Жамбас Үлкен бел бұлшықеті


Жалпақ шандырды керетін бұлшықет



бет2/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Жалпақ шандырды керетін бұлшықет, мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісінен басталып, асықты жіліктің латералды айдаршығына бекиді. Қызметі: санның жалпақ шандырын кереді, санды бүгеді.


Санның шаршы бұлшықеті, Шонданай бұдырынан басталып, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен ұршық аралық қырқасына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.


Сыртқы жапқыш бұлшықет, қасаға және шонданай сүйектерінің сыртқы беті мен жапқыш жарғақтан басталып, ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.


Жоғарғы егіз бұлшықет, шонданай мүйісінен басталып, ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.


Төменгі егіз бұлшықет, шонданай бұдырынан басталып, ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына бекиді. Қызметі: санды сыртқа айналдырады.
Сан
Алдыңғы тобы:
Санның төрт басты бұлшықеті, m. quadrіceps femorіs, төрт басы бар: 1) санның тік бұлшықеті, m.rectus femorіs, мықынның алдыңғы төменгі мүйісінен басталады; 2) санның бүйір жалпақ бұлшықеті, m.vastus lateralіs, ортан жіліктің үлкен ұршығынан, ұршықаралық сызықтан, кедір-бұдырлы сызықтан және латералды бұлшықетаралық пердеден басталады; 3) санның медиалды жалпақ бұлшықеті, m.vastus medіalіs, кедір-бұдырлы сызықтың медиалды ернеуінен, медиалды бұлшықетаралық пердеден басталады; 4) санның аралық жалпақ бұлшықеті, m.vastus іntermedіus, ортан жіліктің алдыңғы және латералды беттерінен басталады. Барлық бастары бірігіп, ортақ сіңірі арқылы тізе тобығының негізіне және бүйір жиектеріне бекиді. Қызметі: сирақты тізе буынында жазады, санның тік бұлшықеті санды бүгеді.


Тігінші бұлшықет, m. sartorіus, Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы мүйісінен басталып, асық жіліктің бұдырына және сирақ шандырына бекиді. Қызметі: сан мен сирақты бүгеді, санды сыртқа, сирақты ішке айналдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет