«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА



Pdf көрінісі
бет185/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188
Байланысты:
материал пед

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА 
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫНЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ 
 
Кабиева Асел Бакибаевна 
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 
Рахимберлина Жаннат Есимхановна 
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 
 
Қарағанды қаласы «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ 
 
АҢДАТПА 
Мақалада ұлттық құндылықтардың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы 
ашып көрсетілген. Білім беру үдерісінде ата-бабамыздан қалған рухани 


437 
мұралардағы тарихи, ұлттық, мәдени және рухани құндылықтардың мазмұнына 
терең бойлау, оларды кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақты қоғамға 
бейімдеу мәселесі жан-жақты қарастырылған. Халқымыздың даналық ойларын, 
өмірлік тәжірибесін болашақта қолдана алатын жан-жақты, бәсекеге қабілетті, 
өзіндік көзқарасы бар тұлғаны оқытып, тәрбиелеу және оқушыны ана тілімізді 
құрметтеуге, салт-дәстүрімізді дәріптеуге, ұлтжандылыққа баулу жолдары 
жазылған.
 
АННОТАЦИЯ 
В статье раскрывается значение национальных ценностей в воспитании 
подрастающего поколения. В образовательном процессе всесторонне 
рассмотрен вопрос адаптации подрастающего поколения к обществу путем 
углубления содержания исторических, национальных, культурных и духовных 
ценностей в духовном наследии, оставшихся от предков, их широкой 
пропаганды. Изложены пути обучения и воспитания всестороннего, 
конкурентоспособного, обладающего собственными взглядами человека, 
способного в будущем использовать мудрые мысли, жизненный опыт нашего 
народа и привить ученику уважение к родному языку, традициям и обычаям. 
Ұлттық құндылықтар – туған жер, тіл, тарих өнер, әдебиет, салт-дәстүр 
сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани 
идеяларының жиынтығы. Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, ұлттық санасы 
белгілі бір жолмен үйлеседі. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы 
қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып 
табылады. Ал жеке тұлға өзін сол ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне 
отырып, өз халқының тарихын, тілін, рухани мәдениеті мен басқа да 
жетістіктерін, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағалап, оның дамуына үлес 
қосуы тиіс. 
ХХІ ғасыр шырмауық ғаламтордың шексіз әлемінің еніп кеткен жас ұрпақ 
тағдыры бүгінгі таңда көзі ашық, көкірегі ояу әрбір ата-ана мен ұстазды 
толғандырары анық. Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды 
қайта жаңғырту қазіргі таңда ұстаздар қауымына жүктелген үлкен 
жауапкершілік. Олай болса, мектеп қабырғасынан бастап білім беруге 
халқымыздың тарихын тереңнен қозғап, сабақ барысында ауыз әдебиеті 
үлгілерін, қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуы мен гүлденуіне 
қосқан зор үлесін санасына сіңіру арқылы өскелең ұрпақтың адами құндылық 
қасиеттерін қалыптастыра аламыз [1, 9-б.]. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері – ұлттық сананы, ұлттық идеологияны 
қалыптастырудың қайнар көзі. Ұлттық құндылықтың бастамасы болып 
саналатын – ана тілімізбен қоса сабақта халқымыздың әдет-ғұрыптары, ырым-
тыйымдары, жөн-жоралғылары, наным-сенімдері, адамгершілік қасиеттер
азаматтық парыз сияқты ұлттық құндылықтар рухани туындылар арқылы 
өскелең ұрпақтың санасына сіңіріледі. 


438 
Атап айтқанда, туған жер, жазу мәдениетінің қалыптасуы сияқты мәдени 
құндылықтар сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. Осы 
жәдігерді оқыту барысында оқушыларға «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» 
тақырыбында ойтолғау жаздыру арқылы жас ұрпақтың бойында ел мен жер 
үшін жауапкершілікті оятсақ, «Қазақ жазуының тарихы» тақырыбында жинақы 
мәтін жаздыру арқылы оқушыға тіліміздің тарихы, жазу-сызуы тереңде 
жатқанын түсіндіруге болады. Яғни, оқушы өз бетімен іздену барысында Кеңес 
дәуірінде қалыптасқан «қазақ халқы сауатсыз болған» деген пікірдің жаңсақ 
екеніне көз жеткізеді.
Ахмет Байтұрсынұлының «Аққу, шортан һәм шаян» мысалындағы бірлігі 
жоқ кейіпкерлердің іс-әрекетін талдай отырып, қазақ қоғамындағы «Асар» 
дәстүрімен таныстыра кеткен жөн. Яғни, бірлесіп, жұмыла көтерген жүктің 
жеңіл болатынын ұғындыру қажет.
Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Жомарттың 
образы арқылы қазақ халқының бойындағы мейірбандық, қайырымдылық 
қасиеттер көрініс тапқан. Бір жағынан бұл кейіпкердің іс-әрекетін қиын-қыстау 
кезеңде Алаш зиялыларына және қарапайым халыққа материалдық қолдау 
көрсеткен сол замандағы байлардың жомарттығымен байланыстырсақ, екінші 
жағынан бүгінгі таңда білім меценаты болып жүрген, қайырымдылықпен 
айналысатын кәсіпкерлердің әрекетімен ұштастыруға болады. Мұны Венн 
диаграммасына салғызып, «Бұрынғы байлар» мен «Қазіргі меценаттар» деп 
салыстыру және ортақ қасиеттерін табу тапсырмасымен ашуға болады. Осы 
арқылы баланың бойына қайырымдылық, жанашырлық құндылықтарын 
сіңіреміз. Яғни, «Кең болсаң, кем болмайсың» деген халық даналығын есте 
сақтап, қазір сыныптасыңа, болашақта көршіңе, т.б. қол ұшын беруге баулимыз. 
Бала келешекте айналасындағы адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауға 
бейімделеді. 
«Отбасы – ұлт құндылығы» бөлімін өту барысында қазіргі қоғамда болып 
жатқан сан алуан әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді талқылай отырып, бұрынғы 
қазақ қоғамындағы отбасылық қарым-қатынастарға тоқтала кеткен жөн. Осы 
тұста дана халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты айтылған нақыл сөздерінің 
мағынасын ашып көрсеткен жөн. «Қыз тәрбиелей отырып – ұлтты 
тәрбиелейсің» деген сөздердің астарында көп мағына жатыр. Қыз балаға 
жүктелген міндет өте салмақты. Себебі, бүгінгі қыз – ертеңгі жар, болашақ ана, 
бір отбасының арқа сүйер келіні. «Әке көрген – оқ жонар, Шеше көрген – тон 
пішер» сияқты тақырып беріп, қыз бала мен ұл бала тәрбиесіне қатысты 
«Қосжазба күнделігін» толтыруға болады. Осы тапсырма арқылы оқушы қыз 
баланың бойында қандай қасиеттер, ұл баланың бойында қандай қасиеттер 
болу керектігінен ақпарат алып, ой елегінен өткізеді. «Үйлену оңай, үй болу 
қиын» тақырыбында эссе беру арқылы қазіргі қоғамда белең алған ажырасу 
мәселесіне көңіл аударту. Осы ретте тарихқа шолу жасап, қазақ қоғамында 
ажырасу болмағанын, қазақ ешқашан баланы жетім етпегенін, жесірін 
жылатпағанын айтып түсіндіру маңызды. Кеңес дәуіріне дейін қазақ даласында 
«балалар үйі, қарттар үйі» деген ұғым мүлде болмаған. Ешбір қазақ қартайған 


439 
ата-анасынан, бауыр еті баласынан бас тартпаған. Осыны өскелең ұрпақтың 
санасына шегелеп жеткізу – міндет. Осы тақырып аясында қазіргі қоғамдағы 
мәселелермен байланыстырып, «РАФТ» стратегиясы бойынша ұстаздың, 
көпбалалы ананың, әкімнің рөліне еніп, «Бақыт балалы үйге қонады» 
тақырыбында сұхбат жаздыру арқылы көкейкесті мәселелерді талдайды, оларға 
сыни көзқарас білдіреді. Мұндағы мақсат – оқушы санасына отбасылық 
құндылықтарды дарыту, болашаққа бейімдеу [2, 10-б.]. 
Сонымен қатар ауыз әдебиеті үлгілері мен әдеби шығармаларда бесікке 
салу, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойы, т.б. салт-дәстүрлер көрініс табады. 
Сабақ барысында бұлардың адам өміріндегі, бала тәрбиесіндегі маңызы ашып 
көрсетіледі, сын тұрғысынан ойлауды бағыттауға арналған түрлі тапсырмалар 
беріледі.
Жаһандану жағдайында саналы ұрпақ қалыптастырудың, бәсекеге 
қабілетті тұлға тәрбиелеудің, дамыған елдердің қатарына қосылудың бастауы 
ретінде халқымыздың рухани мұрасын тереңінен зерттеп, өскелең ұрпақ 
арасында насихаттау, әлемдік өркениет қатарына жеткізе білу – ұстаздар 
қауымына жүктелген зор міндет. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Негимов С. Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан/ Егемен 
Қазақстан. – 2018.- (№10. -16 қаңтар. – 9б.). 
2.
Төлепберген Б. Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры. – Алматы, 2011 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет