«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет146/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188
Байланысты:
материал пед

«Пайыздар» тақырыбын оқу (қайталау) кезінде: 
«Егер тауар бағасын алдымен 25% -ға арттырып, содан кейін оны 25% -ға 
төмендетсе, оның бағасы қалай өзгереді?»; «Тауарларды 1500 теңгеге сату 
кезінде 20% пайда түсті. Тауарлардың өзіндік құнын анықтаңыз»; 

«Геометриялық прогрессия» 
тақырыбын оқу кезінде: 
«Халық банк жыл сайын депозиттер бойынша 10% есептейді. Салымшы 
депозитке 150 мың теңге салды. Оның есепшотындағы салым сомасы екі 
жылдан кейін, 10 жылдан кейін қандай болады?»; «Банктер әртүрлі фирмаларға 
қалай несие береді және банк жүйесі фирмаларды несиелеу мүмкіндігін қалай 
арттыра алады?» деген сұрақтарды қарастыруға болады. 
Оқушылар геометриялық прогрессия мүшелерінің қосындысы, шексіз 
азаятын прогрессия және оның қосындысы сияқты пайдасыз болып көрінетін 
сұрақтардың терең экономикалық мәні бар екенін көреді. 
Математика сабақтарында оқушыларды экономикаға үлестерін қосатын 
есептермен таныстыру пайдалы: 

Елде жылына қанша миллион оқулық шығарылады; ол үшін қанша 
тонна қағаз қажет? 

Егер сабақта оқушылар төмендегілерді есептесе «тегін оқулықтар» 
ұғымы нақты болады: 
а) бір оқушы алған оқулықтардың құны; 
б) бір сынып оқушылары алған оқулықтардың құны; 
в) бүкіл тираждың құны. 

Егер бір сынып оқушылары оқулықтардың қызмет ету мерзімін 2 
жылға, 5 жылға ұзартса, қанша бюджет ақшасы үнемделеді? [5, 53-б.]. 
Экологиялық, өлкетану мазмұны бар қолданбалы тапсырмалар 
оқушыларға қызықты да пайдалы. Математиканың практикалық қолданысын 
ауылшаруашылық жұмыстарын жоспарлау туралы есептер арқылы көрсетуге 
болады. Сонымен қатар, ауа-райын болжау көптеген күрделі қиын 
математикалық есептеулерді қажет етеді. Күн сайын метеорологиялық 
орталықтарда деректерді өңдеу үшін шамамен 300 миллион есептеулер 
жасалады.
Мысалы: 
Қоршаған орта мазмұнындағы есеп
: «Бір тәулікте толық 
жабылмаған краннан 400 литр су босқа ағып тұрады. Осы краннан 30 күнде 
қанша литр су босқа ағып кетеді?» 
 «Геометриялық прогрессия» 
тақырыбын оқу кезінде ормандағы ағаш 
көлемін көбейту есептерін қарастыруға болады; 
«Көрсеткіштік функция»
тақырыбында келесі есепті шешуге болады: 
«Егер бір жылдық өсімдік 100 тұқым беріп, оның жартысы өсетін болса, онда 


357 
әр жыл сайын өсімдіктер саны 50 есе өседі. 
n
жылдардағы өсімдіктердің санын 
табыңыз. Уақыт қалай өзгереді? Өсімдіктердің саны ше?». 
Қорытындылай келе, білім беруде оқушының жалпы дамуына ерекше 
көңіл бөлінеді. «Тәрбие жұмысын бала үшін мүмкіндігінше қызықты етіп жасау 
бірақ түгелдей ойынға айналдырмау дидактиканың ең қиын және маңызды 
міндеттерінің бірі», - деп жазды К.Д. Ушинский. Өз жұмысымда осы бағытты 
жүзеге асыру үшін логикалық тапсырмалар, сандық ребустар, кроссвордтар, 
дидактикалық ойындар, шығармашылық жұмыстар қолданамын. Әрбір сабақ 
терең практикалық, кәсіби бағдарлы және басқа пәндермен байланысы нақты 
болуы керек. Күнделікті сабақта математика процесінде қалыптасқан ақыл-ой 
дағдыларының өмірде, түрлі кәсіптерде қажет дағдылармен байланысын ашып, 
нығайту қажет. Білім берудің практикалық бағытын жүзеге асырудағы 
жұмыстар өте байыпты жүргізілуі керек, себебі бұл оқушылардың танымдық 
белсенділіктерін дамытуға ықпал етеді, болашақ мамандықтарын таңдауға әсер 
етуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – 
Алматы, 2011.
2.
Журнал «Математика». – М: «Первое сентября», 2014-2015. 
3.
Дуйсебек А.Т., Туяков Е.А. Модернизация Казахстанского образования 
в контексте общечеловеческих, национальных и личностных приоритетов 
//Материалы 
международной 
научно-практической 
конференции 
«Образование: Традиции и инновации». – Прага, Чешская республика 
(27.12.2012г.).
4.
Садыков 
Т.С., 
Абылкасымова 
А.Е. 
Методология 
12-летнего 
образования. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003.
5.
Симонов А.С. Экономика на уроках математики. – М: Школа-Пресс, 
1999 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет