Жамбас Үлкен бел бұлшықеті


Санның екі басты бұлшықеті



бет4/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Санның екі басты бұлшықеті, m.bіceps femorіs, ұзын және қысқа бастары болады. Ұзын басы шонданай бұдырынан, қысқа басы ортан жілік кедір-бұдыр сызығының латералды ернеуінің төменгі бөлігінен басталады. Санның төменгі үштен бір бөлігінде екі басы қосылып, асық жілік шыбығының басына және асық жіліктің латералды айдаршығына бекитін жалпақ сіңірге ұласады. Қызметі: санды жазады, сирақты бүгеді, бүгілген сирақты сыртқа айналдырады.
Сирақ
Алдыңғы тобы:
Асықты жіліктің алдыңғы бұлшықеті, m.tіbіalіs anterіor,Асық жіліктің латералды айдаршығынан және денесінің латералды бетінен, сүйекаралық жарғақтан, медиалды сына тәрізді сүйектің табан беті мен І табан сүйегінің негізіне бекиді. Қызметі: аяқ басын жазады және әкеледі. Аяқ басы қозғалыссыз тұрғанда сирақты алға иеді.
Башпайлардың ұзын жазғышы, m. extensor dіgіtorum longus, . Асық жіліктің латералды айдаршығынан, асық жілік шыбығының басы мен алдыңғы жиегінен, сүйекаралық жарғақтан басталады. Аяқ басының сыртқы бетіне бағытталып, сирақ-аяқ басы буынының тұсында төрт сіңірге ажырайды. Бұл сіңірлер ІІ-V бақайлардың ортаңғы және дисталды бунақтарының негізіне бекиді. Бұлшықеттің төменгі бөлігінен азғана ет талшықтары жеке бөлініп, үшінші асық жілік шыбығының бұлшықеті деп аталып, оның өзі V табан сүйегінің негізіне бекиді. Қызметі: ІІ-V бақайларды табан-бунақтық буындарды жазады, сирақ-аяқбасы буынында аяқ басын жазады,латералды жиегін көтереді.
Үлкен башпайдың ұзын жазғышы, m. extensor hallіcus longus, Асық жілік шыбығы медиалды бетінің төменгі жағынан, сирақтың сүйекаралық жарғағынан басталып, үлкен бақайдың дисталды бунағына және жартылай проксималды бунағына бекиді. Қызметі: үлкен бақай мен аяқ басын жазады, аяқ басының медиалды жиегін көтереді.

Артқы тобы беткей және терең қабаттардан тұрады.
Беткей қабаты
Сирақтың үш басты бұлшықеті, m. trіceps surae, жалпы бір сіңірге жиналатын үш басынан: балтыр бұлшықеті мен камбала тәрізді бұлшықеттерден тұрады. Балтыр бұлшықеті, m. gastrocnemіus, екі басты болады. Латералды басы ортан жіліктің төменгі эпифизінің сыртқы бетінен, латералды айдаршықтан жоғары, медиалды басы ортан жілік медиалды айдаршығынан басталады. Сирақтың орта тұсында екі басы бірігіп, жуан жалпақ сіңірге өтеді. Бұл сіңір төмен қарай сүйірлене камбала тәрізді бұлшықеттің сіңірімен қосылып, өкше (ахиллов) сіңірін түзеді. Ахиллов сіңірі өкше бұдырына бекиді. Қызметі: Сирақты бүгеді, ішке және сыртқа айналдырады, аяқ басын бүгеді. Камбала тәрізді бұлшықет, m. soleus, балтыр бұлшықетінің астында орналасады. Сіңірлі доғадан, асық жіліктің артқы беті мен камбала тәрізді бұлшықет сызығынан басталып, өкше сүйегінің өкше бұдырына балтыр бұлшықеті сіңірімен қосылып бекиді. Қызметі: сирақтың үш басты бұлшықеті сирақты және аяқ басын бүгеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет