Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

   ОӘК 343.12 
 
      
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР 
 
Аманғазина Мадина Аманғазықызы, Әбілқайдар Алтынай Әбілқайдарқызы, 
Садвакасова Айгерім Саржановна 
 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ, 
amangazina96@mail.ru, altuwa095.95@mail.ru, gera_96_live@mail.ru. 
Ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға 
оқытушы М.А. Рахметова 
 
 Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  7-бабының 
9-тармағына  сәйкес  қылмыстық  процеске  қатысушылар  деп,  қылмыстық 
қудалауды  және  сотта  айыптауды  жүзеге  асыратын  органдар  мен  адамдар, 
сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өз құқықтары мен мүдделерін 
немесе  өздері  өкілдік  ететін  құқықтар  мен  мүдделерді  қорғайтын  тұлғалар: 
прокурор(мемлекеттік  айыптаушы),  тергеуші,  анықтау  органы,  анықтаушы, 
күдікті,  айыпталушы,  олардың  заңды  өкілдері,  қорғаушы,  азаматтық  жауапкер, 
жәбірленуші,  жекеше  айыптаушы,  азаматтық  талапкер,  олардың  заңды  өкілдері 
және өкілдері.   Мүдденің  бар жоғына қарамастан  іске белгілі  бір  қатысы бар кез 
келген адам процеске қатысушы болып табылады 
  
Объяснение  присутствующих  в  процессе  правонарушение  и  их  разделы.  В 
соответствии  Кодекса  Республики  Казахстан  в  статье  семь  и  в  девятом  пункте 
указывается,  что  в  процессе  объвинения  присутствуют  защичающие  стороны, 
обвинитель  и  пострадающий.  В  науке  доказываются  многие  стороны  процесса. 
Лица  присутствующие  в  уголовном  процессе  –  это  государственные  органы  и  те 
лица  которые  утвержденны  вести  уголовное  дело  на  судебном  процессе  вместе  с 
другими органами. 
      
According to the article seven and in the ninth point of the Constituton of republic 
Kazakhstan  says  that  in  the  prosess  of  accusation  can  take  part  the  demanders  and  the 
accsuers. The participants who takes part in the prosesses are state organs members and 
they will take part together with other and demand the rights of accuers. 

     
 
 
166 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Кілт  сөздер:  Қылмыстық  процеске  қатысатын  мемлекеттік  органдар, 
қылмыстық  процеске  мүдделі  тұлғалар,  мүдделі  емес  түлғалар,  тергеу  судьясы, 
азаматтық талап, азаматтық талапкер, азаматтық жааупкер, медиатор. 
 
          Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі және олардың жіктелуі. 
 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 9-
тармағына  сәйкес  қылмыстық  процеске  қатысушылар  деп,  қылмыстық  қудалауды 
және  сотта  айыптауды  жүзеге  асыратын  органдар  мен  адамдар,  сондай-ақ 
қылмыстық  іс  бойынша  іс  жүргізу  кезінде  өз  құқықтары  мен  мүдделерін  немесе 
өздері  өкілдік  ететін  құқықтар  мен  мүдделерді  қорғайтын  тұлғалар: 
прокурор(мемлекеттік айыптаушы), тергеуші,  анықтау органы, анықтаушы, күдікті, 
айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, 
жекеше  айыптаушы,  азаматтық  талапкер,  олардың  заңды  өкілдері  және  өкілдері.  
Мүдденің  бар  жоғына  қарамастан  іске  белгілі  бір  қатысы  бар  кез  келген  адам 
процеске қатысушы болып табылады[ 1]. 
Ғылымда  процеске  қатысушылар  мәнінің  сыртқы  жағын  түрліше  түсіну 
байқалып отыр. Атап өтер болсақ, М.М.Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне 
белгілі  бір  дәрежеде  қатынасатын  адамдар  процесс  субьектілеріне  және 
қатысушыларына  бөлінеді  деп  санайды.  Субьектілер  –  сот  ісін  жүргізуді  жүзеге 
асырушы  лауазымды  адамдар  мен  органдар  ғана;  басқалардың  бәрі  –  процеске 
қатысушылар.  Л.Д.Кокоревтің  пікірінше,  «субьектілер»  және  «қатысушылар» 
терминдері  мән-маңызы  бірдей  ұғымдар,  бірақ  қылмыстық  процесс  үшін 
«қатысушылар»  термині  лайықтылау,  өйткені  «субьектілер»  термині  жалпылама 
сипатта болып кетеді. Қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай 
қатысушыларды ажыратуға болады:   
1)
 
Қылмыстық  ізге  түсу  функциясы  –  прокурор,  тергеуші,  анықтау  органы, 
анықтаушы; 
2)
 
Тергеу функциясы – тергеуші, анықтаушы; 
3)
 
Айыптау  функциясы  –  айыптаушы  (мемлекеттік  айыптауды  қолдайтын 
прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі); 
4)
 
Прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы – прокурор; 
5)
 
Қорғау функциясы – сезікті, айыпталушы, сотталушы, қорғаушы; 
6)
 
Қылмыстық істі сотта қарау және шешу – судья, сот, ал жекеленген жағдайларда 
тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қысқарту); 
7)
 
Азаматтық талапты қолдау – азаматтық талапкер; 
8)
 
Азаматтық талаптан қорғау – айыпталушы, азаматтық жауапкер[2]. 
Функциялардың  және  оларды  жүзеге  асырушы  адамдардың  арақатынасына 
қылмыстық      процеске  қатысушылардың  былайша  жіктелуін  ұсынуға  мүмкіндік 
береді: 
1-топ:  Қылмыстық  процеске  қатысушы  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды 
адамдар, бұл топ екі шағын топқа бөлінеді: 
1)
 
Сот;  
2)
 
 2) қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен 
лауазымды адамдар. 
2-топ:  Өздерінің  немесе  өздері  білдіретін  құқықтар  мен  мүдделерді  қорғайтын 
процеске  қатысушылар  (сезікті,  айыпталушы,  қорғаушы,  жәбірленуші,  жеке 
айыптаушы,  азаматтық  талапкер,  азаматтық  жауапкер,  кәмелетке  толмаған 
айыпталушының  немесе  сезіктінің  заңды  өкілдері,  жәбірленушінің,  азаматтық 
талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері). 
3-топ: Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар: бұл топты шағын үш топқа 
бөлуге болады:  

     
 
 
167 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
1)
 
Дәлелдер  беру  жөніндегі  міндеттерді  орындайтын  процеске  қатысушылар. 
Оларға жататындар: куәлар мен сарапшылар. 
2)
 
Іс  жүргізу  әрекеттерін  жүзеге  асыру  үшін  тартылатын  процеске  қатысушылар. 
Оларға  жататындар:  куәгерлер,  аудармашылар,  мамандар,  сот  отырысының 
хатшысы, кепілдік берушілер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар және т.б; 
3)
 
Сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орындау сатысында 
пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатынасатын мекемелер мен ұйымдар. 
Оларға жататындар: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын 
әкімшілік өкілдері және т.б[3]. 
1.
 
Сот-қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік орган ретінде және прокурордың 
орны мен мәнділігі. 
  
Қылмыстық  іс  жүргізу  құқық  қатынастарының  мәнін  сипаттай  келіп, 
Б.А.Галкин  мемлекет  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығының  субьектісі  ретінде  онда 
ерекше  орын  алатынын,  ал  мемлекеттің  билік  иесі  ретінде  іс  жүргізу  қызметіне 
қатысуы  қылмыстық  іс  жүргізу  қатынастары  арқылы  да  жүзеге  асырылатын  атап 
өтті.  Мемлекеттің  қатысуы  арнайы  тағайындалған  органдар  арқылы  жанама  түрде 
жүзеге  асырылады,  сол  органдардың  бірі-  сот  органы.  Соттың  процесті  басшылық 
рөлі  оның  істі  әділ  сот  жүргізу  арқылы  нақты  шешу  жөніндегі  функциясымен 
айқындалады.  Сот  функциясы  мазмұнына  мыналар  кіреді:  а)  істі  нақты  шешу 
жөнінде  қажетті  жағдайлар  жасау;  ә)  істің  нақты  жағын  анықтау;  б)  егер  адам 
қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысына баға беру және жазалау шарасын бекіту; в) 
егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз 
екені  анықталса,  сотталушыны  ақтау;  г)  заңды  негіздер  бар  болса,  істі  қысқарту. 
Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген: 1) судьяның жеке өзі; 2) 
үш  судьядан,  соның  ішінде  төрағалық  етушіден  тұратын  судьялар  алқасы.  Соттың 
қылмыстық 
процесті 
жүзеге 
асырушы 
органдар 
жүйесіндегі 
орнының 
маңыздылығын  түсіну  үшін  басқа  ешқандай  органға  емес,  тек  сотқа  ғана  берілетін 
өкілеттіктердің  мазмұнын  ескерту  қажет.  Сондықтан,  адамды  айыпты  деп  тануға 
және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 
не  мәжбүрлеп  тәрбиелік  ықпал  ету  шараларын  қолдануға,  төмен  тұрған  сот 
қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы 
бар.  Прокурор  қылмыстық  ізге  түсу  мен  қылмыстық  істерді  тергеу  кезінде 
заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып, мынадай өкілеттіктерге ие:[4] 
1)
 
оқиға  болған  жерді  қарауға,  қатысуға,  сараптама  тағайындауға,  сондай-ақ 
қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс әрекеттерді жүзеге 
асыруға құқылы; 
2)
 
қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс әрекеттерін 
жүргізу  туралы,  сондай-ақ  жедел-іздестіру  қызметінің  материалдарын  қылмыстық 
іске қосу туралы жазбаша нұсқаулар береді; 
3)
 
өзі қозғаған қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін береді; 
4)
 
заңдарда  көзделген  жағдайларда  алдын  ала  тергеу  жүргізетін  лауазымды 
адамдардың іс әрекеттеріне санкция береді
5)
 
жекеленген тергеу іс әрекеттерін жүргізуге қатысады; 
6)
 
қылмыстық  іске  түсуден  иммунитеті  бар  адамды  қылмыстық  жауаптылыққа 
тартуға келісім алу үшін ұйғарым шығарады.  
7)
 
алдын  ала  тергеу  органдарынан  келіп  түскен  қылмыстық  істі  сотқа  жібере 
отырып, істі мәнісі бойынша қарау үшін айыпталушыны сотқа тапсырады; 
8)
 
қылмыстық  ізге  түсу  органдарынан  тексеру  үшін  қылмыстық  істерді, 
құжаттарды,  материалдарды  және  жасалған  қылмыстар  туралы  жедел  іздестіру 
қызметін анықтау мен тергеу барысы туралы өзге де мәмілелерді алады; 

     
 
 
168 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
9)
 
жасалған  немесе  дайындалып  жатқан  қылмыстар  туралы  арыздар  мен 
хабарларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңның сақталуын тексереді; 
10)
 
анықтаушы  мен  тергеушінің,  сондай-ақ  анықтау  органдары  мен  тергеу  бөлімі 
бастықтарының заңсыз қаулыларының күшін жояды; 
11)
 
анықтаушы мен тергеушінің, анықтау және тергеу органдары басшыларының іс 
әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды; 
12)
 
алдын  ала  тергеу,  анықтау  ісін  жүргізуде  заң  бұзушылықты  анықтаған  кезде 
тергеушіні, анықтаушыны қылмыстық істі одан әрі тергеуден шектейді
13)
 
бұлтартпау  шарасы  ретінде  қамауға  алу  қолданылған  адамдарды  күзетпен 
ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын тексереді; 
14)
 
заңдарда көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
  
Сондай-ақ,  прокурор  өзінің  іс  жүргізушілік  өкілеттігін  жүзеге  асыру  кезінде 
тәуелсіз  болады  және  тек  қана  заңға  бағынады.  Бас  Прокурор  өз  құзіреті  шегінде 
анықтау  және  тергеу  органдарының  орындауы  үшін  міндетті  болып  табылатын 
нормативтік  құқықтық  актілер  қабылдайды.  Ал,  анықтауды  және  тергеуді  жүзеге 
асыратын  органдар  нормативтік  құқықтық  актілерді  Қазақстан  Республикасының 
Бас Прокурорымен келісе отырып қабылдайды[5]. 
Өз  құқықтары  мен  мүдделерін  немесе  өздері  білдіретін  құқықтар  мен  міндеттерді 
қорғап процеске қатысушылардың түрлері. 
Күдікті.  Мыналар:  1)өзіне  қатысты  күдікті  ретінде  тану  туралы  қаулы 
шығарылған;  2)  ҚР  ҚПК-нің  131-бабының  тәртібімен  ұстап  алынған;  3)өзіне 
қатысты  күдіктінің  іс-әркеттерін  саралау  туралы  қаулы  шығарылған;  4)қылмыстық 
теріс қылық жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті 
болып  табылады.  Күдікті  ұстап  алынған  жағдайда  ұстап  алу  туралы  хаттама 
жасалған  кезден  бастап  жиырма  төрт  сағаттан  кешіктірілмей,  оның  өзі  таңдаған 
немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейін оңаша және құпия 
кездесу құқығы қамтамасыз етіле отырып, одан жауап алынуға тиіс. Ұстап алынған 
күдікті  өзінің тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және 
ұсталып  отырған  жері  туралы  телефон  арқылы  немесе  өзге  де  тәсілмен  дереу 
хабарлауға  құқылы.  Ұстап  алу  туралы  хабар  сотқа  дейінгі  тергеп-тексеруге  кедергі 
келтіруі мүмкін мүмкін деп пайымдауға негіздер болған  кезде, ұстап алуды жүзеге 
асырған қылмыстық  қудалау органының лауазымды адамы ұстап алынған адамның 
кәмелетке  толған  отбасы  мүшелерін,  жақын  тусыстарын  өзі  хабардар  ете  алады. 
Мұндай  хабарлау  кейінге  қалдырылмай  жасалуға  тиіс  Айыпталушы.  ХХ  ғасырдың 
50-ші  жылдарының  басында  айыпталушының  мәні  туралы  мәселе  даулы  болды. 
Осындай  көзқарасқа  сәйкес  айыпталушы  бір  мезгілде  жазалауды,  мәжбүрлеу 
шараларының  және  зерттеудің  обьектісі  және  сонымен  бірге  іс  жүргізушілік 
жағдайдың  субьектісі  болып  табылады.  Айыпталушы  деп,  айыпталушы  ретінде 
жауапқа  тарту  туралы  қаулы  шығарылған  адамды  не  сотта  жеке  айыптаумен 
қылмыстық  іс  қозғалған  адамды,  сондай-ақ  анықтау  органының  бастығы  оған 
қатысты айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адамды білдіреді. 
Жәбірленуші.  Жәбірленуші  деп,  қылмыстық  процесті  жүргізуші  органның 
тиісті  қаулысымен  оған  қылмыспен  тікелей  моральдық  дене  және  мүліктік  зиян, 
оның  алдын  ала  тергеу  мен  сотқа  қатысуына  байланысты  келтірілген  шығындар 
толық  өтеледі.  Жәбірленушінің,  ал  ол  қайтыс  болған  жағдайда  оның  құқықтық 
мұрагерлерінің  аса  ауыр  қылмыс  жасағаны  үшін  өлім  жазасына  сотталған  адамға 
қатысты  үкім  орындалған  жағдайда  және  өлім  жазасына  кесілген  адамның  осы 
қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған 
кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы 
бар.  Бұл  жағдай  қылмыспен  келтірілген  залал  үшін  мемлекеттің  есебінен  өтемақы 

     
 
 
169 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді 
шығарған сот шешеді.  
Азаматтық  талапкер  деп,  қылмыспен  мүліктік  залал  келтірілді  деп  ұйғаруға 
негіз  бар  және  оны  өтеу  туралы  талап  қойған  жеке  және  заңды  тұлғаны  айтамыз. 
Азаматтық  жауапкер  деп,  келтірген  зияны  үшін  мүліктік  жауаптылықта  болатын 
жеке  немесе  заңды  тұлғаны  айтамыз.  Бұл  туралы  қаулы  шығарылады.  Қылмыстық  
процестің    қатысушысы  болып    табылмайтын    адамдардың  ,    егер    оларға    қарсы  
заңмен      тыйым    салынған    әрекеттер    жасалса    немесе      осындай    әрекеттерді  
жасаса,    онда    олардың    жәбірленуші,    жеке    айыпталушы,    азаматтық      талапкер,  
азаматтық  жауапкер,  олардың  заңды  өкілдері  және  өкілдер   деп   тануды  талап  
етуге  құқықтары  болады. Бұл  үшін  аталған  адамдар  тобы  қылмыстық  процесті  
жүргізуші    органға    арыз    немесе    өтініштерін    жолдайды.    Арыздар    үш    тәліктен  
кешіктірілмей  қаралып,   қабылданған  шешім  туралы  дереу  хабарландырылады,  
және    оған    тиісті    қаулының    көшірмесі    жіберілуі    тиіс[6].    Өтініш      беруші  
қаулының    көшірмесін    алғаннан    кейін,      егер    ол    шешімге    қарсы    болса,    бес  
тәуліктің    ішінде    прокурорға    немесе    жоғары  тұрған  прокурорға    шағымдана  
алады.  Егер  қаулының  көшірмесі    шағым    берілген  кезден    бастап    он    тәуліктің  
ішінде    алынбаса,    өтініш  беруші    оны    процеске    қатысушы    деп    тану    туралы  
өтініш    жазып    прокурорға    немесе    сотқа    жүгіне    алады.  Қылмыстық  сот  ісіне  
қатысушы  әрбір  адамның  өз  құқықтары мен  міндеттерін, іс  бойынша  құқықтық 
салдарын,  сондай – ақ  оның  қатысуымен  өтіп жатқан  іс  жүргізу   әрекеттерінің  
маңызы    мен    оған    танысу  үшін    ұсынылған    іс    материалдарының    мазмұнын  
ұғынуға    құқығы    бар.  Қылмыстық    процеске    қатысушы    жағдайына    ие    болған  
адамға  оның  қатысуымен  іс  жүргізу  іс-әрекетін   жүргізу  басталғанға  дейін  және  
ол    процеске    қатысушы      ретінде  қандай    да    болмасын    позицияны    білдіргенге  
дейін оның   құқықтары  мен  міндеттері   міндетті   түрде  түсіндірілуі   тиіс.  Сот,  
олар    қылмыстық    іс      бойынша    сотқа    дейінгі    іс  жүргізу    барысында 
түсіндірілген,түсіндірілмегеніне  қарамастан   соттың   отырысына келген  процеске  
қатысушыға   оған  тиесілі құқықтар мен  оған  жүктелген  міндеттерді  түсіндіруге  
міндетті. 
                                               
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексі.  Алматы. 
Юрист. 2015ж. 
2.
 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы. Юрист.2015ж. 
3.
 
Нұрашев Ү.Ө. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу құқығы», 
Оқу құралы,-Алматы: Жеті жарғы, 2008ж.  
4.
 
“Қазақстан Республикасының Прокуратура органдары  туралы” 1995ж. 21 
желтоқсандағы    №2709    Заңы.  2002  жыл.  9  тамызындағы  №346-11,  2003ж.  10 
шілдедегі №483-2 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. 
5.
 
Положение  о  Департаменте  расследований  Министерства  Юстиций 
Республики Казахстан: Утв. Пост. Правительства РК. От 7 апреля 1998г. // САПП  . 
1998 №10. 
6.
 
Закон  Республики  Казахстан  “Об  оперативной-розыскной  деятельности” 
от 15 сентября.1994 // Вед. ВС Республики Казахстан – 1994. № 13. Ст. 199.,  1995г. 
№24. Ст.167., Вести Казахстана 1996. 19 января. 
 
 
 

     
 
 
170 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
ОӘК 343.1   
 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 
 
Рамазанова Назым, Толқынова Маржан, Турусбекова Бағжан. 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, 
nazka_angel.96@mail.ru,
 
makonya1995@bk.ru
 
Ғылыми жетекші: з.ғ.м., аға оқытушы Рахметова Мөлдір Абаевна 
Moldir2916@mail.ru
  
 
Бұл 
мақалада 
қылмыстық 
процессуалдық 
құқықтың 
қағидалары 
қарастырылады.  Қағидалардың  маңызы  мен  сипаты  талданады.  Қылмыстық  іс 
жүргізу  құқығының  қағидаларының  ерекшеліктері  қарастырылады.Қылмыстық 
заңнамасына нақты талдау жүргізіледі.  
В  данной  статье  рассматриваются  принципы  уголовно-процессуального 
право. Анализируются значение и характеристика принципов. Выявляются различия 
между 
принципами 
уголовного 
процесса. Проводится 
подробный 
анализ 
законодательства. 
This  article  discusses    the  principles  of  the  criminal  procedure.  Analyzes  the 
definition  of  concept  and 
specification  of  the  criminal 
trial 
  principles.  The  article 
represents
 differences between the principles of the criminal procedure.  The legislation is 
analyzed in details. 
Кілт сөздер: принцип, қылмыстық іс, судья, сот , прокурор, презумпция. 
 
Қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы (ағылш. law  of  criminal  (penal)  procedure; 
criminal  procedure  law;нем. Strafprozeflrecht  n)  - Қылмыстық  істер (қылмыстық  іс 
жүргізу)  бойынша  және  анықтау  органының,  алдын  ала  тергеудін,  істі  қозғау 
бойынша прокуратура мен соттын,  қылмыстық  істерді  соттық  қарау  мен  тексеру, 
үкімді  орындаудың  іс  жүргізу  мәселелерін  шешу  бойынша  қызметін  реттейтін  іс 
жүргізу тәртібін тағайындайтын құқықтық нормалар жүйесі. [3] 
Принцип -  негізгі ереже, басқарушы идея.  Іс-қимыл  істеудің  ұстанымы - 
берілген механизм,  жүйе  немесе агрегат қалай  жұмыс  жасайтынын  жалпы  түрде 
түсіндіретін жұмыс үрдісінің негізгі белгісі [6].  
Қылмыстық  іс  жүргізу  қағидасы  –  бұл  заңда  көрсетілген  қылмыстық  іс 
жүргізудің  елеулі  жақтарын  көрсететін,  қылмыспен  күресудің  қамтамасыз  етілуін 
сипаттайтын  және  қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде  тұлғаның  құқықтарын 
кепілдендіретін  жалпы  басшылыққа  алатын  ережелер.  Қылмыстық  процестік 
кодекстің 2 - тарауы қылмыстық процестің қағидаттарын олардың мәнін қолданудың 
ерекшеліктері  мен  қылмыстық  іс  жүргізу  ісінде  қағидаларды  сақтамаудан 
туындайтын проблемалар жан-жақты қарастырылды [4]. 
Қылмыстық  іс  жүргізу  құқығының  принциптерін  орыс  ғалымдары  терең 
зерттеген. Мысалға орыс ғалымдары З.В. Макарова мен М.Г. Яниннің пікірлерінше, 
қылмыстық  іс  жүргізу  заңнамасында  принциптерді  бөліп  көрсетуді  қажетсіз  деп 
санап, принциптер тек теория жүзінде ғана мағыналары ашылып көрсетілуі тиістігін 
айтқан [9]. 
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу  қағидаларын  тұжырымдау  үшін  оларға 
қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - 
тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда 
қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі. 
Мақаланың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық 
заңдардың,  салалық  құқықтық  актілердің  кейбір  ережелерінің  мәнінен  қылмыстық 

     
 
 
171 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
сот  ісін  жүргізу  қағидаларының  жүйесі  әлдеқайда  қомақты  да  ауқымды  екенін 
көруге болады.  
Қылмыстық  процестің  принциптері-қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылыстан 
туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар 
ұйымдастырылуының мәнің және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау 
және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнің айқындайтын бастапқы ережелер, 
сондай-ақ  қылмыстық  іс  жүргізу  қызметін  мемлекет  қылмыстық  сот  ісін 
жүргізушінің  алдына  қойған  мақсатттар  мен  міндеттерге  жетуге  бағыттайтын 
ережелер. Қылмыстық процестің принциптердің сипаттары: 

 
Нормативтілік –заңда ғана бекітілуі 

 
Нормативтілік –заңда ғана бекітілуі  

 
Бұйрықты, өктем жарлықты сипат 

 
Принциптер  бекітілген  нормалар  бастапқылығы  Жалпы  және  басқарушы 
жағдай  

 
Бірлік және жүйелік 

 
Тұрақтылық пен орнықтылық    
Қолданылып  жүрген  қылмыстық  процестік  кодексінде  «қағида»  екінші  тарау 
қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде 
тіпті  «қағида»  терминінің  болмауы  қылмыстық  іс  жүргізу  құқығы  қағидаларының 
мәнін  түрліше  талқылау  үшін  негіз  болды  деп  ойлаймыз.  Заңның  ортақ  арқауынан 
осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер 
түрлі  ұғымдардың  (қағидалардың,  сот  процесінің  жалпы  жағдайларының  және  т.т.) 
араласуына әкеліп соқты.  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  баянды  етілген  қағидалар 
жүйесі  қылмыстық  сот  ісін  жүргізудің  мақсаттары  мен  міндеттерін  ескере 
дәйектелгендіктен  ҚІЖК-де  мынадай  жүйе  құрушы  элементтермен  берілген: 
Адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  сот  арқылы  қорғау 
қағидасы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  белгіленген.  Бұл  қағида 
негізіне  Конституцияның  34-бабы  алынған  [1],  онда  былай  делінген:  "Әркім 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға,  басқа 
адамдардың  құқықтарын,  бостандықтарын,  абыройы  мен  ар-намысын  құрметтеуге 
міндетті".  Бұл  негіз  адамның  қадір-қасиетіне  қол  сұғылмайтыны  туралы 
Конституцияның  басқа  қағидасымен  (17-бап)  күшейтіле  түскен.  Адамның  жеке 
басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен 
тікелей байланысты.  
Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚП-нің 16-бабында[1], келтірілген: "Жеке 
өмiрге  қолсұғылмаушылық.  Жазысқан  хаттардың,  телефон  арқылы  сөйлескен 
сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы ". 
Адамның  жеке  басына  тиіспеушіліктен  заңды  түрде  айырудың  кепілдіктері  (іс 
жүргізу шарттары) мыналар: 
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану; 
-адамның  жеке  басына  тиіспеушіліктен  айырылуы  мүмкін  субъектілерді  заңмен 
белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы); 
-мәжбүрлеу  шараларын  қолданудың  дербес  іс-әрекетін  белгілеу  (адамды  қамауға 
алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т.т.); 
-мәжбүрлеу шараларының қолданылуын іс жүргізу мерзімдерін шектеу; 
-іс  жүргізушілік  мәжбүрлеу  шараларының  заңсыз  қолданылғанына  шағым  жасау 
мүмкіндігі; 
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген 
зиянды өтеу; 

     
 
 
172 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
-прокурор  мен  соттың  іс  жүргізушілік  мәжбүрлеу  шаралары  қолданылуының 
заңдылығын  қадағалауы  және  адамның  Құқықтары  бұзылған  жағдайда  қажетті 
шаралар қолдануы. 
Қылмыстық процестің принциптері: [8, 8-31 бап.] 
Қылмыстық  процестің  принциптері-қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылыстан 
туындаған  және  қолданылып  жүрген  заңмен  орнықтырылған,  мемлекеттік 
органдар  ұйымдастырылуының  мәнің  және  олардың  қылмыстық  істерді 
қозғау,  тергеу,  қарау  және  нақтылай  шешу  жөніндегі  қызметінің  мәнің 
айқындайтын  бастапқы  ережелер,  сондай-ақ  қылмыстық  іс  жүргізу  қызметін 
мемлекет  қылмыстық  сот  ісін  жүргізушінің  алдына  қойған  мақсатттар  мен 
міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет