Жанр: ертегі Идеясы


Кешке жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді



бет6/9
Дата29.12.2023
өлшемі27,6 Kb.
#144794
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Керқұла атты Кендебай (1)

Кешке жақын өзеннен айдап өткізейін десе, сиырлар суға түспейді. Кендебай, ашуланып кетіп, сиырларды сирағынан ұстап алып, бір-бірлеп лақтыра бастайды. Лақтырған сиырлар өзеннің ортасындағы аралға томпылдап түсіп жатады. Сол кезде ханның кіші қызы судың арғы жиегінде көріп тұр екен.
- Ой, оңбаған-ау, кырасың ғой малды. Неге күндегідей: «Айрылғырдың суы айрыл!» деп айтпайсың? - деп айғай салады. Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл» - деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан жол ашылады. Сөйтіп, Кендебай мал бағып жүре береді. Күндерде бір күн хан өзінің екі баласын шақырып алып:
- Бүгін қара бие құлындайды. Бұл тоғызыншы құлындауы. Құлындаған күні түнде құлын жоқ боп кетеді. Бүгін осы биені өздерің күзетіңдер. Не болғанын көздеріңмен көріңдер, - дейді. Мұны Кендебай естіп тұрады. Кешке ханның екі баласы биені күзетуге барғанда, Кендебай да жасырынып барып отырады. Біраздан кейін ханның екі баласы қорылдап ұйықтап қалады. Кендебай ұйықтамай отыра береді. Таң біліне берген кезде, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Бір кезде аспаннан бір бұлт түйіліп келеді де, құлынды көтеріп ап жөнеледі. Кендебай шап беріп құйрықтан ала түседі. Кендебайдың қолында алтын құйрық жұлынып қала береді. Кендебай алтын құйрықты қойнына тығып, ұйықтап қалады. Ертеңіне таңсәріден хан екі баласын шақырып алып, не көргендерін сұрады. Балалары тұрып:
- Бие құлындаған да жоқ, ешнәрсе болған да жоқ, - деп жауап береді.
Хан тағы да таңқалып отырғанда, Кендебай есіктен кіріп келіп:
- Дат, тақсыр! - дейді.
- Датың болса, айт! - дейді хан ақырып.
- Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды. Таң алдында бие бір алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды. Аспаннан бір бұлт түйіліп келді де, оны көтеріп ала жөнелді. Мен құйрықтан шап беріп ұстай алдым. Бұлтпен араласқан үлкен құс құлынды алып кетті де, құйрық менің қолымда қала берді, - дегенде, сөздің аяғын күтпей:
- Құйрық қайда? - деді хан.
- Тақсыр, сабыр етіңіз. Мен алтын құйрықты пайда қылғым келсе, сізге айтпаймын ғой, міне, құйрық, - деп Кендебай құйрықты қойнынан суырып алғанда, үйдің іші жап-жарық болып кетеді. Ханның балалары ұялып жерге қарайды.
- Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер! - дейді хан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет