185
істен шығарады. Коллекторлы-керізді су қашыртқаларының
мүлтіксіз жұмыс істеуіне айрықша назар аударылуы қажет.
Осындай қолайсыз жағдайларды болдырмас үшін
көптеген ирригациялық, инженерлік, мелиоративтік шараларды
дер кезінде қолдану қажет. Мелиорация жағдайын жақсартатын
шаралардың бірі - жердің бетін жаппай тегістеу. Каналдар мен
арықтардағы судың жерге сіңіп, ысырап болуына қарсы күресу,
жер асты суының жоғары көтерілу шапшаңдығын бәсеңдетеді.
Ол үшін каналдар мен арықтардың табандары мен бүйірлерін су
өткізбейтін бетон плиталарымен немесе латоктармен қаптау
керек. Ал кейбір жағдайда арықтардың
суды сіңіруін азайту
үшін майда ұнтақталған балшық-бентонит сепкен жөн.
Судың босқа ысырап болып, жер астына сіңіп кетпеуі
үшін топырақтың физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оны
тәртіппен мөлшерлеп қана беру керек. Мелиорациялық жағдайы
қолайсыз аудандарда қаншалықты суды үнемдеп, жердің астына
көп жібермеу әрекеттерін істегеннен, 5-6 жылдың ішінде жер
асты суы жоғары көтеріліп, топырақ сорлана бастауы, ал кейбір
ойпатты
жерлердің
батпаққа
айланып
кетуі
ықтимал.
Сондықтан
мелиорациялық
жағдайы
нашар
алқаптарда
топырақты сорланудан, батпақтанудан сақтайтын негізгі әдіс -
инженерлік жолмен қазылған терең коллекторлы-керізді
жүйелер арқылы жер асты суының ағымын жасау. Суармалы
алқаптардың мелиорациялық жағдайының қолайсыздығына
қарамастан,
соңғы
жылдарға
шейін
коллекторлы -керіз
жүйелерін қазу жұмысы жөнді шешілмей келді.
Осының
салдарынан Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының
көптеген
суармалы
жерлері
сорланып,
істен
шықты.
Егіншіліктің жылжымалы жүйесі, яғни бір жер сорланып істен
шықса, оны тастап, екінші жерге егін егу практикасы көбірек
орын алып келді. Тек кейінгі жылдарда ғана бұл олқылық
ескеріліп, мемлекеттік көлемде жерлердің жағдайын жақсарту
мақсатымен коллекторлы керізді жүйелер қолға алынды.
Мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарды игеру үшін
коллекторлы
керізді
жүйелерді
салу,
каналдар
қазу
жұмыстарының жобасында көрсетілу тиіс. Сонда ғана суармалы
жерлеріміздің сорлануынан құтылуға болады. Ескеретін
жағдай, ренішке орай суармалы егіншілік дамыған Оңтүстік
облыстарымыздағы
жерлердің
мелиоративтік
жағдайлары
қазіргі талапқа сай емес екендігі анық. Міне осы мәселелерді
ескере
отырып
мемлекет
басшылары
сырттан
түсетін
186
инвестиция қаржыларының
біраз бөлігін осы суармалы
жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға жұмсау туралы
қабылдаған шешімі құптарлық жай. Соңғы деректерге
қарағанда Қазақстанның суармалы жерлерінің 80% -ын қазылған
арық-атыздары қазіргі талапқа сай инженерлік құрылыстар
емес. Осы олқы жағдайды талапқа сай етіп жақсарту қажет.
5.7
. Сортаңданған жерлерді игеру
Елуінші жылдары басталған тың игеру эпопеясынан
кейін Қазақстанда бос игерілмей жатқан жақсы жерлер
қалмады. Ал қосымша күш жұмсап, жерді жақсартып
пайдалануға болатындай етіп игеретін жерлер жеткілікті.
Сондай жерлердің бірі - сортаңданған жерлер.
Сортаңданған жерлер - тұзданған жерлердің бір түрі.
Бұл жерлердің шын мәнісінде сорланған топырақтарға
қарағанда, жоғары қабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиян
келтіретін
ащы тұздары жоқ, олар кезінде бар болғанымен,
кейін
жауын-шашынмен
жуылып,
топырақтың
төменгі
қабаттарына шайылып сіңіп кеткен. Дегенмен кезінде суға
ерігіш тұздардың құрамындағы натрий катионы топырақтың
құрамына еніп, барынша қанығып, сіңіп қалған. Бұл жерлерде
топырақтың сіңіру құрамының 20%-дан астамы осы натрий
катионының үлесіне тиеді. Мұндай жерлерді егістікке игеруге
қиындық келтіріп тұрған - осы натрий катионы. Құрамында
натрийі мол топырақтарда органикалық және коллоидты
минералды
бөліктер бірігіп, байланысу орнына, ылғалдан
ісініп, ыдырап, сумен төмен шайылады. Осының нәтижесінде
топырақтың жоғары қабатындағы құнарлы заттар төмен
ығысып, жоғары қабаттың түсі кремнийге байығандықтан,
бозғылт тартады, оның есесіне топырақтың төменгі қабаты
ұнтақталған коллоидты және органикалық қосылыстарға
қанығып, түсі қара қоңырға айналады, ал оның реакциясы
сілтілі болады. Су тиген кезде
бұл қабаттың көлемі ісініп,
жібіп, батпаққа айналады, ал кепкен кезде құрылымы ірі
кесекті, бағаналы болып, қатып қалады. Бұл қабатта суға ерігіш
тұздар жоқ, ал төменгі қабатта жоғарыдан шайылып сіңген
тұздар жеткілікті. Осы тұздардан жоғары жатқан сорланған
қабаттың физикалық қасиеттерін алдын ала жақсартпайынша,
мұндай жерлерден жақсы өнім алуға мүмкіндік жоқ.
Қазақстанда 75 млн гектардай сортаңданған жерлер бар.
187
Қазақстанның
сортаңданған
жерлерін
зерттеу
жұмыстары 1956 жылы басталған еді. Бұл жұмыстар Қазақстан
Республикасы ҰҒА-ның Топырақтану институтында үш бағытта
жүргізілген:
1.
Сортаң топырақтарды анықтап, картаға түсіру.
Сортаңданған жерлерді картаға түсіріп агромелиоративтік
қасиеттерін анықтау үшін территориялық зерттеулер жүргізу.
Сортаң топырақтың әр түрлі табиғи аймақтарда орналасуына,
агромелиоративтік қасиеттеріне
қарай оларды игеру, жақсарту
жолдары да әрқилы. Сондықтан сортаң жерлерді алдымен
картаға түсіріп, олардың әрқайсысының шекараларын анықтау
қажет. Мұндай жұмыстарды Қазақстанның терістік, орталық
және шығысында Топырақтану институтының ғалымдар ы,
батысында кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым
академиясы Жайылым-шабындық шаруашылығы институтының
ғалымдары жүргізді.
2.
Сортаң жерлерді игерудің әдісі мен технологиясын
Достарыңызбен бөлісу: