Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет36/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104
Биологиялық қосындылар
1. Капролиттер - жаңбыр құрттарының іштерінен 
шығады. 
2. Көр тышқандардың жүрген жолдары. 
3. Үлкен ағаштардың тамырлары. 
4. Құрттардың топырақтағы іздері. 
Осы 
айтылған 
қосындылардың 
құрамы, 
түрлері 
топырақтың түзілу құбылысына байланысты. Сондықтан да 
осылар арқылы топырақтың типтері, оның агрономиялық 
құндылығы туралы айтуға болады. 
Тағы бір морфологиялық сипаттамаға қатысы бар нәрсе 
- ол топырақтың НСІ тамызғанда болатын реакцияның 
белсенділігі. Бұл реакция топырақта карбонаттардың бар 
немесе жоқ екенін көрсетеді. 
CaCO
3
+2HCІ=CaCl
2
+H
2
O+CO
2
CO
2
қайнап 
шығады, 
соның 
деңгейіне 
қарап, 
карбонаттардың бары-жоғын, мөлшерін айтуға болады. 
2.2. Топырақтың физикалық қасиеттері 
Топырақтың 
физикалық 
қасиеттеріне 
оның 
құнарлылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер: топырақ 
бөлшектерінің құрылымы, су - ауа режимі, жылылық, меншікті 
және көлемдік салмағы, сонымен қатар өндірістік құрылыс жол 


65 
салуға топырақтың қаттылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы 
сияқты қасиеттері жатады. 
Топырақ бөлшектерінің құрылымы. Топырақ үгілу 
нәтижесінен 
пайда 
болғаны 
әр 
түрлі 
механикалық 
бөлшектерден тұратыны жайында жоғарыда айтылды. Осы 
механикалық бөлшектер топырақ түзілу және оның әрі қарай 
даму процестерінде топырақ шіріндісі, өсімдік тамырлары, 
топырақтағы 
жәндіктер 
әрекеттері 
арқылы 
бір-біріне 
желімденіп, жабысып, әр түрлі топырақ түйіртпектерін - 
агрегаттарын құрады. Топырақ құрылымы (структурасы) 
дегеніміз осы. Топырақ құрылымы - оның су - ауа алмасуына 
т.б. көптеген физикалық қасиеттеріне әсер етіп, оның 
құнарлылығына өте үлкен септігін тигізеді. Топырақ құрылымы 
төмендегідей болады: 
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ. 
2. Құрылымы майда түйіртпекті, оқ дәрісіндей, мөлшері 
0,5-1 мм. 
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5 мм. 
4. Жаңғақты құрылым, бөлшектері 5- 10 мм. 
5. Майда кесекті құрылым, 10 мм-ден ірі 
6. Ірі кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі 
бірнеше см-ге жетеді.
(10 суретте негізгі топырақ құрылымдары көрсетілген) 
Сонымен шамалы ылғалданбаған топырақтар өздері 
орналасқан табиғи жағдайларына қарай осы көрсетілген 
құрылымдардың біреуіне ыңғайлана бастайды. Игерілген 
жерлерде топырақ құрылымы адам әрекетіне, яғни өңделу, 
қандай 
егістіктерге 
пайдалану 
жағдайларына 
тікелей 
байланысты. Топырақ құнарлылығына, ондағы ылғал - ауа 
режиміне майда-түйіртпекті, дәнді-түйіртпекті құрылым жақсы 
әсер етеді. Топырақтардың мұндай құрылымдары қара 
шіріндісіне бай топырақ. Топырақ сіңіру кешені (комплексі) 
негізінен кальций катионына қаныққан қара топырақ пен қара 
қоңыр топыраққа тән. Ал топырақ сіңіру кешені натрий 
катионына қаныққан сортаң топырақ қара шіріндісі аз, құрғақ 
және шөлейтті топыраққа тән. Топырақ құрылымы оның 
құнарлылығының бір шарты болғандықтан, игерілген жерлерде 
оны қолдан жасау шаралары да қарастырылады. Мәселен, 
академик Р.В.Вильямс топырақ құрылымын жақсарту үшін 
егіншіліктің шөптанапты жүйесін енгізді. Бұл әдіс еліміздің 
көптеген жерлерінде қолдау тапты. Оның мәні былай: егісті 


66 
жерлерге шөптанапты емес бір дақылды жылма-жыл егіп, оны 
өңдеген кездерде, топырақтың құрылымы бұзылып, егістік 
өнімі кемиді. Мұны болдырмас үшін негізгі дақылды міндетті 
түрде шөптанапты егістіктермен ауыстырып, кезектестіріп егу 
қажеттігін (мәселен, шөптанапты егістіктер үшін, бұршақ 
тұқымды дақылдар мен дәнді шөптерді араластырып егуді) 
ұсынды. Сонда топырақтың әрі құрылымы жақсарып, оның 
құрамына азот көп жиналады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 сурет. 
Топырақтардың негізгі құрылымдық бөліктері


67 
1-тип: 1-ірі кесекті, 2-орташа кесекті, 3-кіші кесекті, 4- шаң-
тозаңды, 5 – ірі жаңғақты, 6 –жаңғақты, 7 – кіші жаңғақты, 
8 – ірі дәнді, 9 – дәнді-түйіртпекті, 10- борпылдақ 
П-тип: 11- бағаналы, 12 – бағана тәрізді, 13 – ірі призмалық, 
14 –призмалық, 15 – кіші призмалық, 16 – жұқа призмалық 
Ш-тип: 17 – тақта тасты, 18 - қатпарлы, 19 – жапырақты, 
20 – қабырщшықты, 21 – майда қабыршықты


68 
Топырақ құнарына және ондағы болатын процестерге 
топырақтың құрылымы мен оның физикалық қасиеттерінің 
әсері көп. Топырақтың үйлесімді су-ауа режимі де, оның көп 
физикалық қасиеттеріне тікелей байланысты. Топырақта 
қоректік заттар жеткілікті болғанымен, онда ауа немесе су 
тапшы болса, өсімдіктердің нашар өсетіні, ал кейде тіршілігінің 
тіптен тежелетіні мәлім. Топырақта ауаның және судың 
үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дәрежесімен 
анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне қарай әр түрлі 
болады. Адамдар топырақтың кеуектілігін жасау үшін оны 
қолдан 
өңдейді. 
Топырақтың 
қопсыған, 
жыртылған 
қабатындағы топырақта, оның жартысына дейіні кеуектер 
болады да, қалғаны топырақтың қатты бөлігінің үлесіне тиеді. 
Шымтезекті топырақтарда кеуектілік одан да артық, ал құм 
топырақтарда 30-40%-дай болады. Өсімдіктер тамырлары 
кеуекті топырақтарда жақсы өсіп, оңай таралады.
Топырақтың кеуектілігі оның көлем салмағына, яғни 
тығыздылығына және топырақтың меншікті салмағына тікелей 
байланысты. Топырақтың көлем салмағы деп оның табиғи 
күйіндегі ылғал мен ауаны қоса есептегенде 1 см
3
көлемдегі 
салмағы грамм есебімен өлшенетін шаманы айтады. Ал 
топырақтың меншікті салмағы, яғни оның қатты фазасының 1 
см
3
көлемдегі салмағы - грамм есебімен алынады. Топырақтың 
қатты фазасының салмағы сол көлемдегі су салмағының 
қатынасымен 
салыстыру 
арқылы 
анықталады. 
Әдетте, 
топырақтар өздерінің құрамына қарай, олардың көлем 
салмақтары 1-1,6 г/см
3
-ге дейін, ал меншікті салмағы 2,4 -2,8 
г/см
3
болып кездеседі. Міне осы мәліметтер арқылы 
топырақтардың кеуектілігі (Р, %) де анықталады. Ол үшін 
төмендегі формула қолданылады: 
P= (1- v/d) 
х
100 
v - көлемдік салмағы, г/см
3
, d - сыбағалы салмағы, г/см
3

Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектілігіне 
тікелей 
байланысты. 
Құрылымы 
(структурасы) 
жақсы 
топырақтарға су оңай сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. 
Мұндай топырақтарда сумен қатар жеткілікті мөлшерде ауа да 
сақталады. Сондықтан да бұл топырақтарда судың булануы 
төмендейді де, топырақ сіңірген ылғал ысырап болмай біраз 
уақытқа шейін дұрыс сақталады. 


69 
Топырақтың суды өз денесіне сіңіріп, ұстап қалу 
қасиетін оның су сыйымдылығы деп атайды. Әр түрлі 
топырақтың су сыйымдылығы әр түрлі болады.
Топырақтың су сыйымдылығына оның кеуектілгімен 
қатар механикалық құрамы, топырақтағы қара шіріктің мөлшері 
де әсер етеді. Мысалы, қара шірікке бай 100 грамм балшықты 
топырақ 50 грамдай суды бойына ұстаса, 100 грамм құмдақ 
топырақ не бары 5-25 грамм суды ғана ұстай алады. Ал 
органикалық заттарға өте бай шымтезекті топырақтардың 100 
граммы өзінен екі-үш есе артық көлемдегі суды сіңіре алады.
Топырақтың дұрыс құрылымы бұзылып, қажетті 
кеуектілігі сақталмаған жағдайда топырақ нығыздалып, ондағы 
қылтүтіктер бір-бірімен жалғасып, топырақ ішіндегі сулар осы 
қылтүтіктер арқылы тез буланып кетеді. Мұны болдырмас үшін 
топырақты дер кезінде өңдеп тұру қажет. Ал суармалы 
жерлерде топырақты суару шаралары қалай болса да солай 
жүргізілмей, мұнда оның су сыйымдылығы, су өткізгіштігі т.б. 
сияқты қасиеттері ескеріледі. 
Топырақтың 
суды 
көтергіш 
қасиеті 
де 
оның 
механикалық құрамына тікелей байланысты. Мәселен, құрамы 
ірі құмдақ топырақтар жерасты ыза суларынан ылғалды не бары 
50-60 см-ге ғана көтереді. Ал механикалық құрамы ауыр лау саз 
балшықты топырақтар өздерінің майда қылтүтіктері арқылы 
жерасты ыза суларының ылғалын 3-3,5 метрге шейін көтере 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет