Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

ТіЛЕК КіЛТі – ЖҮРЕКТЕ
2004 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан белгілі 
жазушы Советхан Ғаббасовтың «Көңіл құсы» аталатын ро-
маны жарық көрді. Кітаптың басты кейіпкері Асан баланың 
ауыр басталған тағдырына және оның кейінгі табысына 
қарап отырсаңыз, өмір ешкімнің ақысын жемейтініне куә 
боласыз.
Әу баста жоғары оқу орнына түсе алмай, тауы шағылған 
жас жігіт келер жылы, яғни, 1959 жылы Алматы Ме-
дициналық институтына түсумен үлкен өмір жолын бас-
тайды. Бұл орайда ерекше бөліп айтарлық бір жайт – Асан 
осыған дейінгі аралықта арман азабын бір кісідей тартқан 
жас. Оқырман оған сол үшін жанашыр болып отырады. 
Жазушы романның іргетасын солай қалаудан бастаған. 
Асан жаратылысынан бойкүйез, самарқау емес, барынша 
арманшыл бейне. Ішкі рухани дүниесі тыныш таптырмай-
тын, өршіл бұла жастың оқуға түсіп кеткеніне сіз қуана 
отырып, оның былайғы өміріне де қамқор, тілекші болып 
отырасыз.
Туған әкесін көрмесе де ақылды жетім болып өскен 
 
Асан, өзіне тілеу тілеп соңында қалған жан анасын алыс-
тағы туған ауылына тастап, өліп-талып оқуға ілінгені, 
 
өмірдегі ең алғашқы құрбы, досы болып кездескен Дастан-
мен танысу сәті кім-кімді де адами ізгі ниетке шақырады.  
Мәселен, Дастан Асанға оның конкурстан өткені туралы 
тізімнен көріп келгендігін естірткен тұста оған деген сезім 
дүниеңіз қыл үстінде тұрады. Жазушы Асанның конкурс 
хабарын білуге келе жатқандағы хал-күйін былай береді. 
«Сейфуллин мен Комсомол көшелерінің қиылысқан бұры-
шындағы медицина институтының екінші корпусына жа-
қындап қалған еді. Жұдырықтай жүрегі желіге әкеп бай-
лаған құлындай... бей-берекет тулап келеді. Оның шұрқы-
рай шулап, қаңқылдап кеткен көңіл құсы: «...тағдыр маған 
не сыйлады екен. Бар болмыс, өзіңнен ғана жалбарынып 
сұраймын?! Бақытымды жандыра гөр, бүлдірмеші сезі-
мімді... жоғалтпашы бойым дағы сезімді...»

130
Жанат Ахмади
Күбір-күбір сөйлеп келе жатқан Асан, өз дауысын 
естіп те, байыбына жетіп ұғып та білмейтін тәрізді. Тіпті 
ентелей жүгірген ол, екпінімен алдындағы баланы қағып 
кеткенін де аңғарған жоқ. Тек соңын ала ащы шыққан 
«Асан!» деген дауысқа жалт қараса, ақсия күліп қарсы келе 
жатқан, өзімен бірге тұратын Дастан екен. Оның екі езуі екі 
құлағында:
– Сүйінші, бауырым, сүйінші! Ақ түйенің қарны жа-
рылып... – дей бергенін тыңдап тұруға Асанның дәті жетпеді.
– Ойпыр-ай, айтсаңшы?!
– Е-е екеуміз де институтқа қабылданыппыз!
Не сенерін, не сенбесін білмей бөгеліп қалған Асан:
– Қойшы ей, шын ба? Мен де түсіппін бе? – деді, әлден 
уақыттан кейін тілге келіп.
– Әрине, сен де түстің! Жүр, сенбесең, тізімді барып 
көрсетейін.
(Құрметті оқырман, шығарманың алғашқы бұл тұсын 
бұлай тәптіштеп беріп отырғанымыз – бас кейіпкер Асан 
осы роман авторының прототипі болғандықтан, жазушы 
өмір жолының алғашқы ауыр басқышынан аздап үзік сыр 
байқата кетуге тура келгендігі).
«Дастан оны қолтығынан алып сүйрей жөнелді. Одан 
әрі не болғанын білмей кеткен Асан, бас салып Дастанның 
бетінен сүйе берді. Ол ағыл-тегіл солқылдап ұзақ жылады. 
Оны қолтықтаған күйі қалқалау жерге апарған Дастан, 
аузына түскен бар жақсы сөздерімен жұбатып жүр. Асан үн 
шығарып бірдеңе айтайын десе-ақ болды, өкси булыққан 
дауысы қатты шығып кететіндей сезінеді. Оның көкірегін 
қарс айырған сезім күші, көзінен жас, кеудесінен жалын боп 
шықпай тіпті де тоқтар емес.
Әлден уақыт өткен соң барып сабырлы ұстамын тауып:
– Сен мені кешірерсің?! Мұның бәрі көзімді ашқаннан 
бері қарай көріп келе жатқан жетімдіктің салдарынан 
шығып жатқан зар ғой. Ес білгелі есімнен тана қуанғаным 
осы болса, мұны да ботадай боздап қарсы алғаныма өзім де 
таңмын. Тегі менде... қуанышты басқаша қабылдайтын 

131
 Әдебиет – жан нұры 
әдеттің болмағаны ғой. Мүмкін біздің буынға сыйлаған 
уақыт заңдылығы шығар, – деді.
Іле құптаған Дастан да:
– Әрине, Асан, дұрыс айтып тұрсың! Мұндай қуанышты 
өзінің талабы мен талпынысына ғана сүйенгендер осылай 
сезінеді», – деген орынды жұбату сөздерімен ертіп жүріп 
кетеді. Асанның жаңағы «Біздің буынға сыйлаған уақыт 
заңдылығы шығар» дегенінің астарына үңілсеңіз сан 
қабат ой жатқанын көресіз. Ол қазірге дейін тіпті болашақ 
қоғамымыздың оқуға түсу мәселесінде жалғаса беретін 
ащы да, ауыр шындық еді. (Жұрттың бәрі Асанға, ұқсап өз 
күшімен түспейтіні айдай анық).
Асанға танысқан сәттен бастап оған үнемі жылы қарап, 
жас таланттың өмірге деген көзқарасының ойдағыдай берік 
қалыптаса түсуіне қол ұшын берген тағы бір адам, емдеу 
факультетінің деканы.
«Орта бойлыдан сәл сұңғақтау, талдырмаш денелі, ақ-
сары адам, бірер аттап алға шықты да, алтын жағал көзіл - 
дірігін киіп» дегеннен кейін автор деканның аузына 
небір әдемі, ойлы сөздерді сала келіп «Мынау өздеріңіз 
оқымақшы болып тұрған институттарыңыз керенау, кербез, 
жалқауларды жағасына лақтырып тастайтын... толқын 
атқан теңіз секілді. Осыдан сақ болғайсыздар...» деп сөйлеуі 
көркем көңілдің адамы екенін бірден байқатады. Оның 
аузынан «Жалпы студенттік шақ, адамзат қауымының 
көктемі сияқты» деген мағынасы әсем теңеу шығады. 
Сұхбатының барлығы көкейге қонымды. Айтуына қарағанда 
бұл студенттер қыркүйек айының біріне дейін оңтүстік 
облысқа мақта теруге дайын болуы керек екен. Сөзінің со-
ңында «Маған тап осы қазір Найманов Асан атты студент 
жолығуы керек. Қалғандарыңыз сау-саламат болыңыздар» 
деп, Асан үшін тағы бір тосын жайдың төбесін қылтитқан-
дай болады.
Асан келіп жолыққанда декан оған толық мән бере 
отырып, отбасы мүшелерін сұрай келіп:

132
Жанат Ахмади
– Е-е, жөн-жөн, қалқам. Өзің ауылда қандай жұмыс істеп 
едің?
– Жылқышы болдым.
– О-о, жылқышымын де? – деп еңсеріле бұрылған Ха-
мит. – Өте жақсы екен. Жылқышылар ер көңілді, сері 
мінезді адамдардан шығады деуші еді ғой,– деуі, Асанмен 
ә дегеннен бұлай жылы сөйлесуі қалай да бір сырдың 
барын аңдатқандай. Ол алдында жатқан көкшілдеу түсті 
телеграмма қағазын қолына алды. Сәл кідіріп қалған Хамит:
– Міне, мынау сенің атыңа келіпті: «Анаң сырқаттанып 
қалыпты» – деп хабарлайды.
«Ұмсына түсіп телеграмма қағазын қолына алған Асан, 
өң жоқ, түс жоқ бозара, шошынған күйі отырып қалды».
Сонымен Асан шығыстағы ауылына жетіп ауыр халде 
жатқан шешесін аман көргенімен, тағдыр тәлкегіне көнбеске 
лажы болмай қайран анасын қолынан жерлеп қайтады. 
Бұндағы рухани күйзеліс ауызбен айтып жеткізгісіз. Өйт-
кені барша болмысты жүрегімен қабылдайтын Асанның 
анасының дүниеден өту барысын жазушы Советхан Ғаббасов 
барынша шөгіп, табандап суреттеген. 
«Қия жолдар» деп аталатын бірінші тараудың 6-тарау-
шасы: «Аңсап жеткен Асанды Алматыдай ару қала, қоңыр 
салқын жайдары мизам шуағымен қарсы алған еді. Көкке 
оранған көше бойлары әлі де жап-жасыл күйін сақтаға-
нымен қоңыр күздің алтын жағал бояуымен сарала тарта  
бастапты. Ашық аспан аясында... бар тұлғасымен, ажарла-
на түскен Алатауға қатты таңырқаған Асан, оның соншама  
биік, соншама заңғар шыңдары, көк күмбезін тесіп жібе-
рердей тұлғалы екен. Аңыра қарап тұрып қалған ол, сұлу 
сипатқа тәңіріндей табынып тұр» деп бастауы, шешесінен 
айырылып, көкірегіне қайғы-шер толып қайтқан Асанның 
алдында әлдеқандай жұбаныштар барынан хабар бергендей. 
Яғни, Асан көңілінің параллель символы тәрізді. Ақын-
жанды адамдардың барлығының да әсем қала Алматыға, 
Алатауға сүйіспеншілігі ашыла түскендей.

133
 Әдебиет – жан нұры 
* * *
Екінші бөлім елуінші жылдардың ортасынан басталады. 
Институттың барлық қоғамдық ұйымдарын толғандырған 
проблемалық мәселелер жайлы толғақты жиындар өтеді. 
Мәселен, Қазақстан мектептерінде қазақ тіліне баса мән 
беріліп, ұлт тілінің мектептен бастап өркен жаюына арнал-
ған мәселе қозғалады. Бұған алдымен бірден бел шеше 
түрткі болған комсомол ұйымының жетекшісі Асан бола-
тын. Үлкен оқу орнының осындай әрекеттеріне қарсы 
 
шығатын партия ұйымының хатшысы Андреевтен бастап, 
институт ректоры, бірмойын, өзімшіл адам Самиғолла 
Барынбаев және бар айла-тәсілін ішіне бүгіп жүретін, 
кәсіподақ ұйымының бастығы Жаппар Жарғанатов образ-
дары адам баласы бар жерде пәниден бақиға дейін жасап 
келе жатқан кереғар тұлғалар. Жазушы бұл тұста «жастар 
ұйымының бастамасынан кейін, іле барлық факультеттер-
дің партия ұйымдарында, деканаттарда, институттың 
деканатарында да қызу талқылауға кіріскен. Тек бұрыннан 
тақуалықпен аты әйгілі, институттың ректоры болып 
отырған Самиғолла Барынбаев ерекше сұстана, мойнын 
ішіне алып қатты тулады» деген бір ғана сөйлем арқылы-
ақ ректордың бейнесін ашып тастайды. «...ұлтшылдықтың 
ноқтасын кидіріп...» деген жарты сөйлемнің өзінен-ақ 
жазушы позициясы айқын білініп тұр. Ал, Асанды жақ-
таушы Хамит Мұратов барынша бір peт, адал ұстаз. Ол 
ректордың өзіне тайсалмай, қарсы жауап бере біледі.
Ректорат мәжілісінде басты кейіпкер, комсомол ко-
митетінің хатшысы, жап-жас жігіт Асан «бұл шешімін 
күтіп тұрған аса үлкен, өзекті проблема» екенін айтады. 
Оны лайығымен дұрыс қолдайтын Хамит ректормен 
бірсыпыра сөздерге барысып та қалады. Оқиғаның егжей-
тегжейін пайымдап отырсаңыз, автор қазақ халқының 
интеллигенциясы, оның ішінде медицина саласы ұлттық 
менталитетке толыққанды болу жағдайын алға тартады.

134
Жанат Ахмади
Жаппар Жарғанатов жер жүзіндегі ізгі ниетті адам 
баласының опасыз, сайқал типін әйгілеп тұрған кейіпкер. 
Оның іс-әрекеті арқылы соны көре аласыз. Жазушы бұл 
бейнені де сәтті шығарған дей аласыз.
Қорыта келгенде сәтімен дүниеге келген «Көңіл құсы» 
романы жазушы Советхан Ғаббасовтың соңғы жылдардағы 
табанды еңбек жемісі деуге тұрады. Роман тартымды оқы-
латындығымен құнды. Автордың қадала ойланып жазған 
шығармасының оқырманға толық ұғылып, әрлене түсуіне 
көңіл бөлгені кімге де болса түсінікті.
Аз тиражбен шығып, автордың қолына мардымсыз да-
налары ғана тиген романның оқырманы аз болуы алаңда-
татыны ғана өкінішті...

135
 Әдебиет – жан нұры 
Философ, ғалым Зейнолла Қари 60 жаста 
ТҰЛҒАЛЫ ЕР ЕДі
Әлемге әйгілі Амудария мен Сырдария арасындағы Ақ-
шұқыр деген жерде туып, Ақарық ауылында мектепте оқып, 
Ақмешітте институт бітіріп, Алматыда философия ғы-
лымынан ғалым болған, Зейнолла Қаридың осы басқыш жо-
лына қарай отырып, біраз ой түюге тура келеді. 
Әл-Фараби мен Абайдың, Ахмет Иасауи мен Шәкәрім 
ең 
бектерінің ара қатынастарын тексеретін Қазақ фило-
со 
фиясының Тарихы негізінде «Көкірек көзді көсемдер» 
атты сериялы (ұзақ желілі) зерттеу кітаптарын жазған ға-
лым ның бұл еңбектерін кеңінен сөз етуге болар еді. Өйткені  
автор үшін емес, автордың назарына қияннан ілігіп отыр-
ған адамзат ба ласының ең киелі саңлақтары жөнінде сөз 
болып отырған бұл еңбек біздердің бойымыздан да жан та-
залығының мол дығын қалар еді. 
Автор осы академиялық библиографиялық кітабындағы 
еңбектерінен тыс 1996 жылы «Санат» баспасынан жарық 
көрген көлемі 15 баспа табақтай «Өлмес өсиет». 
«Авторы – Алланың өзі, желісі сүре» деген толықтама 
шарттылықпен берілген «Рауан» баспасынан шыққан 7 баспа 
табақтай «Мұхаммет пайғамбар» атты екі кітабы дін таным 
жағынан еңбекқор автордың докторлық жұмысына қатысы 
жоқ дүниелер. Жүрек қалауы, табиғатынан исламият 
жауапкершілік іліміне бейім, діндар ғалым түпкі линиядағы 
докторлық еңбегіне ұпай жинамайтын аталмыш екі кітабын 
ақшаға да сатпақ емес... Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің 
дін тану мамандығына пейілді студенттерінен бастап тегін 
таратпақ. Жұмыртқаны шөже, шөжені тауық етіп шығаруды 
жүктеп отырған нарық заманындағы кітап бастыру үшін өз 
қалтасынан шыққан шығыны, мұсылман әлемінің теңдессіз 
таза рухына, сопылық жолға бағышталады. З.Қари бұл ретте 
тек Сауапкершілік іздейді. 
Сондай-ақ Зейнолла Қари 9-сыныпқа арналған «Әдеп 
негіздері» деп аталатын оқулық пен хрестоматия авторы. 

136
Жанат Ахмади
Міне осы тұста назар сала кететін тағы бір жайт 
З. Қаридың әдеби-көркем және ғылыми-әдістемелік негізде 
шығарған бірталай кітапшаларының сыртында Қорқыт баба 
мен Иасауи бейнесін көз тұнарлық, нағыз абыз көріністе 
кілемшеге түсіртуі де жай әуес-әсемпаздық құштарлығы 
емес. Халқымыздың бағы замандарында айналаны өз кие-
сіне бағындырып, дүниені дүр сілкіндіріп өткен әулие-
әнбиелердің қайталанбас рухына иелік ету – мұрагерлік 
үлгісі. Сол ретті адал тер төгу белгісі. Олай дейтініміз Әл-
Фараби, Ахмет Иасауи, Абай тағы-тағылар үшін бойындағы 
сөл қуатын сарқа, жұмсап жан қинауды өзінің мағыналы 
өміріне бұлжымас борыш санаған. Бабалар рухы алдында 
адал ниетпен бас иеді. Ахмет Иасауи, Абай, Қорқыт бейнесі 
мыңдардың емес, миллиондардың ұрпақтық әуестік сезі-
мін тербетіп жүрген ортақ есім. Осы негізде З. Қаридың 
ми расқорлық еңбегін жалпы шолып, атамыз қазақтың бір 
да налық ұлағатына жүгінсек «шешілмес түйінді шешерге 
кел генде патшадан ойшыл артық» дейтін қағидасына тоқ-
таймыз. Философ ғалымның әдеби-көркем және ғылыми-
әдістемелік еңбектері үлкенді-кішілі қырық шақты кітап-
шалардан тұратын болса, оның ішіндегі: Оқулық 5, моно-
графиялық еңбек 5. ғылыми мақала 25. Ал оның сарап-
тауымен (редакциялаумен) шыққан библиографиялық ең-
бектер 19 кітапша болған. Автормен әңгіме-сұхбат кездесу 
мәслихаттар (интервью) арқылы жарық көрген баспа бетін-
дегі материалдар 36 тақырып екен. 
Осылармен қоса Зейнолла Қаридың өмірі мен ғылыми ең-
бектері туралы газет-журналдар бетінде жарияланған пікір-
рецензия, мақалалар 11 дана. 
Қоғамдық қызметінің үш тағаны – Тіл, дін, һәм діл 
мәселесі. 
1.  Тіл. З. Қари өзі басқарған Бостандық аудандық «Қа-
зақ тілі» қоғамының жұмысына көмек ретінде Ақниет 
шығармашылық-әдістемелік орталығын құрды. Онда «Кеңсе 
қызметкерлерін (іс-қағаз жүргізуші, машинка басушы, 
құжаттарды хаттамалаушы, аудармашы) дайындау» мен 

137
 Әдебиет – жан нұры 
орыс және басқа тілді дәрісханаларда қазақ тілін үйре ту-
шілерді тәрбиелеуді жолға қойды. Нәтижесінде екі жылдың 
ішінде үш жүз адам кәсіби мамандық алды. Қазақ тілі бух-
галтерлік, экономика және заң жүйесінен орын алу үшін 
кәсіби пәндер тек қазақ тілінде сөйлеу үшін заңгерлер 
дайындайтын колледж дүниеге келді. Осыларға қосым-
ша кеңсе және философиялық орысша-қазақша, қазақша-
орыс 
ша терминдер сөздігін былай қойғанда, профессор 
 
Ш. Бектұрмен бірігіп жазған «Газеттерді қазақша қалай 
оқи мыз» деген кітабының орны өзгеше. 
2. Дін. «Қажылыққа бармастан бұрын мұсылмандықтың 
өзге төрт парызын орындау имандылық», – дейді З. Қари. 
Сон дықтан да болар ол имани жұмысты мешіт салдыртуға 
көмектен бастады. Оған ауылы Ақарықта бой көтерген мешіт 
немесе Алматыда (Бостандық ауданында) жері бөлініп, 
жобасы салынған мешіт куә. 
3. Діл. «Мәдениет пен ғылым домбыраның қос ішегі», – 
дейді З. Қари. Орталық жанынан шығармашылық негізінде 
құрылған Ұлттық Өнер Академиясының қазір қолданбалы 
қол өнер, жаңа заман өнері және ежелгі заман өнері үзеңгілес 
дамуда. Соның бір айғағы Абай мен Жамбылдың шағын қола 
мүсіндері мен торсық пен саба тұрпатынан жасалған бей-
нелері. Екіншісі, «Нұр» телерадиокорпорациясы. Үшіншісі, 
Секен Тұрысбеков басқаратын мемлекеттік емес «Ақ жауын» 
саз отауы. 
Зейнолла Қаридың ала бөтен зерттеуі қазақ филосо фия-
сының тарихы болғандықтан оның осы сүбелі тақырыпқа 
арналған сериялы кітаптарын жазылу тәсілі жағынан 
азырақ сөз ететін болсақ, мәселен, аталмыш зерттеудің бі-
рінші кітабының алғашқы бөлімі «Пәлсапа пірі мен поэзия 
кемеңгері немесе әл-Фараби мен Абай әпсаналары» аталады. 
Ал, алты тараудағы тақырыптардың аты түгелдей Абай 
өлеңдерінің жолдарынан алынған... Өйткені автор өзі зерт-
тегелі отырған Абай философиясы осы тақырып аясында 
жүлгеленген. Мысалы, бірінші тарауды «Өмір жолы – тар 
соқпақ бір иген жақ» деген болса, бұл тараудағы маржандай 

138
Жанат Ахмади
тізілген діттеулі ой желісі әлгі тақырыпты жарқыраған 
күмбез етіп басына киеді. Туындының басты ерекшелігі 
Зей 
нолла Қари «Абайтану» ілімінің маңайындағы ірілі-
кішілі ғалымдарымыздың сүрлеуіне бой алдырмай, соныдан 
жол қарастыру тәсілі. Аталмыш екі ойшылды алма-кезек 
салмақтап, олардың шығармашылығындағы философиялық 
тамырлас түйіндер арқылы көкейге қонымды туыстық 
іздейтіндігінде. Әрі бұған дейінгі ғалымдар қалам тартпаған 
қос данышпан жаралысындағы сәйкестіктерді қиырдан 
шалып ашу арқылы қызықтырып, оқырманды мойын бұр-
ғызбай отыратындығында. 
Олай болса бұл еңбек ұлы Әуезов із салып бастағалы бері 
жұртты шулатып жүрген «Абайтану» іліміне әлі беймәлім 
өзге арнадан, тосыннан келіп қосылған дүние деп білеміз. 
Бастау көзін бұрын шиырланбаған басқа шыңның құзырынан 
жылғаландырып шыққан, Қазақ философиясы тарихы 
іліміне жаңа арна салып, қосылған оқшау үлес. (Автор бұл 
еңбегі үшін Абайдың 150 жылдығына орай Журналистер 
Одағының сыйлығын бірден жеңіп алуы да әшейін ғана көз 
қарықтырған жалтырауық дүние бергендігінен емес). 
Енді осы кітаптың қай-қай оқырманын болсын айрық-
ша ойға қалдырарлық бір тұсы Мұхтар Әуезов заманының 
ке дергісі. Жарты ауыз сөз үшін жағаға жармасатын заман 
ықпалына кіріптарлықтан Абай философиясы жайлы Әуезов 
амалсыз тартыңқырап айтқан пікір... З. Қари соны ашады. 
З. Қари: «Біздің осы трактатты жазуымызға екі түрлі мә-
селе әсер етті... 
Бірі немере апайым Ақжәми тіл мен әдебиетке үйірлігім-
ді сезіп, 1959 жылы Мұхтар Әуезовтың сол жылы шыққан  
«Әр жылдар ойлары» атты кітабын тарту етті. Шынымды 
айтсам кітаптың бетін ашпаппын. 
...Биыл жаздың басында апайым мәңгілікке көз жұмды! 
Құлазыған көңілім бәйек таппай, жарқын бейнесінің 
бір белгісі іспеттес аталмыш кітапты парақтап отырып, 
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлының 
«Абай философ емес. Ғылымдық кең мағынасында 

139
 Әдебиет – жан нұры 
Абай философ емес дей 
тұғынымыз, оның арнап жазған 
философиялық жекеше терең толғау еңбектері – трактаты 
жоқ» (140-б.) деуі қамшы болды». 
Автор өз ойын мұнан әрі өрбіте түседі. «Әрине, Мұқаң 
Абайдың кәсіби мамандығы жоқ, кәнігі философ еместігін 
меңзейтін секілді. Дей тұрғанмен философ дегеніміз дүниені 
ойпаздау мен даналықты сүю екенін еске алсақ, Абай шы-
ғармашылығына алғаш анықтама берген Шәкәрімнің ұлы 
ақынды «данышпан хакім философ кісі еді» деуі (Шәкәрім 
46-б.) шындыққа жақын деп Зейнолла Қари өз трактат 
жұмысына ширыққан түрде кірісуі де орынды еді. 
Біздің бүгінгі заманымызды ой тұрмақ, түсінде көрмей 
кеткен, ұлы Мұхаң көзі тірі болса, Зейнолла Қаридың бұл 
еңбегіне әрине қол соғып қуанған болар еді. (Әуезов Абай 
үшін не көрмеді). 
Ескерерлік жай бұл жерде З. Қари Әуезов сөзінен ілік 
тауып, жұртшылыққа өзін сол арқылы «байқату» жағынан 
аулақ екендігін ажыратуымыз керек. «Көкірек көзді кө-
семдердің» екінші кітабында ауызға алмай аттап кетуге 
болмайтын және бір мәселе бар. Ол бүкіл исламият ұғымы-
ның шыңы болған. ең терең,ең жасампаз, ең шексіз төрт 
танымға байланысты. Бұл ұлттық және мұсылмандық руха-
ни дүниеміз тұтас жаңғыра, өзгеріп отырған бүгінгі әлеу-
меттік өміріміздің жаңа белесінде ғана айтуға тіліміз келіп  
отыр 
ған: «шариғат», «тарихат», «мағрифат», «хақихат» 
аталатын төрт ілім. Қасиетті Құл Қожа Ахмет Иасауидің 
Хикметінде көрсетілетін бұл ілімді З. 
Қари Шәкәрім 
көзқарастарымен салыстыра отырып, оқырманды ойға қал-
дыра, тексереді. Бұл мұсылман дүниесіне қатысты барлық 
адамның жан-рухымен тікелей туысып жататын таңға-
жайып ілім. Терең молдалардың аузынан ғана шығатын: 
«Шариғатты ұққан адам тәйтік болмас, тарихатқа жеткен 
адам білгендерін тәмамдап, айтып болмас, мағрифатқа 
өткен адам хақ жолына қанып болмас, хақиқатқа кеткен 
адам арт жағына қайтып болмас» дейтін ұлағат соның негізі. 

140
Жанат Ахмади
Хақиқатқа жеткендер Азия құрлығында тек Ахмет Иасауи 
және Баһауиддин тектес хақ жолының қылаусыз саңлақ-
тары болғандар. 
Ал енді осындай бір кірпияз, нәзік ілімге бой ұрған, 
жаны ізгі, рухы діншіл, пиғылы дархан, пейілі сауапшыл, 
ниеті ақ, көңілі сынық, төзімі берік, үні әсерлі, сенімі кәміл, 
жүзі нұрлы, көкірегі көпке ортақ өр тұлға Зекең – Зейнолла 
Қаридың табиғи болмысын осының екінші, яғни қарама-
қарсы қырынан ашуға тиіс. 
Әл-Фараби мен Абай, Ахмет Иасауи мен Шәкәрім кел-
бетінен трактат сомдаған перзентімізге ләйім денсаулық 
тілейік! 

141
 Әдебиет – жан нұры 
БАҒБАННЫҢ МАҢДАЙ ТЕРі – ЖЕМіСіН  
ЖЕГЕНГЕ ҚАРЫЗ
(Яғни, Ш. Елеукеновтің шалғы тартысы)
Алмат Исәділ:
– Жанат аға, әдеби қауым сізді өзіңізге тән төл өрнегіңіз 
арқылы таниды, әрі баспа беттерінде әдебиетіміз жайлы әділ 
көзқарасыңызды білдіріп жатасыз. Жұрт жақсы шығарма 
аз дегенді айтады. Осы орайда соңғы он жылдар көлемінде 
жарық көріп жатқан кітап авторларынан кімдерді оқи 
алдыңыз? Және әдеби сын жоқ деген пікірге қалай қарайсыз?
Ж. Ахмади: 
– Ең бергі шетінен бастап айтайын, кешелі-бүгін Шериаз-
дан Елеукенов ағамыздың «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТӘУЕЛСІЗ-
ДІК КЕЗЕҢІНДЕ» аталған әдеби-сын кіатабын оқып 
шықтым. «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясынан 
басылып шыққын (2006) көлемді кітаптағы пікір негізінен 
М.О. Әуезов атындағы әдебиет институтынан шығып жатқан 
«Қазақ әдебиетінің он томдығына» енгізілуге дайындалған 
авторлық нұсқаның алғашқы жаршысы екен. Ұлттық 
әдебиетіміздің ірі жанашыр тұлғаларының бірі – бірегейі 
Ш.Елеукенов 1991–2001 жылдарда шыққан кіатптардың 
барлық жанрына қалам тартыпты. «Тәуелсіз елдің еркін 
тынысты прозасы» деген басты тақырыпта «...Сөз өнерінің 
зор саласы – проза, жетекші жанры – романдар бабында 
екені қуантады. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парызы» 
роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» 
роман-эссесі, Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Шерхан 
Мұртазаның «Ай мен Айша», Мұхтар Мағауиннің «Мен», 
Қалихан Ысқақовтың «Ақсу – жер жаннаты», Рамазан 
Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Әкім Таразидің «Жаза», 
Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Софы Сматайдың 
«Жарылғап батыр», Қалмұқан Исабаевтың «Шоң би», 
Баққожа Мұқайдың «Өмір зая», Оразбек Сәрсенбаевтың 
«Шеңбер», Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқан», Бексұлтан 
Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке», Тұрсынхан 

142
Жанат Ахмади
Зәкенұлының «Көкбөрілердің көз жасы», Жанат Ахмадидің 
«Дүрбелең», «Шырғалаң» роман-дилогиясы, Хасен Әді-
баевтың «Отырар ойраны», Ұзақбай Доспанбетидің «Қызыл 
жолбарыс», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек 
Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Смағұл 
Елубайдың «Мінажат», Тынымбай Нұр мағамбетовтің «Ай-
қай» атты шығармалары және т.б. қазақ прозасының он 
жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып 
кеткенін көрсетеді» деп басталады. 2000 дана таралыммен 
шыққан, көлемі 22 баспа табақ кітапта кімдердің аты 
айтылмаған! Әлемдің әдебиеттің классиктерінен тар 
тып, 
қазақтың алып қаламгерлерінен бері қарай күні бүгінге 
дейінгі қаламы ұшқыр жазушылардың қолына түспей қал-
ғандары болмаса, бәріне де сыбаға үлестірген. Шерияздан 
ағамыздың осыншама тер төге еңбектенуін немен өлшеуге 
болады?! Оқып отырсаңыз осының бәріне қарыздар адам 
сияқты. «Мыңның қамын бір ойлар, бірдің қамын кім 
 
ойлар» деген ұлағатты еріксіз еске аласыз. Елеукеновтің 
жағдайын қайсымыз ойлап жатырмыз. Алар атағын алып 
болған кісі. Бірақ осыған жаралған, басқа нәрсемен тыныс-
тай алмайтын сияқты. «Тоқылдақтың тәубесі...» деген бар. 
Тұмсығы ауыра бастағанда өзі де қанағаттана бастап «Әй, 
енді шоқымай-ақ қояйыншы» деп тәубеге келетін көрінеді. 
Бірақ... Құдай соған жаратқан соң қайтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет