Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет43/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Калий-40 
және 
рубидий-87 

топырақтың 
радиоактивтігіне үлкен (50%- дейін) үлес қосатын және ұзақ 
уақыт өмір сүретін изотоптар. Топырақтағы жалпы калийдің 
мөлшері белгілі болса, 
4 0
К мөлшерін анықтауға болады. (
40
К - 
жалпы калийдің 0,0118% құрайды). Бұл барлық табиғи 
радиоактивтің ішінде кең тараған изотоп. Бұл элементке 
қарағанда рубидий-87-нің рөлі аз, өйткені оның жартылай 
ыдырау мерзімі ұзақ болады. 
Көмір-14 
және 
тритий 

космогендік 
радиоизотоптар. Табиғи радиоизотоптардың ішінде топыраққа 
маңыздысы көмір-14 және сутегінің өте ауыр изотопы тритий. 
Бұлар атмосферада ғарыш сәулелері нейрондары мен азот 
ядросының әрекеттесуінен пайда болатындықтан, топыраққа 
ауадан түседі, сондықтан да олардың мөлшері тұрақты көлемде 
болады. 
Топырақтағы 
антропогендік 
радиоактивтік 
изотоптар. 
Антропогендік 
жағдайдан 
пайда 
болған 
радиоактивтік 
ядролық 
жарылыс, 
атом 
өндірістерінің 
қалдықтары 
т.б. 
себептермен 
топыраққа 
радиоактивтік 
изотоптарды әкеледі. Атом жарылыстарынан пайда болған 
радиоактивтік заттар ауамен таралып, жауын-шашынмен жерге 
түсіп, топырақты және табиғи суларды радиоактивтік заттармен 
ластайды. Антропогендік радиоактивтік изотоптар туралы 
айтқанда Қазақстан жерінің басым бөлігінде олардың көп 
тарағаның ескерткеніміз жөн. Оның басты себебі қазақ жерінде 


80 
уранның негізгі кендері табылып, Одақ кезіндегі атомдық 
сынақ 
жарылыстары 
да 
осында 
жүргізілгені 
белгілі.
Биологиялық айналымға қосылып, жануарлар денесіне, олар 
арқылы адамның денесіне еніп, жайылып, радиоактивтік сәуле 
тигізеді. 
Ең қауіптісі стронцийдің изотопы (
90
Sr), цезийдің 
(
137
Cs), өйткені олардың жартылай ыдырау уақыты өте ұзақ 
(
90
Sr - 28 жыл, 
1 37
Cs - 33 жыл) және олардың сәуле шығару күші 
үлкен 
болғандықтан, 
биологиялық 
айналымға 
белсенді 
қатысады. 
Сондықтан 
бұл 
изотоптардың 
топыраққа 
сіңіру 
заңдылықтарын, олардың топырақта жылжу тәртібін жақсы білу 
керек. Бұл изотоптардың екеуі де топырақтың қатты бөлігіне 
толық сіңіріледі, сол себептен 80-90% топырақтың жоғарғы 
қабатына жиналады. Оның ішінде гумустың тұнба фракциясы 
мен монтмориллонитке, гидрослюдалы балшықты минералдарға 
бай топырақтарға мол сіңіріледі. Стронцийдің көп қасиеттері 
кальцийге, ал цезийдің қасиеттері калийге жақын, сондықтан 
бұл радиоактивтік элементтердің топырақтағы тәртібі осы 
айтылған элементтердің тәртібіне ұқсас болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет