Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет88/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Екінші алқап - жоғарғы алқаптан төмен жататын тау 
етегіндегі сазды жер. Бұл аймақ та пролювиалды -делювиалды 
жыныстардан құралған. Бірақ таудан алыстаған сайын 
жыныстардың механикалық құрамы ауырлап, ірі қиыршық 
тастардың орнына майда, ұнтақталған қабаттар кездеседі. 
Ұнтақталған майда топырақ қабаттардың нашар су өткізетініне 
байланысты жер асты суының ағысы бәсеңдеп, жер бетіне 
жақындайды. Кей жерлерде майда бұлақтар жер бетіне шығып 
жатады. Сондықтан оны жергілікті халық «қарасулы аймақ» деп 
те атайды. Суы негізінен тұщы. Жер асты суы жақын 
болғандықтан, топырақтары - шалғынды-сұр, шалғынды-сазды
шалғынды-батпақты және батпақты. Сазды аймақтың төменгі 
шетіне аздап құрамында натрий катионы бар сортаңданған 
топырақтар да кездеседі. 
Бұл алқаптың шалғынды топырақтарының 0,5 -1,0 м 
тереңдігінде көбінесе өте қатты карбонатты қабат кездеседі. Ол 
өсімдік тамырларының таралуына, судың сіңуіне көп зиян 
келтіреді. Мұндай қатты қабатты Орта Азияда - «арзық» немесе 
«шоқ» деп атайды. Ол жерлерді жыртып, егін еккенде жер асты 
суының жақын жатуына және механикалық құрамының майда 


184 
болуына байланысты, арық пен каналдардағы судың жерге 
сіңіп, шығын болуы көп болмайды. Топырақ бетіне жақын 
жатқан бұл суларды өсімдіктер пайдалана алады. Сондықтан 
бұл аймақты суарғанда суды есептегі мөлшерден кем беру 
қажет. Өйткені өсімдік жетіспеген ылғалды жер асты суынан 
алады. 
Ал аздап кездесетін батпақтанған топырақтарда құрғату 
үшін керіздер қазу қажет. Топырақта кездесетін қатты, арзық 
қабатымен күресу де әлі өз шешімін таппаған мәселе. Бұл 
аймақта кездесетін біршама сорланған топырақтарды жуып -
шайып, мелиоративтік жағдайын жақсарту қажет. Жер асты 
суының топырақ бетіне көп көтеріліп кетпеуі үшін оның 
деңгейін ылғи қадағалап отырған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет