Жамалбеков Е.Ү


 Топырақтың сіңіру қасиеті



Pdf көрінісі
бет38/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

2.3. Топырақтың сіңіру қасиеті 
Топырақ қопсыған кеуекті дене болғандықтан, оның 
түйірлерінің арасында әр уақытта бос кеңісті ктер болады. 
Топырақтың сіңіру қасиеттерін қалыптасуда шешуші рөл 
атқаратын топырақ құрамындағы ең майда ұнтақталған, көлемі 
0,0001 мм-ден төмен коллоидты бөлшектер. Бұл бөлшектер 
топырақтың 
әр 
түрлі 
органикалық 
және 
минералдық 
қосылыстарынан тұрады. 
Топырақтың сіңіру қасиеті деп, оның топырақ ішіндегі 
ерітінділерінің кейбір қосылыстарды, майда ұнтақталған 
минералдарды 
және 
органикалық 
қосылыстарды, 
микроорганизмдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне 
сіңіріп, ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбы лысы 
жалпы 
топырақтың 
дамуымен 
және 
топырақта 
өсетін 
өсімдіктерде күлді элементтердің (азот т.б. қоректік заттардың) 
жиналуымен қатар жүреді. Әсіресе, өсімдіктердің қоректік 
элементтерінің жиналуы топырақтың сіңіру қасиетімен тығыз 


72 
байланысты. Осы қасиеті арқылы топырақта өсімдіктерге 
керекті элементтер жиналады. Бұл салада көп еңбек еткен 
орыстың ірі ғалымдары К.К.Гедройц, Д.И.Прянишников, 
А.И.Соколовский, 
И.Н.Антипов-Каратаев, 
В.А.Чернов, 
И.И.Горбунов т.б. 
Әр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері әр деңге йде 
болады. Ол көбінесе топырақтағы өте жоғары бөлшектерге 
(дисперсті), түйірлерге, коллоидты бөлшектердің мөлшеріне 
байланысты. Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай және 
механикалық құрамы ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның 
сіңіру қасиеті де мол, ал топырақта қара шірінді аз, құрамы 
жеңіл құм немесе құмдақ болса, оның сіңіру мүмкіндігі де 
шамалы 
болады. 
Топырақ 
коллоидтарының 
диаметрлері 
шамамен 
микронмен есептелетін әр текті заттардың бөлшектерін 
құрайды: 1 мкр - 0,01 мм тең, оны миллимикрон дейді. 
Коллоидты бөлшектердің ірілігі 0,1 мкр - 1 ммкр. 
В.Оствальдің тұжырымы бойынша коллоидтердің пайда 
болуының екі жолы бар: 1) бөліну арқылы, яғни топырақтың 
бөлініп жатқан бөлшектерінен шығуы; 2) конденсация арқылы, 
яғни заттардың бірнеше молекулаларынан қосылып үлкейіп 
шығуы. Сонымен топырақ коллоидтарының бір бөлігі 
минералдардан физикалық үгілу арқылы бөлініп, тозаңданып 
құралады да, екінші бөлігі конденсация арқылы органикалық 
қалдықтардан өзгеріп, химиялық үгілу нәтижесінде түзіледі. 
Топырақта коллоидтар екі түрде золь (коллоидтік ерітінді) және 
гель (коллоидты қоймалжың - тұнба) күйлерінде кездеседі. 
Коллоидтар бір күйден екінші күйге көше береді. Олардың 
ерітіндіден тұнбаға көшуін коагуляция (жиырылу), керісінше 
тұнбадан ерітіндіге көшуін пептизация (бытырау) дейді. 
Коллоидтардың бір күйден екіншісіне көшуі қайталанатын 
немесе қайталанбайтын болады. Топырақтың қалыптасуына 
коллоидтар 
коагуляциясының 
маңызы 
үлкен. 
Өйткені 
коллоидтар топырақта тек золь (ерітінді) күйінде жылжып, 
жиыла алады да, гель (тұнба) күйінде топырақта бекиді. 
Коллоидтар топырақтың қандай жағдайы болса да, топырақтың 
температурасы жоғары немесе төмен болса да, қызғанына 
немесе кепкеніне, суығына қарамай коагуляцияланады. Бірақ 
коагуляция 
процесінде 
электролиттердің 
де 
(тұздар, 
қышқылдар, негіздер) әсері зор. Электролит дегеніміз заттар 
суға ерігенде оң немесе теріс зарядты иондарға бөлінуі. 


73 
Коагуляция электролиттердің ең аз «коагуляция босағасы» деп 
аталатын 
қоюлануында 
өтеді. 
Топырақтағы 
коллоидты 
бөлшектер электр зарядты (көбінесе олар теріс зарядты). 
Коагуляция процесі негізінен коллоидтардың зарядтарын 
жоғалтуына байланысты өтеді. Теріс зарядты коллоидтар оң 
зарядты катиондармен, ал темір мен алюминий коллоидтері 
теріс зарядты аниондармен кездескенде коагуляцияланады. 
Коагуляциялану қасиеті катиондардың валенттілігіне, оның 
атомдық салмағына байланысты. Белсенді коагулянттарға үш 
валентті темір мен алюминий, содан кейін екі валентті кальций 
мен магний катиондары жатады. Ал бір валентті катиондар 
калий, аммоний, натрий аз коагуляцияланады, кейде керісінше, 
коллоидтарды бытыратады (пептизациялайды). Тек сутегі 
катионы коагуляциялау қабілеті жағынан екі валентті 
катиондарға жақын. Коллоидтар коагуляциясында топырақта 
кең тараған кальций катионының рөлі өте үлкен. Ол 
коллоидтарды қайталанбайтындай етіп берік коагуляциялайды. 
Коллоидтар негізі тау жыныстарынан және органикалық 
заттардан 
шығатын 
болғандықтан, 
олардың 
құрамында 
органикалық және минералды заттар бар. Органикалық заттар 
топырақ шіріндісінің құрамында, ал минералды заттар балшық 
құрамында 
болады. 
Топырақта 
катиондардың 
және 
коагуляцияның пайда болуына байланысты коллоидтар көбінесе 
тұрақты тұнба - гель күйінде кездеседі. Ал коллоидтардың золь 
(ерітінді) күйінде болуы - уақытша, тұрақсыз. Катиондардың 
гель түрінен зольге айналдыру үшін, оларды байланыстырып 
тұрған катиондарды басқа катиондармен ығыстыру керек. 
Мысалы, К.К.Гедройц топыраққа сіңірілген катиондарды 
ығыстыру үшін ас тұзын қолдануды ұсынған. Сіңірілген 
катиондарды 
ығыстыру 
кезінде 
топырақ 
коллоидтары 
пептизацияланып, 
ерітінді 
күйіне 
айналады. 
Жоғарыда 
айтылғандай, коллоидтарға өте майда күйіндегі заттар жатады 
және соның әр бөлшегі көп молекула жинағы болып саналады. 
Қазіргі көзқарастар бойынша (проф. Н.И.Горбунов) коллоидті 
бөлшектің немесе мицелланың құрылысы күрделі, ол төрт 
құрамды қабаттан: 1) коллоидты күйдегі заттың ішкі 
ядросынан; 2) ішкі ядромен тығыз байланып тұратын сол 
коллоидты бөлшектің зарядын анықтайтын ионды немесе ішкі 
қос электр қабатшадан; 3) сыртқы қарама-қарсы зарядты иондар 
қабатшасынан; 4) диффузиялық иондар қабатшасынан тұрады. 
Сонымен коллоидтар заряды деген түсінік түгел мицеллаға 


74 
жатпайды. Мысалы, кремний қышқылының мицелласының 
ядросы SіO
3
молекулаларының агрегаттарынан, яғни зарядты 
анықтайтын иондардан SіO
3
тұрады. Коллоидты бөлшектің 
заряды теріс, оның сыртында оң зарядты теңгеру Н* иондары 
орналасады. Теріс қабатты диффузды қабатында Н* иондары 
бар коллоидтарды ацидоидтер (қышқыл тәрізді) дейді. Мұндай 
қасиеттер гумин қышқылдарына, кремний қышқылына тән. Оң 
зарядты, диффузды қабатында ОН иондары бар коллоидтарды 
базоидтер (негіздік қасиетті) дейді. Оларға жататындар : Al 
және Fe гидроксидтері Al(OH)
3
, Fe(OH
) 3

Академик 
К.К.Гедройцтың 
тұжырымдамасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет