Жануар физол



Pdf көрінісі
бет18/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Эксперименттік 

əдіс 

Жедел

 тəжірибе 

Созылмалы тəжірибе 

Функцияларды модельдеу 

 

    



  

Қимылсыздандырылға

н

 

тұтас



 

организмде

 

Алдын


 

ала


 

арнаулы


 

операциялар

 

жасалған


 

(

көбек



катетр


электродтар

 

қойылған


жануарларда

 

 

Теориялықт



 

модельдер

 

(

практикалық



 

болжамдар

формулалар



 

жүйесі


математикалық

 

модельдер



)

 

 



 

Оқшауланған 

органойдтарда 

А) организмнен тыс 

б)in  situ,  жасанды  қан 

айналым жағдайында  

 

 

 



Тұтас

организмде



 

 а) арнаулы

 

бөлмеде


 

(камерада) 

 б)  îорганизм

 

қызметін



 

алыстан


 

тіркеу


  (

радио


 

сигналдар

 

арқылы


)

 

 



Организм

 

қызметін



 

бейнелейтін

 

физикалық



 

модельдер

  (

физиологиялық



 

болжамдарды

 

тексеру


түрлі


 

процесстердің

 

мəні


 

мен


 

шамасын


 

анықтау


 

 



 

  

 



 

Талдау

 (

анализдік



тəсіл

 

Организм функцялары 

«нақты» күйінде ешбір 

ықпалсыз анықтау 

 

Жинақтау (синтездік) 

тəсіл 

Организм


 

функцияларын

 

қалыпты


 

жағдайда


 

олардың


 

өзара


 

байланысын

 

ескере


 

отырып


 

зерттеу


  

 

Биокибернтикалық тəсіл 

 

Организм  функцияларын 



басқару негізінде зерттеу 

Организмнің

 

сыртқы

 

ортамен

 

тығыз

 

байланысты

 

біртұтас

 

жүйе

 

екендігі

 

жайлы

 

ұғым

 (

жүйелік

 

тəсіл

)

 

 



 

21

өте  кішкентай  радиотаратқыш  қондырып,  оның  əр  түрлі  функцияларын 



(тыныс  алу,  жүрек  жұмысы,  ішек-қарын  қимылы  т.б.)  еркіндік  жағдайында 

бақылайды. 



Функцияларды  модельдеу  əдісі  организмді  биокибернетикалық  жүйе 

ретінде  қараудың  негізінде  қалыптасқан.  Осы  тұрғыда  организмде  жүретін 

процестерді  математикалық  формулалар  жəне  теңдеулермен  болжау 

(малдың өсу  қарқынын,  сүттілігін  т.б.)  организмде өтетін түрлі  процестерді 

бейнелейтін  физикалық  аспаптар  (жүйке  торшасының  моделі,  күйісті 

малдың “жасанды қарны” т.б.) жасау принциптері қолданылады. 

Модельдеу  əдісі  физиологиялық  болжамдардың  дұрыстығын  тексеруге, 

немесе  модельдер  арқылы  кейбір  функцияларды  бейнелеуге,  органдарды 

уақытша алмастыра алатын аппараттар жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, 

қандай  бір  болмасын  физикалық  немесе  математикалық  модель  организмде 

өтетін  күрделі  процестердің  барлық  биологиялық  заңдылықтарын  толық 

қамти  алмайды.  Сондықтан  физиологиялық  модельдеу  функцияларды 

қарапайым түрде бейнелейді. 

Бақылау сұрақтары 

1.

 



Жануарлар физиологиясының мəні мен маңызын қалай түсінесіз? 

2. Физиология ғылымының салаларын жəне міндетін атаңыз. 

3. Физиологияның басқа пəндермен байланысын қалай түсінесіз? 

4. Физиология қолданатын əдістерді атап, түсіндіріңіз. 

 

Тараудың қысқаша сөздігі 



 

Жалпы физиология – общая физиология 

Жас физиологиясы – возрастная физиология 

Жедел тəжірибе – острые опыты 

Жеке даму – онтогенез 

Қоректену – питание 

Салалық физиология - частная физиология 

Салыстырмалы физиология – сравнительная физиология 

Созылмалы тəжірибе – хронические опыты 

Сүңгілеу - катетеризация  

Торша – клетка 

Шаймалау (перфузия) – перфузия 

 

 

 



 

 

 




 

22

2-Т А Р А У 



ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ 

ТАРИХЫ 

2.1. Физиологияның ғылым ретінде қалыптасуы 

Адам мен жануарлар организмінің қызметтері жайлы алғашқы  деректерді  

Көне  грек дəрігерлері Гиппократ   (біздің э. д. 460- 377 ж.), Аристотель (б. э. 

д.  384-322  ж.),  Көне    рим  дəрігері  Гален  (171-200  ж)  жинақтаған.  Ал  Орта 

Азия  мен  қазіргі  Қазақстан  жерінде  X-XІ  ғасырда  аттары  əлемге  белгілі 

ғұламалар Əбу Насыр Əл-Фараби (870-950 ж) мен  Əбу Əли Ибн Сина (980-

1037  ж)    өмір  сүріп,  осы  уақытқа  дейін  құндылығын  жоймаған  ғылыми 

зерттеулер  жүргізген.  Олардың  медициналық  ғылыми  трактаттарында 

организмнің кейбір маңызды қызметтері жайында (тыныс алу, ас қорыту, зəр 

шығару  т.б.) бағалы мағлұматтар баяндалған. 

Физиология дербес, тəжірибелік (эксперименттік) ғылым ретінде ағылшын 

дəрігері Вильям Гарвей (1578-1657) зерттеулерінің нəтижесінде қалыптасты. 

Ол  өзінің  1628  жылы  жарияланған  “Жануарлардың  жүрегі  мен  қанының 

қозғалысы  жайлы  анатомиялық  зерттеу”  деген  еңбегінде  жануарлар 

организмінде  қанның  тұйықталған  жүйемен  артерия  жəне  вена 

тамырларында бір бағытта жылжитынын жəне оның ағуы жүрек жұмысымен 

байланысты екенін дəлелдеді. 

Адам  денесінің  құрылысы  жайындағы  білімнің  дамуына  микроскоптың 

ашылуы  қуатты  түрткі  болды.  Осы  тұрғыда  Гарвей  зерттеулерін  италия 

ғалымы  М.Мальпигидің  (1628-1694)  толықтырғанын  айтқан  орынды.  Ол 

артерия  мен  вена  тамырларының  капиллярлар  арқылы  жалғасатынын 

дəлелдеп, қан түйіршіктерінің, терінің, өкпенің, бүйректің микроскопиялық 

құрылысын ашты. 

XVІІ-ХVІІІ-ғғ.  физиология  анатомиялық  зерттеулердің  негізінде  дамыды. 

Жеке органдардың қызметтері көбіне физикалық жəне химиялық құбылыстар 

тұрғысынан баяндалды. Мысалы, көру процесі оптика заңымен, еттің əрекеті 

- механика, қанның ағуы - гидравлика заңдарымен түсіндірілді. Организмнің 

биологиялық  ерекшеліктерін  ескермегендіктен  мұндай  көзқарас  көп 

жағдайда  қате  тұжырымдарға  əкеліп  соқтырды.  Бұл  бағыттың  өкілдері 

организмді  қалыптасқан  автоматты  механизм  ретінде  бейнелеп,  тіршілік 

құбылыстарының  ерекшеліктерін  ескермеді.  Мысалы,  ми  “түрлі  түйсіктерді 

қорытып,  бауырдың  өт  бөлгені  сияқты  ой  бөліп  отырады”  деген  де  түсінік 

қалыптасты.  Бұл  ағым  кейінірек  механикалық,  немесе      вульгарлық 



материализм деп аталды. 

Тіршілік  əрекеттерінің  мəні  жайлы  нақтылы  мағлұматтардың  жетіспеуі 

биологияда  идеалистік  бағыттың  (витализм)  дамуына  əкеліп  соқты. 

Витализм тіршіліктің, түйсіктің, сананың пайда болуын, тіршілік əрекетінің 

ерекшеліктерін материядан тыс құдіретті күштің əсері ретінде түсіндірді. 



 

23

Физиология  жайлы  8  томдық  нұсқауды  алғаш  рет  1757-1766  жылдары 



Швейцария  ғалымы  А.Галлер  жазды.  Ал  XІX  ғ.  бірінші  жартысында  чех 

ғалымы  Г.Прохаска,  неміс  оқымыстысы  И.Мюллер,  орыс  ғұламасы 

А.М.Филомафитский жазған физиология оқулықтары жарық көрді. 

XVІІІ-XІX  ғ.ғ.  ірі  жаңалықтар:  зат  пен  энергияның  алмасу  жəне  сақталу 

заңы,  организмдердің  торшалық  құрылымының  ашылуы,  органикалық 

дүниенің  эволюциялық  теориясының  құрылуы  тірі  организмдегі  күрделі 

кұбылыстардың  мəнін  түсініп,  табиғат  құпиясына  диалектикалық 

көзқарастың қалыптасуына ғылыми негіз болды. 

XІX  ғасырда  əр  түрлі  елдерде  нақтылы  тəжірибелерге  негізделген 

физиологиялық  мектептер  қалыптаса  бастады.  Олардың  көрнекті  өкілдері: 

Германияда - И.Мюллер (1801-1858), Г.Гельмгольц (1821 - 1894) Э.Дюбуа - 

Реймон  (1818-1896),  Р.Гейденгайн  (1834-1897),  К.  Людвиг  (1816-1885); 

Францияда  -  Ф.Мажанди  (1783-1855),  К.Бернар  (1813-1878);  Англияда  - 

×.Белл  (1774-1842),  Дж.Ленгли  (1850-1916),  ×.Шеррингтон  (1855-  1949); 

АҚШ-та  -  У.Кеннон  (1871-1945)  т.б.  болды.  Бұл  ғалымдар  тыныс  алу,  қан 

айналым, ас қорыту, зат алмасу процестерін зерттеуде, орталық жүйке жүйесі 

мен  вегетативтік  жүйкелердің  организмнің  тіршілік  əрекетін  реттеудегі 

маңызын анықтауда үлкен еңбек жасады. 

Ресейде физиология XVІІІ ғасырдың басында қалыптасты. Оның дамуына 

орыс 


ғалымдары 

И.М.Сеченов, 

И.П.Павлов, 

Ф.В. 


Овсянников, 

Н.Е.Введенский жəне басқалар үлкен үлес қосты. 

Ресейдегі эксперименттік физиология негізін А.М.Филомафитский (1807-

1849) қалады. Ол тыныс алу процесі мен жылудың түзілуі жайында еңбектер 

жариялап, орыс тілінде тұңғыш физиология оқулығын жазды. 

Физиология  ғылымының  дамуында  Ресей  ғалымдары  А.П.Вальтер  мен 

В.А.Басовтың  да  үлесі  айтарлықтай.  Вальтер  жүйке  жүйесінің  ішкі 

органдардағы  процестерге  əсерін  зерттесе,  Басов  созылмалы  тəжірибелер 

жүргізу үшін малдың қарнына көбек (фистула) орнату əдісін ұсынды. 

И.М.Сеченов  (1829-1905)  қанның  газдық  құрамын  зерттеу  үшін 

абсорбциометр  аспабын  ойлап  тапты,  эритроциттердің  оттегі  мен  көмір 

қышқыл  газын  тасымалдаудағы  рөлін  зерттеді.  Өзінің  “Ми  рефлекстері” 

атты  еңбегінде  ол  психикалық  процестердің  ми  қызметімен  байланысты 

екенін,  орталық  жүйке  жүйесінде  тежелу  процесінің  болатынын  дəлелдеді. 

И.М.Сеченов  орыс  ғылымының  мəртебесін  арттырып  қана  қоймай,  дүние 

жүзінде  физиология  мен  психологияның  дамуына  зор  ықпал  жасады, 

сондықтан орыс физиологиясының атасы деген құрметті атаққа ие болды. 

И.М.Сеченовтан  кейін  физиологиядағы  ірі  тұлға  И.П.Павлов  (1849-1936 

ж).  Ол  материалистік  физиологияның  басты  принциптері  -  организм  мен 

сыртқы  ортаның  бірлестігі,  организмнің  біртұтастығы,  физиологиялық 

функциялардың  ара  байланыстарын  қалыптастырудағы  жүйке  жүйесінің 

маңызды  қызметі  туралы  қағиданың    негізін  салды.  И.П.Павлов  өзінің 




 

24

ғылыми



 

қызметінің  бастапқы  кезеңінде  қан  айналымын  зерттеп,  жүрек 

қызметінің жүйке арқылы реттелу механизмін ашты. 

Физиологияда  И.П.Павловқа  дейін  жедел  тəжірибелерге  негізделген 

талдау (анализдік) əдістері кеңінен қолданылды. Ал ол ғылымға созылмалы 

тəжірибелер тəсілін енгізіп, жинақтау (синтездік) бағытының негізін қалады. 

Бұл  əдіс  жануарлар  организмінің  түрлі  органдарының  тіршілік  əрекетін 

олардың  арасындағы  байланыстардың,  өзара  ықпалдарының  бұзылмаған 

қалпында зерттеуге мүмкіндік берді. 

И.П.Павлов 20 жыл бойына ас қорыту процесіне байланысты мəселелерді 

зерттеді.  Ол  1897  жылы  “Негізгі  ас  қорыту  бездерінің  қызметі  туралы 

лекциялар” деген еңбегін жариялап, физиология ғылымының классигі деген 

атаққа ие болды. 

1901  жылдан  бастап  өмірінің  соңына  дейін  И.П.Павлов  орталық  жүйке 

жүйесінің  жоғарғы  бөлімі  -  ми  қыртысының  қызметін  зерттеді.  Бұл 

жұмыстардың  қорытындысы  “Жануарлардың  жоғары  дəрежелі  жүйкелік 

қызметін  обúективті  зерттеудің  жиырма  жылдық  тəжірибесі”  (1923), 

“Үлкен  ми  жартышарларының  жұмысы  жөніндегі  лекциялар”  (1927)  атты 

еңбектерінде  жарияланды.  Ол  шартты  рефлекстер  туралы  ілімнің  негізін 

салып, оны жануарлардың мінез-қылығын зерттеудің обúективті əдісі ретінде 

ғылымға  енгізді.  Шартты  рефлекстер  туралы  ілім  физиологиялық  

функциялардың өзара қатынастарының, организмнің ұдайы өзгеріп отыратын 

сыртқы орта жағдайларына бейімделуінің механизмін ашуға мүмкіндік берді. 

Ғалымның  идеялары  оның  көптеген  оқушылары  мен  ізбасарлары  - 

Л.А.Орбели,  К.М.  Быков,  И.П.Разенков,  П.К.Анохин  еңбектерінде  одан  əрі 

дамыды. 

Жүйке  жүйесі  физиологиясын  дамытуда  орыстың  көрнекті  физиологы 

Н.Е.Введенский  (1852-1922)  жəне  оның  шəкірті  академик  А.А.Ухтомский 

(1875-1942)  аса  ірі  үлес  қосты.  Н.Е.Введенскийдің  негізгі  еңбектері  тірі 

ұлпаның  əр  түрлі  тітіркендіргіштерге  жауап  қайтару  заңдылықтарын 

зерттеуге  арналған.  Ол  өзінің  “Қозу,  тежелу  жəне  наркоз”  (1901)  атты 

еңбегінде  қозу  мен  тежелу  процестері  жөніндегі  ой  пікірлерін 

қорытындылай  келіп,  бұл  процестер  табиғатының  ортақтығын  анықтаған. 

А.А.Ухтомский  жүйке  орталықтарының  негізі  қасиеттерінің  бірі 

басымдылық (доминанттық) құбылысын ашқан. Ол өзінің басымдылық жəне 

ұлпалардың  тітіркендіру  ырғағын  игеру  заңдылықтары  туралы  іліміне 

сүйене отырып, қажудың табиғатын анықтауда үлкен еңбек сіңірді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет