Жамбас Үлкен бел бұлшықеті



бет6/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Аяқ басы бұлшықеттері

Аяқ басының бұлшықеттері сыртқы және табан беттерінің бұлшықеттері болып бөлінеді.




Аяқ басының сыртқы бұлшықеттері (3.41-сурет):
Башпайлардың қысқа жазғышы, m. extensor dіgіtorum brevіs, әлсіз дамыған бұлшықет. Өкше сүйегінің латералды және жоғарғы беттерінен басталып, аяқ басының сыртқы бетінде қиғаш және латералды бағытталып, ІІ-ІV бақайлардың ортаңғы және дисталды бунақтарының негізіне бекиді. Қызметі: аяқ басының ІІ-ІV бақайларын жазады.
Үлкен башпайлардың қысқа жазғышы, m. extensor hallucіs brevіs, алдыңғы бұлшықеттен медиалды орналасады. Өкше сүйегінің алдыңғы бөлігінен басталып, алға және медиалды бағытталып, үлкен бақай проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: Үлкен бақайды жазады.
Аяқ басының табан бұлшықеттері (3.42,3.43-суреттер):
Аяқ басының табан бұлшықеттерін орналасуына қарай үш топқа біріктіріп қарастырамыз: латералды, ортаңғы және медиалды.
Медиалды тобы:
Үлкен башпайды әкететін бұлшықет, m.abductor hallucіs, аяқ басының медиалды жиегінде ұзына бойына беткей орналасады. Өкше сүйегінің бұдырынан, қайық тәрізді сүйек төмпегінен және табан апоневрозынан басталып, үлкен бақайдың проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: Үлкен бақайды медиалды бағытта әкетеді.
Үлкен башпайдың қысқа бүккіші, m. flexor hallucіs brevіs, екі қарыншалы бұлшықет. Жіңішке сіңірлі табақша түрінде текше сүйектің табан бетінен, сына тәрізді сүйектерден, табан апоневрозынан басталып, үлкен бақай проксималды бунағының негізі мен оның медиалды сесам тәрізді сүйектеріне бекиді. Қызметі: үлкен бақайды бүгеді.
Үлкен башпайдың әкелетін бұлшықеті, m. adductor hallucіs, қиғаш және көлденең екі басы бар. Қиғаш басы латералды сына тәрізді сүйек пен текше тәрізді сүйектерден, ІІ-ІV табан сүйектері негізінен, көлденең басы ІІІ-V татан сүйектерінің дисталды ұшынан, сонымен қатар ІІІ-V табанбунақ буындарының буын қапшықтарынан басталады. Екі басы бірігіп, бұлшықет сіңірі латералды сесам тәрізді сүйекпен үлкен бақай проксималды бунағының негізіне бекиді. Қызметі: үлкен бақайды ортаңғы сызық бойымен әкеледі және бүгеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет