Жамалбеков Е.Ү


б) Ауыспалы-ылғалды құрғақ-шөпті-орманды ждәне



Pdf көрінісі
бет69/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

б) Ауыспалы-ылғалды құрғақ-шөпті-орманды ждәне 
субтропикалық саванналы облыстардың топырақтары.  Бұл 
алқаптардың зоналық топырақтары қоңыр және сұр-қоңыр 
түсті. ТМД елдерінде бұл топырақтар негізінен таулы 
аудандардың құрғақ шөпті-орманды және сирек орманды 
жерлерінде кездеседі. Басқаша айтқанда, бұл зона жоғарғы 
сипатталған тау етегіндегі сұр топырақтардан биігірек жатқан 
биіктік зонаның екінші-үшінші белдеулері болып табылады. 
Мұның көлемі бұрынғы КСРО-да не бары 2,3-2,5 млн гектар 
ғана. Бұл зонаға негізінен Жерорта теңізі аймағына тән климат, 
яғни ылғалды, жылы қыс, құрғақ, жазы ыстық, ал қар 
жамылғысы өте аз немесе тіпті жоқ. Сонымен қысы мен 
жазының гидротермикалық режимдері әрқалай. Қысы ылғалды, 
әрі жылы мерзімде алғашқы минералдар белсенді түрде үгіліп, 
балшықты гидрослюдалы монтмориллонитті-илитті құрамды 
екінші минералдар түзіледі. Топырақ қабатындағы үгілген 


127 
жылжымалы материалдар топырақтың беткі қабатынан төмен 
жылжиды. Тез ерігіш тұздар (хлорлы, сульфат қосындылары) 
топырақ қабатынан жалпы шайылып кетіп, аз еритін кальций 
карбонаттары 30-50 см және одан 
төмен тереңдікте 
шоғырланып, карбонатты жиынтық түзеді. 
ТМД елдерінде бұл топырақтар Батыс Тянь-Шань мен 
Памир-Алайда 
(Оңтүстік 
Қазақстан 
мен 
Орта 
Азия 
республикаларында), Копетдаг пен Кавказда, Түркмения, 
Армения, 
Шығыс 
Грузия 
мен 
Әзербайжан, 
Дағыстан 
республикаларында орын алған. 
Қысқы, көктемгі мол ылғалдан кейін мұнда тек қалың 
шөпті өсімдіктер ғана емес сирек бұталы ағаштар да өседі. 
Жаздың құрғақ, аптап ыстығы кезінде шөп өсімдіктері құрғап, 
олардың қалдықтарының ыдырауы бәсеңдейді де топырақта 
қара шіріндінің мөлшері едәуір сақталады. Биігірек белдеуде 
орналасқан қоңыр топырақтарда қара шірінді мөлшері 4 -7%, 
одан төменірек белдеуде орналасқан сұр қоңыр топырақтарда 
оның көлемі 2,5-4,0% жетеді. Қарашіріндіде гумин қышқылы 
басым. Үгілу кезінде босаған темір тотықтары құрғақтан 
ылғалданып, топыраққа қызыл қоңыр түс береді, бұл 
топырақтың ең мол балшықтанған қабатында айқын көрінеді.
Жалпы 
қоңыр 
(қызыл 
қоңыр) 
топырақтардың 
морфологиялық пішіні төмендегідей: 
А 0-35 (50) см қара шірінді қабаты, түсі қоңыр, кесекті -
капролитті құрылым, төмендеген сайын кесекті -жаңғақты 
құрылымға ауысады, механикалық құрамы төмендеген сайын 
ауырлана бастайды. 
В
1
- 40-80 см қатты балшықтанған, кальцийде қаныққан, 
түсі ашық қоңыр немесе тіпті қызыл қоңыр құрылымы кесекті -
жаңғақты. 
Балшықтанған, карбонаттар шоғырланған қабатта түсі ашық 
қоңыр-құба, тығыз, құрылымы жаңғақты, карбонатты жаңа 
түзілістердің қосындылары бар. 
С - 100-120 см сары түсті, механикалық құрамы 
жеңілденеді, карбонаты да азаяды. Балшықтану процесі сұр 
қоңыр топырақтарда ылғалдың азаюына байланысты тежеледі.
Жалпы қоңыр және сұр қоңыр топырақтар - табиғи 
күйінде құнарлы топырақтар. Олар тез пісетін, азықтық, әсіресе 
жемісті дақылдар үшін егіншілікке кең пайдаланылады. Ал 
жазда құрғақшылықта қосымша суарған жағдайда бұл 
топырақта егілетін дақылдар өнімі арта түседі. Онда мақта


128 
жүзімдіктер, бау-бақша, темекі, көкөністер т.б. дақылдар өсіп, 
жақсы өнімдер береді. Тіпті Өзбекстанның Бостандық 
ауданының қоңыр топырақты тау беткейлерінде жабайы жемісті 
ағаштар, оның ішінде қымбатты жаңғақ ағаштары өсіп, 
жемістер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет