Жанр: ертегі Идеясы


табысына бүкіл ел ортақ болыпты



бет4/9
Дата29.12.2023
өлшемі27,6 Kb.
#144794
1   2   3   4   5   6   7   8   9

табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:


- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты.
Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.
- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала.
- Не болды? Жөндеп айтшы? - деп сұрапты Кендебай. Бала көзінің жасын көл қылып, ауыр бір күрсініп алып, былай деп жауап беріпті:
- Мен Мергенбай деген батырдың жалғыз баласы едім. Қазір алтыға шықтым. Биыл төртінші жыл, елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқанда әкемді жау әскері байлап әкетті. Әкемді арашаламақшы болып жетіп барған шешемді қайырымсыз жау алдына өңгеріп жөнеп берді. Мен жетім қалдым. Ішерге асым, киерге киімім болмаған соң, амалсыздан Тасқара байдың қозысын бағып жүрмін. Арыдым, тоздым. Ернім жалақ, басым таз болды. Содан бері көзімде жас, көңілімде қайғы. Мен әке-шешеме жылаймын, бай жылқысына жылайды.
- Олай болса, жылама. Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін, - дейді Кендебай. Бала қуанып кетеді.
- Ағай, онда біздің қойшылардың қасына екі-үш күн жатып тынығыңыз, содан кейін жүрерсіз, - деп өтінеді. Кендебей «мақұл» деп, қойшылардың касына барып түседі. Атып алған құландарын асып, тамақ пісіреді. Кешке басқа қойшылар келеді де, манағы бала қозышы келмейді, әрі күтеді, бері күтеді. Кендебайдың көзі ұйқыға бара бергенде уһілеп-аһылап қозышы келеді.
- Неге кешіктің? - деп сұрайды Кендебай.
- Жәй, ішім ауырып қалды, - дейді бала. Бала таңертең ойнап-күліп қозысын өріске айдап кетеді. Кешке басқа қойшылар келгенде, манағы қозышы тағы да келмейді. Кендебай іздеп барып,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет