97
Олай болса, топырақ табиғаттың сол зоналық заңына сәйкес
кездеседі. Бұл Докучаевтың Орыс
жазығы мен Кавказ таулы
аймағына көп жыл бойы зерттеу жүргізіп, топырақ географиясы
жайында жасаған қорытындысы.
В.В.Докучаевтың бұл көзқарасы оның кейінгі жылдары
(1899) шыққан "Табиғаттың зоналығы туралы ілім" деген
еңбегімен жан-жақты толықтырылып, дәлелдене түсті. Бұл
еңбек кезінде тек топырақтанудың дамуына ғана емес,
физикалық-географияның табиғат
зоналары мен географиялық
ландшафтар бағыттарының дамуларына үлкен үлес қосты.
Докучаев өзінің шәкірттерімен Ресейдің Еуропалық бөлігінің
алғашқы топырақ картасын жасағанда (1900) топырақтардың
осы зоналық таралуына сүйенді. Осы заңдылықтарға негіздеп
В.В.Докучаев
1899
жылы
бүкіл
терістік
жарты
шар
топырақтарының зоналық сызба-нұсқалық картасын жасап, оны
1900 жылы Парижде өткен әлемдік көрмеде көрсетті.
Бұл картада бес әлемдік зоналар көрсетілген: 1)
бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3)
далалық
қаратопырақты; 4) аэреалды (олар: тасты, құмды, cорланған
және лессті шөлдерге бөлінді); 5) латеритті.
Бұл алғашқы сызба-нұсқалық картада негізгі зерттелген
объекті кең алқапты Орыс жазығы болғандықтан, зоналардың
негізгі бағыттары тек көлденең бағытта көрсетілген. Докучаев
кейінгі жинаған материалдарында әрбір алқаптардың орналасу
жағдайларына, мұхиттарға немесе орталық құрғақ аймақтарға
жақын орналасуларына байланысты бір ендіктердің өздеріне
тән біркелкі топырақтар кездеспей, оларда әр түрлі
зоналарға
тән топырақтар кездесетінін дәлеледеп берді. Бұл жағдайлар
К.Д.Глинканың жасаған әлемдік топырақ карталарында (1903,
1927), Ч.Марбуттың жасаған терістік Америка топырақ
картасында (1935) анық көрсетілді. Кейін анықталғандай,
көлденең (ендік) топырақ зоналарымен қатар, меридиандық
және орталық (центрлік) топырақтардың
көлденең зоналары
байқалды. Сонымен қатар көлденең топырақ зоналарының
құрамы мен пішін үйлесімдеріне биік таулы алқаптардың әсері
мол екені, таулы алқаптар ылғалды тосып алғыш қалқандар
болып, сол арқылы топырақ,
өсімдіктер зоналығына әсер
ететінін көрсетті.
Кейінірек Л.И.Прасоловтың редакциясымен жасалған
(1937) әлемнің үлкен Кеңестік топырақ Атласы картасында,
И.П.Герасимов редакциясымен жасалған әлемнің топырақ
98
картасында (1956) жиналып, қорытындыланған материалдар
негізінде,
топырақтардың
көлденең
және
биіктік
зоналықтарының
күрделі
әрі
әр
түрлі
құрылыстары
айқындалды.
Одан кейінгі әлемдік масштабта
жиналған материалдар
әлемнің физико-гографиялық атласындағы И.П.Герасимов пен
Н.Н.Розовтың редакциясымен жасалған топырақ карталар
серияларында келтірілді (1964).
Топырақ картографиясындағы ірі кезең - В.А.Ковда мен
Е.В.Лобованың редакциясымен жасалған «Азияның топырақ
картасыныңң масштабы 1:10000000 (1976) салынды. Бұл
карталарға көлемді түсіндірмелер келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: