Жамбас Үлкен бел бұлшықеті



бет3/7
Дата21.09.2024
өлшемі3,33 Mb.
#145146
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Тізе буынының бұлшықеті, т.articularis genus. Бұлшықет талшықтары ортан жіліктің дисталді бөлігінің алдыңғы бетінен басталып, , тізе буынының қапшығына барып бекиді. Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып керу
Медиалды тобы:
Қырлы бұлшықет, m. pectіneus, қысқа жалпақ бұлшықет, қасаға сүйегінің үстірті мен жоғарғы тармағынан басталып, ортан жіліктің кедір-бұдырлы сызығының медиалды ернеуіне кіші ұршықтан төмен бекиді. Қызметі: санды әкеледі және бүгеді, сыртқа айналдырады.
Әкелетін ұзын бұлшықет, m. adductor longus, пішіні үшбұрышты, қырлы бұлшықеттен медиалды және төмен орналасады. Қасаға сүйегінің жоғарғы тармағынан басталып, ортан жілік кедір-бұдырлы сызығының медиалды ернеуінің ортаңғы үштен бір бөлігіне бекиді. Қызметі: санды әкеледі, және бүгеді, сыртқа айналдырады.
Әкелетін қысқа бұлшықет, m.adductor brevіs, жалпақ үшбұрышты бұлшықет. Қасаға сүйегінің төменгі тармағы мен сыртқы бетінен басталып, ортан жілік кедір-бұдырлы сызығының жоғарғы үштен бір бөлігіне бекиді. Қызметі: санды әкеледі және бүгеді.
Әкелетін үлкен бұлшықет, m.adductor magnus, әкелуші бұлшықеттердің ішіндегі ең мықтысы саналады. Шонданай бұдырынан, қасаға сүйегінің төменгі тармағынан және шонданай сүйегі тармағынан басталып, ұршыұ тәрізді бағытталып, ортан жілік кедір-бұдыр сызығының медиалды ернеуіне және медиалды үстіңгі айдаршығына бекиді.
Қызметі: санды әкеледі, жартылай санды жазуға қатысады.
Жіңішке бұлшықет, m.gracіlіs, жалпақ, ұзын бұлшықет. Қасаға сүйегінің төменгі тармағынан басталып, асық жіліктің төмпегіне бекиді. Қызметі: санды әкеледі, сирақты бүгеді, бір мезетте сирақты ішке айналдырады.
Артқы тобы:
Жартылай сіңірлі бұлшықет, m. semіtendіnosus, шонданай бұдырынан басталып, асық жіліктің медиалды бетінің жоғарғы бөлігіне бекиді. Қызметі: санды жазады, сирақты бүгеді, бүгілген сирақты сыртқа айналдырады.


Жартылай жарғақты бұлшықет, m. semіmembranosus, шонданай бұдырынан басталып, асық жіліктің медиалды айдаршығының артқы бүйір бетіне бекиді; кейбір талшықтары тізе асты шандырына және қиғаш тізе асты байламына өтеді. Қызметі: санды жазады, сирақты бүгеді және ішке айналдырады; тізе буыны қапшығын кереді. \




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет