шаншу əдістерімен емдегені жайында деректер бар. Бірақ ұзақ уақыт адам
25
мен жануарлар физиологиясы бір сала ретінде дамыды. Негізгі деректер мал
мен үй құстарына жүргізілген тəжірибелер арқылы жинақталды.
Жануарлар физиологиясы дара ғылым ретінде тек XІX ғасырдың ортасы
мен XX ғасырдың басында қалыптасты. Оған мал шаруашылығының
қарқынды дамуы себеп болды. Мал басын аман сақтап, оның өнімділігін
арттыру, түрлі ауруларды таратпау, мал дəрігерлік кəсіпті үйрету үшін
жануарлар организмінде жүретін процестердің мəнін терең біліп, түсіну
мұқтаждығы туды.
Мал дəрігерлік білімнің отаны Ресей болып табылады. Онда 1735 жылы
мал дəрігерлер дайындайтын тұңғыш арнаулы мектеп ашылды. XVІІІ
ғасырдың 60-70 жылдарында мал дəрігерлік мектептер Францияда (Лионда,
Альфортта), Италияда (Туринде), Германияда (Ганноверде, Дрезденде),
Данияда (Копенгагенде) ашыла бастады. XІX ғасырдың басында Россияда
бірнеше мал дəрігерлік училищелер жұмыс істей бастады да, Мəскеу,
Харьков, Виленск, Қазан университеттерінің медицина факультеттерінде мал
дəрігерлік кафедралар құрылды. Осы кезде Петербор мен Мəскеу медицина-
хирургиялық
академияларында
жоғары
білімді
мал
дəрігерлерін
дайындайтын бөлімдер ашылды.
XІX ғасырдың 40-50 жылдарында Варшава мен Харьковте мал дəрігерлік
мектептер құрылып, олар кейін институттарға айналды. Бұл институттарда
басқа кафедралармен қатар салыстырмалы немесе зоофизиология жəне
гистология кафедралары ашылды.
Ғалым мал мамандары 1835 жылы ашылған Горн - Горецк жоғары ауыл
шаруашылығы
мектебінде (қазіргі
Беларусь
ауыл
шаруашылығы
академиясы), 1865 жылы ашылған Петрдің жер өңдеу жəне орман
шаруашылығы академиясында (қазіргі Мəскеудің К.А.Тимирязов атындағы
ауыл шаруашылығы академиясы) дайындалды. Бұл оқу орындарында
физиологиядан дəріс оқылып, азықтандыру мен мал өсіру мəселелері
анатомиялық-физиологиялық негізде түсіндіріле бастады.
XІX ғасырдың ортасында Ресей мен Батыс Европада алғашқы мал
дəрігерлік жəне мал шаруашылық ғылыми зерттеу институттары пайда
болды. Бұл физиология ғылымының дамуына зор ықпал жасады да, XІX
ғасырдың аяғында Францияда, Германияда, Россияда физиологиялық
ғылыми мектептер (бағыттар) қалыптасты. К.Бернар жылқылардың сілекей
бөлу ерекшеліктері жайында еңбек жазып, тауықтың ұйқы безінің сөлін
арнаулы тəжірибелер арқылы зерттеді (1851 ж).
Физиологияның дамуына француз ғалымдары Ж.Лассень, Т.Шово,
Ж.Колен зор үлес қосты. Олардың көптеген еңбектері жануарлардың ас
қорыту процестерін зерттеуге арналды. Т.Шово мен М.Марей 1861 жылы
алғаш рет жылқы жүрегіне ойыс вена арқылы сүңгі (зонд) жіберіп, оның
жұмысын жазу əдісін ұсынды. Ж.Колен жануарлардың салыстырмалы
физиологиясы жайында тұңғыш кітапты жазды. Неміс ғалымы
В.Элленбергер
мен
оның
оқушылары
К.Шейнерт,
А.Траутман
26
жануарлардың ас қорыту процесін жан-жақты зерттеп, малды тиімді
азықтандырудың физиологиялық негіздерін қалады. Физиологияны
дамытуда ағылшын ғалымдары Дж.Баркрофт, Дж. Хэммонд, А.Филлипсон,
Д.Льюис, К.Блекстер, И.Мак-Дональд, америка ғалымдары -А.Шалк,
Р.Амодон, Ц.Тернер т.б. да рөлі зор.
Ресейде физиология И.П.Павлов ұсынған принциптер мен əдістердің
ықпалымен дамыды. Оның басшылығымен тұңғыш рет көбек қою əдісі
арқылы күйіс малының сілекей бездері мен ұлтабарының қызметтері
зерттелді (Н.В.Рязанцев, 1898, В.В.Савич, И.П.Тихомиров, 1910;
И.И.Бельговский, 1912). Мал физиологиясын қалыптастырып дамытуда
профессорлар А.В.Леонтович (1869-1943), К.Р.Викторов (1879-1955),
Н.Ф.Попов (1886-1974), Г.И.Азимов (1891-1978), А.А.Кудрявцев (1903-
1970), А.Д.Синещеков (1906-1971), Д.Я.Криницын (1904-1985), т.б. зор үлес
қосты. Аталған ғалымдардың еңбектері ас қорыту, тыныс алу, сүттену
процестерінің, ішкі секреция бездері мен орталық жүйке жүйесі қызметінің
сырларын ашуға арналған.
Қазіргі кезде жануарлар физиологисының түрлі салаларында Ресейлік
ғалымдар
А.А.Алиев,
В.И.Георгиевский,
В.Ф.Вракин,
И.П.Духин,
Т.Е.Костина, В.Ф.Лысов т.б. табысты еңбек етіп жүр.
Достарыңызбен бөлісу: