ЕРЕУIЛГЕ ТОЛЫ АЛТАЙ
Көктүріктің көшпенді ұрпақтарының тарихын терең-
деп іздеген жөн. Далалықтар жайындағы тарихи шындық
мол-ақ. Тек осының барлығын жиып-теріп, тасқа бастыру
біздің ұрпақтың борышы әрі намысымыз. Міне осы жолда
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең» романы туралы яғ-
ни, 3 томдық дилогияның 1-шi кiтабы жайлы сөздiң басы
етiп, ең әуелi бұл еңбек қазақ халқы тарихының әлi толық
игерiлмей жатқан үлкен бiр бөлшегiн қамтитын қарымды
туынды екенiн айтуымыз керек. Олай дейтiнiм бұл шығарма
бiр жарым миллионнан астам қазақ өмiр сүрiп отырған
Шығыс Түркiстандағы қандастарымыздың әр кезеңдегi қан
кешуiне арналған.
Шығыс Түркiстандағы Iле, Алтай, Тарбағатай үш аймақ
ежелден қазақ уәлаяттары екенi жұртқа мәлiм. Ал мына
«Сергелдең» аталған кiтап Алтай аймағындағы қазақтар-
дың Шың шы сай өкiметiнiң езгiсiне бағытталған. Алтай
қазақтары үшiн адам айтқысыз қырғын апат болып тиген
қанды соғыс жергiлiктi әкiмшiлiкке қарсы бас көтерумен,
атап айтқанда Көктоғай ауданының қанқұйлы әкiмi Шүй
чыңның басын алудан оқыс басталған. Қыс iшiнде үй-
жайларын тастап тауға қарай босып кеткен көшпендi қазақ
бүкiл Шыңжаңды билеп отырған Шың шы сай өкiметiнiң
жасанған қарулы күшiне қарсы тұрады. Тарихи шындық
деректер негiзi бойынша жазылған бұл еңбекке ә дегеннен-
ақ жанашырлықпен қарайтын тұсымыз жалаңаш қарын
жас бала, еңкейген кәрiсiнен тартып ақ қар, көк мұз қыс
iшiнде иен өлке, тау-тасты сағалап түп қопарыла көшiп
шығатындығы. Үй-мүлiк, қора-жай атаулыға қарай алмай,
тек жамылғыш, төсенiшiмен ғана тау шатқалдарына қарай
елсiз өңiрдi бетке алып босып шығады. Мықтағаны кiшкене
ұранқай үйлер, қала берсе бастарына қалқайтып отырарлық
күрке, қостар ғана болмаса, әшейiндегi мәпелеп тiгетiн бәлен
қанат үйлерiне шейiн тәрк етiп буып-түйiп қыстауларына
тастап ауған. Алдымен Көктоғай, Шiңгiл екi ауданның
42
Жанат Ахмади
қазақтары көтерiлген. 1940 жылдың кiрiсiмен көтерiлiс
бастаған Алтай аймағына байланысты бұл уақиғаның түп
тамыры тым әрiден себеп туындатып отырғанын алдын-
ала бiлуiмiз керек. Мұнан жүз отыз жылдай бұрын, сонау
1871 жылы он сегiз жастағы Көгедей төре Пекинге барып
Еженханнан (Шиң империясының ханы) «уаң» деген
атақ (ақсүйек – кiнәз) алуымен байланысатын. Он екi ата
Абақ Керейдiң төресi Көгедай осы Керей елiн тұтасымен
Еженханға тiкелей бағындырған. Содан 1921 жылға шейiн
Алтай аймағы Шиң империясының ордасына төте қарап
келiп бертiнде ғана Шыңжаң өлкесiне бағынғандықтан бұл
аймақты мекен еткен жауынгер, Керей ұлысы ендi Шың-
жаңдағы гоминдан – Қытай өкiметiнiң аяусыз езгiсiне
шыдай алмай, көтерiлiс жасауға мәжбүр болған.
Бiр жағы Монғолиямен, екiншi Сәбетпен шекаралас,
құ лағы түрiк, қаны ояу Алтай қазақтары аса зымиян, аяр-
лығымен аты шыққан Шың шы сай өкiметiнiң жергiлiктi
әкiмшiлiгiне наразылық көрсетуiмен барып шегiне жете
ушығып кеткен қарсылық ақыры осынау зор қантөгiске
жеткiзiп тынды. Жергiлiктi Қытай өкiметi, атап айтқанда
аймақ, аудан басшылары қазақ елiнiң ең сорпа бетiне шығар
Ақыт қажы тектес атақты кісiлерiн тұтқындап, түрмеге
жабу арқылы елдi ауыздықтап, тiзгiндеп ұстау тәсiлiн
қолданбақшы едi. Сондай кезеңде халықты ерлiкке бастау-
шы не бары отызға ендi ғана iлiнген жас батыр, Иманбай
баласы Есiмхан Көктоғай әкiмi Шүй чың қазақ қолындағы
мылтық атаулыны жинатып алу үшiн нөкерлерiмен ауылға
келiп жатқан жерiнде басып қалып, түгел қырып салады.
Және сол маңдағы Ақтеке бидiң ауылында қонып жатқан
Шүй чыңның өзге кiсiлерi де жойылған. (Автор Шүй чың
деп алып отырған қытай әкiмiнiң тарихи аты Шүй арлин
едi, оны сәл өзгертiп қолдану себебiн Ж. Самитұлы өзi
бiледi)
Есiмханмен бiрге әуелден-ақ көтерiлiс ұйытқысы болған
басшылар: Көктоғайдан Ақтеке би, Шағалақ би, Көкенбай
43
Әдебиет – жан нұры
үкiрдай, ал Шiңгiлден Ноғайбай би, оның баласы жас үкiр-
дай – Ырысқан, Арғынбек имам, тағы-тағылар.
Сонымен Керей елi өздерiнiң бұрын өткен даңқты абыз
көсемi Жәнiбек батырдың қаратамақ туының түбiне жи-
налып серттеседi. Арғынбек имам соғысқа аттанатын қа-
райған халықтың тiрiдей жаназасын шығарады. Ел-жұрт
етегiне жас толып күңiренген бұл әрекет романда өте
тартымды, нанымды да, табиғи суреттеледі.
Сыпырыла көшiп ошарылған қалың елдiң Бұлғындағы
ұшыраған қырғынын айтыңыз! Осы тұста ойға оралатын
бiр нәрсе бар. Ағылшын жазушысы Жюль Верннiң «Он бес
жасар капитанында» құлдық дәуiрдегi Африка негрлерiнiң
көретiн азап қырғыны Жақсылық Сәмитұлы дүниеге әке-
лiп отырған тарихи романдағы күнi кеше ғана қазақ елi ба-
сынан өткерген қанды қырғынның ширегiне, тұрмайтын-
дығына көзiңiз жетiп ойға қаласыз. Жарайды, Жюль Верн
сәттiлiк толқынына тұс келiп тарих сахнасында аталмыш
негр қырғынын жарыққа шығарып бере алған екен,
төрткүл әлемге танытқан екен... Әсiресе сынаптай сырғып
жоғалған сәбеттiк қитұрқы саясат, «жылағанның басында,
жығылғанның қасында» көрiнгiсi келетiн қашаннан бергi
үйкеншек әдетiмен Үндiқытай түбегiне ме, немесе сонау
қара үйек құрлықтағы негрлерге ме, қай-қайдағы қолайыма
келедi-ау деген елдерге қамқорси қоятын әдетiмен «Он
бес жасар капитанды да» әлемдiк аренадағы классикалық
шығарма дәрежесiнде уағыздап өттi. Мақұл талас жоқ,
құлдық дәуiрдегi Африканың сол нәубеттегi жағдайымен
жоғарыдағы аталмыш кiтап арқылы танысып бәрiмiз де
жаға ұстағанбыз. (Езiлген ұлттың зары Құдайға жеткенi-
ақ абзал) Бiрақ негрлер қырғын көредi, оған күллi әлем
үн қатады. Ал қазақ қырғын табады, жазушы жақсылап
жазады. Оған, е, солай болған екен ғой, деп қоя салуға
әдеттенгенбiз.
Иә, олай болса бiздiң елдiк бiлдiрер қапы қалмас ұрым-
тал тұсымыз осындай орайда болуы шарт десек, көкейге
44
Жанат Ахмади
қонатын шығар. Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең»
атты романы қай жағынан алсақ та сынға толарлық еңбек.
Бүгiнгі таңда әлеуметтiк саяси жағдай бiзге ұлттық рухани
сахна төрiн ұсынған екен, ендеше сөз жоқ, автордың бұл
романын құдайшылықпен тани бiлуiмiз керек-ақ.
Ж. Сәмитұлының үш томдық «Қаһарлы Алтай» три-
логиясы өз көзі жоқ болса да мемлекеттік сыйлық алуы
керек. Соған ұсыну елдігіміздің белгісі болар еді. (Газетке
шыққан мақалаларын кітап етіп шығарып, онысын көркем
шығарма ретінде аталмыш сыйлыққа ұсынып жүрген
бетбақтар ұялуы керек).
Жалпы шытырман оқиғалы бұл кiтап жайлы айтып
сөзiң жетпейтiндiктен алдымен қаламгерлердiң тiлi, стилi
жағынан шөлкемдеп қана өтер болсақ, Сәмитұлының сөз-
дiк қоры ұшан-теңiз. Қалың кiтап бетiн парақтаған сайын
ой-қиялыңа келмейтiн сөз тiркестер, жеке терминдер ал-
дыңыздан андыздап шығып жатады.
Мәселен: «жасығы жiбiп босай берген», «көңiлiнiң тү-
бiнде тұнып қалған бiр лас, илат...», «әмiр таппай боз-
дап», «көзiн әр тұсқа шапшыта қарап», «жақ кiрiсiн
ашпай», «көзiнен алтын сәуле ойнап», «сырт буын тартып
шеттеп», «шекесiнен ып-ыстық от дуылдап», «бөктер
тауды далда ете жабыттап, жасырынып келiп қапты»
(қытай әскерiн айтады), «көңiлiне қопақ кiре бастаған»,
«құмалақтың тiлiндей бұлдыр», «ара-тұра самал ескеуiлдеп
өрекпидi», «балға қонған шыбындай балқаштап, батып
жатты», «жүрегiне сарысу толып, қайғыланып», «иттiң
жүнiне тұрған қыраудай», «бада боп жатқан қалың жез»
«орташарқы ғана ауқаты бар» деген сияқты тапқыр, ұтқыр
сөйлемдер санап алғысыз. Автор қарымтаны – қарымжы,
быдырқайды – быдырмақ, салмауды – салма, ыңғайы дегендi
ыңғылы деген тәрiздес синонимдiк терминдермен ауыстырса
одан сөйлем бүлiнбейдi. Ал «паркетi жоқ» (230 бет) немесе
«машайты болмайды» (227 бет) деген сықылды кейбiр орыс
тiлдi қазақтардан ауызекi естiген сөздерiн қатыстырып
45
Әдебиет – жан нұры
жiбергенi қызық. Бәлкiм Алтай қазақтарында бұрыннан
қолданыла ма, жоқ әлде осындағылардан сөз арасында естiп
жүрiп қазақтың бiр сөздерi шығар деп ұғынды ма, әйтеуiр
қайткенде де Жақсылықтың сөз байытуға құштар екендiгiн
танытады. (Неғыса да айтар ойдың тұқым-тұқиян, жер-
жебiрiне жетiп жазуды ұнатады). Құштар, құмар қалам ие-
сiн кей тұста жымиып отырып оқуға тура келедi. Ал кейде
бiр сөйлемнiң iшiнде «болғанына», «болып» «болды да»
тәрiздес сөз қайталаушылықтар ұшырасып жатады. Бұған
кез келген тұстан мысал алсақ 303-беттiң төменгi жағынан
санағанда 12, 13-жолдарда «отырған» сөзi екi рет ұшырасса,
304-беттiң жоғарысынан құлдағанда 11, 12-жолдарда «қал-
ған» сөз де екi қайта қолданылып тұр.
Автор мұндайға онша мән бермейтiнi Қазақстанның
әдебиеттегi көркем тiл нормасын әлi бiле қоймайтынынан
ба, әлде асығыс сiлтегеннен бе? Әрi бұл кiтап редакторының
селкеулiгiнен де кеткен дей аламыз. Сондықтан тiлге маман
Ж. Сәмитұлындай мықты жазушының сөз қайталаушылық
босаңдығына бұл жолы кешiрiммен қарау керек секiлдi. Ал
романдағы ең басты күре тамыр кейiпкерлерден өзгелерiн
киген киiмiне дейiн тәптiштеп жату шарт емес. Көркем
шығарма одан ешнәрсе ұтпайды, қайта оқырманды мезi
етедi. Сондай-ақ бiр кiсiнiң аты сөйлем сайын қайталанып
отыруға да өте сақ болу абзал.
Автор соғыс тактикасын, стратегиялық амал-айла құ-
былыстарын керемет көрсетедi. Ұрыс қай жерде жүрiп жат-
са, сiздi де сол тобырға енгiзiп әкетедi. Оймен картина – сурет
беруге ғажап шебер.
Шығармадағы тарихи шындық бойынша ұлттық қа-
ныңызды қоздырмай қоймайтын әрекеттiң бiрi қазақтың
қанын төгушi тек Қытай өкiметi ғана емес. Ар жағынан Моң-
ғолия әскерлерi, бергi шеттен байырғы сатқын саясатпен
күн өткiзген Сәбет Одағы алма-кезек ұтылап тиiп, жан-жақ-
тан жабылып отырады. Сәбет қызыл армиясы Үрiмжiдегi
Сәбет консулымен тiл бiрiктiрiп, қызыл армияның даңқты
46
Жанат Ахмади
генералы Забелин, және қылыш өнерiнiң кәнiгi шеберi
под
полковник Семенов дегендердi бiр дивизия әскерiмен
Моңғолия арқылы өткiзiп бередi. Олар Үрiмжiдегi Шың
шы сай дубанның (патшаның) тiкелей өкiлi генерал, Яң де
шаңның дивизиясымен бiрiгiп Алтайға шеру тартады!..
Генералдар болса қай-қашан қауiптi жерге өзгелердi
жiберiп өздерi алысатын аюының артқы жағында қала тұ-
ратын әдетiмен мақтанкөй, есiрiк подполковник Семе нов-
тың қылыш полкiн алдыға салады емес пе. Семенов қа-
зақ
ты тiгерге тұяқ қоймай кескiлеуге қос генералға ант
берiп шығады. Бiрақ қазақ уықпен ұрып, сойылмен соғып
алатын қараадырдағы қасқыр емес, даңғой Семеновтiң өзi-
нен бастап оның жасанып келген жасағын быт-шыт қылады.
Ендi оған намысы келген орыс-қытай генералдары барлық
сұрқия қулық, тәсiлдерiн қолданып бағады. Қытай қол-
басылары Сәбет Одағы арқылы Моңғолияның қызыл әске-
рiнен көмек алады. Үшінші бүйiрден Моңғолдың қанқұйлы
әскерi Алтайдың шекара бетiне басып кiрiп, бiрақ өздерiнiң
кiм екенiн бiлдiрмей, қазақтың шетiн қан-жоса етiп қырып
отырады. Осының барлығына қазақтың өз iшiнен шыққан
атышулы сатқындарды, қытай полициясының өкiлдерi
мен әлгi Моңғолия әскерлерiне сатылған жансыздарды қо-
сыңыз. Мысалы Шiңгiл сақшы мекемесi атынан жүрген бiр
Зияқанның өзi қандайлық ылаң адам демейсiз бе. Зияқан,
Байтуған, Абзалбектер Қытайға басыбайлы сатылып босқан
елдi әдейi қырғынға салу үшiн таудан ойға қарай қайта
көшiрушiлер.
Ендi ауызға алмай өтуге болмайтын кейбiр кейiпкерлер
туралы айтсақ, көкмылжың Көнекбайдан бастап әр мiнездiң
адамдары бiр-бiрлеп туып жосылып жатады. Он екiде бiр
гүлi ашылмаған, әкесi мен ағасын қытай ұстап әкеткен, ал
өзi болса қайтпас батылдығынан көрмегенi қалмаған, Мәли-
па қызды тоқалдыққа алмақшы болған Шерушi руының
қарау байы, Жетiбас образын еске алыңыз. Сондай-ақ,
шешесi «ақ некеге адал бол» деп iшi тар, өзi қарау Асқабылға
47
Әдебиет – жан нұры
әйел ғып берген, Шәмшияның жасырын жүрiстерінiң себебi
оқырманға өте қанық және өте қызық, тартымды ашылады.
Ал оны жезөкшелiгi үшiн аяусыз жазалаған қажы Апаң
тым кешiрiмсiздiкпен көзге түседi. Келiншектi төрт қазық-
қа төрт тағанынан шалқасынан керiп байлатып, үстiнен
қоралы қой айдатқанда, әлдеқашан есiнен танып, талып
ба ра жатқан келiншектi қажы Апаң өзi құтқарып алса ғой,
дұрыс қазылық боп көрiнер едi. Жоқ, оқырманның жаны
ауырып, Шәмшия сорлыны өлтiредi екен деп қаласыз.
Елдi соғысқа бастап, ең алдыда кеудесiн керiп өзi жүр-
ген, Ақтеке би қартайған шағында екi рет жау оғынан қатты
жараланып, ақыры жан үзген сәтте ерiксiз көңiлiң босап
кетедi. Ал оның ерке қызы Гүжан да (Гүлжан) әкесiмен
бiрге жараланып, айналаны ауыр уайымға батырып, ая-
нышпен өлiп ол жайлы Нұрке сөйлегенде кеңсiрiгiң қақ
айырылардай, танауың удай ашып кетедi. Тасмейiр бiреу
болмасаң, кө зiңнен де жас ыршып шығады.
Әр тұстан қосақ-қосақ кейiпкерлердi еске алсақ: Шәм-
шия – Асқабыл, Тоқан – Биғайша, Шал мен кемпiр, шал-
дың өлеңi. Одан басқа Бұлғындағы жан түршiктiрерлiк
қырғында қойдай қырылып, жусап жатқан қазақтар! Өлген
кемпiр мен 14–15 жастағы өлiп жатқан қыз көрiнiстерi.
Керейден шыққан Бұқат бейсi, Шақабай руының тайжiсi –
Жанымхан, Шерушi тайжiсi – Дәлелхан тағдырлары. Өлке
өкiлi алаяқ Жау ти миң, Алтай дивизиясының командирі
полковник – Яң хүң бо тағы-тағылар.
Қорыта келгенде Нарманты, Бәйтiк, Қаптық тауларын
паналап, Шың шы сай өкiметiнiң жасанған жауына қарсы
тұрған қазақ қырғыны бiздер ғана емес, баламыздың бала-
сына табыстап кететiн қанды кегiмiз ретiнде қабылданады.
Ж. Сәмитұлының қалам қуаты сiздi соған жеткiзедi. Тегiнде
осы аталып жатқан Алтай ғана емес, көзден кетiп көңiлден
ұмыт болғаны болмаса, көрмегенi қалмаған қазақ деген қай-
ран ел-жұрттың мазақ өмiр кешкен кезеңдерi аз емес. Бүгiн
дүниеге «Сергелдеңдей» роман келiп жатса оған шүкiр-
48
Жанат Ахмади
шiлiкке келер сәтiмiз дейiк. Жалғасы жазылып, артынан
басылып шығып жатқан Жақсылықтың трилогиясын оқы-
ған адамда арман болмастай ырзалық күй кешетiнi сөзсiз
дей аламын.
Жиырма шақты жыл азап шегiп, қуғын-сүргiн, айдау
көрiп ата жұртқа қадамын ендi басқан Жақсылық Сәмит-
ұлының көрген қиыншылығы осы кiтабымен қайтты дей
аламыз. Автордың жеке басына түскен аяусыз қиындық-
тың зiл-салмағы өз ұлтының рухани мерейiне айналғаны
осы. Алтай аймағындағы осы соғыста «Бұлғын» заставы
параходымен Қытай әскерiне (Шың шы сай өкiметiне) қару-
жарақ тасып өткiзiп отырған Сәбет өкiметi екенiн көркем
шығармамен дәлелдеудiң өзi неге тұрады.
Айналып келгенде қазаққа сатқындық жасамаған, бұл
елдiң қанын судай төгуге үлес қоспаған үкiмет қалмайды.
Атап айтқанда өзiн жер бетiндегi «әдiлдiк сүйетiн ел ре-
тiнде» көрсететiн күнi кешегi Сәбет өкiметi болсын, оның
қолшоқпары Моңғолия болсын, Қытай елiне ашық түрде
қару-жарақ берiп қана қоймай, айтулы әскербасыларына
дейiн жiберiп отырған, қанiшерлiгiн «Сергелдең» трило-
гиясының алғашқы кiтабында-ақ Ж.
Сәмитұлы тарихи
шындық бойынша берген.
Соғыс үстiнде қоршауға түскен қазақтарды итке тала-
тып өлтiргеннен артық қорлық бола ма!
«Сергелдең» бiр кiсiнiң яғни автордың ғана үлесiндегi
сергелдең емес, қаным қазақ дегеннiң барлығының ар-на-
мыс сергелдеңi.
Ұлт екенiмiз рас болса, сол ұлттық кегiмiздiң сергелдеңi
деуге болды. Жер-дүниені дүрліктірген әйгілі Оспан батыр
осы соғыста шығып, ары қарай көп жыл өзі бас болып,
қазақтың ұлы даласын қорғағаны алып жазушы Жақсылық
Сәмитұлының трилогиясында анық көрініс табады.
49
Әдебиет – жан нұры
КӨКЕЙ САНДЫҒЫ ТАЗА ЖАН
«Ішіңдегің түріңде,
түріңдегің тіліңде»
( Халық даналығы)
Нағашыбек Қапалбекұлының «Біздің ауыл тау жақта»
атты кітабының кез келген шығармасы – құнды, бір леппен
оқылады. Жазушының «Таудан түскен тұман» повесін оқы-
ғанда ерекше күйде боласың. Аталмыш хикаятының желі
– арқауы күні кеше кеңес дәуірі тұсындағы кейбір қасқыр
ауыз, түлкі құйрық, кесапат басшылар мен тек өздерінің
бас амандықтарын олжа көретін, әр нәрсеге мұқтаж қара-
пайым, момын отбасы арасындағы ымырасыздыққа құ рыл-
ған. Адам баласы қорланған жерде – бітім жоқ.
Совхоз директоры Смағұл Кенжалин өз тұсындағы
қан сыз, зұлым басшының бірі. Ал, таразының екінші ба-
сында азуын айға білеген асқақ Кенжалиннің қарсыласы
– қаршадай «Тілші бала». Ол оқушы – Ыдырыс Қалиев.
Шығарманы оқи бастағаннан-ақ мұң мен зарға тоғытыл-
ған Ыдырыстың мүшкілдігін өз мұқтаждығыңдай көресің.
Осы Қалиевтер отбасындағы ауыр тағдырдың оқырманды
баурап алатындығы сонша, кітапты беттен бет ашқан сайын
сол отбасымен бірге қынжылып, бірге күйзелмеске шараң
қалмайды. Осындағы айтып бітпес, өлшеп бітпес ауыр
тауқымет сенің өзіңнің әлдебір қимас, жан ауыртарлық
жақын жандарыңның басынан өтіп жатқандай сезінесің.
Алтыншы сыныптан бастап «Тілші бала» атанған Ыдырыс
Қалиевтің үй іші, отбасы ойран болады. Жазушы оқырман-
ды оқиғаның уы мен зәріне белшеден батырып әкетеді.
Тілші балаға ауылдың кем-кетік, олқылық, кемшіліктерін
газетке жазғаны үшін уыттана жек көріп ерегескен қаны
сұйық Кенжалин қайтпас, қайсар бала Ыдырыстың әкесін
соттатып, үйелмелі-сүйелмелі, шиеттей үш қыз баласымен
өзі ауыр аяқ, жүкті қалпында қалған шеше тағдыры кімнің
де болсын қабырғасын қайыстырғандай. Шығарма қуаты
50
Жанат Ахмади
қай-қай оқырманды да өз сиқырымен, оқиға үйірімімен шым
батырып бойлатып әкетеді. Алпауыт Смағұл Кенжалиннің
жетім қозы іспетті, кішкентай қарсыласы көзін ашпай
жатып аяусыз өмір тауқыметіне ұшырайды. Бұл шығарма
күнделікті күйкі тірлік тілегімен, әмірлі өмір әлегімен ал-
данып жүрген сіздің момақан көңіліңізге от тастап, басқа
бір дүниеге жетелеп әкетеді. Жан әлеміңнің тереңінде бұғып
жатқан тыныш жігеріңді қайрап, намысыңды қайнатады.
Кенжалинге деген амалың құрып, бас кейіпкер Ыдырыс
Қалиевпен бірге қамығып, бірге қайғырасыз. Осы шығарма
салмағынан өз басыңа іс түскендей болып, өз өміріңде әл-
декімдерден көрген кейбір жәбір қиянаттарың есіңе түсіп,
хикаяттағы оқиға барысымен қосарланып отырады. Шы-
ғарма сені соған жеткізеді. Еріксіз күрсініп отырып оқисың.
Егер Кенжалин тағдыры сенің қолыңа тие қалса, оны аямас-
тай күйге жетесің. Екінші сөзбен асырыңқырап айтқанда
жазушы оқырманға Кенжалинді жекпе-жекке шақырардай
күйге жеткізеді. «Таудан түскен тұман» повесін соншалық
ашынып оқисың. Кітаптағы өзге шығарманы оқымағанның
өзінде осы бір ғана тылсым сыры бар хикаятқа қарап-ақ
автордың жүрек нәрін, жан-күйін, қалам қуатын тану қиын
емес. Көкірегіңе пікір толтырып жібереді. Өз жүрегіңмен
өзіңді сырластырып, іштей өксітіп отырады. Қалиевтер
отбасымен бірге тарығып, зарығасың. Жазушының жалпы
жаралыс болмысын да осы маңайдан іздеуге болады. Өйт-
кені әр жазушы өзінен хабар береді. Шығармасы қай-қай
автордың да өз жан дүниесінің бейнесі.Өзінің көрінісі. Ай-
на-қатесіз параллел символы – шығармашылығы. Оған
қолына қалам ұстаған ешкім көз жұмбақ емес. Оқырманның
жанына жақын қиялшыл, зерек бала Ыдырыс өмірінің
сорға батар алдындағы мына бір эпизодқа назар аударыңыз!
«Қыстыгүні жып-жылы класта артқы парталардың біріне
отырып ап, анау сырттағы алай-түлей ұйтқыған боранға
қарап қойып тәтті қиялға берілу қандай рақат! Бойыңа
жы
лы ағын жүгіріп, оймен шартарапты шарлап кетесің.
51
Әдебиет – жан нұры
Шіркін, ақын болсам! Ақын болғанда да ел-жұрт гүл іздеген
арадай тамсана, іздеп жүрер, ірісі болсам... Жүрегіме бал
тамызып жібергендей күй кешіп, елжірей балқып отыр-
ғанымда:
– Қалиев! – деген мұғалімнің дауысы селк еткізді. – Сені
әкең шақырады»... Бұл ертең соты болмақ әкесі Қалидың
аудан орталығындағы абақтыдан сот боларға дейінгі аз ға-
на аралықта уақытша босап келіп тұрған нағыз сорлылық
сәті. Ыдырыс үшін дүниедегі ең аяулы, ең ғазиз жан екені
мына сорлылық күйінде білінген, тұтқын әкесі өз мойнына
пенделік өмірдің итшілік қамытын кие тұрып, жас қалып
бара жатқан жалғыз ұлына:
– Балам, Ыдырысжан! Мен сотталатын болдым! ... Құ-
рыдым. Ендігі естияр өзіңсің ... Сорлап қалдық қой, сендерге
сор болдым ғой. – Көзінің жасы алты тарам боп басын
иығыма сүйей, еңкілдеп ап жөнелді. Тамағыма лықсып кеп
ащы өксік тірелді. Кептеле қалған түйін ары да, бері де кетер
емес.
– Сорладым ғой! ... Құйрық-жалы тұттай жалғыз едім! ...
Саған қиын болды-ау балам! Кімге жалтақтарсың?! Шешең
сорлы қайтер екен?! – Әкем екеуміз бір-бірімізді сүйеген
күйі мектептен ұзай бердік. Ол әлденелерді маған түсіндіріп
айтқысы келеді, бірақ көзінен жасы бырт-бырт үзіліп,
ойын құрастыра алмай, қайғы азабы жанын күйзелтіп,
шөге түскендей. Өкініш, күйік, нала бәрі-бәрін тұңғышына
айтқысы келген-ау, шамасы. Қайтсін енді, сұм өмірде
түлкі боп жүре алмағанына; біздерді ел қатарына жеткізе
алмағанына; басына қара бұлт төнгенде қолтығына демеу
болар жан табылмағанына күңіренгені болар. Жалғыз ұлын
көріп, мұңын шағып, көкірегінде сартап болған қасіретін
ақтарғысы келген-ау. Жүрегі тілкем-тілкем боп, барар жер,
басар тауы қалмаған соң қамалқа іздеп маған жеткенін
айтсаңшы. Арқа тұтар тұңғышының да бордай үгіліп тұры-
сы мынау.
Әкемді дәл сол жолы ғана мына ғұмырда маған ең жа-
қын жан екенін алғаш рет ұғынғандаймын. ... Әкем аһы лап-
52
Жанат Ахмади
үһілеп зарлап, болған жайды толық түсіндіре де алмады.
Өзі әрең тұрған оның жүрегін қансырата берем бе деп, мен
де терең казбаламадым. Біраз күн аудандағы түрмеде қа-
малып, шыққаны бүгін ғана екен».
Осыдан былайғы кішкене ғана бөлмеде жүрдім-бардым
сұрақтар қойылып өте шыққан сот процесі, Қалиды жер
қаптыра жамандайтын Кенжалин жазған мінездеме, со-
ғысқа қатысып қан төгіп қайтқан әкесіне немкетті әрі
жазғыра оқыла салған үкім «жан әкесін» екі қолтығынан
іліп ала жөнелген өң түстері сұрқылтай милициялар,
олардың соңынан жанұшыра, жылап ұмтылған Ыдырыс
бала көріністерін жайбарақат бейтарап отырып оқу мүмкін
емес. Жалған дүние бір басына жапырылып құлап түскен-
дей боп, әкесін осынау пақырлық сапарға жалғыз өзі боздап
шығарып салғанда Ыдырыс қандай күйде еді. Ел кеткен иен
дала, жапан түзде жападан-жалғыз аласталып қалғандай
жаны өртене құлазулы күй кешкен; іздер-сұрары жок тірі
жетім қандай.
Атақты шопан Дәуітәлі сұрқия Кенжалинмен тіл табы-
сып, Қалидың қырық шақты қойын машинаға бастырып
ұрлатып әкеткеннің үстіне әкесін соттатқаны аздай, бас-
тарына қара күн туған бұлардың бағып отырған малын
сов хозға өткізіп алып, шиеттей бала-шағалы отбасын жұ-
мыссыз қалдырады. Өзімен сөз тірестірген Ыдырысқа деген
қысастығын әлі де қоймаған ішмерез Кенжалин бала-ша-
ғаның таңдайын ағартып отырған жалғыз сауын сиырына
дейін жоғалған мал есебіне, совхоз пайдасына айдатып
алдырады. Ыдырыс аяғы ауыр, аурушаң шешесі екеуі бір
күні таң азаннан барып Дәутәлінің қорасын қарап өздерінің
екі қойын жазбай танып алады. Озат шопан «аяқты мал өзі
келіп қосылған ғой» деп зыр қағып, кісі нанбас қансызды-
ғын аша түседі. Қысқасы автор бұл шығармасында өмірде
ұшырайтын ең соқталы тетіктерді таңдап алып, оқырман
талқысында бітім таппас, айықпас күрес жүргізіп қояды.
Осы тартылған желі – арқауды жеріне жеткізе, ширықтыра
53
Әдебиет – жан нұры
керіп, сізді соның өн бойында ұстайды. Өз дегенін орын-
дау жолында қиянаттың қандайынан болсын тайынбайтын
Кенжалин кеңестік тоталиторлық түзім егіп шығарған,
бетін тілсең қан шықпайтын бірегей образ болып сомдалған.
Өмір ешкімнің ақысын жемейтіні тағы бар. Аяғында ше-
шесі де тірлік азабынан қайтыс болып, журналистикада оқи
жүріп Ыдырыс жетім қарындастарын Есік қаласындағы
интернат үйіне апарып, қайтып, жүргендегі тауқыметке
жан төзбестей. Айтсаң таусылмайтын оқиғасы бар «Таудан
түскен тұман» хикаятының басты кейіпкері ең соңында
мықты журналист болып шығады. Зомбылықпен көркейген,
қарғыстан күйрейтін зауал тағы бар. Баяғы бас шопан қу
басы жалғыз қалып, маскүнемдікке салынып жүргенде
Ыдырысқа ұшырасып қалады. Өзінің нағыз қара қасқа
иттігін мойындап кешірім сұрап жалбарынады. Кенжалин
де Ыдырысқа ісі түсіп, байырғы сайқалдығына салады.
Негізінде бұл хикаят романның жүгін көтеріп тұрған ірі
шығарма, десек те артық емес.
Достарыңызбен бөлісу: |