Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет66/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104
Құрғақ 
дала 
мен 
жартылай 
шөл 
даланың 
топырақтары. Қара топырақты шалғынды-дала зонасының 
оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл 
алқаптардың ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану 
мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. 
Осыған орай өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды -
бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі -жусанды 


122 
құрғақ дала басады. Осының әсерінен өсімдіктердің топыраққа 
түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, 
қара топырақтың түсі қара қоңырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы - қара -қоңыр. 
Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8% алып 
жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 2%- 4% 
арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы 
төмендегідей: 
А - 0-20 см, қара қоңыр түсті, нығыздалған, 35-45 см-
ден әк кездеседі. 
ВС - 50 см-ден төмен ашық ақшыл, көптеген әк 
қосылыстары бар. 
С - 100-120 см-ден гипстелген аналық тау жынысы 
қабаттары кездеседі. 
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай 
жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең 
солтүстік бөлігінде күңгірт қара- қоңыр топырақ, орталығында 
жай қара- қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара- қоңыр 
топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала 
саналса, ортасындағы зонаша - нағыз құрғақ дала, ал зонаның 
оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының 
үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пайдалануды Қазақстан 
мысалында қарастырамыз.
Бұл зонаның көлемі үлкен емес, бұрынғы КСРО 
территориясының 3-4% дейін алып жатыр, оның басым 
көпшілігі Қазақстан жерінде. Зона топырақтарының біршама 
бөлігі Каспийдің терістік батыс аймақтарында, терістік Кавказ, 
Астрахань, Волгоград, Сарытау облыстарының территорисында 
орын алған. Зонаның аз ғана бөлігі Азов теңізі мен Қара Теңіз 
аралығын қамтиды. Ал кеңбайтақ Сібір аймағында бұл 
топырақтар үлесіне тау аралықтарындағы кіші-гірім жазық 
аралдар кіреді. 
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым 
алып жатыр. Зонада сортаң және сорланған топырақтар мол. 
Дегенмен күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар 
зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі 
бұл зонашалардың 20-30% жуық. Ал ашық қара-қоңыр 
топырақты зонашада егістен өнімді суармайынша алу мүмкін 
емес, ал суару үшін су көздері жоқ. 


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет