Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет37/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104
Топырақтағы ылғал режимі оған түсетін ылғалмен 
одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады.
Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар); б) 
еріген қар суы; в) будан түсетін ылғал; г) жерасты ыза суынан 
көтерілетін ылғалдар. 
Шығын болатын ылғалдар: а) булану; б) топыраққа 
сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып 
транспирацияланатын ылғалдар; г) өсімдіктердің жа пырақтары 
мен бұтақтарында қалатын ылғалдар. Түсетін ылғал мен шығын 
ылғалдың арақатынасы әр түрлі топырақтардың ылғалдану 
коэффициентін анықтайды. 
Табиғаттың салқын-орманды, жылы-субтропикалық, 
тропикалық зоналарында түсетін ылғал мол, шығын аз болып 
топырақтарда шайылу ылғал режимі бой көрсетеді. Ал орталық 
қоңыр салқын зоналарда ылғалдану коэффициенті шамамен 1 -ге 
тең, сулану мен булану тепе-теңге жуық. Табиғаттың басым 


70 
аймақтарында ауадан түсетін ылғалдар, топырақтан шығын 
болатын ылғалдар мүмкіндігіне қарағанда анағұрлым аз. Бұл 
аймақтарда (құрғақ дала, шөл-дала, шөл) негізінен ылғалдың 
булану режимі өріс алады. Ал игерілген жерлерде ылғал 
режимін адам өз мұқтаждығына ыңғайлап, кей жерлерді қолдан 
құрғату, ал көп жерлерде, су көздері табылған жағдайларда 
топырақтың ылғал режимін суару арқылы өзгертеді. 
Топырақтың жылулық режимі. Топырақтардың дамуы 
мен өсімдіктердің өмірі үшін жылу керек. Топырақтың 
жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ 
жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер 
тамыры өсе бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялық және 
химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды 
негізінен күн сәулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы 
қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан да, сонымен бірге 
топырақтағы 
микробиологиялық 
процестерден, 
тірі 
жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар 
қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір 
заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға 
айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен топырақтағы 
жылу режимі - жылудың күн сәулесінің топыраққа түсіп, оның 
қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан ауаға 
оралу процесі. 
Топырақтың жылулығы топырақтың температурасымен 
белгіленеді. 
Температура 
тәуліктік, 
апталық, 
айлық, 
маусымдық және жылдық көрсеткіштермен ажыратылады. 
Топырақтың жылулық режиміне ауа райы, өсімдік, жер 
бедері, қар жамылғысы, топырақтың механикалық құрамы, 
ылғалдылық пен түсі әсер етеді. Әр түрлі топырақ күн
сәулесінен әр түрлі қызады. Ашық түсті топырақтарға 
қарағанда, қара шіріндіге бай қара топырақ пен қара қоңыр 
топырақ анағұрлым тез жылынады. Ал құмдақ топырақтарда 
балшықты топырақтарға қарағанда тез жылынады. Дегенмен ол 
топырақтар 
тез 
арада 
суиды. 
Ылғал 
топырақтармен 
салыстырғанда құрғақ топырақтар тез жылынады. Ылғал 
топырақтар баяу жылынады, өйткені ондағы суды жылытып, 
буландыру үшін көп жылу жұмсалады. Құм топырақтар саз 
топырақтардан құрғақтау болғандықтан, анағұрлым тезірек 
жылынады. Топырақтың жылулығына оның орналасқан жері де 
әсер етеді. Мысалы оңтүстік баурайдағы топырақтар, солтүстік 
жағымен салыстырғанда жақсырақ жылынады. 


71 
Топыраққа берілген жылу оның бөлшектерімен, су және 
ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақтың қатты 
бөлшектері, су жылуды жақсы өткізеді. Ал ауа жылуды нашар 
өткізеді. 
Түнде топырақ бетінен бастап салқындайды, ал күндізгі 
жылу толқыны тереңірек қабатқа өтеді. Жылудың толқындары 
осылайша күнбе-күн тереңірек қабаттарға өтіп отырады. 
Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып, біресе суықтан 
кішірейіп отырады. Бұл олардың тез және толық үгілуіне 
көмектеседі. 
Топырақтағы 
өсімдіктермен 
бірге 
тірі 
жәндіктердің дамуы үшін жылы топырақ қолайлы.
Қыста топырақты қар басып, ондағы су қатқан кезде 
және жылу толқындарының орнын суық толқындар басқанда 
топырақтағы өмір едәуір бәсеңдейді. 
Топырақтың 
жоғарғы 
сипатталған 
физикалық 
қасиеттерінен басқа кейбір топырақтарға тән және оның 
құнарлылығына едәуір нұқсан келтіретін жағдайлар да болады. 
Мысалы, топырақтардың сортаң немесе сорланған болып 
келетін жағдайлары. Мұндай топырақтар оңтүстік және кейбір 
солтүстік зоналарда кездеседі. Ол топырақтарды тиімді 
пайдалану үшін оларды алдын-ала мелиорациялау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет