Жамалбеков Е.Ү


Суббореалды белдеу. Орманды-дала зонасындағы



Pdf көрінісі
бет65/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

3.Суббореалды белдеу. Орманды-дала зонасындағы 
сұр және сілтісізденген қара топырақтары. Күлгін топырақты 
зона мен қара топырақты зоналардың арасында жіңішке болып 
ирелеңдеп, батыстан шығысқа қарай созылып, өтпелі зона - 
орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-даланың 
сілтісізденген қара топырақтары жатыр. Бұл негізінен ормандар 
мен ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың топырақтары. 
Жалпы орманды - дала зонасының көлемі 150 млн гектардай 
немесе ТМД елдерінің 6,8%-ін қамтиды. 
Орманды территорияларда орманның сұр топырағы, ал 
ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген 
қалың қабатты қара топырақ таралған.
Ауа райы орманды зонадан жылылау, ал далалы зонадан 
салқындау. Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын -шашын 
молырақ, ал шығысқа қарай күн суыта түсіп, ылғал мөлшері 
азаяды. 
Емен өскен жердегі сұр топырақ мынадай болады:
А0 - орман төсеніші 2-4 см, қара қоңыр түсті, топырақпен 
аралас 
А
1 
- қалыңдығы 20-25 см, түсі қара сұр, өсімдік тамырлары көп 
таралған 
А
2 
- қалыңдығы 20 см-дей, сұр немесе қоңыр сұр түсті, аздаған 
күлгін тартады 
В - қоңырлау түсті, нығыздалған иллювиалды қабат, қалыңдығы 
90-130 см-ге жетеді. 
С - ақшыл қоңыр, В горизонтынан тілім-тілім болып кейбір 
жолақшалар түседі. 
ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау әрі 
ылғалы молырақ мұхит секторларына жақын орналасқан Батыс 
Еуропа мен Қиыр Шығыстың кең жапырақты ормандары 
түбінде орманның құба (бурые) топырақтары түзіледі. Батыста 
бұл Карпат тауларының етектері, Калининград облысының 
жерлерін, 
Беларусь 
пен 
Литва 
мемлекеттерінің 
батыс 
бөліктерін, 
шығыста 
теңіз 
жағалау өлкесінің 
таулары 
арасындағы ойпаттарын, Хабаров өлкесінің және Амур 
облысының оңтүстіктерін қамтиды. Бұл топырақтардың жалпы 
көлемі 20 млн гектардай жерді алып жатыр. Ал таулы құба 
топырақтар Кавказда, Қырымда, Карпат пен Сихот-Алин тау 
белдеулерінде орын алған. 


120 
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, 
физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр 
топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2 -6%, ал 
шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде 
қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% 
астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның 
көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей 
мен Украинаға тиесілі. Қазақстанның ең шеткі терістігінде бұл 
зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі. 
Шалғынды 
даланың 
қара 
топырақтары. 
Полтава 
губерниясының егіншілеріне қара топырақ туралы дәріс оқыған 
В.В.Докучаев «қара топырақ Ресейдің негізгі байлығы, ол Ресей 
халқын өмір бойы асырап келеді және бұдан да былай асырай 
береді, қара топырақ - топырақ патшасың- деген. 
Қара топырақты зона орманды-даланың оңтүстігін қамтып, 
батыстағы Молдавиядан, Украина, Ресей мен Қазақстан арқылы 
Сібірге шейін созылып жатыр. Дегенмен Сібір жақта қара 
топырақты зона тұтасып біркелкі жатпай таулы алқаптар 
арасындағы 
жазықтарда ойдым-ойдым аралдар іспеттес 
орналасады. 
Қара топырақты аймақ жазық келеді, оның ауа райы да 
жайлы. Бұл жерлердің жазы жылы, қысы суық. Түсетін 
ылғалдың мөлшері жылына 350-600 мм, жылдың барлық 
мерзімдерінде 
біркелкі 
түседі. 
Жалпы 
топырақтардың 
ылғалдану коэффициенті - 0,6-1,0, яғни ылғалдану мен жерден 
булану шамамен тепе-тең. 
Топырақ түзуші жыныстар негізінен лесс тектес майда 
ұнтақталған жыныстар. 
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды дала лы 
зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар 
немесе ТМД территориясының 9% жуық. 
Бұл зонада негізінен даланың дәнді шөбі, бұршақ 
тұқымдастар, жусан тағы да басқа шөпті өсімдіктер тұтасып 
қалың болып өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер бетін дегі 
вегетативтік органдарынан көп артық. Аймақты жел жақсы 
қағады, күннің көзі де жақсы жылытады. Жазда жаңбыр азырақ 
түсіп, өсімдік қалдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап, 
шіриді. Сондықтан топырақтың бағалы бөлігі - қара шіріндісі 
мол жиналады. Топырақ түсінің қара болатыны да осыдан. Қара 
шірінді топырақ бөлшектерін біріктіріп, жақсы құрылым 


121 
құрайды. Топырақ реакциясы бейтарап, топырақтың сіңіру-
алмастыру кешені сіңірілген кальций катионына бай, жақсы 
қаныққан.
Қара топырақ негізгі үш қабаттан тұрады: А - қара 
шіріндісі мол қабат; В - өтпелі қабат; С - топырақ түзуші 
аналық жыныс.
А - қара шірінді қабаттың қалыңдығы 20-60 см жетеді, түсі қара 
немесе қара қоңыр, оңтүстік шеттерінде қоңыр түсті.
В - өтпелі қабаттың қалыңдығы 40-80 см-дей, түсі сұр-қоңыр, 
жоғары қара шірінді қабаттан тілдей болып созылып қара 
шірінділер мұнда да жылжиды. 
С - топырақ түзуші аналық жыныс, әдетте лесс типтес, 
карбонатты, майда ұнтақталған, негізінен шаңды жыныстардан 
тұрады. 
Қара топырақтар қара шіріндіге бай. Оның мөлшері 4% -
дан 10-12% жетеді. Қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара 
топырақтар үш зонашаға бөлінеді: 
а) қара шіріндісі мол немесе терістік қара топырақ;
б) қара шіріндісі орташа немесе кәдімгі қара топырақ;
в) қара шіріндісі аз немесе оңтүстік қара топырағы.
Қара топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар 
мол. Жауын-шашын көп жаумағандықтан және ауа-райының 
жылылығынан қоректік заттар жуылып-шайылмай топырақ 
қабаттарына, 
өсімдік 
тамырларына 
жақын 
жерлерге 
шоғырланады. 
Қара топырақ химиялық құрамы жағынан да бай. 
Сондықтан құнарлылығымен көзге түседі. Бұл зонаның 70 -75% 
жуығы жыртылған жерлер. Мұнда ауыл шаруашылығының 
барлық дақылдары: бидай, картоп, жүгері, көкөністер, қант 
қызылшасы т.б. жақсы өседі. 
Бұл топырақтар табиғи жағдайдың өзінде де жақсы өнім 
береді. Ал қосымша тыңайтқыштар ендіріп, қар тоқтатып, тағы 
басқа ылғалдандыру, мелиорация шараларын қолданғанда өнім 
мөлшерін одан да мол арттыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет