Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
2.6. Топырақтың құнарлылығы 


82 
Топырақтың басқа табиғи денелерден ерекшелігі - оның 
құнарлылығы. Құнарлылық деген топырақтың өсімдіктерді 
өніп-өсуіне қажетті қоректі элементтермен және сумен 
қамтамасыз ету қасиеті. Жер бетінде адамның, өсімдік пен 
жануарлардың өмір сүруі топырақтың осы қасиетімен тікелей 
байланысты. 
Көне 
дәуірлердің 
өзінде 
топырақтың 
құнарлылығын отпен, күнмен, сумен теңеп, оған табынған 
болатын. Көне Египетте құнарлылықтың патшасы болып Изида, 
ал Римде - Прозерпина саналған. Біздің дәуірге дейінгі ІV 
ғасырда Қытайда топырақтарды "ақ", "көк", "сар"ң деп, 
олардың құнарлылығын "аз", "көп", "орта" деп бөлді. Грек 
философтары Аристотель, Феофраст, Лукреций, Вергилий, 
Колумелла, Плиний т.б. топырақ құнарлылығы туралы өз 
трактаттарында жазған. Сол кезден топырақ құнарлылығының 
көздері туралы ойланып, топырақ неге тозады, қалай оны дұрыс 
пайдалануға болады деген ойлар туа бастады. Феодализм мен 
капитализм кезеңінде әр түрлі топырақтар, құнарлылығына 
қарай бағаланып, сол бойынша салық салу жолдары 
іздестірілді. XVІІІ-XІX ғасырларда топырақ құнарлылығына 
социолог және экономист ғалымдар да назар аудара бастады.
Топырақ туралы мәліметтер жиналып, табиғат зерттеу 
ғылымдары дами бастағаннан соң, топырақ құнарлылығына да 
көзқарастар өзгере бастады. Ерте кезеңдерде топырақ 
құнарлылығының кему себебі оның ішіндегі «майларң, 
«тұздарң тағы басқалардың азаюына байланысты деп есептелді, 
кейінірек құнарлылықтың себептері "су", "қарашірінд"ң, 
"минералды элементтер" деп саналды. Содан кейін ғана 
құнарлылықты 
топырақтың 
барлық 
қасиеттерімен 
байланыстыра бастады. Осы көзқарастармен бірге, топырақ 
құнарлылығы деген түсініктер де өзгерді. Гумус теориясы 
дамыған кезде А.Тэер (1830) топырақтың құнарлылығы - 
топырақтың өсімдіктерін қара шіріндімен қамтамасыз ету, ал 
Либих (1840) барлық минералдық элементтермен қамтамасыз 
ету деген пікірді айтты. 
Осы 
заманның 
ғылыми 
әдебиеттерінде 
топырақ 
құнарлылығы жөнінде академик В.Р.Вильямстің (1936 ж.) 
анықтамасы жазылған. Оның айтуынша, топырақ құнарлылығы 
дегеніміз - топырақтың өсімдіктерді бір мезгілде үздіксіз сумен 
және қоректену элементтермен қамтамасыз етуі.
Қазіргі кезде топырақ құнарлылығы кең ауқымды 
түсінік. Мысалы, борпылдақ тау жыныстарында да ылғал және 


83 
өсімдіктердің қоректік элементтері бар, бірақ жалаңаш тау 
жыныстарына өсімдіктердің тұқымын сепсе, ол өспейді. Тек 
судың өзіне отырғызсақ та солай болады, тұқымдар 
көгергенмен өсімдік шықпайды. 
Өсімдіктерге ылғал мен тамыр арқылы берілетін 
қоректік элементтерден басқа жарық, жылу, оттегі қажет, ал 
оның көк бөлімдеріне көміртегі керек. 
Топырақ - әрі тірі, әрі өлі дене. Оның құрамында, 
жоғарыда айтылғандай, көптеген тірі микроорганизмдер бар. 
Олар құнарлықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Күн 
сәулесі топырақтың жылулық режимін анықтайды, бұл да 
топыраққа құнарлылық туғызатын элементтердің бірі, өйткені 
ол 
ылғалдың 
булануына 
барлық 
физикалық-химиялық 
процестерге молекулярлық деңгейде әсер етеді. Топырақтағы 
фотохимиялық 
реакциялардың 
пайда 
болуы 
оларды ң 
белсенділігіне әсер ететін күн сәулесіне байланысты.
Сонымен топырақ аналық организм сияқты күннің 
энергиясын, 
қоршаған 
ортаның 
қоректік 
заттары 
мен 
элементтерін пайдаланып, оларды күрделі биофизикалық -
химиялық процестер нәтижесінде ыдыратып, өсімдіктерді 
барлық қажеттілігімен қамтамасыз етеді. Осыған орай 
топырақтың құнарлылығы - топырақтың өсімдіктердің өніп-
өсуіне 
керекті 
жағдай 
туғызу 
қасиеті. 
Топырақтың 
құнарлылығының негізі - өсімдіктің күн сәулесінен өтетін 
фотосинтез арқылы органикалық заттардың синтездеуі деген 
сөз. 
Топырақ құнарлылығының мынандай категориялары 
болады: 1) табиғи құнарлылық; 2) жасанды немесе эффективті; 
3) экономикалық. Бұл түсініктерді өз мағыналарына сәйкес 
ұғыну қажет. Табиғи құнарлылық табиғи күйіндегі ешқандай 
адам 
әрекетін 
қажет 
етпейтін 
құнарлылық. 
Жасанды 
құнарлылық 
негізінен 
адам 
әректінің 
нәтижесінде 
(мелиорациялау, тыңайту т.б.) пайда болған құнарлылық. Ал 
экономикалық құнарлылық жерден алынған өнімді бағалау.
Сонымен топырақ құнары дегеніміз оның өзінде өсетін 
өсімдіктерді бүкіл өсу, даму кезеңдерінде барлық қажетті 
қоректік заттармен, ылғал, күн сәулесі және ауамен қамтамасыз 
етуі. Жоғарыда топырақтың құнарына әсер ететін көптеген 
топырақ қасиеттеріне сипаттама бердік. Топырақтардың ол 
қасиеттерін төменгі топтарға ажыратуға болады: 


84 
1. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне: оның суға 
төзгіш құрылымы, ауа өткізгіш кеуектілігі, ылғалды жақсы 
сіңіріп, оны ұстап тұру, оңай өңдеуге болатын жақсы 
физикалық-механикалық қасиеттері жатады. 
2.Топырақтардың химиялық және физико -химиялық 
қасиеттеріне: топырақта қара шіріндінің молдығы, өсімдіктерге 
сіңімді азот, фосфор, калий және микроэлементтердің неғұрлым 
жеткілікті болуы, топырақ ортасы реакциясының ыңғайлылығы, 
топырақ сіңіру кешенінің кальций катионына қанық болуы, 
топырақтың 
ауамен 
қамтамасыз 
етіліп, 
оның 
тотығу-
тотықсыздану мүмкіндігінің мол болуы, зиянды суға еритін 
тұздардың неғұрлым аз болуы немесе болмауы жатады.
3.Топырақтың 
биологиялық 
қасиеттеріне:: 
микробиологиялық 
белсенділіктің 
жоғарылығы 
негізінен 
бактериялардың басым, сонымен қатар ауадан азот жинаушы 
микроорганизмдердің, биологиялық белсенді ферменттерді 
шығаратын микроорганизмдердің, топырақ құрылымына және 
оны қопсытуға әсер ететін төменгі сатылы жәндіктердің болуы.
4. 
Бүкіл 
өсімдіктердің 
өсіп-өнуі 
мезгілінде 
гидротермикалық режимнің болуы, яғни өсімдіктерді қажетті 
ылғал мен жылумен қамтамасыз ету. 
Осы 
көрсеткіштерінің 
қосындысы 
топырақтың 
құнарлылығын 
анықтайды. 
Көп 
жағдайларда 
топырақ 
құнарлылығы табиғи жағдайдың өзінде-ақ қамтамасыз етілген. 
Алайда топырақтардың әр түрлі табиғи зоналарда орналасуына 
қарай олардың жоғарыда келтірілген топырақ құнарына әсер 
ететін қасиеттері әр түрлі. Мәселен, бір зоналарда ылғал 
жетіспейтін болса, керісінше, кейбір зоналарда күн сәулесі 
жетіспейді. Ал кейбір зоналарда топырақ құрамында зиянды 
тұздар қосындысы тым мол. Осы жағдайларға байланысты әр 
түрлі табиғи зоналарда топырақ құнарлылығының әр түрлілігі 
заңды 
құбылыс. 
Табиғи 
күйінде 
кейбір 
топырақтар 
құнарлылығының өте жоғарылығымен көзге түседі. Мұндай 
топырақтар қатарына В.В.Докучаев «топырақ патшасың деп 
атаған 
қаратопырақтар 
жатады. 
Топырақтың 
табиғи 
құнарлылығының өлшеміне: оның биологиялық өнімділігінің 
деңгейі, яғни белгілі бір өлшемдегі жерден алынған өсімдіктер 
өнімі, көлемі есептелінеді. Бұл көрсеткіштер өсімдіктердің ә р 
түрлі табиғи жағдайларда өніп-өсуіне байланысты әр түрлі. 
Олардың өнімдері гектарына бірнеше ондаған центнерден 
бастап бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған центнерлерге жетеді.


85 
Бұл өнім топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік 
құнарлылығы жағдайында алынған өнімдер. Топырақтың 
табиғи күйіндегі құнарлылығымен қатар оның тиімділік немесе 
экономикалық құнарлығы болады. Топырақ құнарлылығы адам 
қоғамының белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. 
Адам қоғамының топырақты егістікке пайдалануы бірнеше 
ғасырларға созылып келеді. Егіншілік өнімін арттыру 
мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, әр түрлі 
жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті 
қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту - адам қоғамының 
ғасырлар бойы келе жатқан іс-әрекеттері. Игерілген топырақтар 
бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоғамының 
өндіргіш күші арқылы өзгерген денеге айналады. Осыған 
байланысты топырақтардың табиғи құнарлылығы деген түсінік 
орнына енді адам әрекетіне байланысты өзгерген тиімділік 
немесе экономикалық құнарлылық түсінігі пайда болады. 
Адам қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде қоғамның 
табиғи-тарихи 
әлеуметтік 
жағдайларында 
пайда 
болған 
топырақтың тиімділік құнарлылығы дәрежесі қоғамның 
дамуының өндірістік күштері мен оның өндірістік қатынастар 
дәрежесіне тікелей байланысты. Бұл салада адам қоғамының 
алғашқы дамыған қарапайым тіршіліктерінен бастап, қазіргі 
ғылыми-техникалық прогреске жеткенше қаншама кезеңдер 
өткені белгілі. Бұл уақыттар ішінде топырақты егіншілікке 
пайдалану жүйелері де қоғамның даму құбылыстарына сай, 
агрономия ғылымының бірте-бірте өрістеуіне жетеді. Алғашқы 
кезеңдерде, адам қоғамы топырақты тек өңдеу арқылы оның 
табиғи құнарын пайдаланып, бір жерлердің құнары азайса, оны 
тастап, басқа жерлерді игерді. Дегенмен келе -келе бұл 
жағдайлардың тиімсіз екендігін түсінген адам қоғамы, өңдеген 
жерлерді оларға әр түрлі минералдық және органикалық 
тыңайтқыштар енгізу арқылы тұрақты пайдалану мүмкіндігін 
түсінді. Бұл салада әлемде агрохимия деген ғылым пайда 
болып, оның дамығанына да ғасырлар өтті.
Адам қоғамы дамып, халық санының әлемде өсуі 
топырақты тиімді пайдаланудың басқа жолдарын қарастыруға 
мәжбүр етті. Осы бағытта топырақты тек қоректік заттармен 
(минералды және органикалық тыңайтқыштар) қамтамасыз 
етумен қатар олардың топырақ құнарының бір негізі - ылғал 
режимін реттеу жолын іздестіруге келтірді. Бұл салада құрғақ 
және шөлді топырақтарды қолдан суару әдістері қолданылса, 


86 
ылғалы мол батпақты топырақтарды қолдан құрғату жолдары 
жүзеге асырылуда. Жалпы бұл бағыттағы іс-әрекеттерді су 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет