555 әдісі арқылы қорытынды жасалынды.
Мұнда оқушылар өткен тақырып бойынша түйінді идеяларды жазады.
Мұндағы бірінші 5-топ саны, екіншісі 5- идеялар саны, үшіншісі 5 уақыт.
Сондықтан топ санына байланысты 555 деп (т.б.) өзгертуге болады, яғни 5 топ
5минут ішінде 5 тақырыптың түйінін жазу керек. Бұл әдіс арқылы
оқушылардың білім, білік, дағдыларын көруге болады уақытқа жұмыс жасап
дағдыланады сонымен бірге өз ойларын еркін жеткізе отырып айтылым
дағдылары қалыптасады.
«Бір қадам кері» және «555 әдісі» әдістері оқушылардың болашақта тіл
мамандығын таңдау барысында ұшқыр ой мен терең білімді игеруге септігін
тигізеді.
Ұстаз білімді және шебер болса кез - келген әдіс тәсіл оқушының білім
денгейін дамытуда өте тиімді болады.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы мұғалімдер үшін ең маңызды
болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға
оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі
ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды
орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI
ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Олай болса жаратылыстану
пәндерінде STEM білім беруді қолдану оқушылардың ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығын дамытуда ерекше орын алады.
Қолданылған әдебиеттер: 1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындығы дамудың жаңа
мүмкіндіктері» Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2018[1]
2.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы [2]
3. STEM білімді енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017.[3]
4.
Ахмет
Байтұрсыновтың
мұраларының
ғылыми-педагогикалық
негіздері.Stud.kz [4]
5. .
Виртуальные лаборатории – Учителю биологии
biologys.ru
›
topics/полезные-ссылки/virtualnye…
[
5]