Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет90/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104
жетілдіру. Бұл бағытта тұрақты тәжірибе жұмыстары 
жүргізілді Әртүрлі әдістерді қолдану арқасында жақсы 
нәтижелер алынды. Сортаң жерлерді жақстару үшін төмендегі 
әдістерді қолдануға болады. 
Фитоагротехникалық мелиорация әдісі негізінен 
шалғынды-далалы және далалық қалдық сортаңдар кешенін 
игеру үшін қолданылады. Мұнда жерді сорта ң қабатына дейін 
қайырмалы әдіспен жыртады да, одан төменгі қабатын 
қайырмасыз әдіспен терең қопсытады. Жыртылған жерге дәнді -
бұршақты дақылдар араластыра егіледі. Бұл әдіс орта есеппен 
гектарынан 15 центнер шөп, ал шөпті жыртып, астық еккенде, 
гектарынан 10 центнер дән береді. 
Агрохимиялық мелиорация. Бұл әдіс бойынша 
сортаңның химиялық қасиетін жақсарту үшін арнайы өңдеу 
арқылы топырақтың төменгі қабатында жатқан әк пен гипсты 
пайдалану. Ол үшін сортаң топырақтарды терең етіп, 
плантажды немесе топырақтың әр қабатын арнайы өңдейді. 
Өңделген жерге көпжылдық бұршақты шөптер егеді. Шөп өнімі 
гектарына 15-22, ал шөп жыртылған жерге егілген арпа 
гектарына 9-12 центнер өнім береді. 
Фитохимиялық мелиорация. Бұл әдіспен топырақтың 
жоғары және сортаңданған қабатын қайырмалы етіп жыртып
оның астыңғы қабатын қопсытады да сортаңданған қабатты 
жақсарту үшін оған кәдімгі гипс пен фосфогипсті енгізеді. Бұл 


188 
жерге негізінен бұршақты шөп, түйе жоңышқа егіледі. Оның 
өнімділігі гектарына 17-25 центнер, ал оны жыртып орнына 
еккен астық өнімі гектарына 10-14 центнер жетеді. Ал тұзы мол 
сортаңға төзімді шөптер егіп, оларды шалғынға айналдырған 
жөн. Ол үшін сортаң қабаттың жоғары бетін қайырмалы етіп 
жыртып, оның астын тереңдетіп қопсыту қажет. Көпжылдық 
шөптердің өнімі гектарына 12-14 центнер жетеді. Сонымен бұл 
көрсетілген сортаң топырақтарды жақсарту әдістері кезінде 
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 12 
ұжымшарда қолданылып, 300 гектардай жерді өндірістік 
жағдайда сынап, жақсы нәтижеге жеткен еді. Осы әдісті 
қолданып, сортаң жерлерді жақсартқанда, олардан алынған 
өнім өңделмеген табиғи сортаң жерге қарағанда 7 -10 еседей 
көп. Бұл жағдай сортаң жерлерді игеру мол резервтің көзі 
екендігін көрсетеді. Себебі аса күрделі жақсарту жұмыстарын 
жүргізбей-ақ, мол қаржы жұмсамай-ақ сортаң жерлердің өнімін 
7-10 есе арттыруға болады. Жүргізілген ғылыми -зерттеу 
жұмыстарының 
нәтижесіне 
сүйене 
отырып, 
институт 
ғалымдары сортаң жерлерді игеру жөнінде практикалық 
ұсыныстар жасады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы 
министрлігінен 
қолдау 
тауып, 
арнайы 
әдістемелік басшылыққа алынды. 
Енді 
республикамыздың 
солтүстік 
облыстарында 
«Казгипрозем» және облыстық агрохимиялық лабораториялары 
жасаған жобалар мен сортаң жерлерді игеру жұмысы қолға 
алына бастады. Солтүстіктің дәнді, қара топырақты және қара 
қоңыр топырақты алқаптарында суарусыз, көп қаржы жұмсамай 
15,6 млн гектар сортаң жерлерді игерудің жоспарлары кезінде 
жасалды. Оның ішінде фитоагротехникалық мелиорациялау 
арқылы 1 млн га, агрохимиялық мелиорациялау арқылы 10,4 
млн, фитохимиялық мелиорациялау арқыды 1,0 млн, ал 
шалғындық шөп егуге 3,4 млн гектар сортаң жер әзірленді.
Сортаң жерлерді игеру жыл сайын шөп өнімін 8 млн 
тоннаға, малға жемдік дақылдарды - арпа, сұлы, тары өнімін 5,5 
млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай мал 
шаруашылығын өркендетуге көп септігін тигізбек. Ал бұрынғы 
жемшөп егіліп жүрген құнарлы топырақтарға бидай егіп, одан 
қосымша 10 млн тонна алуға мүмкіндік бар.
Қазақстанда көлемі мол сортаң жерлерді игеру 
жұмыстары кезінде жаппай басталған болатын. Ең алдымен 
игеруге жеңілірек түсетін солтүстіктегі табиғи ылғалмен 


189 
қамтамасыз етілген аудандардың сортаң жерлерін игеру 
жоспарланды. Онда біраз жерлер қазірдің өзінде игерілді. 
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында ондаған 
мың гектар сортаң жерлер жоғары айтылған әдістер арқылы 
игеріліп, онда малазықтық жемшөп өсірілуде. Бұл үлкен 
практикалық жұмысқа көмекті алыстан емес, тікелей өндіріске 
жақын 
жасау 
үшін 
Қазақстан 
Республикасы 
ҒА-ның 
Топырақтану 
институты 
Ақмола 
қаласындағы 
өзінің 
бөлімшесінде сортаң жерді игеру жөнінде кезінде ғылыми -
әдістемелік лаборатория ұйымдастырған. Бұл жұмыстардың 
іске асуына Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми -
зерттеу институты да көмек тигізген болатын. Ренішке орай, 
сортаң жерлерді игеру жұмыстары соңғы жылдары тоқталып 
қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет