Жамбас Үлкен бел бұлшықеті



бет5/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Табан бұлшықеті, m. plantarіs, Ортан жіліктің латералды айдаршығынан, қиғаш тізе асты байламынан басталып, өкше бұдырына бекиді. Қызметі: тізе буыны қапшығын артқа тартады, сирақ пен аяқ басын бүгуге, сирақты ішке айналдыруға қатысады.


Терең қабаты
Бақайлардың ұзын бүккіші, m. flexor dіgіtorum longus, асық жілік денесі артқы бетінің ортаңғы үштен бір бөлігінен, сирақтың артқы бұлшықет аралық пердесінен және байламынан басталады. Бұлшықет сіңірі төмен бағытталып, асық сүйек негізін артынан және төменгі жағынан айналып төрт сіңірге бөлінеді. Төрт сіңір табанда ІІ-V бақайлардың дисталды бунақтарының негізіне бекиді. Қызметі: аяқ басы мен ІІ-V бақайлардың дисталды бунақтарын бүгеді, аяқ басын сыртқа айналдырады.
Асықты жіліктің артқы бұлшықеті, m. tіbіalіs posterіor, сирақтың сүйекаралық жарғағынан, асықты жілік пен шыбығының артқы беттерінен басталып, қайық тәрізді сүйектің бұдырына, барлық сына тәрізді сүйектерге және ІV табан сүйегінің негізіне бекиді. Қызметі: аяқ басын бүгеді, сыртқа айналдырады және әкеледі.


Үлкен бақайдың ұзын бүккіші, m. flexor hallucіs longus асық жілік шыбығы артқы бетінің төменгі үштен бір бөлігінен, сирақтың сүйекаралық жарғағынан басталып, үлкен бақайдың дисталды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: Үлкен бақайды бүгеді, аяқ басын бүгеді және ішке айналдырады.


Латералды тобы:
Асықты жілік шыбығының/кіші жіліншіктің/ұзын бұлшықеті, m. peroneus longus, Асық жілік шыбығының жоғарғы үштен екі бөлігінен және басынан басталады. Сирақ-аяқ басы буынының тұсында бұлшықет сіңірі латералды тобықты артынан айналып, өкше сүйегінің жүлгесі арқылы табанға өтеді. Одан қиғаш алға әрі медиалды бағытталып, І-ІІ табан сүйектерінің негізіне және медиалды сына тәрізді сүйекке бекиді. Қызметі: Аяқ басын бүгеді, аяқ басы күмбезін нығайтады.
Асықты жілік шыбығының/кіші жіліншіктің/қысқа бұлшықеті, m. peroneus brevіs, екі қауырсынды, алдыңғы бұлшықеттің астында жатады. Асық жілік шыбығы латералды бетінің төменгі үштен екі бөлігінен, сирақтың бұлшықетаралық пердесінен басталып, латералды тобықтың артқы жағымен аяқ басына шығып, V табан сүйегінің негізіне бекиді.
Қызметі: аяқ басын бүгеді және әкетеді, оның латералды жиегін көтереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет