бейімделетінін көрсетті. Оның тəжірибелерінде көмірсу көзі ретінде нан,
185
белок көзі ретінде - майсыз ет, ал аралас азық ретінде сүт қолданылды.
Тəжірибенің алғашқы сағаттарында аталған азықтарға бөлінген сөлдің
мөлшері жəне сапасы жағынан онша айырмашылығы болмаған,
айырмашылық тек кейінгі сағаттарда ғана байқалған.
Сөл бөлу процесінің ұзақтығы мен сөлдің қорыту күшінің күшеюі
тұрғысынан ең күшті тітіркендіргіш нан, одан кейін ет пен сүт болып
табылған (80-сурет). Сөлдің ең көп мөлшері етке, содан кейін нан мен сүтке
бөлінген. Ең жоғары қышқылдық жануарлар белогын, ал төмен қышқылдық
өсімдік белогын бергенде байқалған. Аралас азық берген соң 0,4 - 0,8 л сөл
бөлініп, секреция процесі 5-6 сағат бойына жүрген. Етке сөл бөлу екі сағат
ішінде қатты күшейіп, 7-8 сағаттан соң тоқтаған. Ал нанға 1-сағатта сөл көп
бөлінген, содан кейін күрт төмендеп, 10 сағат бойына сөл бөлу төменгі
деңгейде жүрген.
Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекстік жəне нейрогуморальдық
жолдармен реттеледі. Бұл реттеу тетіктер əсері соншалықты айқын
байқалатындықтан сөл бөлу процесін екі кезеңге бөледі.
Ет Нан Сүт
80-сурет. Əр түрлі азықтарға қарын сөлінің бөліну ерекшеліктері
Бірінші – күрделі рефлекстік кезең қабылданған азықтың ауыз қуысының
сезімтал жүйке ұштары мен түрлі талдағыштарға əсерінен басталады. Бұл
процесс сілекей бөлу механизміне ұқсас, айырмасы - қарын сөлі азыққа
жатпайтын заттардың əсерінен (құм, қышқылдар, т.б.) бөлінбейді. Демек,
қабылданған азық ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, пайда
болған қозу толқыны орталыққа тепкіш жүйкелермен (тіл - жұтқыншақ,
үшкіл, кезеген жүйкелер) сопақша мидағы қарын сөлінің бөлінуін реттейтін
орталыққа беріледі. Орталықтан қарын бездеріне кезеген жүйке арқылы
бағытталған импульстердің əсерінен қарын сөлі бөлінеді. Сөл бөлудің
рефлекстік табиғатын кезеген жүйкелерді қию арқылы дəлелдеуге болады.
Кезеген жүйкелерді қиғаннан кейін қарын сөлі бөлінбей қалады.
Қарын сөлінің рефлекстік жолмен бөлінетінін И.П.Павлов «Жалған
тамақтандыруң тəжірибесімен дəлелдеді (81-сурет). Қарынына көбек
қойылған иттің хирургиялық операция арқылы өңешін тесіп қойса