107
алғаш енгізген Н.М.Сибирцев (1900) болатын. Бұл ілімді әрі
қарай
жетілдірген
В.В.Докучаевтың
тағы
бір
шәкірті
С.С.Неуструев болды. Ол топырақ комплекстері және топырақ
тіркестері деген түсініктер енгізді. Бұл түсініктер әлі күнге
шейін қолданылып келеді.
Топырақ
комплекстері
деп
кеңістіктің
микрорельефтеріне байланысты
топырақ комбинацияларының
тәртіппен өзгеруін айтады. Ал топырақ комбинацияларының
мезорельефке байланысты тәртіппен өзгерулерін топырақ
тіркестері деп атайды.
Өте жиі, әсіресе
аллювиалдық жазықтарда жер
бедерлерінің элементтеріне қарай топырақ пен топырақ түзуші
жыныстардың литологиялық құрамдары өзгереді, себебі кейбір
жер
бедерлеріне
өздеріне
тән
ұнтақталған
жыныстар
шөгінділері шоғырланады. Осыларға
сәйкес ол аймақтарда
өзгеше топырақ комбинациялары орын алады. Сыр бойы
топырағының геологиялық жағдайларын терең зерттеген
академик В.М.Боровский осы топырақ түзілудегі
жер бедері -
ондағы тау жыныстары және топырақтардың біртектігі туралы
заңдылықты ашты (1975).
Достарыңызбен бөлісу: