27
Л.Э.Бөлекбаева), қан жəне лимфа айналым жүйелерінің осмостық қысымды
реттеу рефлекстерінде атқаратын рөлін (X.Қ.Сəтбаева), жас төлдердің
тіршіліктік маңызды функцияларын (тыныс алу, қан айналым) реттеу
механизмдерін зерттеуде (М.Ф.Архангельская, Н.О. Базанова) үлкен үлес
қосты.
Қазақстанда жануарлар физиологиясын дамытуға қыруар еңбек етіп,
қомақты із қалдырған ғалым - Н.О.Базанова. Оның алғашқы ғылымы
еңбектері жас төлдердің қан айналым жəне тыныс алу жүйелерінің жұмысын
реттеу тетіктерінің құпияларына арналған. 50-ші жылдардан бастап
академик Н.О.Базанова күйіс малының ас қорыту жəне зат алмасу
ерекшеліктерін зерттеумен айналысып, бұл процестерді реттеуде
симпатикалық жəне парасимпатикалық жүйкелердің рөлі туралы құнды
еңбектер жазды. Н.О. Базанова Мəскеу қаласында орыс тілінде жарық көрген
мал физиологиясы оқулығы авторларының бірі.
Жануарлар физиологиясын Қазақстанда дамытуда Ұлттық ғылым
академиясының академигі К.Т.Тəшенов, профессорлар Т.О. Измаилов,
X.Дүйсембин, Т.Несіпбаев т.б. үлкен үлес қосуда.
Академик К.Т.Тəшеновтың күйіс малының ас қорыту ерекшеліктерін, ас
қорыту органдары мен желін қызметіндегі ара байланысты жəне оны
реттеудегі ішкі секрециялы бездердің маңызы жайлы еңбектерінің ғылыми
мəні өте зор. Ол И.П.Павловтың созылмалы тəжірибе жайындағы
қағидаларын кеңіннен қолдана отырып, малдың ас қорыту процестерін
зерттеуге бағытталған бірнеше хирургиялық тəсілдер ұсынды.
Т.О.Измаилов академик Н.О.Базанованың басшылығымен күйіс малы жас
төлдерінің (бұзаудың) ас қорыту органдарына, оның ішінде қарынның түрлі
бөлімдеріне ас қорытудың мембраналық механизмінің тəн екенін дəлелдеді.
Оның басшылығымен жүргізілген жан-жақты зерттеулер (Р.М.Сейфуллина,
И.А.Күнтасов, Е.Б.Бегаилов т.б.) ас қорытудың мембраналық механизмі
бүкіл ас қорыту органдарында (қарында, ішекте) орын теуіп, түрлі мал
(жылқы, ірі қара, қой, шошқа) мен құсқа да тəн құбылыс екенін анықтады.
Профессор
X.Дүйсембин
зерттеулері
организмнің
күрделі
құбылыстарының бірі – сүттену құпияларына, желіннің қызметін реттеу
механизмдерін анықтауға бағытталған. Оның еңбектері қолданбалы
физиология үшін ғана маңызды болып коймай, организм функцияларын
жүйкемен жəне гуморальды реттеу тетіктерінің сырын ашуда да
айтарлықтай үлес қосты.
Профессор Т.Несіпбаев зерттеулері күйіс малы төлі (бұзау) қарны
қызметінің қалыптасу заңдылықтарын, қойдың тұқым ерекшеліктерінің ас
қорыту процесіне ықпалын, мес қарын мен бүйеннің əрекеттестік
байланыстарын зерттеуге арналған. Ол қазақ тілінде тұңғыш жазылған
“Жануарлар физиологиясы” атты екі томдық фундаментальды оқулықтың
авторы (1995, 1996). Оның қаламынан “Адам жəне жануарлар
физиологиясы” атты оқулық-диалог,
“Физиология терминдерінің түсіндірме
28
сөздігі”, физиология пəнəнің электронды оқулығы, көптеген оқу құралдары
мен жалпы танымдық кітаптар жарық көрген.
Жануарлар
физиологиясын
қалыптастырып
дамытуда
Алматы,
Қарағанды, Семей жəне т.б. қалалардағы жоғары оқу орындары ғалымдары
айтарлықтай үлес қосып, əр түрлі вегетативтік функциялар мен оларды
реттеу тетіктерінің сыры, мал өнімділігінің физиологиялық негіздері
ашылуда.
Достарыңызбен бөлісу: