«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПЕДАГОГ ДАЯРЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет49/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   188
Байланысты:
материал пед

ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПЕДАГОГ ДАЯРЛЫҒЫ 
Канатбекова Гульнур Алтынбековна 
 
Қарағанды облысы Балқаш қаласы «Бауыржан Момышұлы атындағы 
жалпы білім беретін мектебі» КММ 
 
Аннотация. Бұл мақалада жаһандану кезіндегі болашақ педагогтың қандай 
болуы керектігі және білім беру процесіндегі алатын орны мен педагог 
біліктілігінің дамуына көмектеседі. Сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу 
қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім 
беру жүйесінің даму ерекшеліктерін қамтамасыз ету туралы іс-әрекеттер мен 
мысалдар көрсетілген. 
Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын 
талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі- ол рухани 
адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, 
рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі 
дамыту және өзін-өзі көрсету, ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін 
меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік 
құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ 
кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет: 
- Ол өз пәнін біліп қана қоймай, 
сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр 
қатысушының орнын көре білуі, оқушылар 
іс-әрекетін 
ұйымдастырып, 
оның 
нәтижелеріналдын ала байқап, мүмкін 
болатын жағдайда артта қалушылықты 
реттеуі; 
- оқушылардың негізгі құзырлығын 
қалыптастыруға дайындығы (құндылық-
бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, 
коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-
тұлғалық, құзырлық және т.б.); 

оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-
мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі. 
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғарғы оқу 
орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы 
үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның 
бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекеттін қалыптастыру шарт. 
Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде 


108 
қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-
әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады. Өз бетімен 
жұмыс істеу жас мамандарды тиянақтылыққа, төзімділікке, бастаған ісін 
жемісті аяқтауға тәрбиелесе, ал мен үшін мұғалім еңбегін бағалайтын ең жақсы 
көрсеткіштердің бірі. Мысалы жас мамандарды тәрбиелеуде жүргізілетін 
жұмыстарымның бірнеше түрлерін жұмыс барысында әр кезеңде 
ұйымдастырамын. Өз ұжымымның арасында «Жас және жаңадан келген 
ұстаздардың кәсіби бейімделуіне көмек» атты семинар – тенинг өткіздім. 
Семинарда жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды 
психологиялық ахуал қалыптастыра отырып, жас мамандардың кәсіби 
құлшынысын арттыру, жігерлендіру және бейімделуіне ықпал жасау еді. Бұл
семинар - тренинг жоспары бойынша ең алдымен танысу жаттығуы жүргізілді. 
Бұл жаттығуда мұғалімдер шеңбер құрып, өз – өздерін таныстырып, осы кезге 
дейінгі жұмысында болған қуанышты сәттерімен бөлісті. Келесі бөлімде «Сіз 
қандай жұмысшысыз?» деп аталатын проективті әдістеме жүргіздім. 
Мұғалімдердің арасында топқа бөліп «Мұғалімдерге арналған жағдаяттық 
сұрақтар» атты пікірталас алаңын өткіздім. 1-ші топқа Мұғалімдер бөлмесінде 
екі жас әріптес сөзге келісіп қалды оны үлкендер тоқтатуға да тырыспады
ренжіштің негізгі себебі берілген тапсырманы уақытылы орындамадыңыз деп 
тапсырма беруші маман ренжішін білдірген еді келесі жас маман оның бұл 
талапшылдығын түсінгісі келмей сен кімсің маған бұйрық беретін деген сөздер 
арқылы өз ренішін бастады. Тіпті бір –бірлерінің көңілдерін қалдыратын сөздер 
айтып жандарын жаралап үлгерді. Отырған үлкендердің сыйламай әбден 
ұрысты. Бұл түсініспестіктің арты немен аяқталады. Қандай ұсыны кеңес 
берген болар едіңіздер? 2-ші топқа Екі сынып жетекші арасында үнемі 
бәсекелестік байқалады. Үнемі екі сынып жетекшіде өз сыныптарының 
жетістіктерін айтып мақтанып отырады. Қандай шара болмасын менің 
сыныбым ана сыныптан озуы тиіс деген қағиданы ұсынады. Бірінің сыныбы 
үздік шығып шын марапатқа лайық болса екінші сынып жетекші оны көре 
алмай ашуға бой беріп келесі сынып жетекшінің еңбегін жоққа шығарады. Бұл 
бәсекелестікті қалай тоқтатуға болады. Қандай ұсыныс кеңес берер едіңіздер? 
деген ситуациялық сұрақтарды шешуге пікірталас жүргізілді. 
Психологиялық бейімделу- педагогикалық үрдісте субъектілердің 
психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу-
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. 
Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағыттарына 
инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның 
нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты,қарым-қатынасы, түрткісі және 
қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол 
себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-
әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер: 
- Болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлде 
және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі 


109 
бағалау, эмоционалды көңіл күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, 
дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.) 
- жалпы мәдени –интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, 
қабылдау, елестету, көңіл бөлу) 
- жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті 
еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің 
маңыздылығын түсінуі.[2] 
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып 
қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу 
ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз 
білімін үнемі жетілдіріп отыруға талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңгі жас 
ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және 
жақсы тәрбие алған шәкіртінде. 
Қорыта келгенде егеменді еліміздің өркениет деңгейіне жеткізетін білімді 
ұрпақты қалыптастыруда мемлекеттік стандартты бағдарламаны басшылыққа 
ала отырып, әр сабақты мазмұнды өткізілуіне аса көңіл бөлінуі үшін қандай 
технологиямен жұмыс істеп, қандай оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің өз 
еркінде. Маңыздысы – жас ұрпақты жан-жақты оқыту болып табылады. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
Қазақстан мектебі журналы №6 2009ж 
2.
К.Өстеміров Еңбекке баулу. Алматы.Атамұра 2000ж.157б. 
3.
М.Жұмабаев Педагогика Алматы. Ана тілі,1992ж 147б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет