63
1. Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң
жәнекарбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді,
механикалық
құрамы
ауыр
әрі
өзі
құрғақ
болады.
Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.
2. Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен
орналасқан.Сортаңдау
және
механикалық
құрамы
ауыр
балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық
шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауыл
шаруашылығына пайдалануға болады.
3. Тығыздау топырақ жердің иллювиальді қабатында
кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай -ақ
батыруға болады.
4. Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта бо лады. Өйткені
мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты
құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп
болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мәдени
өсімдіктер жақсы өседі.
5. Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды
жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін
арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.
Топыраққа морфологиялық сипаттама бергенде алдымен
оның механикалық құрамын анықтайды. Ол үшін топырақты
үгітіп суға илеп, иіріп, сақина сияқты дөңгелек жасайды. Иір ілу
деңгейі
топырақтың
ішіндегі
бөлшектердің
құрамына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: