
аталып, автор өзі жұмыс жасап отырған мектеп-гимназияның кәсіптік бағдар 
беру жұмысын мысалға ала отырып, оның нәтижесі мен тиімділігіне аса назар 
аударған. Оқушылардың кәсіби бейімделуінде ерекше рөл атқаратын 
тұлғаларға жеке тоқталып өтуі мақаланың өзектілігін көрсетеді. Автордың өз 
практикасымен бөлісуі осы мақаланың ерекшелігі болып табылады. 
Аннотация 
Данная статья поможет определить важность профориентационной работы 
в учебно-воспитательном процессе в современной сфере образования. В статье 
отмечены этапы и последовательность профориентационной работы. На 
примере профориентационной работы школы-гимназии, в которой она 
работает, автор уделил большое внимание ее результатам и эффективности. 


440 
Актуальностью статьи является индивидуальный подход к лицам, играющим 
особую роль в профессиональной адаптации учащихся. Особенностью данной 
статьи является то, что автор делится своей практикой. 
Ісім оңсын десеңіз, 
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Көпшіліктің адамы болыңыз.
(Әл-Фараби) 
2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру 
ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі ерекшеліктерінің 
бірі, ол, «Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын 
қалыптастыру» және «Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу» 
болып табылады.
Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы 
таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру 
оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке 
тұлға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, таңдалып 
алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру 
жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық 
және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен 
ұштастыру болып отыр.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни сол кәсіпке байланысты 
қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Өзін-
өзі кәсіби анықтау - кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және 
өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір 
кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс іс-әрекетінде атқарылады. Осы жолда 
мақсат пен міндеттер қалыптасады. Өзін-өзі кәсіби бекіту - кәсібилік қабілеті, 
кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Ол кезде тұлға 
әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады. Бұл жолда 
мектеп психологінің қызметі маңызды болып табылады. 
Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық 
таңдауға дайындау, үйрету екені белгілі. Біз, ұстаздар қауымы, 
оқушыларымыздың болашаққа қадам жасауында ерекше рөл атқарамыз. Бұл 
жұмыстағы ең басты міндетіміз оқушы бойына қоғамдық және идеялық сананы 
қалыптастыра отырып, оқушылардың жеке қасиеттерінің кәсіп талаптарына сай 
келу қажеттілігі мен жас ерекшеліктерін де ескеруіміз керек. Мысалға, 4-6 
сынып оқушыларында өмірлік және кәсіби идеялары енді оянып адамгершілік 
сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталса, 7-9 сынып 
оқушыларында өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін өздігінше 
бағалай алатын, сол жолда білім алу мен ізденуді жалғастыратын кезең болып 
саналады. Ал 10-11 сыныптаға оқушылар нақты мамандықты таңдап, икемділігі 
мен дағдыны қалыптастыра бастауы қажет. 
Осы ерекшеліктерді ескере отырып біздің мектеп-гимназияда 2019-2020 
оқу жылынан бастап қалалық «Медициналық және педагогикалық сынып 


441 
жобалары» аясында 7-сыныптардан бастап арнайы педагогикалық және 
медициналық сыныптар ашылып бүгінгі күні жұмыстарын жалғастырып отыр. 
Арнайы педагогикалық сыныптардағы бекітілген бағдарламалар аясында 
оқушыларымыз жалпыадамзаттық құндылықтарды бойларын сіңіріп қана 
қоймай, сонымен қатар сөйлеу этикасы мен технологиялары туралы толық 
игере отырып, болашақта «Ұстаздық» мамандықпен қатар «Журналистика» 
саласына деген қызығушылықтары артып болашақ маман иелері болуға 
алғашқы қадамдарын жасайды. Мектеп тынысымен біте қайнасып іс-шараларда 
сұхбат алу, әр түрлі тақырыпта телебағдарламалар түсіруге машықтанып 
шығады. Ал арнайы медициналық сыныптардағы сабақтар арқылы 
оқушыларымыз медицинаның алғашқы сатыларымен танысуда, СӨС мен дәрі-
дәрмек химиясы туралы білімдерін жетілдіре отырып денсаулық пен 
сымбаттылықтарын арттыруда мектепішілік шараларды ұйымдастырып 
өткізуде белсенді жұмыс атқарып жүр. Бұл жұмыстар нәтижесінде 
оқушыларымыздың аталған мамандықтарға қызығушылықтары артып, 
болашаққа бағдар алудағы маңызды шешімдерін дұрыс қабылдайды деп 
сеніммен айта аламын. Оған дәлел арнайы кәсіптік сыныптардағы пән 
мұғалімдерінің жүйелі жұмыс нәтижесінде жетіп отырған оқушылардың 
жетістіктері. Атап айтқанда, қалалық, облыстық сайыстардағы жүлделі 
орындар, Республикалық пәндік олимпиада мен Республикалық ғылыми 
жобалар жеңімпаздары және облыстық көлемде тәжірибе таратып отырған 
электронды оқулығымыз. 
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқытудың негізгі формалары: 
сабақ, сабақтан немесе сыныптан тыс жұмыс және факультатив сабақ негізінде 
оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Факультатив сабақ оқушыларға танымдық 
және кәсіби тұрғыдан өздерін анықтаулары үшін «кәсіби тұрғыдан байқауға» 
мүмкіндік береді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысындағы тағы бір маңызды жұмыс кезеңі ол ата-
аналармен бірлесе атқарылатын жұмыстар. Ал ол кезең мектептің тәрбие 
үдерісімен тығыз байланысты болу керек. Осы кезеңде біздің мектеп-гимназия 
әр оқу жылының басында құрылған жұмыс жоспар аясында сауалнама алу, 
тақырыптық ата-аналар жиналыстары, арнайы және жоғары оқу орындарының 
қатысуларымен көрмелер мен ашық есік күндерін ұйымдастырып өткізеді. 
Аталған іс-шаралар ата-ана, мектеп, оқушы үштік одағының жұмысын жүйелеп 
қана қоймай белгілі бір дәрежеде нәтиже де беріп отыр. 
«Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» демекші 
оқушылардың кәсіби бейімделуі мектеп қабырғасынан бастау алып, дұрыс 
жүйеленсе және ата-ана тарапынан қолдау тауып жатса, болашаққа нық қадам 
баса алатын маман иелерін тәрбилеп шығаратынымыз сөзсіз болмақ. Қорыта 
келе, Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез 
келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, 
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген нақыл сөзімен аяқтағым 
келеді. 


442 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет