Жамалбеков Е.Ү


 Топырақ сапалылығы (бонитировкасы) және жерді



Pdf көрінісі
бет47/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
2.7. Топырақ сапалылығы (бонитировкасы) және жерді 
бағалау. 
Жер кадастры 
Топырақ сапалылығы, яғни бонитивровкасы деген ұғым 
латынша 
bonіtas- 
деген 
сөзден 
шыққан. 
Топырақтың 
сапалылығын 
бағалау дегеніміз 
-топырақтың 
мүмкіндік
(потенциалды) құнарлылығын, өнім беру қасиетін, табиғи 
немесе мәдениеттелген фитоценоздармен салыстыра бағалау.. 
Топырақтың 
бонитировкасы 
топырақтың 
іс 
жүзінде 
қолданылатын ауылшаруашылық ерекшеліктеріне, құнарлығына 
қарап 
дәрежеленуі 
деп 
қарастыруға 
болады. 
Топырақ 
сапасының 
көрсеткіші 

бонитет, 
ол 
балл 
бойынша 
сипатталады. Ең жақсы топырақтың балын 100-ге теңеп, 
басқаларын сонымен салыстырады. (Гаврилюк Ф.Я., 1970)


88 
Бонитировка 
жұмысын 
жасағанда 
топырақтың 
обьективті көрсеткіштерін, қасиеттерін, оның көп жылғы 
өнімдерін ескереді. Бұл жұмыс ТМД елдерінде ертеден 
басталған. XV, XVІ, XVІІІ ғасырларда алғашқы жерді бағалау 
жұмыстары жүргізілген. Онда жыртылған, шалғынды, орманды, 
батпақты жерлер есептелген. Әсіресе жыртылып егістікке 
пайдаланған жерлерге көп көңіл бөлінген. Олар сапасы 
бойынша 4 категорияға: «жақсың, «ортаң, «арықң, «орташа 
арықң деп бөлінген. Одан кейінгі жылдары меншікті мүліктерді 
есептейтін 
министрліктердің 
жанынан 
арнайы 
жерді 
бағалайтын комиссиялар құрылды. Олар кадастрлық жұмыстар 
жүргізді (саdаstr франц. - есеп, салық үшін жер бағасын
есептеу). 
Бонитировка және жерді экономикалық бағалау деген 
осы Жер кадастрының бөліктері. Бонитировка деген ұғымға 
қарағанда жерді экономикалық бағалау деген түсінік тереңдеу. 
Ол топырақтардың тек сапасын (бонитет) ғана емес, топырақ 
жамылғысының экономикалық құндылығын бағалайды. Ал 
жерді экономикалық бағалау кезінде тек қана бір 
территорияның топырағы ғана емес, оған қосымша барлық 
географиялық кеңістікті (экономикалық аспектісі) көлемі, жол 
аралығы, еңбек қорларымен қамтамасыз етілуі, өндірген 
тауарлардың 
тұтынушыларға 
алыс-жақындығы, 
аумақтың 
экологиясы т.б. қарастырылады. 
В.В.Докучаев кезінде осы кадастр комиссияларының 
жұмыстарын жоғары бағалаған. Олар Ресей топырақтары 
туралы көптеген мәліметтер жинаған. Осы Жер кадастрының 
дамуының арқасында топырақтанудың географиясы мен 
картографиясы деген саласы туды. 
Топырақты бағалаудың жаңа жүйесін Х1Х ғасырдың аяқ 
кезінде В.В.Докучаев енгізді. Ол негізінен топырақтардың 
табиғи қасиеттерін назарға алды. Жерді бағалау жұмыстарын 
бір-бірімен байланысты екі бағытқа бөлді: 1) топырақтардың 
табиғи 
мүмкіншілігін 
зерттеу; 
2) 
топырақтардың 
ауылшаруашылық-экономикалық жағдайларын зерттеу. 
В.В.Докучаев 
бағалауы 
бойынша 
топырақ 
бонитировкасында топырақтың құнарлылығына әсер ететін 
мына қасиеттер ескерілуі керек: 
1) морфологиялық, гумус қабаттарының қалыңдығы, 
гумус мөлшері, аналық тау жынысы т.б.; 
2) химиялық қасиеттері; 


89 
3) топырақтың сіңіру қасиеті; 
4) физикалық қасиеттері. 
Осы 
барлық 
қасиеттер 
өзара 
қаратопырақта 
жинастырылып, оның балын 100-ге теңеп, есептеп, басқа да 
топырақтардың балдарын осымен салыстырып анықтауға 
мүмкіндік береді. Осы келтірілген төрт көрсеткіштен шыққан 
орта балл есебі топырақтың бонитировкасының бағасы болып 
саналады. Осындай жолмен есептелген балл көрсеткіштері көп 
жағдайларда топырақтың өнімділігінің көрсеткіштеріне сәйкес 
келеді. Кеңестік заман кезінде Жерге деген жекеменшік 
жойылып, ол бүкілхалықтық, мемлекет меншігіне айналған 
болатын. Сондықтан жерді сатуға, сатып алуға болмайтын. Осы 
себептерден ҚСРО да жерді бағалау жұмыстары көп жылдарға 
тоқталып, тек 1950 жылдардың аяғымен 1960 жылдардың 
басында қолға алынды. 
Бұрынғы Кеңес Одағында Жер кадастры мынадай сызба -
нұсқамен кескінделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет