Жамалбеков Е.Ү


Субтропикалық (жылы) белдеу



Pdf көрінісі
бет54/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

4. Субтропикалық (жылы) белдеу. Бұл белдеуде ендік 
топырақ зоналары жөнді білінбейді. Тек континенталды 
секторда негізінен субтропикалық шөлдерде соларға тән шөл 
топырақтары тараған. Ал белдеудің шығыс және батыс мұхит 
жағалау секторларында топырақ құрамдары және зоналық 
құрылымдары әр түрлі. Шығыс мұхит жағалау секторы шығыс 
мусонынан әсер алады. Ылғалды субтропикалық жағдайда мәңгі 
жасыл ормандарда қызыл және сары топырақтар түзіледі. Олар 
анықталған ендік немесе меридианалды зоналар түзбейді, 
таралу ареалдары орманның құба топырақтары сияқты топырақ -
биоклиматтық облыстар (провинциялар) түзеді.
Субтропикалық белдеудің терістік және оңтүстік жарты 
шарларында мұхиттың шығыс жағалауларына бейім орналасқан 
бірнеше қызыл, сары топырақтар тараған облыстар байқалады. 
Терістік Америкада бұл - Флорида мен оған шектеліп жатқан 
терістік жағындағы ойпаттардың және Аппалачтың оңтүстік 
бөлігіне орналасқан. Оңтүстік Шығыс Азияда - жағалай 
жазықтар, тау аралығындағы ойпаңдар мен аласа таулар да 
кездеседі. Оңтүстік Америкада қызыл мен сары топырақтар, 
Уругвай бассейні жазықтарында орын тепкен. Бұл топырақтар 
Австралияның оңтүстік шығысында, Тасманияда және Жаңа 
Зеландияның терістігінде кездеседі. Ал олардың батысында 
сары және қызыл топырақтар меридианалдық бағытта құрғақ 
топырақтармен алмасады. Ол топырақтар - қызғылт қара, 
құрғақ субтропикалық ормандардың қоңыр, субтропикалық 
далалардың қара, бұталы субтропиктердің сұр қоңыр және 
субтропикалық шөл даланың сұр топырақтары. Меридианалды 
топырақтар зоналығы біршама терістік Америка континентінің 
субтропикалық белдеуінде анық байқалады. Осыған ұқсас 


102 
топырақ зоналық құрылымдары Қытайдың субтропикалық 
белдеуінің лессті жазығында орын алған. Оңтүстік жарты 
шарда Оңтүстік Американың субтропикалық белдеулерінде 
меридианалдық зоналықтың элементтері 30 -40
0
ендікте, 
Атлантика жағалауынан ішкі құрлық жазықтықтарына қарай 
қызғылт-қара, қаратопырақ, сұр-қоңыр және сұртопырақтар 
бірін-бірі 
алмастырады. 
Осыған 
ұқсас 
топырақтары 
құрылымдары оңтүстік-шығыс Австралияның субтропикалық 
белдеуінде де орын алған. 
Субтропикалық белдеудің мұхиттың батыс жағалау 
секторы, шығыс секторға қарағанда, өзгеше. Жерорта теңізі 
климаттық типімен ерекшеленеді, құрғақ жаз, ылғалды қыс 
анық байқалады. Мұнда Жерорта теңізі мен Калифорния 
жағалауларындағы құрғақ жазға төзімді ормандар мен 
бұташалар және шөлдаланың көктемгі шөптері (эфемерлер) 
кездеседі. Ал топырағы - құрғақ ормандар мен бұташалар 
өсетін жерлердегі сұр қоңыр топырақтар, ал шөлдалада сұр 
топырақтар. Бұл топырақтар Жерорта теңіз аймағынан басқа 
терістік Африкада, Алдыңғы Азияда кездеседі. Терістік 
Америкада Калифорния аймағы мен Мексика биіктігіне тән. 
Оңтүстік жарты шарда - Австралияның оңтүстік батысы. 
Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Американың мұхит 
жағалауы. 
Жалпы жоғарыда айтылған аймақтардың барлығының 
жер бедері өте күрделі - көбінде таулы-жоталы, ойпаңды 
келеді. Сондықтан субтропикалық сектордың батысында ендік 
зоналық жөнді байқалмай биіктік белдеу зоналығы басым о рын 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет