29
3-Т А Р А У
ФИЗИОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
ЖƏНЕ НЕГІЗГІ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР
3.1. Организм жайлы жалпы түсінік
Организм дегеніміз сыртқы ортаның əсеріне өз бетімен жауап
қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтас жеке бөлшегі.
Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен затпен жəне энергиямен
үздіксіз алмасып отырады. Организмнің өзін-өзі реттеуі нəтижесінде оның
ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте
болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады.
Қоректену
ерекшеліктеріне
қарай
организм
автотрофты
жəне
гетеротофты болып екі топқа бөлінеді.
Автотрофты организмдерге жасыл
өсімдіктер мен бактериялардың кейбір түрлері жатады. Олар қоректік
заттардың
көзі
ретінде
негізінен
бейорганикалық
қосылыстарды
пайдаланады. Автотрофты организмдер өзінің тіршілік əрекеттеріне қажет
энергияны күн сəулесінен алады.
Гетеротрофты организмдерге жануарлар, саңырауқұлақтар жəне əр
түрлі микроорганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, көмірсулар,
дəрмендəрілер
(витаминдер)
сияқты
органикалық
қосылыстармен
қоректенеді. Сонымен қатар бұл организмдер түрлі минералдық заттарға да
мұқтаж болады. Гетеротрофты организмдер энергияны органикалық
заттардың биологиялық тотығуының нəтижесінде алады.
Организм бір жəне көп торшалы болып та бөлінеді. Кез келген организм
өзінің құрылымдық ерекшеліктерімен сипатталады. Вирус сияқты қарапайым
тірі организмге тек оның молекулаларын құратын белоктар мен нуклеин
қышқылдарының бірлесу дəрежесі ғана тəн. Бұл жағдайда тек молекулалық
дəрежеде қалыптасқан организм жөнінде ғана сөз болады. Ал бұдан гөрі
жоғарырақ сатыдағы бір торшалы организмдер күрделірек құрылысымен
сипатталады. Оларда ядро, цитоплазма, вакуольдер, торша қабығы пайда
болады жəне осы құрылымдарға тəн функциялар туындайды.
Көп торшалы организмдерде эволюциялық даму процесі үстінде
торшалар тереңірек жіктеліп, олардың көлемінде, пішінінде, құрылысында,
қызметінде өзіндік ерекшеліктер пайда болады. Бір деңгейде жіктелген
торшалардан құрылысы мен қызметі біркелкі, тектес торшалар жиынтығы -
ұлпалар (тканьдер) пайда болады (эпителий, дəнекер, ет жəне жүйке
ұлпалары). Ұлпалар организмде белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген
бірлестік. Мысалы, ет ұлпасы қимыл əрекеттерін атқаруға, эпителий ұлпасы -
əр түрлі биологиялық белсенді химиялық қосылыстарды (гормондар,
ферменттер) түзуге машықтанған.
30
Организм дамуының белгілі бір сатысында əр түрлі ұлпалар
жиынтығынан мүшелер (ағзалар, органдар)
пайда болады.
М ү ш е деп
өзіндік құрылыс жəне қызмет ерекшелеріне қарай топтасқан түрлі
ұлпалардың анатомиялық бірлестігін айтады. Мүше - организмнің күрделі
қызмет атқаруға маманданған жұмыс аппараты. Мəселен, жүрек қанды вена
тамырларынан артерияларға қуалайтын насостың, бүйрек - организмнен зат
алмасуда түзілген əр түрлі ыдырау өнімдерін бөлу аппаратының рөлін
атқарады.
Организмде белгілі бір тіршілік əрекетін атқаратын мүшелер
жиынтығынан құралған анатомиялық немесе функциялық бірлестік –
мүшелер жүйесі деп аталады. Олардың қатарына организмдегі барлық
органдардың қызметін реттеп отыратын жүйке жəне ішкі секреция бездері
жүйесі, тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, бөлу, көбею, т.б. жүйелері
жатады.
Жоғарыда аталған бірлестік деңгейлерінің əрқайсысының өзіне тəн
физиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері болады. Сондықтан
жоғары сатыдағы организмге тəн функцияларды ұғыну үшін молекулалық,
торшалық, ұлпалық, органдық жəне жүйелік деңгейде қалыптасқан
организмдердің тіршілік əрекеттерінің негізгі заңдылықтарын білген жөн.
Оған себеп, құрылысының күрделігіне қарамай тірі организм өзінің
торшалары,
ұлпалары,
органдары
мен
жүйелері
əрекеттерінің
біртұтастығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: