Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет35/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Топырақтың кеуектілігі. Топырақтың бос кеуектері 
топырақта көп орын алады. Кеуектердің көлемі түрлі 
топырақтарда ғана емес, тіпті бір түрдегі топырақтың өзінде 
түрліше болады. Ірі қуыстардың тесігі бірнеше сантиметр 
болуы мүмкін, уақ кеуектердің тесігі мм -дің жүзден, мыңнан 
бір бөліміндей не онан да тар болады. 
Топырақтағы кірмелер. Топырақта оның түзілу 
процесіне қатысы жоқ бөтен заттар кездесуі мүмкін. Тас, 
кірпіш т.б. Бұлар топырақтағы кірмелер болып есептелінеді. 
Топырақтағы қосылыстар. Кейбір топырақтардың 
пішінінде әр түрлі жаңа қосылыстарды байқауға болады. 
Олардың 
түстерінің 
топырақтың 
жалпы 
түстерінен 
айырмашылығы айқын көрінеді. Бұл заттар химиялық немесе 
биологиялық жолмен пайда болуына байланысты екіге бөлінеді. 
Химиялық қосылыстар. 


64 
1. Тез ерігіш тұздар NaCІ, Na
2
SO
4
10H
2
O, MgCІ
2
, CaCІ
2

Бұл тұздардың түстері ақ, көбінесе тұзданған топырақтарда 
кездеседі. 
2. Гипс CaSO
4
H
2
O. Бұл да ақ сарғыш түсті. Топырақтың 
бос кеуекті жерлерінде шоғырланады. Құба, сұр-құба 
топырақтарға тән. 
3. CaCO
3
- көміртегі карбонаты, түсі ақ. Бұл тұз да 
топырақ пішінінде ерекше көрініп тұрады. НСl мен қайнаған 
реакция береді. 
4. Fe
2
O
3
пH
2
O, Mn
2
O
4
, Al
2
(PO
4
)
3
, FePO
4
, MnO т.б. Қара, 
қызғылт, тот басқан сияқты түстерге боянған қосылыстар. 
5. FeCO
3
, Fe
3
(PO
4
)
2
8H
2
O - көк, жасыл түсті қосылыстар. 
Батпақты топырақтарда кездеседі. 
6. SіO

- ақ түсті, күл сияқты болып күлгінді, орманды -
сұр, сортаң топырақтарда кездеседі. 
7. Гумус заттары - жолақ-жолақ қара түсті өтпелі 
қабатқа дейін жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет