90
Топырақты агроөндірістік топтастыру - топырақтың
агрономиялық
жағдайына
және
ауылшаруашылығында
пайдалану өзгешеліктеріне қарай ірі аймақтық топтарға
біріктіру
болып
табылады.
Агроөндірістік
топтастыру
картограмма
күйінде
ауылшаруашылығына
беріледі.
Топырақтың агроөндірістік топтастыруы ауыл шаруашылығы
дақылдарының өніп-өсетін ортасы ретінде сипатталатын табиғи
қасиеттеріне негізделген. Осы қасиеттерден топырақ түзілуінің
гидротермикалық және
геоморфологиялық жағдайлары, гумус
қабатының қалыңдығы, механикалық құрамы,
қоректік тәртібі,
су-ауа режимі, физикалық қасиеттері ескеріледі. Сондай-ақ
агроөндірістік топтастыру батпақтануға, кебірленуге, сорлану
мен эрозияға
қарсы қажеттілігін көрсетіп, топырақты тиімді
пайдалану мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Бонитировка және агроөндірістік топтастыру жерді
экономикалық бағалаудың негізгі әдісі болып табылады. Жерді
экономикалық бағалау дегеніміз
- жер қорларын өзара
салыстыру
арқылы
тиімділігін
анықтау.
Экономикалық
бағалаудың әдістемелік негізі табиғи және жасанды топырақ
құнарлылығының
бірлігі.
Экономикалық
бағалау
тек
топырақтың құнарлылығын анықтап қана қоймай, ауыл
шаруашылығы өндірісінің басты құралы ретінде белгілі
территорияның өнім алудағы
шығыс мөлшерін анықтайтын
құрлықтағы өзгешеліктерін жер бедері, топырақ жамылғысы,
өнім өткізетін орынның алыстығы,
экологиялық жағдайлары
т.б. есептейді. Экономикалық бағалаудағы есептер бағамен
(ақшалай) жүргізіледі, оның маңызды көрсеткіштеріне алынған
өнімнің жалпы бағасы (табыс), түсім алуға шығарған
шығынның жалпы көлемі және таза табыс жатады.
Достарыңызбен бөлісу: