183
Жерге
сіңген
су
сол
атырапты
сорландырып,
батпақтандырмағанмен, жер астына ағып келіп, төмен жатқан
территориялардың мелиоративтік жағдайын нашарлатады.
Мысалы, Арыс-Түркістан каналында сіңген су канал бойымен
төмен жатқан жүздеген гектар жерді сорландырып жіберді. Жер
асты суының көтерілгені соншалық, Түркістан қаласының біраз
жерін су
басып, батпақтандырды. Мұнда күйге бұл аймақтағы
біраз елді мекендер де ұшырады, жолдар бұзылды. Б ұл
жағдайлар қазір қалпына келтіріліп жатыр.
Бұл алқапты суландыру кезіндегі негізгі шара - судың
жер астына сіңіп, шығын болуына қарсы күресу. Ол үшін арық -
атыздар, каналдар бойында судың
жерге сіңуін кемітетін әр
түрлі шараларды қарастыру қажет. Яки топы рақтың суды
бойына ұстап тұру ерекшелігіне байланысты мөлшерлеп беру
керек.
Жер беті еңіс,
көлбеу болғандықтан, су топырақтың
құнарлы үстіңгі бетін жуып-шайып кетуі мүмкін. Сондықтан
арық, атыз қазған кезде ирригациялық тәртіпті қатаң сақтау
қажет. Мұндай жерлер Үлкен Алматы каналы бойында, Алматы
облысының тау етегі аймақтарында көп кездеседі.
Оларды
суармалы егіншілікке игеру өте ұқыптылықты қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: