184
болуына
байланысты, арық пен каналдардағы судың жерге
сіңіп, шығын болуы көп болмайды. Топырақ бетіне жақын
жатқан бұл суларды өсімдіктер пайдалана алады.
Сондықтан
бұл аймақты суарғанда суды есептегі мөлшерден кем беру
қажет. Өйткені өсімдік жетіспеген ылғалды жер асты суынан
алады.
Ал аздап кездесетін батпақтанған топырақтарда
құрғату
үшін керіздер қазу қажет. Топырақта кездесетін қатты, арзық
қабатымен күресу де әлі өз шешімін таппаған мәселе. Бұл
аймақта кездесетін біршама сорланған
топырақтарды жуып -
шайып, мелиоративтік жағдайын жақсарту қажет. Жер асты
суының топырақ бетіне көп көтеріліп кетпеуі үшін оның
деңгейін ылғи қадағалап отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: